Африка және Америка континенттернідегі ежелгі халықтар


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Африка және Америка континенттернідегі ежелгі халықтар
  2. Діни ағымдардың жастардың санасына кері әсері

Зулус діні тікелей зулус деген деревня (ауыл) өмірінің атымен қойылған деседі. Діни көзқарастары Зулу халқының дінін ерте дәуірден зерттеу ешбір мүмкіндік болмағандықтан, тек Чака көсемінің тұсындағы өмірлерімен байланысты хабарлар арқылы қарастырылады.

http://www.ancient-origins.net/sites/default/files/field/image/Shaka-of-the-Zulu.jpg

Зулу діни өмірінде сегіз діни кейіпкер үлкен рөл атқарады.

1. Көсем - абыз - мұрагерлік дәреже - барлық ауылдың бастығы және барлық діни салт-жораларды басқаратын адам. Оның тағы да саяси‑әлеуметтік қызметтері де бар.

2. Сауегей - болжаушы. Әр түрлі сыйқырлық іс-әрекеттер жасайды. Жаман нәрселерді күні бұрын болжап біледі. Оларға қарсы (болдырмау үшін) іс-әрекеттер жасайды. Көбінде сәуегейлік рөлді әйелдер орындайды.

3. Тәуіп - Зулу тәуіптері - «кәсіби» дәрігерлер. Олар өсімдіктерден әр түрлі дәрі-дәрмектер жасауда, осы күнге дейін халық дәрігерлерінің атағына ие болған адамдар көп.

4. Аспан-бақташы - Аспан Құдайы, еркек мүсінді. Олардың атқару қызметі көсемнің іс-әрекетімен тығыз байланысты. Олар - жауын жауғыза алатындар. Найзағайларды игереді. Олар сайлау алдына иницианция - ритуалынан өтеді - (бетін тіліп із қалдырады . . . ) .

5. Сыйқыршы, әзәзіл - жаман жағдайларды өзгерте алады. Ашу мен кайғыға толған адамдар сыйқыршыға барып мұңын шертеді.

6. Мыстан кемпір - қараңғы өмірден күш алады. Оның істері жасырын. Ашуланса кез келген адамды ауыруға ұшыратады, түнде ұшып жүреді . . .

7. Кешірушілер - кешірімпаз адамдар. Кек сақтамайды . . .

8. Ауыру - кез келген адам болады. Оларды әр түрлі ауырудан жазу керек.

Мезоамерика діндері.

Мезоамериканың діни тарихы олардың қалалары және қалалық символдармен тығыз байланысты. Олардың сапалы қалалары, зәулім көшелері, ритуалдық ортақтары дүние жүзілік мәдениеттен қалыспай сол бір қатарда: Қытай, Месопотамия, Египет, Индия, Нигерия, Перу елдерінің деңгейінде тұрғандығын көрсетеді.

Mезоамерика - 7 майда мемлекеттен тұрады: Мексика, Гватемала, Белиз, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Косто-Рико елдері. Осы елдердің урбанизациялық үрдісі б. д. д. 2 мың жылы басталып ХҮІ ғасырға дейін бізге жетті. Олардың дүниетанымдық көзқарасы діни көзқараспен - әлемді тану, әлемді өзгерту, әлемді түсіну тұрғыда өтіп жатты. Мысалы, әлемді өзгерту ‑ эологиялық комплекс үйлер, қалалар мен пирамидалар, храмдар.

http://www.kulturologia.ru/files/u8921/acteki-08.jpg

Әлемді түсіну - адамның денесін әлеммен байланыстыру - космология, ритуал, монахтардың сословиялары, абыздар, қолбасшылар, астрологтар, ршуалды құрбан шалу.

Әлемді жақсарту - әр түрлі ритуалдар арқылы күннің шығуына, күнге, аспанға арнап құрбан шалу. Үш негізгі элемент: ритуалдық орталық, Құдайлық жер, адамның орны.

Топилицина Коцелькоатля Құдайы ғарыштан келген. Оның өмірі туралы, пьесаның жеті актысына ұқсатып суреттейді.

1) Оның таңғажайып тууы;

2) оның ритуалдық істері, әстетикалық жәвс этикалық жолындағы тәжірибелік үлгілері;

3) жаңа шығып, туып отыру

4) тамаша мемлекет және астана тұрғызу;

5) оны қастандықпен қүлату,

6) шет елге қуу;

7) оның өлімі және Венера жүлдызына айналуы Осындай мифтік аңыздар сол ацтектердің діни негіздерін құрады.

Ацтектердің күнделікті өмірдегі әдет-ғүрыптары, салт-жоралары, мифтік көзқарастары, оздерінің бас Құдайы Кецалькоатляның аңыздык өмірбаянымен тығыз байланысты өтеді. Кецалькоатл аңызы бойынша оның анасы Чимальма (щит Земли) зүбәржатты (тасты) жұтып жүкті болады да, Кецалькоатлды өмірге келтіреді. Ол атасы мен әжесінің колында жеті жасқа дейін тұрып әр түрлі салт-жораларды үйреніп аскетке айналады. Әр түрлі салттық іс-әрекеттер жасап халықты үйретеді. Мысалы, ол шанышқымен (спицамен) өзінің қанын ағызып Құдайға құрбандық көрсетеді. Оның басқаруымен көптеген храмдар салынады, сол храмда шоқынуға, халықты құрбандық шалуға үйретеді ХҮІ ғасырда исландық монах Диего Дүран деген бірінші рет Европаны Кецалькоатлдің салт-жоралары мен таныстырды.

Майя халықтарының діндері. Майя тайпалары Орталық Америкада 200-900 жж. (Субрегион) Оңтүстік Гватемала, Солтүстік Гватемала және Шығыс Юкатан түбегінде өмір сүріп, таңғажайып өркениетке жетті. Халықтары негізінен жер шаруашылығымен, егін егіп, бау-бақшамен шұғылданатын.

http://barbatos.ru/images/Maya%20-%2029.04-29.05%20-%20Predskazately/08.05-14.05/Religija-Majja.jpg

Сонымен қатар біздің білетініміз Маяның 8 қаласы болғандығы. Дүниетанымдық көзқарастарының негізінде аграрлық - өндіру, өсіру, өзгерту арқылы әлемді қарастырады. Олардың Символик жазуы - Космостық ағаш (дерево) - өсімдік. Құдайлары да Ицамна (космостық ағашқа ұқсас), аспан мен жерді қосып тұрушы. Тотемдік жануарлар: рептилялар, жылан, кесірткі киелі ретінде қарастырылады. Политеистік Құдайлары: жауын-Құдайы орман жерінде өмір береді; Ах-Кин - Күн Құдайының жылу беру және т. б. ритуалдары: туу, өлім, қайта туу барлығы діни мейрамдармен әдет-ғұрыптар жолында жүріп жатады.

Майялардың діни дүниетанымдық көзқарастарының, басқа діндерден айырмашылығы олар адам проблемасына аса үлкен көңіл бөледі. Адам, оның санасы - киелі табиғат күштерінің қатынасы. Адамның тек дене құрылысы ғана емес, олардың киімдері де үлкен мағыналық қасиет береді. Сондықтан олар киімдерін әр түрлі тігіп, бояп киеді.

Майялардың дүниетанымдық көзқарасын төртке бөліп қарастыруға болады:

1) тәртіп ғарыштан аспанға түсіп, одан жерге келеді, жер бетінен жер астына өтеді;

2) қоғамда тәртіп мәңгі, себебі ғарыштан келеді;

3) әлем Құдайы - ғарыштық;

4) басты салт-жоралар арқылы адам өзінің «бірінші адамнан» шыққандығын дәлелдеуі керек.

Майялардың ритуалдарының ішінде ең бір ерекшелігі - адамның қанын ағызу. Бұл салт қандай бір адамның белестік салты болмасын қан шығару арқылы жүріп жатады. Қан ағызу басқа адамдарға жан беру деп түсінеді. Осылай өз қанын құрбандыққа бере отырып, олар жасырып Құдайлық күштермен қатынас жасайды деп ойлайды.

Майя өркениетінің шығуы мен дамуы үш кезеңге бөліп қарастырылады.

Бірінші кезең жалпы даму (б. д. д. 1800-100 жж. ) салт-жоралары жүйесінің калыптасуы мен зәулім архитектуралық комплекстердің салынуы. Ол кезең тағы да иероглифтік жазудың және күнтізбелік белгілеу, уақыттық, сауда-саттық пен әлеуметтік, саяси қатынастардың қалыптасуы. Ол кезде бірнеше мемлекеттік қалалардың пайда болуы ( Эль‑Миродор және Каминалуп) .

Екінші кезең классикалық (б. д. д. 200-900 жж. ), бұл кезең, мәдениеттің өркениетке жеткен кезеңі. Жер шаруашылығы кәсібінің бюрократтық халге жетуі және әр түрлі ритуалдық орындардың бір-бірімен бәсекелестік халге жетуі.

Үшінші кезең постклассикалық, бүл кезең әрі қарай даму мен оның дағдарысы - испандық жаулап алу кезеңіне дейін.

Бізге керек кезеңі - классикалық. Бұл кезде Майя мәдеииеті дүние жүзілік мәдениетке өздерінің үлесін қосты дейміз.

Сол кездегі архитектуралық ғимараттар, Храм пирамидалары, биік стелалар (қабырғаның басына қойған тастар) немесе үлкен колонналар, әшекейлеп оюлармен жазылған жазулар мен суреттер және т. б. Осылай ашылған Майя мәдениетін сол кездегі алдыңғы қатардағы елдердің өркениетімен теңейді.

Діни ағымдардың жастардың санасына кері әсері

Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын адамдар қоғамымызда әлі де көптеп кезігеді. Заң аясында жұмыс істеу дәстүрлі діндерде қалыпты құбылыс, дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін бақылап отыруға тура келеді.

Соңғы кездері бұрын-соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі-түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды. Тіпті тыңдауға уақытың жоқтығын айтсаң да артыңнан қалмай діни брошюраларды ұсынып, өмір туралы өз қағидаларын судырата жөнеледі. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады.

Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты - халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады. Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі. Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазiргi дүние жүзiнiң этникалық мiнездемесi
Дүние жүзі халқының өсу динамикасы
«Этнология» пәнінен дәрістер
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Шетел Азиясының халықтары
Үшінші әлем мемлекеттерінің экономикалық жағдайлары
Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы
Африка континенті
Ұлы географиялық ашылулар және олардың Америка еліне ықпалдығы
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz