Діннің шығуы және алғашқы түрлері. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері
СӨЖ
Жоспар:
1. Діннің шығуы және алғашқы түрлері.
2. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері.
Дін -- дүниегекөзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниегекөзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір - бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды.
Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстарғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені және ондағы адамның орнын білім мен ақыл - ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой - пікір қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біндеп ығыстыра берді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой - пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда үлкен рөл атқарып келеді.
Дін -- адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс.
Діннің басты белгісі -- адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабыл-дай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.
Діни тұрғыдан, дін -- бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 -- 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр.
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін туралы арнайы ғылымды - дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық - әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos - халық, logos - ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология - (көне грек тілінде teos - құдай, logos - ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio - мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.
Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және "діндарлық генінің" болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялықанықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақта оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді. Осыдан діннің психологиялық айқындамасы шығады.
Дін этностардың оқшаулану факторлардың бірі болып табылады және әтнос мәдениетінің қалыптасуында айтулы роль атқарады. Діннің осы қырын зерттеуден, оның этнологиялық анықтамалары шығады.
Діни сана күнделікті және консептуалды болып 2-ге бөлінеді: Күнделікті - діни түсінік, дағды, қағида дәстүр. Консептуалды - осының бәрі белгілі бір дін түсінігіне ие болады, теориялық негізінде жасалып ақиқаттылығы дәлелденеді.
Ұлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты ұлттық мемлекет діндері шығады. Олардың негізгі айырмашылығы, қасиеттері, қарапайым адамдардың күнделікті өмірдегі іе-әрекеттерін, әдет-ғұрыптарын көрсетеді.
Екінші бір ерекшелігі, көптеген нәрселерге тыйым салып және көптеген нәрселерін орындау керек екенін Құдай атынан ұсынады.
Үшінші бір ерекшелігі, осы бір ұсынып отырған ритуалдық әдет-ғұрыптары сол бір белгілі ұлттарға ғана тән және сол ұлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе басқа ұлттарға тарамайды.
Үнді халықтарыиың діңдері: брахманизм, индуизм, сикхизм.
Үнді халқының діні басқа ұлттарға қарағанда терең де әр алуан болып тараған. Үнді халқында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: қайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. Әрбір адамның тағдыры өз қолында деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар Веда деген салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды құрбан шалу түрлерінің киелі жинақтарында бар.
Ведалар дегеніміз -- діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы.
Ең маңыздысы Ригведа симхат, 1028 гимдерінен құрастырылған. Бұл жинақта құдайлардың іс-әрекеттері, қызметтері, өзара бір-бірімен қатынастары туралы айтылады. Ригведада әр түрлі мифтер, образдар, сюжеттер бар. Екінші жинақ Самаведа Бахрам - Самхит, 1549 түсіндіретін өлең, әр түрлі мифологиялық әңгімелер және әр түрлі гимндердің варианттарынан тұрады. Үшінші жинақ кітабы - Яджурведа Араньяка -- Орман кітабы, 2000-дей гимннен тұра - ды, брахманға тән ритуалдардың орнына, сол құдайларды іштей сыйлап құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас. Ең соңғысы, төртіншісі -- Атхарваведа, немесе Упанишадта деп те атайды. Упанишадта бойынша дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Брахман діні - бар әлемнің генетикалық, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бір ақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады. Брахман жрецтері әр түрлі дәлелдер арқасында Веданы өздерінің жағдайларына ыңғайлап, халық арасында үлкен авторитетке ие болады. Жрецтерге құрбандық жасау ритуалына ақы төленеді. Ақыны алтын мен бұқа, ат және киіммен төлеуге болады. Олардың мүліктеріне ешкім тиісе алмайды, солардың арасында - патша да.
Брахман жрецтерінің айтуы бойынша адамның ұзақ жасауы тікелей құрбандық жасау ритуалына байланысты, кім көп құрбандық ри - туал жасаса, сол ұзақ өмір сүреді дейді. Тіпті, адамның өзі туғанда толық туылмайды, ол келе-келе құрбандықтың саны мен сапасына байланысты болады. Жақсылық көп жасасаң, Брахманға немесе патшаға дейін жетесің. Ал, жамандық көп жасасаң, құл, жануар, құрт-құмырсқа болып өмір сүруің мүмкін. Сол себепте, барлық нәрсе адамның өзіне байланысты. Мұндай көзқарас адамды тәртіпке, жоғары ниетке шақырылғанымен, екінші жағынан адамды тағдыр алдында, езінің өмір сүріп жүрген жағдайына, құл позициясына көндіреді.
Индуизм Үндістандағы белді діндердің бірі болып есептелінетін индуизм, үнді халқының ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүрі мен ұлттық сеніміне негізделген дін. Үнділіктер өздерінің ұлттық діндерін Санатана Дхарма деп атайды, бірақ еуропалықтар индуизм деп атап кеткен.
Индуизм дінінің белгілі сенім жүйесі жоқ. Сондықтан бұл дінде құдай түсінігі түрлі пішімде суреттеледі, яғни әрбір адам немесе қоғам өз көзқарасына сай құдайға сипат бере алады. Осыған орай, үнділіктер қазіргі кездегі әлемдегі діндердің құдай түсініктерін теріске шығармай, құдайдың түрлі бейнеде, түсінікте көрінетінін қабылдайды. Сондықтан бүгінгі Үндістанда түрлі пішімдегі құдай мүсіндері көптеп кездеседі.
Индуизм монотеистік, политеистік, пантеистік, үштік құдай сенімін бірдей қабылдай беретін дін. Ригведада: құдай біреу, бірақ даналар оны түрлі есіммен атайды - дегеніндей, бұл дін монотеистік бір дін болып көрінгенімен, үштік құдай сенімі (Брахма - жаратушы құдай, Вишну - жақсылық құдайы, Шива - жамандық құдайы) де, пантеистік (әлем мен құдай бірлігі) құдай сенімі де кездеседі.
Бұл діннің сенімі бойынша құдай әрдайым адамдармен бірге болады. Сондықтан үнділер Вишну құдайдың адам кейіпінде жер бетіне келіп (аватара), әлемге әділдік орнататынына сенеді. Осы сенімге орай үнді аңыздарындағы Рама, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz