Құқықтық сананың қалыптасуы. Криминалдық психология


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Жоспар:

  1. Құқықтық сананың қалыптасуы.
  2. Криминалдық психология.

Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп тұрады. Әрбір адамның ішкі дүниесін құрайтын білімдердің, қатынастардың, уайымдардың көпшілігін адам саналы түрде түсіне бермейді.

Картинки по запросу право и разум

Сана - адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады. Психологиялық ғылым тарихында сана ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады, бұны материалдық және идеалды түрде әлі де шешілмеген. Ғалымдар қандай философиялық бағыт қолдағанына қарамастан, оны рефлекстік әрекетпен байланыстырады. Яғни басқа психологиялық әрекет және өзін-өзі тануға дайындық. Мұндай қабілеті бар адам ғылым психологиясының дамуы және бар болуы мен байланысты, онсыз берілген класс феномені жабық болар еді. Рефлекссіз адам өзінде психикасы бар екенін елестете алмас еді. Адамның сонымен қатар бірінші психологиялық мінездемесі өзін субьект ретінде тану, ойша елестету қабілеті, өзінің психологиялық және жағдайларын реттеу. Оларды басқару, айнала қоршаған шындықты бейне ретінде қабылдау және көру қабілеті. Өзін субьект ретінде сезінетін адам өзін әлемде тануға дайын жеке ерекшеленген тұлға ретінде сезінеді. Шындықты ойша елестету және қиялдау - сананың екінші басты психологиялық мінездемесі . Ол сана сияқты біртіндеп тығыз бейне ретінде ерікпен байланысты. Саналы басқарылған елес және қиял түрлері. Олар адам еркімен туған және өзгермеген жағдайда айтылады. Мұнда шындығында бір қиындық бар. Елестету және қиял үнемі саналы ерік реттеуімен болмайды. Осыған байланысты сұрақ туады.

Құқықтық сана адамның жеке басының қалыптасуында ерекше орын алады және үш компоненттен тұрады:

  • интеллектуалдық (танымдық)
  • Бағалау (эмоционалдық)
  • Тәртіп мөлшері (еріктік эмоцианалдық)

Адамның құқықтық сана- сезімінің қалыптасуына көптеген факторлар әсетеді: әсіресе балалық және мектептегі шақтары.

Баланың адамгершілік - құқықтық сезімдерінің қалыптасуында әке-шешесі ерекше орын алады. Сондай-ақ, микроортасы, мектеп жасына келгенде мектептегі оқу-тәрбие жұмысы, ережелер мен тәртіпті орындау маңызды.

Құқықтық сананың қалытасуында ақаулардың пайда болуы көптеген фактроларға байланысты, әсіресе жеке басының қалыптасуында болған әр түрлі тежеулер. Жеткіншектік кезеңдегі балалардың өзіндік санасының қалыптасуы - өзіне-өзін дәлелдеу, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік сапаларын бағалауы жүзеге асады. Өзін идеалмен байланыстыруы, өзін-өзі тәрбиелеу бағалауы жүзеге асады.

Жеткіншектер арасында құқық бұзушылар мен қылмыстық әрекеттер санының көбеюі көптеген себептерге байланысты. Психологтардың зерттеу мәліметтері бойынша қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға себепші девианттылық пен аддиктивті мінез-құлықтар.

Картинки по запросу правонарушение подростков

Ғалымдардың зерттеулері негізінде жеткіншектердің психологиялық мінез бітістерінің қалыптасуына объективті және субъективті факторлар ретінде көптеген себептер ықпал ететіндігі анықталды. Біріншіден, білім мен мәдени өрісі төмен ата-аналар баласының жан дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап етеді.

Жеткіншектердің жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуден, балалар жанұя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен сезім талғамдары, логикалық ой-өрісі талабына сай жетіле алмайды. Екіншіден, үнемі ұрыс-жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын жанұяда өскен жеткіншектердің - дөрекілік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық жағымсыз мінезді «қиын» бала атануы.

Жеткіншектердің жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Жеткіншектердің «қиын» мінездері пайда болуының физиологиялық, психосоматикалық негіздері бар.

Адамның тұлғалық дербес ерекшеліктері қалыптасуы барысында, әсіресе, жеткіншектік кезеңдегі психофизиологиялық дамудағы өзгерістердің алатын орны ерекше. Жеткіншектер үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді рөл атқарады. Сондықтан жеткіншектердің агрессивті мінез-құлық себептері құрбылармен тұлғааралық қатынастарынан, сонымен қатар ел үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік талаптар мен шарттардың ықпалынан қалыптасатындығы зерттелген.

Жеткіншектік кезеңдегі мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялық жағымсыз жағдайлардың негізгі себептері психикалық әртүрлі зақымдануларға, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктерге және дау-дамайларға да байланысты болады. Жеткіншектік кезеңдегі жаңа бағыттағы қалыптасулар мен қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты жеткіншектердегі өзіндік сананың өсуі, ата-анасымен, үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы күрделенеді. Жеткіншектік даму біршама тұрақты өзіндік саналы бағалауға және анықталған талаптардың деңгейіне әкеледі.

Дегенмен жеткіншектік кезеңдегі іс-әрекеттеріне қатысты сипаты реттелмейді. «Қиын» жеткіншектерде жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады. Жеткіншек-бұл адамдардың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану барысындағы психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасау кезеңі.

Криминалдық психология - қылмыскердің жеке басының психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстық топтың қылмыскерлік мотивациясын, қылмыстық әрекеттің алдын-алу мен болдырмаудың жолдарын зерттейді. Кез келген адамның әрекеттерін түсіну үшін сол адамның психологиясын, әлеуметтік психикалық құбылыстар мен психикалық механизмін білу өте қажет.

Қылмыстық психология- қылмыстық мінез-құлықтың таралуына психологиялық факторлар ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.

Картинки по запросу криминальная психология

Заң бұзушы адамның анатомо-физиологиялық жүйесінің бұзылулары анықталған. Сондықтан да жазалаудан кейін өз тәрбиелерін өзгерте алмайды. Н. Ф. Кудряцева, В. Е. Эминова еңбектерінде бұл себеп, біз білетіндей әрбір адамда өзіне тән темпераменті болады. Сондықтан да бұл кейбір жағдайда тұқым қуалаушылық фактордың әсерінен және де бала туа сала жаман тәрбиеге жақын болуы мүмкін. Егер бұны ата-анасы қалай жеңуді білмесе, жөндемесе, жасөспірімдік кезеңде әртүрлі психикалық бұзылыстарға ұшырауы мүмкін.

Қылмыскер- ол қылмыс жасаған адам болып табылады. Статистика болса, тек ұстап алғандарды немесе сотталғандарды ғана қылмыскер есептейді. Ал бұл екеуі бірдей нәрсе емес. Қазіргі кезде қылмыстық әрекеттің шығу себептері жан-жақты зерттелуде. Әсіресе, тұқым қуалайтын факторлардың қылмысқа әсерін зерттеуде қылмыскердің интеллектісі мен әлеуметтік-экономикалық статусы бірдей есепке алынады.

Тұқым қуалайтын факторлардың қылмысқа әсерін зерттеудің мысалы ретінде артық Y-хромосомасы (XYY) мен Клайнфельтер синдромын (XXY) айтуға болады. Қылмыскерлердің арасында осындай мутациялары бар адамдар жалпы популяцияға қарағанда 7-10 рет қалыпты жағдайдан жиі кездеседі. Мұндай мутациялары бар адамдардың ақыл-ойларының дамулары артта, интеллект коэфициенті төмен, әлеуметтік бейімделулері нашар, эмоциялары мен агрессивті әрекет-қылықтарын қадағалай алмайды, яғни өз-өздерін ұстай алмаушылықтары жарқын көрініс береді. Артық хромосома мен Клайнфельтер синдромымен ауыратын адамдардың қылмыс жасауларының себептері агрессиямен байланысты емес.

Осы көрсеткіштер бойынша Клайнфельтер синдромы мен қалыпты қадағалаудың арасындағы қылмыстың көрініс беруі айырмашылығы жоғалады. Артық Y-хромосомасында (XYY) айырмашылық қалады. Ол жеке тұлғаның дамуындағы қосымша бұзылыстармен байланысты, солардың нәтижесінде адамның қоғамға бейімделуіне кедергі туындайды. Көп жағдайларда оларда эмоционалды стимулдандыру кезіндегі импульсивтілік, эмоцияны қадағалай және ұстай алмау, реакцияның басым болуымен жүреді. Жоғары агрессивтілік қоғамда қалыпты бейімделуге кедергі жасайтынын ескерген жөн.

Адамдардың қылмысқа баруының тағы бір себебі ретінде гипогликемияны айтуға болады. Гипогликемия деп, қанның құрамындағы глюкоза деңгейінің төмен болуын, тамақтанғаннан кейін 4-6 сағаттан соң глюкозаның көлемі 10мг% -тан төмен болса, жоғары тітіркенушілік пен антиәлеуметтік әрекет-қылық көрініс беретіні анық болды. Гипогликемия Кволля тайпасының индейецтарында жиі кездеседі, сондықтан олар қатал, тітіркенгіш, тұйық, суық адамдар болып келеді.

Картинки по запросу гипокалиемия

Ер адамдардың қылмысының негізі ретінде геннің нүктелік мутациясы А (МАОА- генді кодтайтын моноаминооксидаз ферменті) да есте болуы керек. Көптеген психодиагностикалық әдістер арқылы қылмыскердің психикалық ерекшеліктері мен қасиеттері психология ғылымында кеңінен анықталып жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттерді жасаған адамдар арасында қылмыстық дамуында кемсітігі, ауытқуы, тежелуі немесе «аномалды жағдайларда» кездеседі.

Жасөспірімдердің қылмыстық топтарына кіруіне итермелейтін себептерінің бірі-жанұядағы түсініспеушілік мәселесі. Егер жасөспірімдер өздерінің эмоционалды және жанұядағы социалды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол қылмыстық топтардың құрамына еніп, өзін сол жерден табуға тырысады. Қылмыстық топқа енген соң, жасөспірім жалғыз өзі жүрсе ешқашан қолы бармайтын қылмыстарды жасайды. Бұл топтар барлық қоғамға қорқыныш, қауіп тудырып отыр.

Картинки по запросу правонарушение подростков В. Г. Степанов, В. А. Крутецкий мінез-құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, қылмыскерлерді екі қатарға бөледі. Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез-құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар-тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киімдегі тазалық және жинақтылық сияқты және т. б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез-құлықты осыған қарама-қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т. б. байқалады. Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез-құлқында қиындығы барларды жатқызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық мінез құлықтың қалыптасуының биологиялық себептері
Қылмыстық мінез-құлық
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
Жасөспірімдер бойында құқықтық сананың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу
Құқыққа сай жүріс тұрыс ұғымы және мінез құлық түрлері
Құқықтық мемлекеттің қалыптастырудағы құқықтық сананың жетілдіру мәселелері
Жас даму психологиясы жас өспірімдік кезеңінің қалыптасуы
Криминалдық психологияның пәні мен міндеттері
Заң психологиясының пәні мақсаты мен міндеттері, салалары. Заң психологиясының даму тарихы
Қылмыскердің тұлғасының ұғымы және қылмыстық мінез – құлықтың ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz