Толық этностық бірлікте, халықтардың ұлттық психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
Толық этностық бірлікте, халықтардың ұлттық психологиясы

Ұлттық психология - философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында пікір-таластар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.
Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлт та қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды.
Екіншіден, ұлттық психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана - қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.

Үшіншіден, ұлттық психология - ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Ұлттық психология - әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие - этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды.
Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік психология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып пайымдағанда, ұлттық психологияда қарастырылып отырған ұлт өкілдерінің санасына көбірек ұялаған, сонысымен олардың әрекетінен үнемі көрініс беріп отыратын, өзгелерге қарағанда көбірек қайталанатын психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы болып шығады.
Ұлттық психология 4 құрауыштан - ұлттық мінездің нышандарынан, ұлттық мүддені түсінуден, ұлттық өзіндік санадан және ұлттық сезімнен тұрады.
Ұлттық мінездің нышандары. Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді - адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық ншандары деп үсіну керек. Сөздің қатаң мәнінде, мәнез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.
Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезі ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.
Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтарда өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келеді.
Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары:
Жауынегерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың барінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін екінші дүние жүзілік соғыс кезінде көрсетті. Ол жөнінде фашистттік идеологтар өздерінің Шығыс жоспарында атап көрсетті.
Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) - қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез. Қазақтың кеңпейілділігін қазақтың жеріне келіп қоныстанған өзге ұлт өкілдерінің бәрі және көптеген зерттеушілер ризашылықпен айтады.
Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулеріне - мәрттік, жомарттық, қонақжайылық, балажандық, аңқаулық жатады.
Мүдде деп (латынша - interest) - дара адам, отбасы, ұлттық немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объетивтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық қажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның рухани дүниесіне де қатысты мүдделері көп болады. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртурлілігіне орай қалыптасқан әрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен тұрады.
Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығыбар, ұлттың баршаға ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Республикасының Заңы тілі
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы
Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері
Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері
Адамның этномәдени даму мәселелері
Пәндер