Ресейде және Қазақстанда этнопсихологиялық ойлдардың қалыптасып дамуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ

Ресейде және Қазақстанда этнопсихологиялық ойлдардың қалыптасып дамуы.

Этнопсихология ғылым ретінде Ресейде 19 ғасырда қалыптасты. Ресейде этнопсихологияның дамуын Орыс географиялық қоғамының қызметімен байланыстырады. Оның мүшелері психикалық этнографияны этнографияның бір бөлімі ретінде қарастырды.
Н. И. Надеждин (1804-1856) осы терминді ұсына отырып, психикалық этнография адам табиғатының рухани әлемін, ақыл-ой және адамгерщілік қабілеттері, ерік күшін және мінезін және т.б. зерттеу қажет деп есептеді. Ол халықтық психологияның көрінісі ретінде халық ауыз шығармашылығын - аңыз, ән, ертегі, мақал-мәтелдерді- қарастырады.
ХІХғ. 70ж. Ресейде этнопсихологияны психологиялық ғылымға ендіруге түрткі жасалды. Бұл идеялар құқықтанушы, тарихшы және философ К.Д.Кавелинге (1818-1885) тән. Ол 40 жылдары Орыс географиялық қоғамының этнографикалық зерттеулерінің бағдарламасын жүзеге асыруға қатынасты. Кавелин халықтың ақыл-о й және адамгершілік қасиеттерін субъективті сипаттамаларын жинақтау нәтижесіне көңілі толмай, халық психологиясын олардың рухани іс-әрекетінің өнімдерін - мәдени ескерткіш, дәстүр, фольклор, сенімдері - зерттеудің объективті әдісінің мүмкіндіктері туралы ой қозғады. Оның көзқарасы бойынша, психологияның міндеті - әртүрлі халықтардың немесе бір халықтың әртүрлі тарихи даму кезеңдерінде рухани өмірінің құбылыстары мен өнімдерін салыстыру негізінде психикалық өмірінің жалпы заңдылықтарын анықтау.
А.А.Потебня (1835-1891) тілдің психологиялық табиғатын зерттеуге негізделген тілдің өзіндік концепциясын өңдеп шығарды. Ғалымның пікірі бойынша, нақты тіл ақыл-ой жұмысының тәсілдерімен байланысты болады және әртүрлі тәлде сөйлейтін әртүрлі халықтар басқаларынан өзгеше тәсіл арқылы өздерінің ойларын қалыптастырады. Потебня тілді адамдарды халықтыққа біріктіретін негізгі фактор ретінде қарастырады.
Н.Г.Чернышевскийдің пікірінше әрбір халықтың өзінің патриотизмі, психологиясы бар және ол нақты істермен көрінеді. Оның этнопсихологияның дамуына қоскан үлесі - ұлттық жән әлеуметтік рухани өмірдің өзара сәйкестігін талдауы. Оның айтуынша ұлттық мінез-құлық ұлттың түрлі сапаларының бірлігі және ол ұрпақтан- ұрпаққа берілмейді , ол тарихи дамудың нәтижесі. Оның пікірінше ұлттық мінез-құлық құрылымына адамдардың тілдерінің алуан түрлілігіне байланысты адамдардың интеллектілік және моральдық ерекшеліктерін қосу керек.
1883 жылы "Советская этнография" журналында этнопсихологияның нені зерттейтіні туралы пікір-талас материалдары жарық көрді. Талқылауға қатысушылар бір ауыздан этникалық психологияда болашақ ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер, әдет, ұлттық сезім көңіл-күй және тағы басқаларының назар аударатынын бідірген. Соның ішінде этникалық топтауырындар мен өзіндік сана, құндылықтары,ерекше көрсетілген. Этнопсихологиядағы зерттеулердің мәселелерін талқылаған А.Ф.Дашдамировтың (1983) "Этнопсихологияның міндеті-ұлттық өзіндік сана, ұлттық сезім және көңіл-күй қалай қалыптасады,әрі қалай көрінеді?-деген сұағының мәні зор.
Г.В.Старовойдың пікірі бойынша, этнопсихология ғылым ретінде жалпы психологияның бір бөлігіне жатады. Этнопсихологиялық зерттеудің аясын барлық психикалық функциялардың ерекшеліктері кіреді, әрі олар онтогенез бен филогенезде қалыптасады. Ал, бұл этнопсихологиялық проблематикаға психиканың дамуындағы жалпы психологиялық мәселелердің тікелей байланысы бар екенін көрсетеді.
Этнопсихологияның әдіснамалық негізі, психикалық құбылыстарды зерттеудің іс-әрекеттік жолы болып табылады. Осы бағытты дамытқан - Л.С.Выготскийдің, Л.Н. Леонтьевтың мектептері. Ұлттық мінез туралы айтатын болсақ, оған тұлғанның жүйелік іс-әрекеттік тұжырымдамасы тұрғысынан қарау керек .
70-80 жылдарда КСРО-дағы этнопсихологиялық ізденіс саласында серпіліс болған байқаймыз. Мысалы: Б.Ф. Порлиневтің этнопсихологиялық зерттеулерін зор маңызын атап кетуге болады. Оған ғылым жасаған этнос пен этногнездің биологиялық , географиялық тұжырымдамасы дәлел .
Тұлғаның өміріндегі ұлттық мінездің байқалуіын А.Г. Асмоловтың тұжырымдамасы ашады. Тұлғаның құрылымдың бірілігінде ұлттық мінез айқындалады.
Халық педагогикасы көтерген тәліми мәселелердің адамның жан дүниесіне орайластыра баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып жүйеге түскен ұлттық дәстүрге, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек дене т.б. таптаурында болған нормалар мен принциптер, яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез-құлық, іс-әрекеттің ішкі астарлары сөз болады.
Ұлттық дәстүрмен салт-сана адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді.
Халықтық психология - адамдарың қоғамдық және жеке тәжірибесінен өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі. Бұл адам мінез-құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностық өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнопсихология шұғылданады.
Этнопсихология қарастыратын психологиялық жайттар фольклор, ауыз әдебиетінде өлшеусіз мол. Мәселен қазақ халқының аңыз-әңгімелерінде батырлық эпос жырларында, ертектері мен айтыс өнерінің сан алуан түрлерінде адамның жан жүйесінің небір түрлері әр қырынан көрініп жатады. Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының ішінде мақал-мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады.
Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы Иоллыг - тегін (Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали, Жалайри, Бұқар жырау, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта - аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді.
Шығыс республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың (Мұғалім-1919, Жаңа мектеп-1925.) бірінші болып қазақ жерінде жарық көруі, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев сияқты зиялыларымыздың психология саласына сол кездердің өзінде - ақ қалам тартуы - осы айтылғандардың жақсы айғағы.
Ежелгі ескі заманнан бастап кешегі кеңестік кезең келмеске кеткенге дейінгі ұланғайыр мерзім-мезгілдер аралығында ұлы дала төсінде небір кемел ойлы кеменгерлер ғұмыр сүріп , көшпенділнр өркениетіне өлшеусіз үлес қосқанын бүгінде ешкім де бекерге шығара алмайды. Үш мыңжылдық дәуір дәурен сырларын қойнауына бүгіп жатқан бұл ХҮ- ХІХ ғасырларда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шалкиіз. Оның шығармашылығы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтар арасына кең тараған. Шалкиіз ел билеу істеріне ертеден араласады. Ноғайлы жұрттың әміршісі Темірдің беделді билерінің бірі болады. Шалкиіздің өлең жырларының мазмұнына қарағанда жырау бірден әскери жорықтарға қатынасып, әміршінің нөкерлерімен бірге Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын аралағанға ұқсайды. Шалкиіз ер жігіттің ерлікпен аты шығатынын, нағыз батыр туған ердің қиындық біткенге шыдап бағып, халық қамын жеуге, ел үшін белін буып , күреске шығуға керектігін айтады.
Қазақтың ұлы ғалымы ағартушы- демократ Ш.Ш Уалиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Өз экспедициялаында ол қыруар матеиалдар - өзі болған аймақтардың тарихы, қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны. Шың- тастардағы жазу белгілері , көне ескерткіштер , аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихология туралы жалпы түсінік
Этнопсихология туралы түсінік
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері
ХХ ғасырда этнопсихологияның Ресейде дамуы
Психология ғылымының тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Этнопсихологияның даму тарихы
Әлеуметтік психологиялық құбылыстар - этнопсихология
Пәндер