М.М.Мұқановтың педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының зерттеуі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: М.М.Мұқановтың педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының зерттеуі.

Мәжит Мұқанов (1920-1985) қазақтың ғылыми психологиясына үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ырғыз ауылында туған. Еңбек жолын 1934 жылы Ақтөбеде жұмысшы болып бастаған.
1939 жылы Вольскідегі әскери-әуe училищесін бітіреді, соғысқа қатысқан. 1945 жылы Ақтөбедегі темір жол училищесі директорының орынбасары.
Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына елеулі үлес қосқандардың бірі - Мәжит Мұқанов.
Ол Ұлы Отан соғысынан оралғаннан кейін Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын бітіріп (1949), кейіннен Қазақ университетінде психология мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдайды.
1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнда ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясына, халқымыздың Отан соғысы майданында көрсеткен ерлік, батырлық қимылдарына талдау жасайды.
Ол 1953-60 жылдар арасында Алматының шет ел тілдері педагогикалық институтының, 1960-85 жылдары Қазақтың Абай атындағы пединститутының психология кафедрасының меңгерушісі болды.
1953 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясын, халқымыздың батырлық дәстүріне талдау жасайды.
1980ж М.Мұқанов АНССР психологиясы НИИ Исследование расудков история этнического аспекта тақырыбында факторлық дисертация қорғады. Өзінен кейін Қазақстанда психология жайлы ғылыми 10-кітап және 200 ғылыми мақалалар қалдырды. Республикада этникалық психология негізінде көптеген еңбектер жазды. Ол көптеген жас психолгтар, ғылым кандидаттарын даярлады. Жалпы психология жас педагогикалық, этноспсихологиясынан жазылған көптеген еңбектердің авторы.
Ғалым көп жылдар бойы интеллект мәселесіне бұлардың адамның жан-дүниесіндегі алатын орнын анықтауға жалпы ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағытталған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүруы ортасына тіршілік жағдайы мен әлеуметтік жағдайына байланысты екенін анықтады.
Мәселен, ол қазақ халқының Қазан төңкерісіне дейінгі өмір тіршілігі мен экономикалық жағдайына, әлеуметтік ортаға байланысты ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бірсыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасу жолын арнайы жүргізілген тәжірибелер арқылы сипаттайды,
Ол халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінің жиынтығын ғылымда продуктивті және рефлексия (ой жүйелілігі) деп аталатын ғылыми атаулар төңірегінен іздестіреді. Осы айтылған жан қуатының көріністерінің айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде орын алатынын айта келіп, ғалым өзге кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын өзіне айтқызбай- ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тілде когнитивтік эмпатия деп аталатын жан қасиетін Сырым батыр мен жас келіншектің арасындағы өткір сөзге құрылған диалог арқылы жақсы көрсетеді.
М. Мұқанов жүргізген енді бір экспериментінде оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығын анықтады. Мысалы, көшпелі ата-бабамыздың тыныс-тіршілігінде жазба-деректердің болмауы түрлі ақпарат-хабар мөлшерінің аздығы, зақатың суырып-салма шешендік қабілетінің күшті болуына себеп болған. өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін түйіндей келіп, М. Мұқанов адамның ойлау әрекеті өзгермейтін және өзгермелі болатындығын, мұның өзі қоғамдық әлеуметтік кезеңнің біреуінен өткенде келесіде ойлау механизмі өзгеріске түсіп отыратындығы адам интеллектісінің өзгермейтін жағы психологиялық дамудың алғы - шарты және басты тірегі ретінде қоғам дамуының кісінің ой өрісі шарттас болатындығын мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алатындығын дәлелдеп берді.
М. Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауда біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бірнеше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нұрғалиев, Н.Нұртазина және т.б.) диссертация қорғап, осы салада бірер еңбек жазылды. М. Мұқанов ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың бірі.
Қазақстанда жоғары мектеп психологиясының дамуына академик Т. Тәжібаевтың шәкірті Мәжит Мұқанұлы Мұқановтың қосқан үлесі зор болды. М.М. Мұқанов республикада тұңғыш психология ғылымдарынан докторы ғылыми дәрежесіне ие болған ғалым еді. М.М. Мұқанов оқу-тәрбие психологиясына, білім берудің жас ерекшелікке байланысты психологиялық астарларына қатысты Педагогикалық психология очерктері (1962 ж.); Жас және педагогикалық психология (1982 ж.) сияқты көптеген осы кезге дейін теңдесі жоқ 200-ден астам еңбектер жазған. Сонымен қатар, М.М. Мұқановтың өзі адамның тұлға және маман ретінде дамуын зерттеп, жетілдіруге үлес қосқан талай шәкірт дайындаған.
Ғалымның көп жылдар бойы зерттеуі ақыл-ой, интеллект мәселесін, бұлардың адамның жан дүниесіндегі алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология пәні
Психология тарихының әдістері
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Қазақ психологиясының даму кезендері және бала тәрбиесіндегі алатын орны
ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психологияның жас ерекшелігі
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Психологиялық зерттеудің Қазақстандағы психология ғылымы и аппараты және оның негізгі әдіснамалық базасын негіздеу
Пәндер