Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Жоспар:

1. Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы.

2. М. Монтеське, К. Гелвеция, И. Кант, Г. Гегель еңбектеріндегі этнопсихологиялық бастаулар. Г. Штейнталь және М. Лацарус- этнопсихологияның негізін салушылар.

3. Қазіргі шетел этнопсихологиясының дамуы. Психоаналитикалық анторпология. Кросс мәдениет.

Этнопсихология - психология, әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымдарының ұштасуынан пайда болған әлеуметтік психология ғылымының саласы. Этнопсихологияның зерттеу пәні - түрлі этникалық қоғам өкілдерінің психологиялық өзіндік ерекшеліктері.

Этнопсихология - нақты этникалық өкілдері ретіндегі адамдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерінің көрінісі мен даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор. Оны бүгінгі тарихтан, ұлттар мен халықтардың мәдени даму кезеңдерінен, олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде, халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері, сезімдері этностық қауымды біріктіреді. Олардың тарихи үрдістің суьбектілері деп қарауға болады. Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.

Сондықтан, этнопсихологияның мақсаты мен қызметі гуманитарлық ғылымдардың қызуғушылығын туғызады. бірақ қаншалықты қызығушылық болғанымен, этнопсихологияның көрінісі мен мазмұнын әлі де, жан-жақты, жүйелі, жеткілікті зерттелмеген осыған қарамастан, этнопсихологияның да, өзіндік тарихы, даму бел-белестері бар.

Этнопсихология өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті. Ол басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы он жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады. Ғылым болмай, жәй пән ғана ретінде, этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет Е. А. Будилованың еңбегінде жазылған.

Картинки по запросу геродот Геродоттан бастап ежелгі ғасыр ғұламалары барлық елдердің ұлттарының тұрмыс салттарына, ұлттық ұстанымдарына үлкен назар аударды. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы білімдер елдер арасында тиімді жолмен сауда саттық және мәдени қарым - қатынас орнатуға мүмкіндік беріп отырды. Тайпалар мен ұлттардың бет пішіндеріндегі, салт-дәстүрлері мен мәдениеттеріндегі айырмашылықтарды қарастыра отырып ғұламалар сол айырмашылықтардың табиғатын анықтауға тырысты.

Гиппократ (б э д 460-370ж ) ұлттардың физиологиялық және психологиялық айырмашылықтарын географиялық орналасу және климаттық жағдайлардың ерекшеліктерімен түсіндірді.

Картинки по запросу гиппократ Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде Жер шарының тұрғындарының өмір салты мен мінезіндегі айырмашылықтарға үлкен қызығушылық туындағанымен, халықты ғылыми психологиялық бақылаулардың пәні жасаудың алғашқы қадамдары тек ХҮІІІғ. жасалды. Тағы да орта мен климат халықтар арасындағы айырмашылықтардың негізінде жатқан факторлар ретінде қарастырылды. Осылайша, интеллектідегі айырмашылықтарды анықтай келе, оларды климаттың сыртқы (температуралық) жағдайларымен түсіндірді.

Картинки по запросу монтескье Француз философтарының ішінде географиялық детерминизмнің айқын өкілі болып Ш. Монтескье (1689-1755) табылады. Ол «көптеген заттар адамдарды басқарады: климат, дін, заңдар, басқару принциптері, өткен өмірдің үлгілері, дәстүр; осының нәтижесінде халықтың жалпы рухы пайда болады» деп түсіндірген болатын. Бірақ көптеген факторлардың ішінен бірінші орынға климатты көрсеткен. Философ, тарихшы Шарль Монтескье қоғамды - ұлттың рухынан көрінетін заңдылығы бар әлеуметтік ағза ретінде қарастырды.

Халық рухы идеясы ХҮІІІғ тархының неміс философиясына енді. Көрнекті өкілдерінің бірі болып И. Г. Гердер (1744-1803) табылады. Ол халық рухын қарастыра отырып, «хылықтық жан», «халықтың жан» және «халық мінезі» түсініктерін бөлмеді. Гердердің көзқарасы бойынша, халық рухын сзімдері, тілі, істері арқылы білуге болады, яғни олардың бүкіл өмірін зерттеу қажет.

Халықтардың мінезі туралы білімнің дамуына өз үлестерін ағылшын философы Д. Юм, ұлы неміс ойшылдары И. Кант, Г. Гегель қосқан болатын. Олар халық рухына әсер ететін факторларға қатысты ойлар айтып қана қоймай, сонымен қатар олардың кейбіреулеріне «психологиялық портреттер» ұсынды.

Гельвеций өзінің «Адам туралы» деген еңбегінде ұлттардың мінез-құлық ерекшеліктерімен оған әсер ететін факторларға үлкен тарау арнаған. Оның пікірінше әрбір халық оның мінез-құлық ерекшелігін анықтайтын өзінше ойлау және сезіну қабілетіне ие. Барлық халықта бұл мінез- құлық өзгеріп, өшіп отыруы мүмкін. Ғұламаның пікірі бойынша мінез-құлық бұл қоршаған ортаны қабылдау әдісі.

Жалпы жаңа этнопсихология ғылымының негізін салушылар М. Лацарис пен Х. Штейнталь болды. Олар 1859 жылы “Халықтар психологиясы және тіл білімі” атты журнал шығарды . Оның алғашқы номерінде “Халық психоллогиясы туралы ойлар” деген мақаласында психологияға жаңа ғылым ретінде “Халықтар психологиясын” кіргізуге болатындығын және оны дамыту қажеттігін айтқан. Бұл ғылымды бір адамның жан-дүниесі деп қаламай, оны жалпы бүтін орта ретінде зертеу қажет екенін жазды. Сөйтіп 1860 жылы халықтар психологиясы пән ретінде дүниеге келді. М. Лацарус пен Х. Штейнталь осы жаңа ғылымның негізгі міндеттерін былай деп анықтаған:

  • Халық рухының психологиялық мәнін тану:
  • Халықтардың өмір сүруі заңдылықтарын ашу;
  • Қандай да бір халықтың пайда болуы, дамуы жоғалып кету ерекшеліктерін себептер анықтайды.

«Халықтар психологиясы туралы ой» атты бірінші номеріндегі мақалада халықтар психологиясын - психологияның құрамына кіретін жаңа ғылымды - дамыту қажеттілігін олар жеке индивидтердің ғана емес, сонымен қатар тұтас қауымдастықтың рухани өмірінің заңдарын зерттеу қажеттілігімен түсіндіреді. Осы қауымдастықтардың ішінде (саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни) халықты (яғни, біздің түсінігімізде этникалық қауым) бөліп көрсетеді. Бір халықтың барлық индивидтері «бірдей сезімдері, тілектері, қызығушылықтары» бар, олардың барлығы бір халықтық рухқа ие.

Лацарус пен Штейнталь жаңа ғылымның негізгі міндеттерін бөліп көрсетті: 1) халық рухының психологиялық мәнін тану; 2) өмірде, өнерде және ғылымда халықтың ішкі іс-әрекеті жүзеге асатын заңдарды ашу; 3) белгілі бір халықтың ерекшеліктерінің пайда болу, даму және жойылуының негізгі себептерін анықтау.

Картинки по запросу вундт В. Вундт (1832-1920) - әлеуметтік-психологиялық білімдердің алғашқы формасы ретінде халықтар психологиясының негізін қалаушы. Вундт алғашқы этнопсихологиялық мақаласын 1886ж басып шығарды, кейін оны кітап етіп өңдеді және ол «Проблемы психологии народов» деген атпен 1912ж оры тіліне аударылып шығарылды. Өмірінің соңғы 20 жылында ғалым толықтай «Психология народов» атты онтомдық еңбегін шығаруға арнады. Вундттың негізгі идеяларымен танысқаннан кейін, ол халықтар психологиясының негізгі әдісі ретінде рухани өмірдің нақты-тарихи өнімдерін талдауды қарастырады.

Этнопсихология ғылым ретінде Ресейде 19 ғасырда қалыптасты. Ресейде этнопсихологияның дамуын Орыс географиялық қоғамының қызметімен байланыстырады. Оның мүшелері психикалық этнографияны этнографияның бір бөлімі ретінде қарастырды. Н. И. Надеждин (1804-1856) осы терминді ұсына отырып, психикалық этнография адам табиғатының рухани әлемін, ақыл-ой және адамгерщілік қабілеттері, ерік күшін және мінезін және т. б. зерттеу қажет деп есептеді. Ол халықтық психологияның көрінісі ретінде халық ауыз шығармашылығын - аңыз, ән, ертегі, мақал-мәтелдерді- қарастырады.

ХІХғ. 70ж. Ресейде этнопсихологияны психологиялық ғылымға «ендіруге» түрткі жасалды. Бұл идеялар құқықтанушы, тарихшы және философ К. Д. Кавелинге (18/18-1885) тән. Ол 40жылдары Орыс географиялық қоғамының этнографикалық зерттеулерінің бағдарламасын жүзеге асыруға қатынасты. Кавелин халықтың «ақыл-ой және адамгершілік қасиеттерін» субъективті сипаттамаларын жинақтау нәтижесіне көңілі толмай, халық психологиясын олардың рухани іс-әрекетінің өнімдерін - мәдени ескерткіш, дәстүр, фольклор, сенімдері - зерттеудің «объективті» әдісінің мүмкіндіктері туралы ой қозғады. Оның көзқарасы бойынша, психологияның міндеті - әртүрлі халықтардың немесе бір халықтың әртүрлі тарихи даму кезеңдерінде рухани өмірінің құбылыстары мен өнімдерін салыстыру негізінде психикалық өмірінің жалпы заңдылықтарын анықтау.

А. А. Потебня (1835-1891) тілдің психологиялық табиғатын зерттеуге негізделген тілдің өзіндік концепциясын өңдеп шығарды. Ғалымның пікірі бойынша, нақты тіл ақыл-ой жұмысының тәсілдерімен байланысты болады және әртүрлі тәлде сөйлейтін әртүрлі халықтар басқаларынан өзгеше тәсіл арқылы өздерінің ойларын қалыптастырады. Потебня тілді адамдарды «халықтыққа» біріктіретін негізгі фактор ретінде қарастырады.

Н. Г. Чернышевскийдің пікірінше әрбір халықтың өзінің патриотизмі, психологиясы бар және ол нақты істермен көрінеді. Оның этнопсихологияның дамуына қоскан үлесі - ұлттық жән әлеуметтік рухани өмірдің өзара сәйкестігін талдауы. Оның айтуынша ұлттық мінез-құлық ұлттың түрлі сапаларының бірлігі және ол ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді, ол тарихи дамудың нәтижесі. Оның пікірінше ұлттық мінез-құлық құрылымына адамдардың тілдерінің алуан түрлілігіне байланысты адамдардың интеллектілік және моральдық ерекшеліктерін қосу керек.

1883 жылы “Советская этнография ” журналында этнопсихологияның нені зерттейтіні туралы пікір-талас материалдары жарық көрді. Талқылауға қатысушылар бір ауыздан этникалық психологияда болашақ ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер, әдет, ұлттық сезім көңіл-күй және тағы басқаларының назар аударатынын бідірген. Соның ішінде этникалық топтауырындар мен өзіндік сана, құндылықтары, ерекше көрсетілген. Этнопсихологиядағы зерттеулердің мәселелерін талқылаған А. Ф. Дашдамировтың (1983) “Этнопсихологияның міәдеті-ұлттық зіндік сана, ұлттық сезім және көңіл-күй қалай қалыптасады, әрі қалай көрінеді?-деген сұағының мәні зор.

Г. В. Старовойдың пікірі бойынша, этнопсихология ғылым ретінде жалпы психологияның бір бөлігіне жатады. Этнопсихологиялық зерттеудің аясын барлық психикалыфқ функциялардың ерекшеліктері кіреді, әрі олар онтогенез бен филогенезде қалыптасады. Ал, бұл этнопсихологиялық проблематикаға психиканың дамуындағы жалпы психологиялық мәселелердің тікелей байланысы бар екенін көрсетеді.

А. А. Реаның этникалық психологияны жеке ғылым ретінде қарау керек деген пікіріне қосыла отырып, оның маңызды этнопсихологиялық зерттеулердің кеңінене дамыту қажет.

Этнопсихологияның әдіснамалық негізі, психикалық құбылыстарды зерттеудің іс-әрекеттік жолы болып табылады. Осы бағытты дамытқан -Л. С. Выготскийдің, Л. Н. Леонтьевтың мектептері. Ұлттық мінез туралы айтатын болсақ, оған тұлғанның жүйелік іс-әрекеттік тұжырымдамасы тұрғысынан қарау керек .

70-80 жылдарда КСРО-дағы этнопсихологиялық ізденіс саласында серпіліс болған байқаймыз. Мысалы: Б. Ф. Порлиневтің этнопсихологиялық зерттеулерін зор маңызын атап кетуге болады. Оған ғылым жасаған этнос пен этногнездің биологиялық, географиялық тұжырымдамасы дәлел .

Тұлғаның өміріндегі ұлттық мінездің байқалуіын А. Г. Асмоловтың тұжырымдамасы ашады. Тұлғаның құрылымдың бірілігінде ұлттық мінез айқындалады.

Бүгінгі шетел этнопсихологиясы эмперикалық мәліметтерді талдау мен интерпритация тәсіліне ізін қалдыратын психология, биология, психиатрия, социология, қамтыған. Империкалық және теориалық білімдер аралығы дұрыс ажыратылмаған. Ұлттық үрдістерді талдау әртүрлі бағытта, эмперикалық жолмен жүргізілуде.

Батыс ұлтттық психологиясының дамуында 2 фактор бар:

-жеке-тұлғалық тұрғыны көздеп, этикалық ортаның барлық мәселелерін біріктіруге ұмтылуы;

-зертеушілердің философиялық әдіснамалық серпіліс көрінісінің басымдылығы.

Шетел этнопсихологтарының алдындағы мәселеле; :

-ұлттық мінездің қалыптасу ерекшеліктері;

-әртүрлі мәдениеттегі норма мен патологияның ара қатынасы;

-тұлғаның қалыптасуына жаскезіндегі тәжрибенің мағанасы.

Осы сарындағы зерттеулер ұлттық психологияның дамуындағы бірінші бағытты айқындайды:

-психоаналитикалық;

-әртүрлі мәдениеттегі тұлғаны зерттеу;

-әлеуметтік психология.

80-ші жылдардың екінші жартысы 90-шы жылдардың басында шектеледі ұлттық мінез тақырыбы көкейтесті мәселенің біріне айналып, оған деген қызығушылық артты. Алайда, көпшілік жағдайда осы мәселе тек қана ғылыми публистикалық түрде талданып жүрді. Тұлғаның этностық-мәдениерекшеліктерін қолайлы және қолайсыз қасиеттердің қандай да бір түрін ұлттық мінезге қиыстырудың мүмкіндігі болған жоқ.

Тұлғаның ішкі дүниесі мен мәдениетінің байланысы туралы түсінікті американдықтар өз негізіне айналдырған. Солардың бірі-АҚШ-тың мәдени антропорлгиясының негізін салушы, Германияда туған-Ф. Боас.

Қазіргі шетелдік этнопсихологтардың зерттеуі бүгінгі біздегі этнопсихологияның негізгі салаларымен тығыз байланысты. Адам туралы әртүрлі ғылымдардың өзара эдіснамалық принципі мен зерттеу эдістерін қамтиды.

Картинки по запросу фрейд Психоанализ - XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен, Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені - Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты - адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к. с. ) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы.

Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол « tabula rasa » (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт - либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты - талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Этнопсихология туралы түсінік
Этнопсихологияның даму тарихы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Қазақ хандығы тұсындағы ақын - жыраулардың психологиялық тағылымдары
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Алғашқы социологиялық ойлардың қалыптасуы мен даму тарихы
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz