Тұлғаның ұлтжандылық қасиеті, сапалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Тұлғаның ұлтжандылық қасиеті, сапалары

Ұлтжандылық- Ұлы сезім. Адамды ажарландырып, нұр­ландырып, жігерлендіріп жібереді. Біз ұлттың сапалы болуын ойлауымыз керек. Ол үшін нағыз білім болуы керек. Білімнің ұшан-теңіз тереңіне бойлай білуіміз керек. Алаштың азаматтары «Сегіз қырлы, бір сырлы» болған. Сыры - осы ұлтжандылық. Олар нағыз қазақ бола білді. Біз қазақтығымызды жүрегімізбен сезінуге тиіспіз. Өйткені заман - қатал.

Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық.

Картинки по запросу патриоттық суреттер

Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.

Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, т. б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық қасиетін сіңіре аламыз. Кез келген бала тәрбиесіне қатысы бар адам не мекеме өз алдына мен бала бойына ұлтжандылық қасиетін сіңдіремін, бала бойында бұл қасиет міндетті түрде кездесу керек деген мақсат, міндет жүктеп алуы қажет.

Профессор Мәлік Ғабдуллин өзінің “Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес” еңбегінде айкын айтып кеткен. Ата-ана мен балабақша не болмаса тәрбиеге қатысы бар кез келген мекеме ортақ мүддені көздеп соған жету үшін жұмыс жасаса, ата-ана тәрбиешінің, ұстаздың жұмысына, еңбегіне көмек көрсете білсе. “Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді” дейді ғұламаларымыз.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші мен ұстаздың басты парызы.
“Ерлік тәрбиеден туады” -, деген Бауыржан атамыз.

Картинки по запросу патриоттық суреттер

Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.

Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады. Ал патриот болу үшін ең алдымен еліміздің қасиетті тілінде сөйлей білу басты міндет деп айтсақ артық емес. Өз тілінде сөйлей алмай отырған бала кез келген оқылған не айтылған ертегі не болмаса халық ауыз әдебиетінің қай бөлімінің негізгі ой-мақсатының астарын түсіне алмайды.

“Патриот” деген сөз, гректің - отан деген сөз. В. И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын сүйіп, оның қуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте “патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам” - делінген. .
Аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсақ.

Картинки по запросу патриоттық суреттер

Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді

  • Шындығында бала әке - шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында, ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің бесік жырының үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
  • Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен өзінің қасиетті ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
  • Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
  • Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.

Ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі, басты бөлігі ол тілін толық сыйлауға, құрметтеуге, өз тілінде сөйлей алуға, қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету. Жас ұрпақ толығымен деп айтсақ да болады орыс тілінде сөйлейді. Әрине бірнеше тілді біліп, сөйлей білуі дұрыс, бірақ өз тілінде сөйлей алмай өзге тілді меңгергендері халқымыздың құлдырауы деуге болады. Кез келген ұлт алдымен өз баласына өз ана тілін сіңіріп, меңгертуі керек. Қазақ тілі қиын тіл, қазіргі уақытта табиғи құбылыстарға не болмаса экологияға байланысты деп жатамыз көп сәбилер кеш сөйлеп жатыр.

Осылайша үлкен қателікке ұрынамыз. Тәрбие отбасынан басталады деген тұжырымды ойымызға алсақ, кез келген отбасы үлкен жүкті мойындарына алып отыр. Құрсағымызды жарып шыққан, жүрегіміздің бір бөлшегіне айналған өз сәбиімізге өзіміз келешек өміріне жағдай жасамасақ, біздің бұл үлкен міндетімізді өзге адам атқара алмайды. Осы күнде балабақша табалдырығын аттаған бөбектердің тоқсан бес пайызы орыс тілде сөйлейтін балалар, тәрбиешінің айтқан сөзін ойына түйе алмай, қарым - қатынасқа түсе алмай үлкен күйзеліске ұшырайды.

Картинки по запросу отбасы

Балабақшада бізге түк үйретпеді, балаларымыз ештене айтып келмейді, үйренгендерін үйде көрсетпейді деп тәрбиеші мен ата- ана арасында үлкен дау пайда болады. Ал ол даудың басы әр ата - ана өз үйінде бастау алғанын сезбейді, сезіне де алмайды. Балаларымыз орысша жақсы сөйлейді деп, орыс сыныптарына беріп жатқан ата-аналардың саны күннен - күнге артып келеді. Бала бойымызға біте салысымен оның бойына қазақи қанымызбен бірге тілімізді де сіңіре алуымыз керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар бақшасындағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Мәдени мінез - құлықты қалыптастырудың негіздері
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі
Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің жолдарын анықтау
Адамгершілік
Ұлы ойшылдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті
Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz