Шағын және орта бизнесті мемелекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру



Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шағын және орта бизнесті мемелекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларын
жүзеге асыру.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған
көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдау және дамыту концепциясын жасау қажет. Өйткені, кәсіпкерлікті
дамыту мәселелерін концептуалды түрде шешу шағын және орта бизнес
саласына бағышталған өнеркәсіптік саясатты ендігі жүзеге асыруда
жіберілетін кейбір қателіктердің алдын алуына және жұмыс қарқынын үдетуге
көмектеседі. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар да
орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Аталмыш концепцияны жасау барысында құқықтық-базанып өзара қатынасын
және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерлердің де
мемлекеттің де мүдделері ескерілген аймақтық аспектілермен нақты жобаларды
қарастыратын, қамтамасыз етуші және қортындылаушы бөлімдерден тұрады.
Концепцияның мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту
стратегиялары мен оларды жүзеге асыратын нақты механизімдерін өңдеу болып
табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей басты міндеттерді шешу қажет:
- құқықтық өндірістік ресуртармен қамсыздандыру;
- кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамсыздандыру;
- нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
- кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтік мемлекеттілік қолдау және
ынталандыру;
- кәсіпкерлік қызмет құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау;
- кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау:
- кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.
Концепцияда келесідей кәсіпкерлікті дамыту шаралары қарастырылған:
І. Шағын және орта бизнесті қолдау:
а) өнеркәсіп саласында:
— дәстүрлі өндіріс салаларында шағын кәсіпорындарды дамыту:
— жаңа технологияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру:
— кайта өңдеу өнеркәсіптері жүйесін дамыту.
ә) халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде:
— отандық шикізатты қолдануға бағытталу;
— импортты алмастырушы тауарларды ендіру;
— экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару.
б) жаңашылдық (инновациялық) қызмет саласында:
— ғылым сыйымды өндірістерде ұйымдастыру және дамыту
— шағын жаңашыл кәсіпорындар жүйесін, аймақтық инновациялық және
технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту:
— көлік, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндірісінде
технологиялық және зерттеу парктерін сондай-ақ бизнес инкубаторларын құру;
2. Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын орта және ірі
кәсіпкерлік еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған
қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар
мен нормативті актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар, жалпы
кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қолдау және қорғау тәжірибесі үйретіліп,
кэсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру
ұсыныстары беріледі.
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың
экономикасын өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның
нарыққа кіруін жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Сондықтан да, кәсіпкерлік
құрылымдарының өкілдерімен бірге пайдаланылмаған өндірістік ғимараттар мен
құрал-жабдықтарды жер учаскелері мен алаңдарды, аяқталмаған құрылыс
объектілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру мақсатында
санақтан (инвентаризациядан) өткізу керек.
Концепцияда ұлттық бағдарлама үшін шағын және орта кәсіп-орындардың
тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып
табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдары табиғи, адамдық және ұйымдық
ресурстарды біріктіре отырып, инвестицялардың барынша тиімді қолданылуын
қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы
ынтымақтастық жүйесін (франчайзинг) қалыптастыру мақсатына бағытталған
мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.
Шағын және орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын
тарту процестерін күшейту қажет.
Концепцияда кәсіпкерлік қызметі субьектілерінің осы саладағы басты
жобаларды атқаруын қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік
несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұсынылған. Концепцияда шағын және
орта бизнестің дамуына негіз болатын экономикалық ортаны жақсартуға
бағытталған сақтандыру ісі несие және салық жүйелріне қажетті
өзгерістерді енгізу қарастырылған.
Сондай-ақ экономиканың барлық салаларда, әсіресе халықтық тұтыну
тауарлары мен азық-түлік өндірісіке шағын бизнестің дамуына мүмкіндік
туғызатындай деңгейде салықтық алымдар мен міндетті төлемдер мөлшерін
белгілей отырып, салық саясатында маңызды толықтырулар жасау қажет.
Кәсіпкерлікті институционалдық тұрғыдан қамтамасыз ету процесі барлық
шаруашылық субьектілерінің жұмысына қолдау көрсететін және өндіріс
өнімдерін өткізу, шикізатты алу, кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен
сенімділігін арттыру және тәуекел деңгейінің төмендету шараларын қамтамасыз
етуге бағытталған нарықтық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыру және
дамыту мақсатын көздейді. Әсіресе нарықтық қатынастарға өту кезеңінде осы
процесті жүзеге асыру мемлекетке құқықтық базаны құруға және оны
қадағалауға мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде мемлекет басшылығы экономиканы
тұрақтандырып, әрі қарай дамыту үшін нарықтық инфрақұрылым, қызметтерін
толығымен қолдануға тырысады.
Кез - келген кәсіпорынның оның ішінде шағын және орта бизнес
субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін банк торабына кіру және оның
сапалы қызметтерін пайдалану мүмкіншілігін қалыптастырылуы тиіс. Сондықтан
да, Қазакстан Республикасында банк ісін дамыту міндетін атқару жоспарланып
отыр.
Республикамызда шағын және орта бизнестің басты салаларын жалпы дамыту
мен қолдау және банк несиелерін алу үрдістерін жеңілдету мақсатында
маманданған мемлекеттік акционерлік банктерді құру аса маңызды.
Сақтандыру жүйесі нарықтық институттарды дамытудың негізгі
бағыттарының бірі болып тбылады. Әсіресе, оның мәні шағын және орта бизнес
саласында тәуекел күшейген жағдайда арта түседі. Сондықтан кәсіпкерлік
қызмет саласын сақтандыруға бағытталып, компанияларға қолдау көрсетілуі
тиіс.
Сақтандыру ісінің сенімділігі мен сапасын арттыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы мен мәселелерi
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты
Шағын бизнестың экономикалық дамуы
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту
Шағын және орта бизнестің проблемалары және дамытуға қолданылатын нақты шаралар
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау әдістері
Қазақстан Республикасындағы халықаралық тәжірибесі және қалыптасу проблемалары
Пәндер