Басқару психологиясының қалыптасу және даму тарихы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
Тақырыбы: Басқару психологиясының қалыптасу және даму тарихы

Басқару - бұл адамның саналы белгілі бір бағытты қызметі, оның көмегімен адам қоғам, тірі және өлі табиғат, техника секілді ішкі ортаның элементтерін бағындырып, реттей алады. Басқаруды - адамдарды басқару және ұйым жұмысын басқару деп бөлуге болады.
Басқару психологиясы - басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психология бөлімі.
Басқару психологиясының пәніне адамдар арасындағы қарым қатынасының мәселелері және басқару жағдайының көзқарасының қатынас әрекеттері жатады:
:: Тұлға, оның еңбек процесі кезіндегі өзін өзі тануы және өзін өзі жетілдіруі
::Басқару қабілеттілігі және оның психологиялық әсері бойынша ұйымдастырылуы
:: Еңбек ұжымындағы топтық процестер оның реттелуі

Басқару психологиясы, оның негізгі міндеті психологиялық білім мен теориялар көмегімен зерттеу және басқару қызметінің проблемаларын шешу болып табылады.
Басқару психологиясы негізгі міндеті - жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында психологиялық жағдайлар және басқару қызметінің сипаттамаларын талдау.
Басқарудың пайда болу тарихы тереңге жаңа ғасырымыздан бұрынғы жылдарда жатыр. Ерте кездің өзінде Египетте болашақ басқару психологиясының негізгі белгілері, ұйымдастыру және бақылау, басқару процесін орталықтандыру жүзеге асырылды. Ежелгі грек философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару мен сол елдегі адамдар қауымдастығын басқару процесі туралы өз көзқарастарын білдіріп еңбектер жазған.
Басқару теориясының пайда болуына негізгі үш фактор: даму жолының қиындығы, бәсекелестік күрестің шиеленісуі, ішкі мүмкіндіктерді қолданып өндірістің өнімін жоғарылату. Осы факторлардың әсер етуі салдарынан ХХ ғасырда Еуропа мен Америкада ғылым салаларында басқарудың (менеджменттің) негізі қаланды.
Менеджменттің дамуы мен қалыптасуының негізіне Макс Вебердің
(1864-1920) История хозяйства және Протенстанская этика и дух капитализма деген еңбектері өз үлесін қосты. М.Вебер әрекеттің идеальды типі деген ұғым еңгізіп, оның төрт түрін анықтады:
а) дәстүрлі
ә) аффективті
б) бағалық-рациональды
г) мақсатты - рациональды
Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан-жақты дәлелдеді. Фредириком Уинслоу Тейлордың зерттеулері қоғамдық қозғалысқа әсер етіп соңында: менеджмент деген атақ алып, басқару мектебінің негізін салды. Тейлор еңбек шығынының реттелуі мен бағалануын, өндірістік басқару принцптерін қалыптастырды. Тейлордың ойынша жоғары еңбекақы мен төмен өнім шығыны басқарудың ұтымды әдісі. Тейлор өзінің еңбектерінде адами фактор ұғымын енгізді.
Ф.Тейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер "нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әлі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын" зерттеу нысаны етті. Ф.Тейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырды. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1853-1931), Генри Форд (1863-1947), Френк Гилберт (1868-1919), Лилиан Гилберт (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
Тейлор идеясы американ зеттеушілері Френка мен Лилииан еңбектерінен жалғасын тапты. Ф.Джилберт алғаш рет АҚШ-та еңбекті ұйымдастыруға дайындаудың инструкторы болды. Ол өз елінде қажумен күрестің комитетінің алғашқы ұйымдастырушысы болды. Оның айтуынша негізінде әрбір адам оның физиологиялық және психологиялық қабілетінің мүмкіндігі келетін іспен ғана айналысуы қажет. Тейлормен салыстырғанда Френкил адами факторға көп көңіл бөлді. Бұған көп әсер еткен жолдасы Лилииан Джилбертпен біріккен әрекеті еді. Лилииан АҚШ-та алғаш психология ғылымының докторы атағын алған. Оның еңбектерінің негізгі бағыты басқару болып табылады. Ол алғаш рет Психология управление предприятии еңбегін жазды. Өз еңбектерінде Лилииан еңбек адамды өзіне ғана емес өзгелер үшін де жауапкершілік алуға, өз кәсібін мақтан тұтуға, өзін-өзі бақылай алуына, әділеттілік сезіміне тәрбиелеуі тиіс.
1940 жылы осы секілді еңбектердің нәтежиесінде адамдық қарым-қатынас мектебі құрылды. Оның негізін саушылардың бірі американ психологы Гую Мюнстербер. Ол мамандық пен кәсіби қабілеттілік аймағында көп үлес қосты және мамандықты меңгеру психологиясының бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламада жетекшілер қызметі туралы, психолог-мамандардың жұмысын бақылау экспериментальды зерттеу, іскер және қолынан келмейтін жұмысшылардың еңбектерін бақылау туралы көрсетілген. Адамдық қарым-қатынас мектебінің өкілдері К.Арджайрис, У.Дискон, Р.Лайкерт ұйымдастыру әрекетінде формальды емес қарым-қатнастардың маңызын дәлелдеп берді.
Классик үлгідегі (әкімшілік) мектептің өкілдері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К.Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірибебені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: "басқару-кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Заң психологиясының даму тарихы
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Жан, тән және мән туралы психологиялық түсінік
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Психология ғылымының зерттеу пәні - психика
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер