Заң психологиясының пәні мақсаты мен міндеттері, салалары. Заң психологиясының даму тарихы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Жоспар:

  1. Заң психологиясының пәні мақсаты мен міндеттері, салалары.
  2. Заң психологиясының даму тарихы

Заң психологиясы - психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолдануын зерттейді.

Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы пән, болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық реттеу қоғамдық және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен тікелей байланысты. Құқықтық білім мен сана адам мінез-құлығының психологиясымен де тығыз байланысты.

Картинки по запросу юридическая психология

Заң психологиясы қылмыскердің қылмыстық әрекетінің мотивациясына жүйелі талдау жасауға, құқық қорғау және заң қызметкерлерінің кәсіби әрекетін ұйымдастыруда құрылымдық мүмкіндікті береді.

Заң психологиясы - психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолдануын зерттейді.

Заң психологиясы күрделі де көп жақтылы пән, болашақ мамандарды құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың мінез-құлығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық реттеу қоғамдық және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен тікелей байланысты. Құқықтық білім мен сана адам мінез-құлығының психологиясымен де тығыз байланысты.

Заң психологиясы - бұл жеке адамның және оның іс-әрекетінің құқықтық реттеу жағдайларындағы түрліше аспектілерін зерттейтін ғылым. Заң деонтологиясы немесе заң психологиясы - ғылым саласы ретінде жалпы және арнаулыміндеттерді қарастырады. Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерінің ғылыми негіздерін жинақтау, құқықтық категориялар негізінде психикалық ерекшеліктерді ашу жатады.

Заң психологиясының міндеттері мынандай:

  • психологиялық және заң білімдерін ғылыми тұрғыдан жинақтау, біріктіру;
  • негізгі құқықтық категориялардың психологиялық заңгерлік мәнін ашу;
  • заңгерлердің өз іс-әрекетінің негізгі объектісі- адамның мінез құлығын терең түсінуін қамтамасыз ету.
  • түрлі құқықтық қатынас субъектілерінің психикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерін және құқық қолдану мен құқық қорғаудың әртүрлі жағдайларындағы психикалық қалыптарын ашу.
  • қоғам өмірін құқықтық реттеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстарды, нұсқауларды жасау.

Арнаулы міндеттеріне: құқықтық әрекеттерді қолдануды жүзеге асырудың тиімді ұсыныстары жатады:

- психикалық шаралардың құқықтық нормалардағы тиімділігін зерттеу.

- қылмыскердің жеке басының психологиялық зерттеу, қылмыстық тәртібінің мотивін ашу.

- қылмыстың аалдын-алудың әлеуметтік пссихикалық негізін жасау.

-құқық қорғаудың әртүрлі салаларындағы психологиялық заңдылықтарды зерттеу.

- түзету мекемелеріндегі жазаланғандарды қайта тәрбиелеу мақсаты негізінде психологиялық заңдылықтарды зерттеу

- құқық қорғау органдарында кәсіптік деңгейді, кәсіптік бағдарды, кәсіптік білім мен біліктілікті жетілдіруге ұсыныстар жасау.

Құқықтық реттеу жүйесінің қызметкерлері күнделікті мінез-құлықтар көріністерімен жүздесе отырып, адам психологиясы туралы жалпы танымдық түсінік алады. Бірақ та жүйесіз жалпы танымдық психологиялық түсініктер жеке адамның құқықтық санасының кемістіктерін білікті талдауға және құқықтық маңызды мінез-құлықтың психологиялық механизмдерін білуге жеткіліксіз. Азаматтық-құқықтық реттеу барысында келісімді қатынастар үшін психоллгия саласынан білімдер қажет.

Психологиялық білім заңгер үшін негізгі қылмыстық-құқықтық категориялардың мәнін терең ұғыну үшін де (мысалы: кінә, мақсат, ниет-түрткі, қылмыскердің жеке басы және т. б), жекеленген мынандай заңгерлік сұрақтарды шешуге байланысты да (сот-психологиялық сараптамасын тағайындау, қылмыстың құрамын анықтау, күшті жан күйзелісін анықтау арқылы кіәлінің жауапкершілігін жеңілденуге байланысты жекеленген баптарды жүзеге асыру үшін де) қажет.

Заң психологиясы психология және юриспруденция ғылымдары негіздерін қамтиды. Құқықтық және заң әрекеті барысындағы қарым-қатынастағы адамдардың психикасында өзіндік ерекшеліктері болады.

Картинки по запросу юридическая психология Психологиямен және құқықтанумен шектесіп жатқан заң психологиясы жалпы және әлеуметтік психологияның әдістері мен методологиялық қағидаларына сүйене отырып жұмыс істейді. Заң психологиясының құрылымы оны зерттейтін мәселелерінің ауқымы құқықтық реттеу логикасымен анықталады. Заң психологиясының тәжірибелік нұсқаулары материалды және іс жүргізу құқықтарының ережелеріне сәйкес келеді.

Заң психологиясының өзіндік категориялар жүйесі бар. Бірнеше бөлімдерін ажырата аламыз:

  • методологиялық бөлім - заң психологиясы мен даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді.
  • құқықтық психология - заң психологиясының бір бөлімі- құқық негіздерін жүзеге асыруды; жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді.
  • криминалдық психология (қылмыстық) қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін; қылмыстық тәртіптің мотивін; басқа қылымстардың мотивін зерттейді.
  • ізденістік -оперативтік психология - заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зерттеу әшкерелудің психологиялық аспектілерін зерттейді.
  • соттық талдау мен соттық экспертиза мәселелеріндегі Сот психологиясы психологиялық аспектілерін зерттейді.
  • әрекетті түзету психологиясы- заң психологиясының бөлімі. Қылмыстық жазалаудың психикалық тиімді жолдарын; қылмысты жазалауды өтеу мәселелері; айыпталғандардың психикасы мен жазаны өтеу орындарындағы психикалық негіздерді зерттейді.

Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясында адамның құқықтық реттеу логикасына сай келетін меншікті категориялар бар. Ол бес бөлімнене тұрады, әрбір бөлімнің қарастыратын өзіндік ішкі құрылымдары бар.

1. Құқықтық психология: - құқықты мінез-құлықтың әлеуметік реттеуші, тиімді заң шығарудың психологиялық аспектілерінің факторы ретінде, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуі, құқықтық маңызы бар құбылыстарды псиологиялық бейнелеуінің ерекшеліктері. Құқықтақ қолдану және құқықтық санасының психологиясын, құқықтық орындаушылық мінез-құлықтың психологиясын қарастырады

2. Қылмыстық психология: - қылымыстық мінезқұлықтың таралуына психологиялық факторлардың ролінің мәселесін, жеке бастың қылмыстануындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролін, қылмыскердің жеке басы туралы түсінікті қылмыскерлердың психологиялық түрлері; қылмыстық әрекетті жасаудың психологиясы, берекесіз, бейімделмеген, рецедивті және жасөспірімідер психологиясының; топтық және ұйымдасқан психологиясын, кінәлілермен жауаптылардың психологиясын қарастырады.

3. Қылмыстық сот ісін жүргізудің психологиясы :

А) алдын ала тергеу психологиясытергеу әрекетінің психологиясы, тергеушінің және қылмыстық іске қатысушылардың жеке басының психологиясы, тергеушінің танымдық ізденушілік іс-әрекетінің психологиясы, тергеушінің хабар тапшылығы жағдайындағы іс-әрекетінің психологиясы, тергеу-іздеу әрекетіндегі харарлық модельдеу, тергеушінің коммуникативті іс-әрекетінің психологиясы, қылмысты ашу жүйесіндегі тергеу әрекеттерінің психологиясы, қылмыстық іс жүзіндегі сот психологиялық сараптама.

Б) сот қызметінің психологиясы -сот қызметі ерекшеліктерінің психологиясы- соттық істі қарауды даярлау мен жоспарлаудың психологиясы, соттық тергеу оған қатысушылардың психологиялық ерекшеліктері, соттық істі тергеудегі жауап алудың психологиясы, соттағы пікір таластардың психологиясы, прокурорлық қызметтің психологиясы, қылмыстық әрекет-істерді соттаудағы прокурордың сөзі, сотталушының психологиясы, сот шешімдердің қабылдаудың психологиясы

4. Түзетуші (пенитенциарлық) психологиясы

- түзетуші психологияның міндеттері, қылмыскерлерді жазалау мен түзетудің психологиялық мәселелері, -бас бостандығынан айырылған сотталушының психологиясы, -еңбекпен түзету мекемелері жағдайындағы өмір әрекетінің психологиясы, -қайта әлеуметтендіруші іс-әрекетінің психологиясы, -қамаудан босаған адамның әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу

5. Азаматтық құқықты реттеудің психологиясы - азаматтық құқықтық қатынастардың психологиясы, - азаматтық процесске қатысушы жақтардың қалпы мен қатынас белсенділігі, - азаматтық істерді сотта қорғауға даярлаудың психологиялық аспектілері, - азаматтыө істерді сотта қарауды ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері, - азаматтық соттағы соn cөзі, - азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық іс-әрекеттің психологиясы, адвокаттың соттағы сөзі, - азаматтық істегі прокурордың іс - әрекетінің психологиясы, азаматтық соттағы прокурордық сөзі, - азаматтық соттың танымдың және куәләндіруші іс-әрекеті, - азаматтық іс жүргізудегі сот-психологиялық сараптама, - сот шешімдерін шығарудың психологиясы.

Заң психологиясының дамуы құқықтық психологияның, көзқарастың даму тарихымен байланысты жүзеге асады. Құқықтың, заңның пайда болуымен бірге адамдардың заңға, құқыққа, заңдылыққа деген көзқарастарының, ойларының, қатынастарының дамуы негізінде әділеттілік пен құқықтылық туралы жалпы адамзаттық түсініктер қалыптасты. Құқықтың мәні мен құқықтық санасы теориялық пайымдаулардың негізін ежелгі грек философтары салған. Сол кездің өзінде заңның тиімділігі адамдардың мінез-құлығының табиғи заңдарымен байланыстырылды.

Картинки по запросу история юридическая психология

ХVIII ғ. алдыңғы қатарлы ойшылдар адамзат қоғамын сауықтыру үшін, олардың өмір әрекетіне еркіндік беру қажеттігін түсіне бастады. Кант, Руссо, Вольтер, Дидро, Монтескье және т. б. либерализм мен құқықтық мемлекет туралы концепцияны қалыптастырды. Аталған философтар құқық тек тыйым салудан ғана емес, рұқсатты танудан да тұруы керек дейді. Осы сәттен бастап, жаңа құқықтық дүниетанымының қалыптасуы басталады. Құқық қоғам сезінетін әлеуметтік әділдіктің өлшемі, жеке адамның әлеуметтік еркіндігінің шамасы ретінде айтыла бастады.

1789 жылғы Ұла француз революциясының жеңісінен кейін адам мен азаматтың құқықтарының Декларациясы қабылданды. Оның бірінші бабында адамдар азат болып туады және солай болып қалады, тең құқылы деп жазылған. Бұл Декларацияға азаттыққа мынадай анықтама берілген: «Азаттық өзгеге зиянын тигізбейтін кез-келген өмір әрекеті белсенделегінің мүмкіндігі. Азаттықтың шектері заңмен белгіленеді. Заң тыйым салмағанның бәрін жасауға болады». Осы жаңа құқықтық идеология адамзаттың белсенділігінің, іскерлігінің негізін бұғаудан босатты. Көпшіліктің құқықтық сауаттылығы кеңейе түсті.

Картинки по запросу декларация права человека франция 1791 жылы жаңа қылмыстық кодекс қабылданып, ол осы заманға сай қылмыстық-құқықтық көзқарастың негізгі қағидаларына жол берді. Яғни заңда көрсетілген жағдайлар ғана қылмыстық болып табылады, жазалау қажет және ол қылмысқа сай болу қажет. Кінәлаушы соттау нысаны сөз, пікір таластырушы нысанға ауыстырылды, кінәсіздік презумпциясы енгізілді, құқықтық қатынасқа қатысушы заңдық тепе-теңдік бекіту, присажныйлар сотының енгізілуі және т. б. жүзеге асырылды. Кінәсі дәлелденбеген жағдайларда ақтап үкім шығару міндетті болды. Кінәсізді қорғауға алуға құқылы болды, кінәні дәлелдеу айыптаушыға жүктелді. Өзгерістер адамдардың экономикалық іс-әрекет саласына байланысты құқықтық байланыстар да жүрді. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғам еркін экономикалық дамудың негізінде ғана пайда бола алады.

XVIII- ХІХ ғ. жаңа құқықтық көзқарастың негізінде психологиялық заң білімдерінің арнайы салалары криминология және сот психологиясы пайда болды. Криминалдық психологияның негізінде қылмыстық мінез-құлық психологиясы мен қылмыскердің жеке басының психологиясы туралы деректер жинала бастады.

ХІХ ғ. соңында криминалистика мен эксперименталдық психологияның қалыптасуына байланысты сот психологиясы қарқынды қалыптаса бастады. Криминалистиканың негізін салушы Ганс Гросс сот психологиясын жалпы психологияның қолданбалы саласы ретінде қарастырды.

Белгілі француз психологы Э. Клаперд сот психологиялық мәселелер көлемін мейлінше кеңейтіп, ХІХ ғ. ІІ жарт. «Заң психологиясы» ұғымын енгізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Заң психологиясының даму тарихы
Психологияның даму тарихы
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психологияның ғылымдар жүйесіңцегі орыны
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Жалпы психологияның мән-мағынасы және оның барша ғылымдар жүйесіндегі орны
Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттерін өзара байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz