Саяси лидерлік және оның типтері жайында
СӨЖ
Тақырыбы: Саяси лидерлік және оның типтері
Саяси іс-қызмет әртүрлі нұсқаларда болуы мүмкін болғанымен, саяси лидерлік -- олардың арасындағы ең маңыздысы болып саналады.
Лидер сөзі саясатқа кішкене де болса қатысы бар көптеген адамдар үшін тартымды күшке ие. Басқа адамдарды басқару, оларды өз артынан ерту, қоғамның күнделікті өміріне ықпал ете алу мүмкіндігі тартымды болуға ескірмейтін сипат береді. Оның үстіне, көптеген адамдар үшін саясат ірі тұлғалар мен ерекше дарынды адамдардың айналысатын іс-қызметі ретінде көрінеді.
Лидерлік -- әртүрлі мүдделерді, үрдістер мен әрекеттерді біртұтастыққа жүйелеу мен бағыттаудың ең пәрменді нысандарының бірі болып табылады. Лидерлік беделге, яғни басқарылатын адамдардың басқаруды өз еріктерімен мойындауына сүйенеді.
Саяси лидерлік саяси салада беделді басшылыққа алуды іске асыруға бағытталған көп қырлы қызмет болып табылады. Лидер билік пен беделге, адамдарды басқара алу, жекелеген әлеуметтік топтар мен тұтас қоғамның мүдделерін көре алу және көрсете алу тәрізді бірқатар қасиеттерге ие болуы тиіс.
Лидер ұғымы көп жағдайда беделі, басқару дағдысы, жеке басының тартымдылығы бар қажетті қасиеттерге ие нақты тұлғаны білдіреді. Осы орайда, түрлі дәуірлердің әртүрлі лидерлерді талап ететінін ескеру керек. Мәселен, революциялар мен соғыстар өз артынан халықтың қалың бұқарасын ертіп, миллиондаған адамдардың жүрегіне от сала алатын батырларды дүниеге алып келетін болса, экономикадағы дағдарыстар билікке жарқын тұлғалардан гөрі шектеулі ресурстарға барынша пәрменді иелік ете алатын сауатты менеджерлерді алдыңғы қатарға шығарады. Билікте кей жағдайларда халықтың қалың бұқарасын артына ертетін және сендіре алатын тұлғалар емес, қолдарында ықпал етудің үлкен тетіктері бар, адамдарды сендіре алатын және келіссөз жүргізе алатын тұлғаларға деген сұраныстар пайда болады.
Көне қытай ойшылдары халық оның өмір сүретіндігін ғана білетін патшаны дұрыс билеуші деп санады. Батыста, керісінше, өз істерімен барлық әлемге болмаса да, оның бір бөлігіне өзгерістер алып келе алатын белсенді лидерлер мадаққа ие болатын.
Лидер тұлғасы күшті ерік-жігерден, ұйымдастыру және сендіре алу жүйесін, әрекет ету бағдарламасын, бұқараны өз артынан ерте алу қасиетінен тұратын бірнеше компоненттерді қамтиды.
Лидерлік функциясы
Қоғамның даму стратегиясын қалыптастыру.
Әрекеттердің оңтайлы тактикасын қабылдау, мүмкін болатын шаралардың ішінен оңтайлысын таңдау.
Халықтың қалың бұқарасының мүдделері мен сұраныстарын іске асыру.
Билік институттары мен азаматтардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру.
Бұқараны маңызды мәселелерді шешуге жұмылдыру.
Лидерлікті тарихи-теориялық талдау
Тарихшылар Герадот пен Страбон заманынан бастап ұлы тұлғаларды суреттеуге үлкен мән беретін. Осыдан болар, әлемнің даму барысы көрнекті адамдардың әрекеттерімен анықталады деген түсінік ұзақ уақыттар бойы үстемдік құрып келді. Мемлекеттің табысы мен сәтсіздігі, соғыстардағы жеңістер мен жеңілістер, халықтардың гүлденуі мен жоқшылық тартуы, империялардың пайда болуы мен құруы -- осылардың бәрі жекелеген патшалар мен қолбасылардың еңбегі деп қарастырылды.
Н.Макиавелли патшаның мақсаты халықтың игілігі емес, керісінше кез келген түрде билікті сақтап қалу екенін сенімді түрде көрсетіп берді. Осы орайда, оның теориясын билікті сақтап қалуға мүмкіндік беретін қолданбалы жолдар мен әдістер жазылған оқу құралы деуге болады. Макиавелли лидер моральдық қағидатына сүйенбеу қүқына ие, алайда егер ол пайдалы болса мәңгілік құндылықтарға да жүгіне алады алады деп санады.
Т.Карлейлъ мен Ф.Ницше лидерлік туралы элитарлық ілімді ұсынды. Олар үшін көсем тұлғасында адамзат тегі мен өз халқының ұлы қасиеттері мен сапалары көрініс табады. Халық бұқарасы біртума дарындарды өсіруге қажетті құнарлы топырақ рөлін атқаратын болса, көсемдер оны өз қалауымен бағыттап отыратын тарихтың басты жасампаздары болып табылады. Жалпы, мұндай теориялар қоғам өміріндегі тұлғалық фактордың рөліне қатынастағы тым шеткері субъективтілігімен және абсолюттендірумен ерекшеленетіндігін айта кету керек.
Маркстік теория, керісінше, басты орынды ұлы адамдардың еріктері мен қалауларына емес, керісінше қоғам дамуының объективті заңдарына берді. Тарихтың шынайы жолы таптық күреске негізделеді, ал лидердің функциясы -- өз табын көрсетуге және оның мүдделерін қорғауға тұғырланады. Бұқара халық тарихты жасаушы болғанымен, көсемдер олардың сұраныстарын қолға түсіреді және оларды саяси күресте іске асырады. Тап бостандығы мен мүдделерін лайықты деңгейде білдіре алмайтын жетекшілер сәтсіздікке ұшырайды.
К.Маркс пен Ф.Энгельс теорияларын тәжірибелік іске асыру талпынысы өткен ғасырдың 20-80 жылдары аралығында социалистік елдерде қолға алынды. Осы кезеңдегі саяси тәжірибе халықты өз тағдырының иесі ретінде түсіндіретін үндеулердің бірте-бірте компартия басшыларына құдайлық сипат берумен ұштасып кеткенін жақсы көрсетіп берді. В. Ленин, И. Сталин және тағы басқа қайраткерлердің жеке басына табынушылық тым шеткері сипат алып кетті: оларға арнап кесенелер мен сансыз ескерткіштер салынып, көсемдердің есімдері көшелер мен қалаларға беріліп, идеология мен көркем әдебиет көсемдердің бейнесін аңызға айналдырып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz