Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Ш. Ш. Уәлиханов. (1835-1865) Құсмұрын баурайында дүниеге келген нәрестеге Мұхаммед-Қанапия деген ат қойылады. Анасы оны тым ерте көрпеге орап отырғызып қойып, қызықтағы «шоқиған серігім, Шоқанжаным» деп еміреніп сөйлеп, қасында шаруасын істеп жүреді екен. Содан былай оның өз аты аталмай, Шоқан атанып кетеді.

Ол белгілі Абылайханның шөбересі, Уәлиханның немересі, одан туған Шыңғыс төренің баласы. Шыңғыс орысша білім алып, қызмет бабына орай, Шоқан бес жасқа толғанда ата мекені Сырымбетке көшіп келеді. Жеті жасқа толғаннан кейін, әкесі оны молдаға берген. Бірақ молда талантты жас- тың ой-өрісін кеңітерліктей білім бере алмайды.

Жас Шоқанның сана сезімін оятып, халықтың тарихын, ауыз әдебиетімен таныстырған жыраулардың жыры, ақындар айтысы болды. Белгілі ақын-жыраулар Шыңғыс аулына жиі келіп тұратын. Шоқан оларды әуестейтін болды. Олардың шеберлік тәсілдері бала Шоқанды таңқалдыратынды,

Сол кездері қазақ даласын зерттеп білуге шығатын орыс оқымыстылары - саяхатшыяар, географтар, суретшілер, топографтар Шыңғыс аулына дамылсыз келіп, басқа жерлерге де сол ауылдан жиыльіп тарайтынды. Баланы осы саяхатшылардың түрлі құрал-сайман, оқәлы жез киімдері қызықтырдьі.

Тегінде орысша орта дәрежелі білімі бар Шыңғыс Уәлиханов ертеден орыс ғалымдарымен тығыз байланыста болып, Омбыда, Мәскеуде, Петерборда өтетін көрмелерге , қыр сахарасының этнографиялық бұйымдарын жинап жіберіп отсіратын. Сондай-ақ, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгісін, аңыз әңгімелерін, ертегі-фольклорын да жинап жіберетін. Кейіннен бұларды Шоқанға жазғызатын болды. Шоқан молданың оқуына қанағаттанбай, өз бетінше сурет салатын. Сырымбет тауының төбесіне шығып алып, айналаға көз жіберіп, етектегі ел мен жайлау көрінісін сағымды Сарыарқа белестерін, ағынды өзен, күміс көлдердін суретін аудармай қағазға түсіре беретін.

Шоқанның бойына туа біткен қасиеттер ең алдымен әке-шеше, туған-туыс, ауыл-аймаққа белгілі бола бастайды. Бір күні Шоқанның әкесі Шыңғысқа бір ауыл адамы келіп арыз айтады. Ол адамның әйелі басқа біреумен көңіл қосыпты. Жігіт Омар Есембекулы, әйел Теңге Ахметқызы екен. Екеуі де тақыр кедей. Шыңғыс айтыпты: «ескі әдет-ғұрып бойынша мойындарына құрым киіз байлап, қара өгізге теріс мінгізу керек» деп. Аға сұлтанның бұйрығын орындауға жиылып, айыпты екеуді масқараламақ бо-лып жатқанда Шоқан өзіне арнап тігілген үйінен шығып, неліктен бұндай үкім жүргізіліп жатқанын сұрайды.

- Дұрыс емес, әке. Оларды босатыңыз. Егер қазақтың ондай ескі әдет-ғұрпын қолданар болсаңыз, алдымен өз балаңыз Жақыпты жазалаңыз. Өйткені, Жақыптың ауыл ішінде жасайтын көп тірлігі осы жігіт пен әйелге жасаған жазаңызға сәйкес келеді- дейді, Шоқан. Шыңғыс -«Ә, Жақып сондай ма еді» дегеннен басқа ештеңе айта алмапты. «Әке балаға сыншы» дегендей Шоқанның осындай оқыс мінездері ой салған Шыңғыс оның болашағынан көп үміт етіп, онымен есептесіп отырады екен. 1847 жылы Омбыға кадет корпусына оқуға аттандырады. Жанында тілмашы бар Шоқан Омбыға келгенде орысша білмейтін. Оны әкесінің қаладағы достары кадет корпусына түсіреді. Бұл 1813 жылы казак-орыс балаларын оқытуға арналып ашылған әскери училище болатын. Сол қайта құрылып кадет корпусына айналыпты. Патша әмірі бойынша оған әскери қазақ-орыс балаларымен қатар, Ресей патшалығына адал берілген қазақ бай-шонжарларының да балалары алынатын болғанды. Соған қазақ сахарасынан алғаш келген Шоқан еді. Кадетте екі бөлім болды. Бірі - таңдаулы, өте-мөте сенімді адамдардың балалары үшін, екіншісі - жапылама бөлім. Шоқан бұратана халықтың өкілі болғандықтан екіншісіне кабылданды. Келесі жылы осы бөлімге Г. Н. Потанин де түсіп оқиды.

Корпус бастығы мен генерал-губернатор бұларға бірінші-әскери адамдар дайындайтын бөлімде оқытуды қолайсыз көреді. Екі-үш ай шамасында аздап орысша сөйлейтін болды. Бір жылға келген татар тілмашын елге қайтарып жібереді. Шоқанды кадетте оқитын дворян, помещик, офицер балалары менсінбей, биіктен күліп қарайды. Бірақ Шоқанның олардың тірлігімен ісі болмай оқуға шын ынтамен кірісті. Қала жағдайын тез түсініп алды. Біраз уақыт өткен соң ол жолдастарын қуып жетіп, басып озды. Кейіннен оны корпустың кітапханасы қанағаттандырмай, қаланың кітапханадан кітаптар алып оқи бастады. Сахарадан ғылымға сусап келген жасөспірім оқытушылардың көзіне түсе бастады. Қазан университетін таяуда ғана бітірген жас мұғалім.

С. Сотников Шоқанды тікелей қамқорлыққа алды. Кейіннен екеуі Сырымбетке келіп, Шыңғыс аулымен бірге көшіп жүріп, талай-талай тамаша жерлерді аралайды. Ат үстінде келе жатып та Шоқан көңілін аударған нәрселерді суретке сала береді екен. Кейіннен патша үкіметі бұратана халықпен тығыз байланыста болды және түрлі революциялық жұмыстарға қатысты деп айыптап, Сотниковты Шығыс Сібірге жер аударып жібереді.

Одан кейін Шоқанның суретшілік өнері Сарыарқа, Түркістан, Қашқария саяхаттарында іске асты. Ол жүрген, болған жерлеріндегі қырғыздардың, қазақтардың өмірлік әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін көрсететін этнографиялық суреттер салды.

Ол өзімен түйдей құрдас, Ертіс жиегіндегі қара солдат семьясынан шыққан Г. Н. Потанинмен дос болып кетеді. Екеуі ғылымға сыры әлі белгісіз Омбы маңының есімдіктерін зерттеп, Азия жерінің адам айтқысыз байлығын пайдаға асыруды мақсат етеді. Оқудан, сурет салудан, кітап оқудан бос уақыттарында қаза даласына, Орта, Орталық Азияға кеңінен саяхат жасаудың жоспарын кұрады. Г. Н. Потанин оған өз дәуіріндегі көрнекті ғалымдар, білгірлер туралы айтса, Шоқан оған көшпелі өмірдің қыр-сырларын айтады. Оған аса құмартқан Григорий бірнеше ауыз әдебиетінің үлгілерін жазып алады. Кажетті түсінік-суреттерді Шоқан салып береді. Мұның бәрі кейіннен Потаниннің ғылыми-зерттеу жұмыстарына, әсіресе қазақ халқының этнографиясын зерттегенде іске асты. Потанин кейінгі естеліктерінің бірінде былай деп жазады: «Шоқан он төрт-он бес жасқа жеткен кездің өзінде-ақ бәрімізден бір саты жоғары тұрды. Кадет бастықтары оған болашақ зерттеуші немесе ғалым деп қарай бастады. Ол өзінің көп оқитындығымен, білімділігімен бізді таң қалдырушы еді. Ал біз оған қарағанда үлкен бола тұрсақ та, мүлдем бала сияқты едік. Ол өзінің бізден артық білетінін мақтаныш етіп айтпайтын. Бірақ, оның бізден білімінің артық екені осы жерде-ақ көрініп қалатын. Басқа жолдастары үшін де, мен үшін де Шоқан «Европаға қараған терезе» болды.

Кадет корпусінде Шоқанға ерекше назар аударып, қамқорлық еткендер - революционер жазушы Чернышевскийдің досы. Сібірге оның идеясын таратушы В. П. Лободовский, өнер мұғалімі Померанцев, қазақ даласының тұңғыш рет географиялық очеркін жазған Е. Старков, тағы басқалар болды. Померанцев Шоқанды үйіне әкеліп, оның сурет салу онерін шыңдайды,

Шоқанның ұстаздарының бірі орыс әдебиетінен сабақ беретін Н. Ф. Костылецкий. Ол Шоқан арқылы қазақ фольклорының көптеген нұсқасын жинап, Петербургтегі Н. И. Березинге жіберіп отырды. Кейіннен патша үкіметі Н. Ф. Костылецкийді де корпустан шығарып, абақтыға жауып, Сібірге айдады.

Тарих пәнінің оқытушысы, саяси қауіпті адам ретінде Омбыға жер ауып келген Гоксевскиймен Шоқан жақсы тіл табысады. Ол тарих саласынан көп білім беріп, Шоқанға не қилы ресми емес кітаптарды ұсынып отырған.

Шоқанның ең алдымен «өзіңді таны» деген сөзінің меніңше үлкен мәні бар. Иә, ол өзін де таныта білді. Шоқан сол кездегі Омбының ең мәдениетті чиновниктері К. К. Гутковский, Я. С. Капустиндердің үй-іштерімен, тағы басқа алдыңғы қатарлы білімді интеллигенттермен араласа бастады. Мүның бәрі Шоқанға көп әсер етті. Олар Россияда және шетелде болып жатқан жаңалық-тарды сөз ететін. Россия жағдайы туралы корпуста ести қоймайтын уытты сөздерді ол солардың жиындарында, үйлерінде естіп білді. Петрашевшілер үйірмесіне қатысқан С. Ф. Дуров және патшадан қуғын, қорлық көрген Ф. М. Достоевскиймен осы қауымда танысты.

Шоқан кадет корпусын 1853 жылы жақсы бітіріп шығып, Сібірдегі қазақ-орыс әскер полкінде офицер болып қызмет атқарды. Көп ұзамай Шоқанның асқан ақылы, терең білімі, байқампаздығы, өте мәдениеттілігі Батыс-Сібір генерал-губернаторы Гасфортқа ұнап, генерал оны өзіне адьютант етіп алды. Оның қарамағына келген жас офицердің негізгі міндеті алысқа шығатын әскери барлауға, түрлі әскери экспедицияға қатысу еді. Ка-дет корпусін 18 жасында бітірген Шоқан Россия экономикасын, тарихын, әдебиетін өте жетік білумен қатар Руссо, Карлейля, Диккенс, Теккерей шығармаларын да беріле оқыды. Сонымен қатар Шоқан жасынан шығыстың тілін, мәдениетін жақсы білетін ориенталист болды. Сол үшін де Шоқанды Дуров, Семенов Тянь-Шаньнский, Потанин, Ядринцев, тағы басқалары жоғары бағалады.

Ш. Уәлихановтың бірінші саяхаты. 1855 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың алғашқы ғылыми-зерттеу жұмысы басталып, Алатау, Сарыарқа саяхатына Омбы генерал-губернаторы Гасфортты алып шықты. Саяхатшылар жолы Омбы, Семей, Аягөз, Қапал, Іле, Верный, Жоңғар Алатауы, Жоңғар қақпасы, Алакөл, Тарбағатай, Балқаш, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы өткен Шоқан Омбыдан шыққаннан бастап күнделігіне жолшыбай көрген-білгендерін_бұлжытпай жазып отырды. Оның пырағы көзінен, сезімтал ой-дүниесінен табиғаттың, халық өмірінің ешбір көркісі қағыс қалған жоқ. Сөйтіп, қазақ халқының данышпан перзенті, алғашқы ағартушы-философы, тұңғыш ғалым-саяхатшысы орыс және шетел ғалымдарын қазақ жерінің географиялық жағдайымен, жануарлар дүниесімен, халқының ауыз әдебиетімен, өлең-жыр, салт-санасымен кеңінен таныстырды.

Ш. Уәлихановтың екінші саяхаты 1856 жылы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Ыстықкөл, Құлжа саяхатына, ол кезде бүкіл Алатау алқабын, Же-тісу өлкесін билейтін полковник Хоментовскийдің әскери-ғылыми экспедициясының құрамында шықты. Хоментовский Ыстықкөлді топографиялық картаға түсіре бастағанда Шоқан одан бөлініп кетіп, қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күйін, салт-сана, әдет-ғұрыпын беріле зерттеді.

Бұдан кейін ол Россия империясының, оның ішінде сыртқы істер министрлігінің арнайы шығарған жарлығымен осы жылдың

Ш. Уәлихановтың Қашқар саяхаты.

Тамыз айында Қытай шекарасынан өтіп, Құлжаға елші болып барады. Шоқанның Ыстықкөл, Құлжа саяхаты зор табыспен аяқталды. Атап айтқанда ғалым саяхаты бұрын дүниежүзі ғылымына беймәлім қырғыз халқы туралы бай материал берді. _Бұл халықтың XVII ғасырға дейін Енисейден бастап Саян, Алтай таулары арқылы, Тянь-Шаньға дейін кешіп жүргенін, онан соң жолды ойраттар басып алып, өткізбеген соң сол тауда мекендеп қалғанын анықтады. Сондай-ак атақты «Манас» жырын жазып алып, үзінділерін орысшаға аударып жариялады. Шоқан зерттеуіне дейін қырғыз, қазаіқ халқын ешбір айырмай бәрін де «қырғыз» деп келсе ғалым: «Бұл екі халықтың тіл жағынан да, үрім-бұтак, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар» деп атал көрсетті. Ш. Уәлихановтың, Ыстықкөл, Құлжа саяхатының материалдары негізінде жазған «Ыстықкөл саяхаты», «Қытай империясының батыс провинциясы Құлжа каласы», «Қырғыздар туралы»тағы басқа еңбектері бізге қолжазба түрінде жетіп, совет дәуірінде ғана кең жарияланды. Ш. Уәлихановтың үшінші саяхаты. 1858-1859 жылдары Шоқанның жасырын түрде барып, европалықтарға қақпасы жабық болған Қытайдың батыс провинциясы «Алты шаһарды»- алты қаланы зерттеп қайтуының дүниежүзілік маңызы болды. Өйткені бұл өңір бұрын ғылымға беймәлім еді. Шоқанға дейін онда тек қана кезінде Марко Поло, Иезуит Гассеи және неміс ғалымы Шлагинвейттер болғанды. Бірақ олардың бірде-бірі «Алты ша-һар» туралы ешбір елеулі ғылыми деректер бере алмады.

Шоқан аса жауапты өте қауіпті іске - Азияны зерттеуге бел байлады. «Әлімбай» деген лақап атпен Семей саудагері Мұса-байға еріп, Батыс Түркістанға жол тартты, Қашқарияда болған кезде Шоқан халық өмірімен танысып, дүние жүзіне беймәлім болып келген алты шаһарды («Кіші Бұхараны») : Яркент пен Қа шқарды, Янги-Гисар мен Қотанды, Ақсу мен Турфанды ашты.

Алты шаһардың әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Мәселен сол кезде Яркентте еркектерді құлдыққа, әйелдерді күңдікке сататын болған. «Алты шаһар бейне бір ғияван Сахарада суалып, тынысы тарылып бара жатқан өмір сияқты. Ондай жағдайға ұшыратушы мұсылман дінінің салдары», - деп жазды Шоқан.

«Қашқарияда» бір орыс офицері жасырынып жүр-міс» деген лақап алты шаһарға тарап кетеді. Тіпті ол лақап Орта Азия хандығының қол астындағы әкімдердің құлағына да шалынады. Сезік тудырып алған Шоқан елге оралуға асығады. 1859 жылы 11 наурызда Мұсабай керуеніндегі әріптестерімен қоштасып, елге қайтады.

Шоқанның бұл сапарынан алып қайтқан өте кұнды этнографиялық, экономикалық, географиялық, геологиялық тағы басқа материалдарының маңызы айрьқша. Бұл жинаған ұшан-теңіз материалдардың ішінде, бұрын ешбір европа ғылымына белгісіз сұлтан Сутек Богде ханның «Тазкиран» деп аталатын шежіресі, Тоғақ Темірханның шежіресі, «Хажылар тарихнамасы», «Абумуслим мауризи» аттас қымбатты ескі шежірелер, тағы басқа сирек кездесетін шығыстың мұралары, кітаптары, қисса-хикаялары көп еді. Сондай-ақ тау жыныстарының минералды заттардың коллекциясы, ескі киім-кешек үлгісі, жергілікті халықтың этнографиясын танытатын әртүрлі бұйымдар, бағалы заттар да көп болды.

Сөйтіп, Шоқан 1859 жылы 12 сәуірде Верный қаласына қайтып келді. Науқас меңдеткен ол қалада біраз тынығады. Кейін Петербургке шақырылды. Ғалымдар алдында өз саяхаты туралы есеп берді, астана қауымын қазақ жерімен таныстырды. Петербургте қызу қызмет атқарып, астана өміріне араласты. Талантты жас ғалымның ғылыммен шұғылданып, қоғам жұмысына қатысуын достары қызу қуаттады. Ол көп уақыт орыс интеллигенттерінің арасында болды.

Шоқан Петербургте Генералдық штабтың әскери ғылым комитетінде, Азия департаментінің география Қоғамында қызмет істеді. Ал қызметтен бос кезінде университетке барып, көрнекті ғалымдардьің лекциясын тыңдады. Гекералдық штабта Шоқан Орта Азия мен Шығыс Түркістанның, Балқаш пен Іле Алатауы аралығының, Ыстықкөлдің, Құлжа қаласының карталарын жаса-ды. География қоғамында атақты неміс географы К. Риттердің еңбегін баспаға әзірледі, Орта Азия мен қазақ жерінің геограгиясын, этнографиясын жазды, бұл жайында қоғам мүшелеріне лекция оқыды.

П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Г. Н. Потанин, Ф. М. Достоевскийлер Шоқанды астанада көптеген ғалымдармен, ақындармен, жазушылармен таныстырды. Олар талантты жас қазақ жігітінің ғылыммен шұғьлданғанын көрді. Шоқан география қоғамында А. Н. Бекетовпен, Т. П. Ковалевскиймен, Ф. Р. Остен-Сакенмен, И. И. Захаровпен, тағы басқа көптеген ғалымдармен танысып, олармен бірге қызмет атқарды. Шоқанның Петербургке әкелген әр жақты материалдарын көптеген ғалымдар: А. Ф. Голубев, Д. И. Романовский, П. П. Семенов-Тянь-Шаньский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. ПКовалевский, А. А. Татаринов, П. И. Лерх, тағы басқалар пайдаланды.

Шоқанның жаңашыл, демократиялық көзқараста екенін білген патша Александр II оның еңбегін бағалау былай тұрсын, оны астыртын қуғын-сүргінге ұшыратты. Оның үстіне ауру меңдеген ғалымның қызу жүріп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын, сүйікті достарын қалдыруына тура келді. Сөйтіп, Шоқан астанада не бары бір жарым жыл тұрып, 1861 жылы қазақ даласына оралды. Туған жердің таза ауасы дертке дауа болар деп ойлаған еді.

Шоқан елге келген соң науқастығына қарамастан біржола ғылыммен шұғылданды. Омбыдағы, Петербургтегі достарына қазақ даласынан материалдар жіберіп, үнемі хат жазысып тұрды. Әрине, мұның бәрі оның науқасын меңдете түсті, қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы-ғалым 1865 жылы 25 майда Тезек төре аулында қайтыс болды. Осы күнгі Талдықорған облысының Панфилов ауданының Алтынемен тауының баурайына жерленді. 1958 жылы ағартушы ғалымның, зиратының басына сәулетті ескерткіш орнатылды. Кейін осында Ш. Уәлихановтың мемориалдық музейі ашылды.

Өткен ғасырдың алдыңғы қатарлы демократиялық идеядағы орыс интеллигенттері Шоқанның мезгілсіз қайтыс болуына катты қайғырды. «Шоқан шығыс тану әлемінің үстінен құйрықты жарық жұлдыздай ағып өтті . . . » деп жазды академик Веселовский. Шоқанның өмірі қысқа болды, бірақ ол халқына, ғылымға бағалы мол мұра қалдырды. Сондықтанда ғалым еңбегі 120 жылдан астам уақыт зерттеліп келеді. Шоқан мұрасын зерттеу жұмысы әсіресе совет дәуірінде мықтап қолға алынды. Ең алдымен 1958 жылы белгілі ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан Шоқанның таңдамалы шығармаларын жариялады. Оның басшылығымен (1961-1972) жылдары Ш. Ш. Уәлихановтың 5 томдық жинағы жарық көрді.

3. ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ - ГЕОГРАФ ЖӘНЕ САЯХАТШЫ

Ш. Ш. Уәлиханов

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835-1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі, ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-катерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ даласында прогресшіл озык идеяларды таратуға құлшына ат салысты, орыс және қазақ халықтарның шынайы достығын шышілу-ға игі істер тындырды. Өзінің ғылми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол «қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстығын» дәлелдеп берді.

Ш. Ш. Уәлихановтың география саласындағы саяхатшының, ірі творчестволық қызметіне ерекше тұрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш. Ш. Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде қараймыз.

«Европаша толық білімдар тұңғыш қазақ» (Ф. М. Достоевский) он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің озық идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер аударылып келген петрашевшіл С. Ф. Дуровпен, жазушы Ф. М. Достоевскиймен, аса көрнекті географ-ғалым П. П. Семенов-Тянь-Шаньскиймен, Шығыс зерттеуші ғалымдар И. Н. Березинмен, Н. М. Ядринцевпен және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар жас Шоқанның көзқарастарының қалыптасуына шешуші ықпал етті.

Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ен. таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның, қабырғасынан толып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты. Кадет корпусының бұрынғы шәкірттері В. И. Вагин, Г. Н. Потанин, Н. Ф. Анненский және т. б. тамаша ғылыми зерттеулер жасап және географиялық жаңалықтар ашып, даңққа . . бәленді.

Кадет корпусында негізінен жалпы білімге жетік, маман оқытушылар сабақ берді. Оның оқу программасына басқа пәндермен қатар жалпы география, Россия географиясы, геодезия, жаратылыстану ғылымдары және т. б. пәндер кірді. Географияға пән ретінде сол сияқты этнография мен антропология, түрліше тәсілдерді оқып үйрену, тілдерді саралап жіктеп, оларды негізгі топтарға бөлу, әр түрлі халықтарды діни ұғымдар мен тіршілік харакетіне қарай талдау мәселелері де енгізілді. Россияның экономикалық географиясы үйретіліп, оған статистика, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қосылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханұлы
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов
Ш.Уалиханов өмірі мен еңбектері
Шоқан Уәлиханұлы (1835-1865)
Шоқан Уәлиханұлы
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Уәлиханұлы Шоқан Шыңғысұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz