Жасөспірімдердің және әйелдердің қылмыстық әрекеті



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекет
2. Әйелдердің қылмыстық әрекеті

Жасөспірім кезеңі - балалық шақтан ересектікке өткір өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды.
Л. Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі - бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады.
Өтпелі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері мінез-құлық модельдерін анықтайды. Кіші жасөспірімдік кезеңде балаларға тән мінез-құлықтың жағдайлық бұзылуы кездеседі. Ол психикалық инфантилизм құбылысы және мидың резидуалды-органикалық бұзылуы тән жасөспірімдерге де қатысты. Мінез-құлықтың арнайы және жасөспірімдік формалары бөлінеді.

Балаларға тән мінез-құлық формаларына гиперкомпенсация, компенсация, имитация, протест, қайтару реакциялары жатады. жасөспірімдік мінез-құлық формалары: қызығу, топтасу, эмансипация реакциялары, сонымен қатар суицидті мінез-құлық, транзиторлы сексуалды девиация, қаңғыбастық. Реакцияны мінез-құлықтың тепе-тең типі деп атау бізге ыңғайсыз, сондықтан реакция терминін қолданамыз.
Жасөспірімдердің қылмысы деген термин, жасөспірімдердің заңды бұзуына қатысты іс-әрекеттер жасауы дегенді білдіреді. Бұл терминді, ересек адамдар жасаған қылмыстан бөліп алып қарастыру, олармен салыстыру үшін енгізген. Қылмыс жасаған жасөспірімдерді, арнайы сотта, арнайы судья соттап, әрқашан жеңілірек үкім шығаруға тырысады.
М. И. Еникеев сипаттамасы бойынша жасөпірімге заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады. Олар, сабақтан қашу, бармаудан бастап - адам өліміне дейінгі қылмыстар.
Бұл жасында жасөспірімдердің бойында кездестін келесідей мінездер тән:
1. Қарсыластық реакциясы.
Жасөспірімнің іс-әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек қоюына қарсылықты білдіреді. Бұл іс-әрекеттер - - үйден қашумен, шулы серуендермен сипатталады.
2. Имитация реакциясы.
Нақты образға, жеке дамға еліктеу. Кейде бұл белгілі "кейіпкер" болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге "қылмыскер-суперменнің "үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
3. Компенсация реакциясы.
Бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы,мектепте сәтсіздік болса, "батыл" іс-әректтермен орын толтыру)
4. Гиперкомпенсация реакциясы.
Жасөспірімге қиын түсетін салада табандылықпен талпынып, жетістіктерге жетуге тырысу. Көбінде өз-өзіне сенімсіз, ұялшақ жасөспірім, ерекше спорт түрлерін таңдайды (Мысалы, бокс, карате, т. б. ).
5. Топтасу реакциясы.
Бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасауы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылықтармен, ортақ бағыттылықтармен ерекшеленеді.
Жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуы зерттеушілердің көңілін алаңдатып отыр. Бұл қылмыстың таралуының себептерін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмысын жүргізуге итермеледі.
Негізгі себептерін үлкен үш топқа бөлуге болады:
Социологиялық фактор: Қоғам және мәдениет құрылымдарына байланысты;
Психологиялық фактор бойынша: Белгілі адамның мінезінің ерекшелігімен қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты;
Биологиялық фактор: Физикалық және органикалык элементтерінің әсерінен;
Социологиялық фактор: Қылмысқа әсер ететін, социологиялық факторлардың ішінде, зерттеу нәтижесінде, келесі себептер көп кездескен:
* Төменгі экономикалық - қоғамдық статус;
* Мәдениеттегі зорлық және бұқаралық ақпарат құралдары;
* Алкоголь және наркотикалық заттар;
* Құрдастарының әсері;
* Отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдай.
Төменгі экономикалық-қоғамдық деңгей және кедейшілік әсер етеді. Көбінде қылмысқа, жұмыс және білім алатын жағдайлары жоқ, өз өміріндегі жағдайларға көңілі толмайтындар барады. Сонымен қатар қылмысты жоғарғы өкілдердің (бизнесмен, бай адамдардың) балалары жасайды. Себебі, олар материалды жағдайдан қиыншылық көрмейді. Тек орташа тұратындардың жасөспірім балалары қылмысқа сирек барады. Бай өкілдердің балаларын көбінде айып төлеп босатса, кедей балалардың ата-аналары айып төлеп, шығара алмағандықтан, олады тұтқынға алып жазалайды.
Байлық, мәдени құндылықтар, өмір стилі: Қазіргі жасөспірімдердің көбінде автокөлігі, қалталы ақшасы болады. Яғни, осы ақшаға жасөспірім шылым,алкоголь,наркотикалық заттар сатып алуына мүмкіндігі бар. Олардың өмірі біршама белсенді өтеді - кездесулер; ойын-сауық, би кештері; рок-концерттер; достарымен көкке, табиғатқа барады. Бірақ, бұлардың көбі кешке, түнде болып тұрады. Бұл кезде көшеде көп адам кездеспегендіктен, оларды бақылаушылар аз болғандықтан, жеткіншектер бұзақылық жасап, кейде ойын-сауық үшін қылмыс жасауға шейін барады.
Жасөспірімнің жан дүниесі нәзік,сезімтал болып келеді. Үлкендердің айтқан сөздерін, іс-әрекеттерін, бұқаралық ақпарат құралдарынан (теледидар, газет, журналдардан т.б.) көргенінің барлығын тез қабылдап, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен телехабарларда үнемі беріліп отыратын қылмыс хроникасындағы жағымсыз мәлеметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездікпен жүгенсіздік ұрығын себуде. Ақпарат құралдары қатігез қылмыскердің іс-әрекетінің егжей - тегжейін жазып, жасөспірімдерге сабақ болар десе, кейбір жасөспірімдер, осы қылмысты жасаған қылмыскер қандай сезімде болды екен деп, сол қылмысты қайталайтыны кездесіп жатады.
Қылмысты ішімдік және наркотикалық заттар әсерінен жасайтындар көптеп кездестіндіктен, арнайы зерттеу жұмысын жүргізген. Олардың біреуінің нәтижесі бойынша, егер жасөспірім бұрын тұтқынға алынса, наркоман адамдармен қарым-қатнаста болса, қылмысты ішімдік, есірткі ықпалын жасайды. Яғни, есірткі қабылдау мен қылмыстық іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Құрбы-құрдастарының әсері. Жасөспірімдерді заң бұзуға, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі. Заң бұзу мен есірткі қабылдау кезінде, жасөспірімнің антиқоғамдық тәрбиесімен құрдастарының арасында тығыз байланыс байқалады. Социализациялану үрдісі кезінде жеткіншектер арасында қылмыстық іс-әректке даярлану басталады. Жеткіншектерге құрбы - құрдастарының айтқан ойы, әсері үлкен, себебі бұл кезде олар бір-біріне еліктегіш болып келеді.

Әсер етуші келесі фактор - тұрғылықты специфика әсері. Арнайы территорияларда, белгілі бір аудандарда, қылмыскерлердің деңгейі ерекше жоғары болады. Бірақ сол жерде өскен жасөспірімдердің барлығы қылмыскер болмаса да, бұл жердегі жас балалардың заңды бұзу, қылмыс жасау пайызы басқа аудандарға қарағанда бірнеше есе жоғары болады.
Жасөспірімдер қазіргі кезеңде тез өзгермелі мәдениетте, хаос және тұрақсыз, құбылмалы ортада өмір сүреді. Мұның өзі қылмыстың жоғарылауына әсер етеді. Бұрынғы баға жетпес құндылықтар күмәндану, сенімсіздік сезімдерін тудыра бастады. Мысалы, отбасы ертеректе, сенімді, қауіпсіз ошақ болса, қазіргі кезде, жанұядағы келіспеушілік, түсініспеушілік әсерінен үлкен мәселелерге (өз-өзіне қол жұмсау, қылмысқа бару, т.б.), итермелуші себептерінің біріне айналып отыр. Көптеген экономикалық - саяси мәселелердің пайда болуы, сенімсіздіктің тууына, көптеген наразылықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылады. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен жүз отыз жеті жасөспірімді зерттей келе, мектепті тастаудың он төрт себебін көрсеткен. Бұларға, мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы, оқуға деген ынтаның болмауы, сынаптастарының кері әсері және ата-анасымен қарым-қатынасының нашарлығы, түсініспеушіліктің болуы, мектептегі жетістіктерінің төмендігі, нашар бағалар, сыныптағы тәртібінің жамандығы,мектеп программасын алып жүре алмауы, мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы - бұның барлығы осындай оқушылардың қылмысқа, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жасөспірімдерді "тыныштық бұзушылар" болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жасөспірімнің жаман тәрбиесін әрі қарай шиеленістере түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді.
Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне - жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен. Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес қарым-қатынаста болуы жасөспірімді қылмыс жолына итермелейді.

Қылмыстың психологиялық факторы:
Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі - ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді. Бірақ, әкесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстылықтың алдын алу шаралары
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА ТҮРЛЕРІ
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасында түсіктің алдын алу мәселелері
Қылмыскер тұлғасының негізгі типтерінің криминологиялық сипаттамасы
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Кәмелетке толмағандар саудасына қарсы қылмыстық құқықтық күрес
Криминология пәнінің түсінігі
Есірткі заттарынды қолдану туралы жасөспірімдердің қызығушылығы
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Пәндер