Шағын және орта бизнестің теориялық аспектісі. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Шағын және орта бизнестің теориялық аспектісі 5

  1. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны . . . 5
  2. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің даму ерекшеліктері . . . 15
  3. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың шетел тәжірибесі. 25

2. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті
мемлекеттік қолдау . . . 34

  1. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту үрдістері 34
  2. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары 42
  3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттің қаржылық реттеу . . . 51

3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік
қолдаудың проблемалары мен оны шешу жолдары 83

  1. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау проблемалары мен оларды шешу жолдары. . 83
  2. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында шағын және орта бизнеесті дамыту жолдары 93

Қорытынды 104

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 108

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: әлемдік тәжірибені есепке ала отырып Қазақстанда қалыптасып отырған нарықтық экономика, орталығында пайда, табыс, бәсеке болатын, коммерциялық есептілік мүддесіне негізделген еркін кәсіпкерлер, меншік иелері, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы еркін экономикалық қатынастарды көрсетеді. Нарықтық экономиканың қызмет етуіндегі шешуші рөлді бизнес, кәсіпкерлік ойнайды, кәсіпкерлік -шаруашылықтандырудың нарықтық жүйесінің тәжірибелік негізі, нарықты қозғаушы, тірілтуші фермент, катализатор.

2030 жылға дейінгі Қазақстан дамуының стратегилық жоспары шегінде жақын жылдарағы маңызды тапсырмалардың бірі жұмыссыздық пен кедейшілікпен күресу және неғұрлым қатаң ауыл мәселерін шешу, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту арқылы кәсіпкерлік қызметке Қазақстанның ауыл тұрғындарының көп бөлігін тарту болып табылады [1] .

Шағын және орта бизнес әр салаларда әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру және өткізу түрінде көрсетілген.

Шағын бизнестің көптеген кәсіпорындары өндірісті дамытуға экономикалық мүмкінділіктерінің болмауынан, жоғары салықтық ставкалардан, қаржылық қорлар мен басқа да ресурстардың жоқтығынан, сонымен қатар мемлекет жағынан әрекет етпейтін қолдаулардан өз қызметтерін кеңейте алмай отыр.

Дамыған елдерде шағын және орта бизнеске экономикада жұмыспен қамтылғандардың негізгі саны келеді, біздің еліміздегі өте өзекті мәселе болып отырған, жұмыспен қамтылмаған халықты жұмысқа тұрғызу мәселесін шешеді. Біздің елімізде шағын жіне орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары жұмыссыздық санына қарамастан 23, 7 пайызды (2 млн. адам), осы уақытта Шығыс Еуропа елдерінде ол 40-60 пайызға жуық, ал дамыған елдерде - 90 пайыздан жоғары, оның ішінде шағын бизнес үлесіне экономикадағы жұмыспен қамтылғандардың 50-60 пайызы келеді.

Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының экономикасында мәнді орын алады.

Бірақта қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамуына шағын кәсіпорындардың санының өсу қарқынымен, олардың өндірістік аймақтарда көрнікті жеткіліксіз таратылуымен, импорттық тауарларға қарағанда олардың тауарларының төмен бәсеке қабілеттілігімен, шағын кәсіпорындардың «көлеңкелі нарық» сферасына кетуімен байланысты бірқатар жағымсыз тенденциялар байқалады.

Осы мәселелер шағын бизнестің дамуына жалпы көзқарастардың шығарылу қажеттілігін, шағын бизнес үшін кадрларды дайындау жүйесін құру, оларды қолдау стратегиясында басымдылық бағыттарды бағалауға шарттап отыр. өз алдына шағын бизнесті күрделі масштабты дамыту өркениетті нарықтық қатынастарды қалыптастыру тапсырмаларын тиімді шешуге мүмкіндік береді: олардың айналымсыздығына кепілдікті қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің дамыған инфрақұрылымын құру, барлық ресурстарды неғұрлым тиімді және икемді қолдану.

Қазақстанда шағын бизнес сұрақтары келесідей заңдылық актілермен реттеледі: «Кәсіпкерлікті дамыту мен шаруашылық қызмет еркіндігі туралы», «Лицензиялау туралы», «Банкроттық туралы», «Шаруашылық серіктестіктер туралы», «Жеке кәсіпкерлікті қорғау туралы», «Кооперациялау туралы», «Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» [2] .

Шағын бизнестің нақты артықшылықтарын қолдану кезінде кез келген елдің жағдайы тұрақтанады, өндіріс құлдырауы тоқтатылады, тапшылық жойылады. Шағын бизнесте әрбір адам өзінің іскерлік ерекшеліктерін қолдана отырып, өз жағдайын жақсартуға, өз мүмкіндіктері мен қаржылық құралдарын өткізуге мүмкіндігі бар.

Осыған орай, Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және ұйымдастыру үлкен ғылыми-тәжірибелік мәнге ие болады.

Жұмыстың мақсаты нарықтық экономиканың қызмет ету жағдайында шағын және орта бизнестің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін зерттей отырып, оның Қазақстанда дамуының қазіргі жағдайына талдау жүргізу және перспективаларын анықтау. Осы мақсатқа сай, жұмыста келесідей тапсырмалар қойылған:

  • шағын және орта бизнестің экономикалық мәнін, мақсаттары мен дамуының негізгі бағыттарын негіздеу;
  • нарықтық экономиканың қызмет етуінде шағын кәсіпкерліктің маңызды рөлін ашу;
  • Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес субъектілері санының өзгеруін талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштерін аймақтар және экономикалық қызмет түрлері бойынша бағалау;
  • Қазақстанда шағын бизнесті мемлекет тарапынан қаржылық қолдау мен ынталандыруын талдау;
  • Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мен дамытудың кейбір мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын ұсыну.

Жұмыста нарыққа көшу жағдайында экономикалық қатынастарды реттйтін Қазақстан Республикасының заңдылық және нормативтік актілерін, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық құжаттар мен келісім-шарттарды, Қазақстан Республикасы дамуы мен статистикасы бойынша мемлекеттік комитеттің ресми статистикалық деректері, қазақстандық және ресейлік ғылыми басылымдары мен арнайы басылымдарында шығарылған аналитикалық материалдар кеңінен қолданылған.

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Шағын және орта бизнестің теориялық аспектісі

1. 1 Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны

Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Йозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж. ) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер -алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сәй (1767-1832 жж. ) былай деген: «Кәсіпкер -адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам» [3] .

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж. ) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш-қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұлда адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар пара пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады [4] .

Шағын бизнес үшін бірінші кезекте меншік иесі мен кәсіпкер, қожайын ұғымдары сәйкес келеді.

Бизнестің бес түрін бөліп көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық және сақтандырушылық. Өндірістік бизнес негізінен

тауарлар мен қызметтерді өндіру аясында таратылады. Коммерциялық бизнес тауарлы-ақшалай, тауарлы-айырбастық операцияларда анықтаушы рөлді мінездейді. Қаржылық бизнес сату-сатып алу объектісі ретінде арнайы тауар - ақша, валюта, бағалы қағаздарболатын коммерциялық бизнестің түрлілігін көрсетеді. Делдалдық бизнес тауар айналымы процесінде байланыстырушы буын ретінде, делдал рөлін атқаратын, өзі тауар өндірмейтін және тауар сатпайтын бизнесмен-делдал. Сақтандырушы бизнес бірден қалыптасатын жағдайлардан адам өмірін, құндылықтарды, мүліктің мүмкін болатын жоғалымын өтеуіне белгілі бір төлемге кепілдеме беретін бизнес түрі. Бизнестің эр түрінің өзіншік ерекшеліктегі «қоршаған ортасы» бар. 1-ші суретте «қоршаған ортаның» негізгі элементтері бөлініп көрсетілген.

:
Нарыққа жанама немесе біртіндепенгізілген «қоршаған орта» элементтері:

Нарыққа жанама немесе біртіндеп

енгізілген «қоршаған орта» элементтері

:
:
Нарыққа жанама немесе біртіндепенгізілген «қоршаған орта» элементтері:
: Экономика толығымен
Нарыққа жанама немесе біртіндепенгізілген «қоршаған орта» элементтері:
: Технологиялық даму
Нарыққа жанама немесе біртіндепенгізілген «қоршаған орта» элементтері:
: Жалпылама ақпарат құралдары
Нарыққа жанама немесе біртіндепенгізілген «қоршаған орта» элементтері:
:

Әлеуметтік қозғалыстар

Мемлекеттік басқару органдары

Нарыққа жанама немесе біртіндепенгізілген «қоршаған орта» элементтері:

1 - сурет. Бизнестің қоршаған ортасы

Ескертпе: Экономика предприятия В. Я. Горфинкеля, В. А. Швандара. Третье издание. Москва, 2004 г. - 56 бет

Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:

  • жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
  • толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;

командитті - аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен) ;

қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойынына алады;

өндіріс және тұтыну кооперативтері;

консорциумдар;

акционерлік қоғамдар.

Кесте 1.

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы

Кәсіпкерліктің: Кәсіпкерліктің
Артықшылығы: Артықшылығы
Олқылығы: Олқылығы
Кәсіпкерліктің: түрлері
Артықшылығы:
Олқылығы:
Кәсіпкерліктің: 1. Бір тұлғалы
Артықшылығы: Ұйымдастырудағы
Олқылығы: Капиталды көптеп тартудағы
Кәсіпкерліктің: жекеленген
Артықшылығы: қарапайымдылығы. Қызмет
Олқылығы: қиындықтары. Болған
Кәсіпкерліктің: шаруашылықтар
Артықшылығы: жасауының толық еркіндігі.
Олқылығы: зардаптарға жауапкершіліктің
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: Нарықтық саладағы мінез-
Олқылығы: шексіздігі. Барлық ұйымдық және
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: құлқының икемділігі.
Олқылығы: басқарушылық іс-әрекеттің
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: Қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі. Барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі.
Олқылығы: біріктірілу қажеттілігі.
Кәсіпкерліктің: 2. Серіктестіктер
Артықшылығы: Басқару бойынша міндеттерді
Олқылығы: Әріптестердің өзара
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: бөлу. Қаржы тартудағы үлкен
Олқылығы: өнімсіздігінің ықтималдылығы.
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: мүмкіндіктер. Еркін және
Олқылығы: Сенімсіздік арқасындағы
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: оперативтік іс-әрекеттің
Олқылығы: әлеуметтік-психологиялық
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: әріптестермен келісу кезіндегі
Олқылығы: комфортсыздық. Әріптестердің
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: шектеулілігі.
Олқылығы: өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
Кәсіпкерліктің: 3. Акционерлік
Артықшылығы: Қосымша капиталды тезірек
Олқылығы: Басқарудың тым күрделілігі және
Кәсіпкерліктің: қоғамдар.
Артықшылығы: және кеңірек тарту
Олқылығы: оперативтілігінің төменділігі.
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: Корпорация қызметі әртүрлі
Олқылығы: Акционерлердің басқаруға
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: сала шеңберіндегі капитал
Олқылығы: қатысуы мен бақылау деңгейінің
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: қозғалысының еркіндігі.
Олқылығы: жоғары еместігі. Кәсіби
Кәсіпкерліктің:
Артықшылығы: Акционерлердің
Олқылығы: құпияның ашылу мүмкіндігі.
Кәсіпкерліктің: жауапкершілігі.
Артықшылығы:

Ескертпе: Бондаренко В. Подержка малого и среднего бизнеса // Малое предприятие, №69, 2003г.

Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық -толық емес шаруашылық есеп.

Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

  • азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
  • ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

  • акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;
  • мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
  • құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызмет еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы»» «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» республика заңдарында кәсіпорын кез-келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.

Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызмет тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі экономика кезіндегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі - кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер, жеке тұлғалар және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал, ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестіктер, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз.

Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша сыныптау қажет (кесте 2) .

Кесте 2.

Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түрінің сыныптамасы*

Ұйымдық-құқық-: Ұйымдық-құқық-
Шаруашылық: Шаруашылық
Салалық қызметі: Салалық қызметі
Меншік нысаны: Меншік нысаны
Ұйымдық-құқық-: тық нысаны
Шаруашылық: қызметінің сипатына
Салалық қызметі: бойынша
Меншік нысаны: бойынша
Ұйымдық-құқық-: бойынша
Шаруашылық: қарай
Салалық қызметі:
Меншік нысаны:
Ұйымдық-құқық-: Картелдер
Шаруашылық: Өндірістік
Салалық қызметі: Өнеркәсіп
Меншік нысаны: Мелекеттік
Ұйымдық-құқық-: Синдикаттар
Шаруашылық: Саудалық
Салалық қызметі: Ауыл шаруашылығы
Меншік нысаны: Қазыналық
Ұйымдық-құқық-: (консорциумдар)
Шаруашылық: Делдалдық
Салалық қызметі: Сауда
Меншік нысаны: Үжымдық
Ұйымдық-құқық-: Трестер
Шаруашылық: Банктік
Салалық қызметі: Байланыс
Меншік нысаны: Жалгерлік
Ұйымдық-құқық-: Синдикаттар
Шаруашылық: Сақтандырулық
Салалық қызметі: Көлік
Меншік нысаны: Кооперативтік
Ұйымдық-құқық-: Концерн-
Шаруашылық: Инвестициялық
Салалық қызметі: Қаржы - несиелік
Меншік нысаны: Акционерлік
Ұйымдық-құқық-: конгломераттар
Шаруашылық: Инновациялық
Салалық қызметі: Мэдениет
Меншік нысаны: Жекелеген
Ұйымдық-құқық-: Холдинг -
Шаруашылық: Инжинирингтік
Салалық қызметі: Өнер
Меншік нысаны: Аралас (біріккен)
Ұйымдық-құқық-: компаниялар
Шаруашылық: Венчурлік
Салалық қызметі: Білім
Меншік нысаны: Мемлккеттік
Ұйымдық-құқық-: Акционерлік
Шаруашылық: (тэуекелділік)
Салалық қызметі: Ғылым
Меншік нысаны: кооперативпен бірге
Ұйымдық-құқық-: қоғамдар
Шаруашылық: консалтингтік
Салалық қызметі: Денсаулық
Меншік нысаны: Ұжымдық жекемен
Ұйымдық-құқық-: (корпорациялар)
Шаруашылық: Аудиторлық
Салалық қызметі: сақтау
Меншік нысаны: бірге
Ұйымдық-құқық-: Кооперативтер
Шаруашылық: Трестілік
Салалық қызметі: Тұрғын үй
Меншік нысаны: Мемлекет аралық
Ұйымдық-құқық-: Серіктестіктер
Шаруашылық:
Салалық қызметі: шаруашылығы
Меншік нысаны: (біріккен кәсіпорын)

Дереккөз: Сабденов О. С., Муканова3. Малое предприятие опыт и перспективы развития. Алматы: Казахстан, 2006.

Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950 жж. ) ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталғын. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады [8] .

Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.

Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі - мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті - «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер - экономикалық процесті жеделдетуші.

Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет. ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиеттерінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес - бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналасуы қажет».

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда сдудада, қоғамдық тамақтану және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жойылуына әкеледі, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жануарлар мен үлкен салықтардың астында қалды [9] .

Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.

Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың қарқынды даму жағдайында, ірі

компаниялардың айбынының артуы ғылыми-техникалық революцияның

болуымен, шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса

жүреді. Жаңа өнімдердің көптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі қанағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-

зерттеу мен конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.

Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа, өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.

Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс орындарының 60 пайызы 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын, толықтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздері
Шағын бизнесті стратегиялық басқару және оны қаржыландыру
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Франшизаның туризмдегі экономикалық негіздері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz