Діннің қоғам өміріндегі рөлі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Діннің қоғам өміріндегі рөлі.

Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш - үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т. е. с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» - (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

Картинки по запросу религия в обществе

Дін - Алла Тағаланың пендесіне берген ең үлкен нығметтерінің бірі. Дінді тану - бір Жаратушының бар екенін тану. Таныған жаратушымыз кім десек, ол - күллі ғаламның, барлық жаратылыстың иесі болған Алла тағала. Мейірімі шексіз Жаратқан иеміз адамзат баласын махаббатпен жаратты, басқа жан иелерінен артық етіп ақыл берді. Сондықтан ислам діні кейбір замандастарымыздың санасында қалыптасқандай дінтанушы-молдалардың ғана ісі емес, Алла тағаланың пендесіне берген, ақ пен қараны ажыратып, ақиқаттың жолына салатын ғажайып сыйы. Қараханид дәуірінде қанатын кеңге жайып, қазақ даласына енген Ислам діні салт-дәстүр, таным-түсінігімізбен біте қайнасып, болмысымызға етене жақын болды. Сондықтан кеңінен насихатталып, бірден тарады. Осылайша, кешегі он екі ғасырдан аса уақыт ішінде Ислам мұсылмандығымыздың мызғымас діңгегіне айналды.

Дін өзінің ақиқат болмысымен жақсылық жөніндегі шым- шытырық түсініктерді бір ізге салып, оны бірден-бір тура жолға айналдыратын кемел ілімге айналса, ақиқат өзінің дін ретіндегі көрінісімен адам жанына кір шалдырмай, оны үздіксіз тазартып отыратын, оның мәңгілік табиғатын жалғандық қоспалардан аршып, оны нұрландыратын нақты амалға айналады.

Дін - адамзатпен бірге жасасып келе жатқан түрлі тарихи кезеңдер мен қоғамда өзін әртүрлі пішінде көрсетті. Адамзаттың рухани сұраныстарының түрлілігіне байланысты діндер де әртүрлі аталды. Дүниедегі халықтар, мемелекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді негізге алады. Адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе - дін. Бұл кез-келген халықтың тарихи тағдырында діннің маңызды рөл атқаратындығын, оның рухани, мәдени өркендеуінің көкжиектерін айқындайтын негізгі фактор екендігін көрсетеді.

Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланысы екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмідің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.

Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.

Бұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. “Қоғам” ұғымы қатаң социологиялық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінде көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып қоғамды индивидтердің әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Индивид әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол индивидке сырттан берілгендей болады. Осы тұрғыда дін, адамның әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігімен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде “дін және қоғам” мәселесі көбінесе “дін мен мәдениеттің” бір бөлігі болып табылады.

Картинки по запросу религия в обществе

Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір формаларын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт.

Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-социологтар плюралистік американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің қызметімен өзгеруде. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен формаларын өзгертуде.

Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып , тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындау үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы тиым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсендеуі немесе оны артуы мүмкін.

Дінді бұлай түсіну Р. Беллдің жоғарыда келтірілген анықтамасында көрініс береді. Ол анықтама бойынша дін тұтас әлемді қабылдау үшін символикалық жүйесі және индивид пен әлемнің ортақ тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді, ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңы мағынасына ие болады. Қазіргі заманғы көрнекті социолог П. Бергердің сөзімен айтсақ, діни символдар мен түсініктер, белгілі бір мағына бере отырып, адамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Дін адам өмірінің құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қандай да бір “қасиетті шымылдықты” көзге елестетеді.

Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орындалуымен: бейімдеуді, мақсатты бағыт ұстануды, қоғаммен бірігу және орындауды, жүріс-тұрыстың институцияланған мәдени үлгілерін қолдауды қамтамасыз етумен ең алдымен табиғи ортаға бейімделуі мүмкін болады.

Бейімделу - ол қоғамның өмір сүру ортасына: бұл міндетті қоғам ішіндегі экономикалық шағын жүйе шешеді.

Мақсатты бағыт ұстану - ол жерде инидивидтің қоғам үшін қиратушы, өзінің жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз ету; қоғамдық жүйе ішінде бұл қызметті орындауға отбасы да қатысқанымен, негізінен саяси шағын жүйе орындайды.

Интеграция - ол бір-бірінен тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет ету құрылымын жасау арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қауіпін болдырмауды білдіреді. Функциялар институционалды түрде жіктелетін дамыған қоғам шеңберінде бұл қызметті әлеуметтік рөлдердің нормативтік анықтамаларын белгілей отырып, құқықтық шағын жүйе қамтамасыз етеді.

Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау. Тиісінше, сөз жүріс-тұрысты саяси құқықтық немесе экономикалық реттеуге қарағанда діннің тереңірек қызметі жаййында айтылып отыр. Бұл теориялық тұжырымдама дінді оның қоғамдағы алатын орнымен атқаратын рөлі жөнінде тәжірибелік біршама кең көлемді мәліметтерді түсіндіруге мүмкіндік беретін құбылыс тұрғысынан түсінуді ұсынады. Алайда ол бірқатар қиыншылықтармен кезігіп, міндетті түрде мойындауды кездестіре бермейді.

Қазіргі заманғы қоғамда діни өмір консерватор-дәстүршілдер мен модернистер, діни жаңару мен реформалардың жақтастары арасындағы жанжалдармен көрініс береді. Әдетте, олардың арасындағы күрес таза теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.

Дін ішіндегі жанжалдар көбінесе қоғамдағы өзгерістердің де көзі болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады. Көне Өсиетте әулиелер, құдай әлеуметтік теңдікті көреді, оны құдай жасап берді ал адамдар оны өз еркімен бұзды деп жария еткен. Әулиелер үлкен әділеттік үшін қоғамды өзгерістерге шақырды және көбінесе төмен, кедей таптардың мүдделерін қорғаушылар ретінде алға шықты. Германиядағы шаруалар соғысында бұқара халықтың жетекішісі реформацияның радикалды қанатының өкілі Томас Мюнцер болды. Ол жер бетіндегі тәртіптерді ортақ мүдделерге сәйкес қайта өзгертуге шақырды. Бұл жерде ол құдайдың о баста ойластырғанының орындалуын көрді. Бұл діншілік жанжал қалайша нағыз соғысқа әкелетін әлеуметтік жанжалға айналуының мысалы бола алады.

Дін қоғам тұрақтылығының факторы ретінде ғана болмай (бұл жерден функционалисте оның негізгі қызметін жиі көреді), сонымен қатар, әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі болып қызмет етеді. Мысалы, Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін “капитализм рухын” жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор тарихи алға басушылықты дәлелдеді.

Қазіргі қоғамда діни мен саяси институттардың өзара қатынасы келесі екі аспектіде қарастырылады. Біріншісі діннің сол қоғамның құндылықтарын негіздеу мен қолдау қызметін орындауымен байланысты. Бұл құндылықтар заңға және билікке қатысты көзқарасқа әсер ете отырып, саяси әрекетке (қарсы шығу немесе қолдау) тартылған. Екіншісі - діннің саясатпен, қандай да бір әлеуметтік топтардың ықпалының күшеюіне байланысты мүдделерін білдіруші институция ретінде қатыстығын анықтау. Діни ұйымдар, институционалды діни ұйымдарды қоса алғанда, белсенді идеологиялық әрекет арқылы саясатқа араласады, адамдардың ақыл-ойы үшін идеологиялық шайқастарға қатысады. Діни топтар қалай болғанда да түрлі формаларда және түрлі дәрежеде қоғамның саяси өміріне қатысады. Бұл қатысу діни идеологиямен немесе оның қызмет етуінің объективті жағдайларымен анықталады. Қатысу саяси енжарлыққа, қатыспауға бағыт алуда, бұл топтардың қатыстырылмауында көрінуі мүмкін, ол халықтың белгілі бір бөлігінің биліктен жатсынғанын білдіреді.

Қазіргі тарихи кезеңнің ерекшелігі ол этикалық өлшемдермен санасатын саясатқа қажеттілік болып табылады. Моральдық міндеттемелерге тәуелді болмайтын саясат ядролық ғасырда өте қауіпті. Осыған байланысты діннің саясатқа, саяси күштердің күресінде төреші рөлін орындаушы этникалық фактор ретінде әсер етуі ұлғая түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғам адамының өміріндегі діннің маңызы бар ма
Діннің қоғамдағы маңызы
Жастар арасында діни толеранттылықты, толерантты әдеп пен мәдениетті қалыптастыру
Дін жайлы жалпы түсінік
Діннің құрылымы, қызметі және атқаратын рөлі
ДІН ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Діннің әлеуметтік мәні
Адамның тұлға болып қалыптасуындағы діннің рөлі
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz