Этносаралық қарым-қатынас психологиясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
Этносаралық қарым-қатынас психологиясы

Этносаралық қатынастар кең мағынада халықтардың әр түрлі салаларда - саясатта, мәдениетте, т.б. өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі, тар мағынада түрлі ұлт өкілдері арасындағы байланысқа түсудің түрлі салаларында - еңбек, отбасылық-тұрмыстық, көршілік, достық және өзге бейресми араласуындағы тұлғааралық қатынастар ретінде түсіндіріледі.
Этносаралық өзара қатынастарды зерттеу кезінде этносоциологтар мен этнопсихологтардың зерттеу пәні ең алдымен өз тобы мен басқа топ жөніндегі ойлары мен қабылдауы, онымен байланысқа түсуге дайындығы, психикалық жай-күйі мен процестер болып табылады.
Ұлтаралық қатынастар - қазақстандық қоғамтанушылар үшін зерттеуде ерекше көңіл бөлетін мәселе. Ұлттық феноменнің көрінуіндегі, ұлттық өмір ағымының сипатындағы тәуелділіктерді зерттеу пәні қазақстандық ғалым
А.П. Коноваловтың пікірінше - әлеуметтік материяның ажырамас бөлігі қатынас, қоғам іс-әрекетінің бағытын, оның нақтылы құрамдас бөліктерін анықтаушы фактор болып табылады.

Қатынастар - бұл өзара байланыстар мен өзара әсер ету жүйесі, мүмкіндіктер мен жағдайлар жүйесі, іс-қимылды ортақ мүдделерді іске асыруға бағыттауға мүмкіндік беретін қандай да бір психологиялық аура: қоғамның, оның ұжымдарының, нақтылы өкілдерінің мүдделері. Қатынастар - бұл социум өмірінің формасы, оның біріктіруші күш.
Ұлтаралық қатынастарда бір-бірімен ажырамас болғанмен, әр түрлі "жұмыс істейтін" мүдделердің тұрақты екі тобының өмір сүреді.
Мүдделердің бірінші тобы шартты түрде "жалпы әлеуметтік" деп аталған. Қазақстанда өмір сүретін ұлттық топтар үшін бұлар көбінесе төмендегілер болуы мүмкін: аумақтық-мемлекеттік (аумақтық- құқықтық қатынастардың бірыңғай жүйесі бар ортақ мемлекет), әлеуметтік-экономикалық (бірыңғай экономикалық кеңістік, материалдық игіліктерді өндіруде, бөліп беруде қатысудың бәріне ортақ механизм), әкімшілік-құқықтық (бәріне ортақ заңдарға бағыну), білім алу, ғылыми, мәдени салалардың, т.б. ортақтығы.
Мүдделердің екінші тобы - "этникалық өзіндік ерекшелігі бар" мүдделер, автор оған әрбір ұлттық топты сипаттайтын және ең алдымен тілдің, мәдениеттің, дәстүрдің, шаруашылық тәртіптің, сана мен өзіндік сана-сезімнің, т.б. ерекшеліктерінде көрінетін қажеттіліктер тобын жатқызады.
Әрбір адам бір уақытта жалпы әлеуметтік және этникалық өзіндік ерекшелігі бар мүдделер мен қажеттіліктердің иеленушісі болып табылатындықтан ұлтаралық әрекеттесу процесінде бұл жағдай бірыңғай және ерекше арасындағы қарама-қайшылық үшін тиісті жағдай туғызады, ол өз кезегінде бөгде этникалық субъектілермен байланыс орнатуға жол ашады.
Этникалылық, З.В. Синкевичтің әділ атап өткеніндей салыстыру мен коммуникациядан тыс өмір сүрмейді, ол табиғи нәрсе, себебі бұл оның болмысының тәсілі.
Жекелеген этникалық топтар арасындағы қатынастар барлық уақытта екі полюс арасындағы шартты шамада орналасады: бір жағынан тілектестік өзара әрекеттесу (бейнелі түрде айтқанда ұнатушылық), екінші жағынан жек көріп шеттелу немесе ұнатпаушылық. Бұл жағдайда шаманың ортасын этникалық шыдамдылық (толеранттық) алады.
Этносаралық қатынастар - қазіргі полиэтникалық қоғамды анықтайтын құрамдас бөліктерінің бірі.
Бұл қатынастардың динамикасы мен тепе-теңдігі байланысқа түсетін халықтар мен этникалық топтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты. Оларға өзара тәуелді факторлардың жиынтығы әсер етеді. Атап айтқанда: халықтардың әлеуметтік-экономикалық қатынастарының деңгейі, олардың саяси, мәдени және демографиялық дамуының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері. Бұл олардың өзара әрекеттесуінің сипаты мен динамикасын ғана емес сонымен қатар әрқайсысының орны мен рөлін де анықтай алуы мүмкін.
Этносаралық қатынас - бұл объективті өмір сүретін шындық, этноәлеуметтік қауымдастықтарға тән этникалық белгілер мен қасиеттердің көріну ауқымы: мақсаттардың, ділдің (менталитеттің), жүріс-тұрыс ережелерінің, т.б. жиынтығы. Бұл қатынастар барлық уақытта күрделі болып келеді.
Этносаралық қатынастар - полиэтникалық қоғам өміріндегі процестердің дамуының күтпегендіктің, ойда болмағандық пен біркелкі еместік деңгейі бар аса қозғалмалы әрі жылдам өзгеретін саласы.
Ұлтаралық байланыстар - бұл барлық халықтар үшін пайдалы, сондықтан өз еркі бойынша іске асырылатын табиғи, объективті, диалектикалық процесс. Ол адамдар мәдениетінің дамуының нәтижесі, өмір сүрудің басты шарты, тәсілі және әрбір адамды жетілдірудің жолы болып табылады.
Ұлтаралық қатынастар мәдениеті бірінші кезекте әр түрлі ұлт өкілдерінің тұлғааралық қатынастарының білгілі бір сапалы деңгейі болып табылады. Ал тұлғааралық ұлттық қатынастар өз көрінісін адамдардың қылықтары мен дүниетанымынан, өнегелі бастамаларынан, жүріс-тұрыс қалыптарынан, басқа ұлттарға көзқарасынан, атап айтқанда еңбек етуден, тұрмыстан, демалыстан, ұлты басқа адамдармен байланыс жасауды мақсаттардан, ұлттық мүдделер мен ұлттық өзіндік ерекшелік көрініс беретін қоғамдық өмірдің қандай да бір саласына бағытталған мақсаттар жүйесін білдіретін ұлттық ұстанымдардан табады.

Ұлтаралық қатынастар мәдениеті - бұл әр түрлі ұлт өкілдері арасында силастықтың, қолдаушылықтың, ұжымшылықтың, ізгіліктің, ұлттық өзімшілдікке, шовинистік меменсуге жол бермеушіліктің, өз мәдениетін игеруге және басқа ұлтттардың, халықтардың, ұлттық топтардың рухани құндылықтарын игеруге ұмтылудың орнатылуы.
Ұлтаралық қатынастардың шанайы тәжірибесінде үйлесімділік - сирек кездесетін құбылыс. Оған қоса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Этникалық таптауырындардың жалпы сипаттамасы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Этнопсихологияның даму тарихы
Этнопсихология жайлы
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер
Пәндер