Ұлттық сана-сезім этникалық топтық көзқарас


СӨЖ
Тақырыбы: Ұлттық сана
Ұлттық сана-сезім - бұл нақтылы тарихи құбылыс. Сондықтан онда қоғамдық болмыс көрініс табады. Халықтың тұрмыс жағдайының әр түрлі болуы жоғарыда айтылған болмыспен тығыз байланысты. Сананың түрлі қоғамдық қауымдастықта әрқилы болып келуі, тез өзгеріп отыратын әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты екенін айтуымыз керек.
Ұлттық сана- сезім этникалық топтың көзқарас, пікірінің негізінде басқа топтармен арнасу процесінде пайда болып, оның өзге ұлыстардан айыруға жол ашып береді (В. П. Левкович, Н. Т. Панкова) . Бұл халықтың өзін-өзі тануға, оның басқа ұлыстарының ішінде орынын белгілеуге жағдай жасайды.
Ұлттық сана-сезімді ұлттық тек деген ұғыммен шектеуге болмайды. Этникалық тек ұлттық сана-сезімді құраушы бір элемент қана. Осыдан барып ұлттық сана-сезім тұлғаның және жеке топтың этникалық тұтастығы негізінде қарастырылады.
Өз-өзін белгілі бір этнотоптың өкілі ретінде қалыптастыруы «Тұлғаның психологиялық негізделген актілері» ұғымына жатады. (Л. А. Байгелдинов) . Мұнда адам өзінің өмірлік құндылығы ретінде тілін, салт-дәстүрін, тарихи ескерткіштерді, ұлттық мәдениетті таңдап алады. Егер адам өзінің ұлттық ерекшеліктерін жан-тәнімен түсіне алатын болса, онда сана-сезімі ұлттық болмысты қабылдай бастағаны.
Ю. В. Бромлей ұлттық сана-сезім - «адамның өзінің осы ұлттың өкілі екендігін, ұлт мүддесі мен құндылықтарын және басқа ұлттарға көзқарасын сезініп-түсіну, өзінің кешенді ұлттық ұғымын қалыптастыру» деп білгірлікпен атаған.
Ұлтаралық қарым-қатынастың дамуына, ұлыстардың арасын жақындатуға ұлттық сана-сезім әсер етіп қана қоймайды. Оның сыртында аталмыш қатынастарды реттеуге құбылыс игі ықпалын тигізеді. Аталмыш мәселені басқа қырынан қарастырсақ, ұлттық мәдениетті жандандыру этникалықсана-сезімді зерттеу мәселелерін әрі кеңінен қоюға мүмкіндіктер береді.
Ата-бабаларымыз өздерінің сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана мен әдеп-ғұрып, дәстүр рәсімдерін қалыптастырды. Бұлар адамдардың тұрмысына сінген жөн-жосын, жол-жоралығылары, әр адамның іс-әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен принциптерінің көріністері еді. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлы жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы»делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындалды.
Халқымыздың бойындағы осынау асыл қасиеттерді өткен ғасырларда қазақ даласында болған Еуропа зиялылары асқан көргенділікпен дәл басып айтқан еді. Сонау отызыншы жылдардың басында жазықсыз жазаға ұшырап, зорлық-зомбылық құрбаны болған Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Қосмұхамедов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаевтардың ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы терең де сындарлы пікірлері бүгінгі жас ұрпақты толғандырып, тебірентпей, бей-жай қоя алмайды. Олар өз еңбектерінде кешегі көшпелі қазақ жұртының арасындағы әр түрлі қарым-қатынасын ұлттын калоритқа толы сан алуан көріністерін, енді ғана қаз-қаз басып жатқан жаңа типтегі мектеп өмірінің күнгей және көлеңкелі жақтарын, ғылым негіздерін оқыту мен сауат ашудың тиімді әдістерін, төте жолдарын, үлгілі мектептердің түрімен комплексті оқудың тиімділігін сөз етіп, осы секілді ұлттық мектеп пен психологияға тікелей қатынасты мәселелерді айтқан еді.
Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны қақ. Қоғам өміріндегі қазіргі терең өзгерістер ұлттың тәлім-тәрбие ерекшеліктерін бұкіл адамзат жинақтаған тәжірибемен ұштастыра отырып, қазақ мектебінің болашақ дамуының жаңа белеске көтерілуіне жағдай туғызды. Халықтың ата-баба мұрасының баға жетпес рухани байлықтары: тілі, діні, тарихы, әдебиеті, табиғи ортасы, шаруашылық үйымдастыру мен күнкөрісіне байланысты қалыптасқан ұлттық қолөнері, киім-кешегі мен ою-өрнегі, ақындық-шешендік өнері, инабаттылығы мен имандылығы, ізгілігі мен адамгершілігі - қысқасы, ұлттың бүкіл болмыс-бітімі бүгінгі таңда қазақ мектептеріндегі білім мен тәлім-тәрбие мазмұнынан беріге орын алуы тиіс.
Ұлттық тәрбиенің пәрменділігін арттырып, мектептерде оны жандандырудың бір көзі әдеп-ғұрып, салт-дәстүр, жон-жосын, жол-жоралығы секілді этностық ерекшеліктеріміздің психологиялық астарларына бойлап, бұлардың қайталанбас белгілерін, оның күнгей және көлеңкелі жақтарынан даму, қалыптасужолдарын ғылыми електен өткізуге келіп тіреледі. Мәселен, халқымыздың кезінде талай жұртты тамсандырған тамаша қасиеттерін: үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иман жүзділік, бауырмашылық, ақ көңілділік, қайырымдылық, ақынжандылық т. б. дамыта түсумен қатар, социализм түсында теріс бағытта белен алған әр түрлі келенсіз қасиеттердің (үлкенді сыйламау, алауыздық, арызқойлық, қызғаншақтық, күншілдік, бақталастық, рушылдық, дүниеқоңыздық, енжарлық, ішімдікке құмарлық, неке бұзарлық т. б. ) пайда болу себептерін қарастырып, олардан біртіндеп арылту жұмыстарын жүргізу - қазіргі таңда ұстаз атаулының басты борышы мен парызы.
Ұлттық сана мен халықтық тәлім-тәрбиенің ілкі бастауы бесіктен қалыптасатыны белгілі. Сондықтанда, ұлт тәрбиесінің әліппесін бала шыр етіп жерге түскен күннен бастап үйдеде, түзде де, мектеп жағдайында да жас буынның ұлттық санасы мен әдеп-ғұрпы, тілі мен имандылығы қалайша дамып, қалыптасып отырғандығына үнемі көңіл бөлу қажет. Имандылық, инабаттылық, мейрімділік секілді халқымызға тән қасиеттердің түп-төркіні мен байырғы бастауларын танып-білу долында ерінбей - жалықпай ізденіс зерттеулер ұйымдастыру, бұларды тәлім-тәрбие процесінің тұрақты жүйесіне айналдыру - барша жұрттың әсіресе ұстаздар қауымының абыройлы міндеті.
Жалпы ұлттық сана төмен болса, халық халықтық қасиетінен айырылып, мылқау күш тобырға айналады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбандығы болып, ұлт, халық, намыс деген қасиетті ұғымдар тілде бар да, ділде (жүректе) жоқ, тек рухани алыпсатарлардың көпшілік көзін алдар құралы мен ұранына айналады. Ел болашағын ойлаған есті азаматтың алысты болжаған аңғарлы саясаты жұртынан қолдау таппай, бар уақыт “жалаңаш патриоттардың” жайдақ айқайын басуға, соларға түсіндіруге, өзімен өзі арпалысуға кетеді. Елдік істе нәтиже болмайды. Адамзаттың ұзақ тарихының сабағы осыны көрсетеді.
Адам баласы әртүрлі жағдай да тәрбиенің әр алуан әсерінде болып, әр салада қызмет етеді. Осы фактілердің бәрі оның жан дүниесінің қалыптасуына елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздену, тәрбиелеу арқылы өзін-өзі сомдайды. Жас ұрпақты жағымды мінез-құлыққа тәрбиелеудің түрлі әдіс тәсілдерімен қатар ұстаз тәлімгерлерге бағышталған мақал-мәтелдер бір төбе. Олар өз ақыл, білім, мінез-құлқымен, қысқасы, бар болмыс бейнесімен баласына үлгі болуға тиіс. Егер адамды жақсы жағдайда дұрыс тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие болатындығы даусыз. Көшпелі халыққа тән имандылық, ілтипаттық, жанашырлық, сезімталдық, балажандылық, т. б. туралы тамаша түйіндер, даналық сөздер қомақты тақырыптарының бірі. Жақсы, жаман болу тәрбиенің, оқу білімнің нәтижесі. Әрине, адамның нақты іс-әрекеттерінің тыныс-тіршілігінің әсері ерекше маңызды. Адам үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен шұғылданғанда ғана қабілетін жетілдіре алмақ. Өз кемекшілігін біліп жағымсыз қасиеттерден арылу адамның өз қолында.
Халқымыз әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенім, қызығулары, әдеп-дағдылары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде де қызықты пікірлер айтқан. Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен, жеке бастының үлгісімен тәрбиелейді. Ойын баласында үлкендердің сөзіне, қылығына, іс-әрекетіне еліктеушілік басым. Жас бөбектерге шынайы тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын жас өзгешелігін, мінез-құлқының өзіндік ерекшелігін айрықша ескеру қажет дейді мақалдар. Баланы оқытып - тәрбиелеуді оның жас кезінен бастап қолға алса ғана тәрбие нәтижелі болып жақсы жеміс бере алады. Жас бала табиғатында оқып үйренуге, танып білуге әуес. Ұстазда ата-анада осы жайтты кезінде тиімді пайдаланып қалуы қажет. Халық адамның білігі, дүние танымы, шыдамдылықты, ойлап толғануды, құмарлық, ықыласты керек ететіндігін, берік білім, өнегелі тәрбие іс-тәжірибе үстінде белсенді әрекет арқылы қалыптасып отыратындығын әдейлеп ескертіп отырған. Міне - осы мәселелер жеткіншек психологиясын танып білуге, тәрбиелеуге азды-көпті пайдасы тиетіні даусыз нәрсе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz