Діннің қоғамдағы қызметі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Жоспар:

  1. Діннің қоғамдағы қызметі
  2. Дінтанудың негізгі компоненттері

Дін - адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың - болашағы жоқ.

Дін мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды, күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздігін, өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерін орындау үшін алғышарттар жасайды.

Картинки по запросу религия

Сонымен қатар қоғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені, дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.

Дін - қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы. Өзіміз өмір сүріп отырған ортадан дінді бөліп қарау әсте мүмкін емес. Өйткені, дінсіз, бір Алланың бар екеніне сенімсіз қоғамда адам баласының бойынан қорқыныш сезімі жоғалады. Ал жүрегінде қорқынышы болмаған адамдар - ең қорқынышты орта, қорқынышты қоғам. Асылы текті бабамыздың «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деуі де сондықтан. Осы мәтелдің астарында үлкен мән жатқанын ұғынуымыз керек.

Дін - Алла Тағаланың пендесіне берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Дінді тану - бір Жаратушының бар екенін тану. Таныған жаратушымыз кім десек, ол - күллі ғаламның, барлық жаратылыстың иесі болған Алла тағала. Мейірімі шексіз Жаратқан иеміз адамзат баласын махаббатпен жаратты, басқа жан иелерінен артық етіп ақыл берді.

Дін өзінің ақиқат болмысымен жақсылық жөніндегі шым- шытырық түсініктерді бір ізге салып, оны бірден-бір тура жолға айналдыратын кемел ілімге айналса, ақиқат өзінің дін ретіндегі көрінісімен адам жанына кір шалдырмай, оны үздіксіз тазартып отыратын, оның мәңгілік табиғатын жалғандық қоспалардан аршып, оны нұрландыратын нақты амалға айналады.

Дін - адамзатпен бірге жасасып келе жатқан түрлі тарихи кезеңдер мен қоғамда өзін әртүрлі пішінде көрсетті. Адамзаттың рухани сұраныстарының түрлілігіне байланысты діндер де әртүрлі аталды. Дүниедегі халықтар, мемелекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді негізге алады. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе - дін. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің маңызды рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын негізгі фактор екендігін көрсетеді.

Бірақ, біреулер қаласа да, қаламаса да дін қоғам өмірінен өз орнын алатын болады. Өйткені, адамдарда жүрек пен сана бар. Пенделік тірліктен қажып, мұңға бататын жүрек өзінің дауасын іздесе, өмірдің мәнін іздеуде пенделік қисыннан қанағат таппайтын сана өзіне кең өрісті қажет етеді. Сол себепті де көптеген адамдар жүрекке дауа, санаға өріс беретін діннің мәңгілік құндылықтарына жүгінуге мәжбүр болады. Міне, осындай жандар адам өміріндегі, қоғам өміріндегі діннің орнын түсініп, оның мәні мен маңызын ашуға ұмтылады. Адамды осындай биік құлшынысқа, рухани жетілуге жетелейтін қасиеті діннің басты бір маңызы болып табылады.

Діни функциялардың қоғаммен, оның ішінде әлеуметпен арадағы қарым-қатынастарын тарихи үдеріссіз, әлеуметтік-қоғамдық өзгерістерсіз бөлектеп қарауға болмайды. Өйткені, дін кез-келген мемлекеттің пайда болу кезеңінен бастап, қалыптасу кезеңдерінде, даму үде­рістерінде, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан ұлттардың ұйысуына оң ықпал етумен қатар, діндер арасында немесе қандай да бір діни ағымдар әсерімен тыныштық пен бейбітшілікті бұзып, тұрақтылықтан ауытқытып жіберу мүм­кіншілігі де жоқ емес. Негізінен, әлемдегі адамзат мойындаған дәстүрлі діндер мен конфессиялар адамгершілік пен руханият құндылықтарына жетелейді. Адамдардың бойына, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік ұялатады. Бұл ретте, дін кез келген ұлттың салт-дәстүрлерін де жоққа шығармайды. Қайта олармен үндесіп, тонның ішкі бауындай жарасымды түрде қоғам дамуына жетелейді. Сондықтан, дін - қазіргі кезеңде қоғамның әлеуметтік және рухани дамуының маңызды құралы болып табылады.

Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жалғастырып, жаңғыртуда. Бұл орайда, қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі зор екенін айта кеткен жөн.

Дінтанудың жеке ғылыми пән болып шығуы діни-теологияның, философияның және ғылыми ойшыл өкілдерінің еңбектері арқасында дүниеге келді. Сондықтан әрбір білім өкілдерінің дінге деген методологиялық көзқарастары әр түрлі. Олардың ішінен теология бірінші дінтанушылық ілім болып бөлініп шықты. Қазіргі кезде дінтануды ғылыми тұрғыда қарастырғандықтан оның негізгі бөлімдеріне: дін философиясы, дін социологиясы, дін психологиясы, дін феноменологиясы және т. б. салалар жатады.

Картинки по запросу религиозная философия Дін философиясы. Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позици ясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді.

XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады. Дінтану пәнінде дін философиясы базалық орын алады. Себебі, қандай бір философиялық ағымдар болмасын өздеріне діни мәселелерін қосады. Алғашқы кезде діни өкілдер (богославтар) және теологтар философия категориялық ұстанымдарын өздерінің зерттеу жұмыстарына кеңінен қолдана отырып, дінді философиялық тұрғыда түсіндіре бастады. Ондай концепциялық ағымды діни философия деп атаймыз

Философия дін туралы негізгі мәселелерді де осы әмбебап және субстанционалды принциптермен зерттейді. Осындай әдістемелік зерттеулер арқасында дін философиясының алғашқы формалары «деистік» және «пантеистік» түрлері шықты. Бұларға да кейінгі тақырыптарда кеңірек тоқталып өтеміз. Бұлар туралы қысқаша айтатын болсақ, бірінші көзқарасты рационалдық тұрғыда Құдайды бірінші күш, сана есебінде қабылдайды да, әлемнің даму процесіне қатынастырмайды. Екінші көзқарас бойынша Құдай табиғатқа сіңіп, табиғат Құдай болып өз мүсінін жоғалтады. Қазіргі кезде дін философиясының түрлеріне: натурализм, материализм, экзистенциализм, прагматизм, позитивизм, аналитикалық философия, философиялық антропология, персонализм, неотомизм және т. б. жатады.

Картинки по запросу религиозная социология Дін социологиясы. Дін социологиясы адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Сондықтан, дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерін пайда болуын зерттейді. Мәселен, бір діннің яки сектаның (тариқаттың) мүшелері өздерінің діни наным-сенімі бойынша белгілі бір әлеуметтік іс-амалдарды жүзеге асырып жатса, белгілі бір формада киініп, белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді. Социология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Қоғам өмірін философиялық тұрғыдан қарастырған, қоғамдағы діннің рөлін ғылыми тұрғыдан көрсете білген бірінші О. Конт болды. Оның айтуынша, қоғамның дамуы бірінен соң бірі ауыстыратын үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысы - теологиялық мерзім. Бұл сатыда қоғамдағы өзгерістер діни түсінікпен түсіндіріліп, барлық құбылыстар, қоғамның дамуы бір Құдайдың жасаған (телеологиялық) жолдармен жүріп жатады. Ол кезде қоғамдық тұрақтылық күшті болды, ондай кезеңнің шыңы Орта ғасыр кезі еді. Екінші бір сатысы - метафизикалық кезең. Ол кезенде адамдар жоғары, құдіретті күштерден бас тартып, барлық оқиғаларды абстракты мән мен себептілік арқылы түсіндірді. Бүл мезгілдің ең шыңы «ағартушылық» ғасыры болып саналады. Ол ғасыр келесі мезгілді дайындады. Үшінші кезеңді позитивті немесе ғылыми заман деп айтамыз.

Э. Дюркгейм қоғамдық дамуды үш фактордың әсері арқылы түсіндірді: халықтың қоныстану тығыздығы, қатынас жолдарының дамуы, бірлескен ұжымдық сана. Кез келген қоғамға әлеуметтік ынтымақтастық тән. Дін болса адамдардың қоғамдық сезімдерін жақсартады. Ұжымдардың жеке адамдарға тигізетін әсерлерін күшейтеді. Сондықтан, Э. Дюркгейм дінді қоғамдық өмірдің маңызды жағы деп есептейді. Оның пікірі бойынша, қоғам өз-өзіне дін арқылы табынады, өзін-өзі дін арқылы құдіретті етеді,

Картинки по запросу религиозная психология Дін психологиясы. Дін психологиясы - діни сананың ерекшеліктеріне, құрылымы мен функцияларына негіз болатын психологиялық және әлеуметтік-психологиялық факторларды зерттейтін психология ғылымының саласы. Дін психологиясы XIX ғасырдың аяғында - XX ғасырдың басында пайда болды және діни сананың құдай (рух), жұмақ, дозақ, күнә және т. б. ұғымдарды қамтитын мазмұны туралы, сондай-ақ намаз, дұға, жалбарыну және басқа да парыздарды атқару кезіндегі адамның эмоциялық күйі мен сезімдері туралы едәуір материал жинақталды. Дін психологиясында әртүрлі теориялық- әдістемелік тұрғыларға негізделген бірнеше ағым бар. Қазіргі дін психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның, әлеуметтанудың, этнография мен дін тарихының теориялық ережелері мен әдістемелерін пайдаланады. Дін психологиясын дінтанудың үлкен бір саласы ретінде қарастырамыз. Ол ғылыми пән ретінде ХІХ-ХХғғ. қалыптасты. Дін психологиясын дінге екі жақтама ретінде яғни жалпы психология және әлеуметтік психология тұрғысынан зерттейді. Дін психологиясын құрастырған атақты психологтар У. Джемс (1842-1910) және 3. Фрейд (1856-1939) болды.

Дін психологиясының дінге деген негізгі көзқарасы - қандай бір дін болмасын оның қайнар көзі адамды қоршап тұрған дүние емес, ол әрбір адамның ішінде, оның ішкі рухани дүниесінде, эмоционалды жігерінде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діннің құрылымы, қызметі және атқаратын рөлі
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ДIННIҢ АТҚАPАТЫН ҚЫЗМЕТI
Қоғам және дін
Дін жайлы түсінік
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күделісі
Діннің мәні
Діннің қоғамдағы маңызы
Мұсылман діні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz