Дін. Діннің құрылымы мен элементтері


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Жоспар:

  1. Дін тарихының пәні, мәні, анықтамалары.
  2. Діннің құрылымы мен элементтері.

Дүниеге көзқарас адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл - күй мен мақсат - мүдденің, үміт пен ниеттің т. б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.

Дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез - құлқы мен іс - әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен.

Картинки по запросу мировоззрение

Дүниеге көзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік - тарихи типтеріне мифология мен дін жатады.

Мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы болды

Картинки по запросу мифологическое мировоззрение Мифология ( гректің mifos - аңыз, ертегі және logos - ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан ) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы.

Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне - әдебиетіне, музыкасына, сурет - мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Мифология қойып кеткен бұл дүниегекөзқарасты сұрақтарға жауап іздеудің барысында дін мен философияның жолы екіге айырылды.

Картинки по запросу религиозное мировоззрение Дін - дүниегекөзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниегекөзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір - бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды.

Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстарғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені және ондағы адамның орнын білім мен ақыл - ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой - пікір қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біндеп ығыстыра берді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой - пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда үлкен рөл атқарып келеді.

Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс.

Діннің басты белгісі - адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабыл-дай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.

Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 - 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр.

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дін туралы арнайы ғылымды - дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos - халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология - (көне грек тілінде teos - құдай, logos - ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio - мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.

Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және “діндарлық генінің” болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялықанықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.

Дін этностардың оқшаулану факторлардың бірі болып табылады және әтнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.

Діни сана күнделікті және консептуалды болып 2-ге бөлінеді: Күнделікті - діни түсінік, дағды, қағида дәстүр. Консептуалды - осының бәрі белгілі бір дін түсінігіне ие болады, теориялық негізінде жасалып ақиқаттылығы дәлелденеді.

Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады.

Енді осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларға келсек:

Картинки по запросу анимизм а) Анимизм - адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз «рухани әлемдердің» болатындығына деген сенім. Бұл тұжырымның мән-жайы Эдуард Тайлор еңбектерінде біршама қисынды түрде талданады. «Анима» латынша «рух» деген ұғымды білдіреді. Яғни, анимизм дегеніміз жанды-жансыз тіршілік атаулыда болатын рухқа табынушылық. Тайлордың теориясы бойынша, жан ұғымы - жын шайтандар, түрлі рухтар және рухани мәндер тобына ортақ есім. Алғашқы қауымдық кездегі адамдар үшін ұйқы мен өлімнің маңызы зор еді. Олардың түсінігі бойынша ұйқы - рухтың тәннен шығып серуендеуі және тәнге қайта оралуы болса, өлім - керісінше, серуендеуге шыққан рухтың тәнге оралмауы болып табылады. Өлген адамдардың рухтарының ішінде жақсылары да, жамандары да бар. Анимистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар жаман рухтардың жаманшылығынан сақтану үшін жақсы рухтардан жәрдем тілеу арқылы рухтарға табынған. Нәтижеде «анимизм» деген «дін» пайда болған деген тұжырым жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің негізгі элементтері
Білім беру әлеуметтануы пәнінің қарастырылатын мәселелердің ауқымы
Діннің құрылымы, қызметі және атқаратын рөлі
Дін және діни сана
Дiннiң элеметтерi мен құрылымы
Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
“ДІН СОЦИОЛОГИЯСЫ” пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz