Алдын ала тергеу психологиясы


СӨЖ
Алдын ала тергеу психологиясы
Алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болатын, өзінің міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.
Бірақ, кейде ғалымдар, қызмет ретіндегі алдын ала тергеу мен алдын ала тергеу сатылары арасындағы айырмашылықты көре алмайды.
А. А. Гарницкий былай дейді: «Алдын ала тергеу - қылмыстық процестің сатысы, ол кезеңде тергеу және анықтама органдары, жұртшылықтың көмегіне сүйене отырып және заңда белгіленген тәртіпте, қылмыстың алдын алу жөніндегі қызметін жүзеге асырады, жасалған қылмыстарды ашу, кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстарын жүргізеді, қылмыстық оқиғаның немесе құрамның немесе істі сотқа жіберу үшін негіздің бар-жоғын анықтайды».
«Алдын ала тергеу дегеніміз - қылмыстық процестің сатыларының бірі, - деп жазады Н. Ц. Логин мен Ф. Н. Фаткуллин, - Сот ісін жүргізудің бұл сатысы тергеушінің немесе анықтама органының қозғалған істі қабылдап алуынан басталады және ол бойынша айыптау қорытындысын жасап, оны бекітумен немесе қылмыстық істі қысқартумен (есі дұрыс еместерге қатысты материалдар мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберумен) аяқталады». Бұл анықтау уақыт аралығына (сатыға) қатысты қолданылады, бірақ жалпы қылмыстық іс жүргізу қызметіне қатысты пайдаланылмайды.
Біздің жұмысымызда алдын ала тергеу, негізінен, қызмет ретінде қаралады. Дегенмен, кейде бұл қызметті сипаттағанда автор аттас сатының да, құқықтық институттың да белгілерін анықтауы мүмкін.
Алдын ала тергеу (қызмет ретіңде) екі нысанында жүзеге асырылады деп саналады, олар: анықтау және алдын ала тергеу.
Бұрын аталып өткендей, қылмыстық іс жүргізу қызметінің екі түрін: анықтау мен алдын ала тергеуді алдын ала тергеудің нысандары деп атау қабылданған.
Анықтау, алдын ала тергеудің кез келген нысаны сияқты, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін басталады. Алдын ала тергеу міндетті емес тергеуден оның айтарлықтай айырмашылығы бар. Анықтаудың түріне қарай ол қылмыстық істі тергеушіге жібергеннен кейін, не алдын ала тергеу сияқты - істі айыптау қорытындысымен сотқа жібергеннен кейін немесе қылмыстық іс қысқарғаннан кейін аяқталуы мүмкін. Заң алдын ала тергеу кезінде жүзеге асырылатын ол қызметтің екеуін де анықтау деп атайды.
Алдын ала тергеу дегеніміз - мазмұны алдын ала тергеу сатысын басынан аяғына дейін қамтитын қызмет. Алдын ала тергеу дәлелдеуге жататын барлық мән-жайларды сотқа дейін анықтауға бағытталады. Тек алдын ала тергеуде ғана қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларында адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың заңда көзделген кепілдіктері көбірек көзделген.
Анықтауға қарағанда қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді тергеушілер жүргізеді, оларда, жоғарыда атап өткеніміздей, іс жүргізу дербестігі болады. Тергеу бөлімшелері қазіргі кезде ішкі істер органдарында, қауіпсіздік қызметі органдарында және салық полициясы органдарында бар.
Алдын ала тергеу оны жүргізу заң бойынша міндетті емес қылмыстар бойынша да жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тергеуші, оны сот немесе прокурор қажет деп санағанда ғана, қылмыстық процеске кірісуге құқылы.
М. С. Строговтың пікірінше, «анықтау мен алдын ала тергеудің бір бірінен айырмашылығы сонда, алдын ала тергеу дегеніміз - тергеудің маңызды, елеулі қылмыстар туралы істерде қолданылатын жоғарғы және неғұрлым күрделі нысаны.
Анықтау - алдын ала тергеуге қатысты алғанда қосымша болып табылатын тергеу нысаны, онын мақсаты - қылмыстың іздерін бекіту және алдын ала тергеуде іс толық және жан-жақты тергелуі үшін алғашқы және шұғыл тергеу әрекеттерін жасау». Алдын ала тергеу ұғымына анықтама беруге байланысты бір тарихи жайға назар аударып көрейік. Бір кездері тергеушілер соттардың жанында болған, ол кейбір іс жүргізушілердің, мысалы.
А. Я. Вышинский сияқтылардың, алдын ала тергеуді тергеуші соттардың немесе сот тергеушілерінің, яғни соттың қызметі деп айтуына мүмкіндік берді. Ал қазіргі көптеген қымыстылар алдын ала тергеудің соттан тысқарылық сипатын мойындап отыр. Сот талқылауының бір бөлігі сот тергеуі деп те аталады. Ал бұл ұғым мен «алдын ала тергеу» ұғымын ажырата алу керек, олар қызметті жүзеге асыратын субъектілер бойынша ғана емес, қызметтің бұл түрлерінің қылмыстық процестегі амалына, мақсатына, орнына және рөліне қарай да ерекшеленеді.
Алдын ала тергеу, алдын ала тергеудің кез келген басқа нысаны сияқты, іс жүргізу әрекеттерінен және іс жүргізу шешімдерінен тұрады. Ол өзіне тергеу әрекеттерін жүргізуді. мәжбүрлеу шараларын қолдануды, адамды айыпталушы ретінде тартуды, қорғаушыны, заңды өкілдерді, азаматтық талапкерлерді және қылмыстық процестің басқа субъектілерін қылмыстық процеске қатысуға жіберуді, қатысушыларды іс материалдарымен таныстыруды және т. б. қамтиды.
Алдын ала тергеудің алғашқы мерзімі екі ай шамасында белгіленген. Бірақ оны заңда белгіленген тәртіпте прокурор ұзарта алады.
Сонымен, алдын ала тергеудің ең аз дегенде үш нысаны бар:
1) алдын ала тергеу;
2) аралас алдын ала тергеу, ол өзіне анықтауды (алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша) және содан кейінгі алдын ала тергеуді қамтиды;
3) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша «анықтау
Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз - алдын ала тергеу сатысының қорытынды бөлімі (кезеңі) . Ол істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу бойынша барлық тергеу (іс жүргізу) әрекеттері аяқталып, істің ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау қажет болғанда туындайды. Алдын ала тергеудің аяқталуы бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қамтиды, оларды іс жүргізу шешімдері тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет.
Алдын ала тергеу саты ретінде тіптен отызыншы жылдары бөліктерге (кезеңдерге) бөлінді. Мысалы, В. И. Громов тергеу барлық материал аяқталған тергеу бойынша жинақталып қорытылғаңда, Н. В. Крыленко - алдын ала тергеудің қорытынды кезеңімен аяқталады деп санаған. С. П. Бекешко бұл кезеңнің мазмұнына дәлелдемелерді жинауды тоқтату туралы шешім қабылдау жөніндегі, іс бойынша іс жүргізуді жүйелеу және рәсімдеу, тергеудің аяқталғаны туралы процеске қатысушыларға хабар беру, қылмыстық істің ары қарайгы тағдырын анықтайтын шешім қабылдау жөніндегі және т. б. заңда көзделген іс жүргізу әрекеттерін жатқызады. Б. А. Викторов және басқа бірқатар авторлар алдын ала тергеудің өздері бөліп алған алты кезеңінің төртіншісін алдын ала тергеудің аяқталуы деп атады. Бесіншісін олар алдын ала тергеу аяқталатын қорытынды құжатты (айыптау қорытындысы, т. б. ) жасау және алтыншысын - прокурордың қылмыстық істі оны ары қарай жіберу мәселесін шешу үшін қарауы деп санады.
Алдын ала тергеудің міндеттілігі.
1. Алдын ала тергеуді кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене немесе ақыл-ойы кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстар туралы барлық қылмыстық істер бойынша жүргізу міндетті.
2. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішкі істер және қаржы полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді.
3. Қылмыстық істерді тергелуі бойынша бір органнан екінші органға беру осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы өкілеттілігі қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықты қадағалауды жүзеге асыра отырып прокурор:
*Оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай-ақ қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы;
*Қылмыстық іс қозғайды немесе оны қозғаудан бас тартады, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы, сондай-ақ жедел іздестіру қызметінің материалдарын қылмыстық іске қосу туралы жазбаша нұсқаулар береді.
Алдын ала тергудің этикасы: қылмыстық іс жүргізудің процесінің ерекше өзіне тән іс-әрекетімен тергеуге қойылатын талап-тілектері. Тергеушілер қылмыстық істі ашу үшін күдікті адамдарды тергеуге оларды бас бостандығынан айыруға құқығы бар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz