Психикалық даму және оқыту жайлы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
Тақырыбы: Психикалық даму және оқыту

Жоспар:
1. Дамыту.
А)Оқыту мен дамытудың ара қатынасы.
В)Психикалық дамудың қозғаушы күштері.
С)Дамудың әлеуметтік жағдаяты .
2. Психикалық дамудың негізгі сызықтары.
А)Интеллекттің дамуы
В)Тұлғаның дамуы.
С)Адамның іс-әрекет субъекті ретінде дамуы.
3. Оқыту процесінде дамыту.
А)Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту.
В) Давыдов бойынша дамыта оқыту.

Дамыту.
Адамды оқыту мен дамытудың арасындағы байланыс - педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі. Оны қарастыру барысында:
а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде ілгеріндікейінді интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-құлықтық, әрекеттілік өзгерістер жүреді (Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев);
б) дамыту, әсіресе, тұлғалық, өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды, ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогрессрегресс, бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі болып табылады. Психикалық дамуды анықтаушы факторлар ретінде В.С. Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың ішкі позициясын қарастырады.
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы) тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда тұлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен қатар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Оқыту мен дамытудың ара қатынасы. Бұл сұрақты шешуде әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон, К. Коффка), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. Даму мүмкіндік туғызады - оқыту оны жүзеге асырады, немесе басқа сөзбен айтқанда, оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр.
Жан Пиажеге сәйкес, баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік болғандықтан өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауынан тәуелсіз.
Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардың жауабы болып отыр: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы күші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жүреді.
Психикалық дамудың қозғаушы күштері Қарама-қайшылық категориясы диалектикадағы ең басты категория екені белгілі (Г. Гегель, Ф. Энгельс). Г.Гегель қарама-қайшылықты дамудың ішкі импульсы ретінде қарастырған. Қарама-қайшылық категориясын отандық психологияда оның қозғушы күштерін талдау барысында психикалық дамудың сипаттамасына кіргізеді (А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, С.Н. Карпова). Бұл күштер әртүрлі қарама-қайшылықтармен сипатталады:
адамның сұранысы мен сыртқы жағдайлардың;
дамып келе жатқан қабілеттіліктер (физикалық және рухани мүмкіндіктермен) мен әрекеттің ескі формаларымен;
жаңа әрекеттің тудыратын жаңа сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың мүмкіндіктерімен (құралдары және әдістерімен); әрекеттің жаңа талаптары мен әлі қалыптаспаған біліктер арасындағылармен, жалпы алғанда жаңа мен ескінің арасындағы диалектикалық қарама-қайшылықтар.
Басқа сөзбен айтқанда, адамның психикалық дамуындағы қозғаушы күш болып оның меңгерген білімінің, дағдысы, қабілеті мен мотивтер жүйесінің даму деңгейі мен оның қоршаған ортамен байланысының түрлері арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.
Психикалық дамудың қозғаушы күштерін осылайша түсіну Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин тұжырымдаған болатын. Бұл жерде психикалық дамуды тұлғаның ілгерінді сапалық өзгеруі ретінде дәлелденеді, оның барысында оларда әр түрлі динамикамен жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа өзгерістер қалыптасады. Жас ерекшіліктерге байланысты өзгерістер деп тұлғаның қалыптасуы мен әрекетенің жаңа типін, берілген жас ерекшелік сатысында алғашқы рет пайда болған және ең маңызды және негізгіде баланың санасын, оның қоршаған ортасына көзқарасын, оның сыртқы және ішкі өмірін, яғни берілген уақытта оның дамуының барлық ағымын анықтаушы оның психикалық және әлеуметтік өзгерістерін түсіну қажет .
Даму баяу, бірқалыпты немесе қызу жүре алады. Л.С. Выготскийдің анықтамасы бойынша революциялық, кей жағдайларда апаттық сипатта бола алады. Күрт алға басулар, қарама-қайшылықтардың шиеленесуі, дамудағы бұрылыстар шиеленіскен дағдарыс формасын қабылдай алады.
Л.С. Выготский бойынша, психологияда дағдарыстық кезеңдердің бес түрі белгілі.
Жаңа туған нәресте дағдарысы дамудың ұрықтық кезеңін нәрестелік жастан бөледі.
Бір жас дағдарысы- нәрсетелік жасты ерте балалық шақтан бөледі.
3 жастың дағдарысы - бұл ерте балалық шақтан мекетепке дейінгі жасқа көшу.
7 жастың дағдарысы мектепке дейінгі жастан мектеп жасының арасындағы қосушы буын болып саналады.
Ең соңында, 13 жастың дағдарысы - бұл мектеп жасынан пубертаттық жасқа көшудегі дамуда үлкен өзгеріспен сәйкес келеді (пубертаттық - толысқан, жыныстық қалыптасу). Бұл жерде дамудың салыстырамалы бірқалыпты және шұғыл өзгерістеріндегі сәттердің біршама кезектесуінің ортақ схемасы тұрақты болып қалады. Бұл жағдайда дағдарыстардың баланың өмір сүру жағдайында орын алатын өзгерістермен байланысты екеніне назар аудару қажет, мысалы оның мектепке дейінгі балалық шағынан мектепте оқу кезіндегі балалық шағына көшуімен байланысты.
Дамудың әлеуметтік жағдаяты Л.С. Выготский педагогикалық психология үшін өте маңызды дамудың әлеуметтік жағдаяты ұғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік жағдайы баламен әлеуметтік ортаның қарым-қатынасының белгілі бір жүйесі болып табылады, ол даму процесінің мазмұнын, бағытын және жаңадан пайда болған негізгі өзгерістермен байланысты оның орталық бағытының қалыптасуын анықтайды. Бұл жүйенің өзгеруі жас ерекшеліктердің өсімінің негізгі заңын айқындайды. Осы заңға сәйкес, баланың белгілі бір жаста дамуын қозғаушы күштер ішкі қажеттілікпен дамудың әлеуметтік жағдаятының күшін жоғалтуын анықтай отырып, осы жаста дамудың барлық даму негіздерін теріске шығару және күйзелтуге сөзсіз әкеліп соғады, дамудың берілген дәуірінің аяқталуын және келесі, немесе жоғары, жас ерекшеліктік сатыға ауысқанын анықтайды.
Осымен қатар, Л.С. Выготский әр уақытта психикалық даму - бүкіл тұлғаның біртұтас дамуы деп үнемі ерекше атап өтеді. Баланың әлеуметтік өмір шындығына қатынасы ретінде дамудың әлеуметтік жағдаяты деген ұғымға осы қатынастарды жүзеге асырушы құралдарды - жалпы әрекет пен жетекші әрекеттің нақты түрлері де кіреді, атап айтқанда Л.С. Выготский бойынша, әрекеттің кейбір түрлері берілген кезеңде жетекші болады және тұлғаның ары қарай дамуында үлкен маңызы болады, басқалары - азырақ. Кейбіреулері дамуда басты рөлді ойнайды, басқалары - бағынышты рөл ойнайды.
Психикалық дамудың негізгі сызықтары. Ұсынылып отырған қарастыру тұрғысынан жалпыға ортақ қабылданған ережені басшылыққа аламыз, алайда даму бала тұлғасын толығымен қамтиды, бұл процесте бірқатар негізгі сызықтар (бағыттар) белгілене алынады. Мысалы, баланың психикалық дамуы оның біртұтас тұлғалық дамуы сияқты бір мезгілде келесі сызықтар бойынша жүзеге асырылады:
танымдық аясы (интеллекттің қалыптасуы, таным механизмдерінің дамуы);
әрекеттің психикалық құрылымы мен оның мазмұны (мақсаттар, мотивтер және олардың ара қатынасының дамуы, әрекеттің құралдары мен әдістерін меңгеру);
тұлғаның (бағыттануы, құндылық бағдарлануы, өзіндік сана сезімі, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуі және т.б.).
Бала дамуының бағыттары біраз басқаша ұсынылуы да мүмкін - даму ретінде:
а) білімдердің; әрекеттің тәсілдері;
б) меңгерілген тәсілдерді пайдаланудың психологиялық механизмі және
в) тұлғаның дамуы, оған әрекет те кіреді.
Л.И. Айдарова осы сызықтардың қатарында интеллектуалдық, тұлғалық сызықтармен қатар тілдік дамуды да белгілеп атап өтеді. Баланың барлық интеллекттік-тұлғалық-әрекеттік қалыптасуында психиканың арындылығы, интегративтілігі, жүйелілігі, сензитивтілігі, компенсаторлығы сияқты негізгі заңдылақтарының көрініс табатыны маңызды.
Интеллекттің дамуы Баланың интеллектін, оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның әрекетінің жанама түрдегі сипаты (оның құралдылығы, белгілігі) аталынады.
Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар бойынша жүреді:
тікелейден - жанама түрліге;
жалпы бөлшектелмегеннен жіктелгенге, және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде (абстрактілі) бейнеленуіне;
еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге.
Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестердің өздерінде де өзгерістер жүріп жатады. Олар сапалық жағынан, мысалы еріксіз есте сақтаудан еркін есте сақтауға, ойлаудың көрнекі - әсерлі, көрнекі-бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі қисынды (логикалық) және теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллектті дамыту, ең бастапқы кезеңінен бастап - баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық деңгейін белгілеуді (0-2 жас) толығымен Ж. Пиаже ашқан. Ол ойлау әрекетінің құрылымы болып табылатын интеллекті баланың (логикалық) қисынды ойлауын дамыту мысалында шешті. Оның зерттеулерінің ең басты міндеті - логикалық (қисынды) операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллекттің тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын белгілеу. Бала логикасының онтогентикалық дамуын зерттеу Ж. Пиаженің теориясында келесілерге сүйенеді:
* интеллектуалдық даму тепе-теңдікке ұмтылады, оның соңғысы бөлшектер мен тұтастың теңестірілетін құрылымы;
* интеллектуалдық дамудың әрбір деңгейі жинақталған тәжірибе ретінде әрекеттер схемасына рәсімделеді;
* жаңа ой-еңбектік құрылымдар әрекеттер негізінде қалыптасады;
Ойлауды дамыту ес дамуымен тығыз байланысты: 19 жаста мнемикалық функциялар логикалық функциялардан гөрі тезірек дамиды, 20 жаста кері көрініс байқауға болады, ал 22 жаста екі функцияның да көрсеткіштері төмендейді. 18-19 жаста ойлау функцияларының салыстырамалы тұрақтануы байқалады.
Педагогикалық психология үшін логикалық компонент - вербалды, ұғымдық ойлаудың компоненті - интеллекттің құрылымындағы үнемі жетекші компонентінің бірі болып қалып отыратыны практикалық тұрғыдан қызығушылық тудырады. Оқу, білім беру, әсіресе, жүйелі түрде оқу мен өзін-өзі оқыту адамның ой белсенділігінің жоғары деңгейін, оның интеллектуалдық жұмысқа қабілеттілігін қолдап отыратын, өте күшті, үнемі әрекеттегі фактор болатыны анық. Баланың танымдық аясын дамыту процесінде оның санасының мазмұны жетіліп, сапалық тұрғыдан өзгереді.
Тұлғаның дамуы. Адамның тұлға ретінде дамуы оның өмірлік жолының жалпы контексінде жүреді (С.Л. Рубинштейн) ол белгілі қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен дамуының, адамның белгілі бір дәуірдің замандасы және белгілі бір ұрпақтың құрдасы ретінде дамуының тарихы ретінде анықталады. Б.Г. Ананьев бойынша, өмірлік жолдың белгілі кезеңдері бар, олар өмір сүру түрі, қарым-қатынастар жүйесі, өмірлік бағдарламасында және т.б. болап жатқан өзгерістермен байланысты.
Тұлғаның индивидті әлеуметтендіру процесі ретінде дамуы отбасының, жақын қоршаған ортаның белгілі әлеуметтік жағдайында, аймақтың, мемлекеттің белгілі әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайында, өзі соның өкілі болып табылатын халықтың этникалық, әлеуметтік мәдени, ұлттық дәстүрлерінің жағдайында жүзеге асырылады. Бұл тұлғалық дамудың макрожағдаяты. Сонымен бірге, өмірлік жолдың әрбір кезеңінде, Л.С. Выготский атап өткендей, баланың өзіндік қатынасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Психикалық дамудың шарттары қайнар көздері және қозғаушы көздері
6- жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Педагогика ғылымының қалыптасуы
Психологиядағы зерттеу әдістері
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы
Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Пәндер