Қылмыс жасаушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасынан босатылу мәселелері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыста қылмыс жасаушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасынан босатылу мәселелері кешенді зерттеледі.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. Осы Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын басшылыққа ала отырып, 2002 жылы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен мақұлдаған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей, қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар мен ажырамастығын тану негізін алынуы тиіс. Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қарастыра келіп: «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама - қайшы іс - әрекет жасайтындарға заңның қатаң тұрі қолданылсын» - деп атап өткен болатын.

Зерттеу пәні. Сотталушының әрекеттерін саралау және оларға жауаптылық белгілеуге байланысты қылмыстық құқықтық ережелерді жетілдіру және оны қолдану тәжірибесін көтеру үшін осы тақырыпқа байланысты пайдаболған даулы мәселелерді зерттей отырып, ұтымды әрі дұрыс бағыттағы шешім көрсету болып табылады.

Курстық жұмыстың негізгі және басты мақсаты. Жазаның басты мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже. Жазаның мақсаты ҚР ҚК-тің 39 - бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».

Яғни, жазаның негізгі мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты) ;
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты) .

Бұл тақырыппен жұмыс істеу барысында осы сұрақты реттеуші Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамалары мен басқа да нормативтік құқықтық актілері қолданылады.

Ізденуші заң, ғылым саласындағы белгілі ғалымдар Д. Б. Бұғыбай, И. И. Карпец, Н. А. Беляев, А. И. Марцев, С. В. Полубинская, М. Д. Шаргородский, А. Н. Таргабаев және т. б. қоғамдағы құқықтық жүйелер туралы сөз еткен болатын. Олардың еңбектерінде, құқықтық жүйе ерекше құқық ретінде қарастырылған. Осы ғалымдардың еңбектері және басқада әдебиеттер осы жұмыстың тереториялық негізі ретінде қолданылады.

1. ЖАЗАНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЖҮЙЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1. Жаза ұғымының түсінігі

Күнделікті өміріміз қылмысқа қарсы күресте қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын, соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып қоюмен ғана көзделген мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдеп келеді. Бұл күресте қылмысты ескерту шараларының, сондай - ақ, қылмыстың алдын алу шараларының да көзделген нәтижеге жетудегі үлесі қомақты болып отыр. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданатын шаралары сан түрлі. Мемлекет қолданатын осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де ықпалдысы да - жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Заң тұрғысынан алып қарағанда, жаза қылмыстың құқықтық салдары болып табылады. Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысқан құқықтық ұғымдар. Мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде жаза - қылмыс болып табылатын құқық бұзушылыққа ғана қолданылады. Қылмыстық жаза мемлекеттік күшейту шараларының бірі болып табылады және ол мемелекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарның бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана - сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде, тек арнаулы заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық - құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекетттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматттық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады:

Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.

Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 39- бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде - біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану- тек қана соттың құзыреті.

Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай - ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешілігін көрсетеді.

Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан - ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан - ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.

Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық - құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда «адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс», - делінген. Сондай - ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мұнада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс - әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатады.

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін. Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс - әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс - әрекетті істеудегі мінез - құлқына тікелей байланысты болады.

Жазаның өзіне тән міндетті қасиеті - жазалау. Жазаны - жазалаудың күшпен қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни сотталған тұлғаны заңда көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыратын немесе оларды шектейтін жарғы деп түсіну керек. Жаза қылмыскерге қашанда белгілі бір айырылу, қайғы - қасірет шектіреді. Олар тән азабы, рухани сипатта, қаражатқа қатысты немесе басқадай сиппатта болуы мүмкін. Мысалы, бостандығынан айырылған, бірқатар құқығынан айырылады. Ең алдымен, ол бостандығынан айырылады оның өзінің отбасымен, достарымен, туған - туыстарымен қарым - қатынасы үзіледі. Мүлкі тәркіленгенде немесе айыппұл салғанда сотталушының қаражатының жағдайы нашарлап кеттеді. Ал жазаның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан сияқты шарасы - лауазым, мамандық таңдау пайдалану құқығын шектеуге ұласады. Жазаның жазалаушы элементтері оның қорқыныш тудыру сияқты қасиетті алға тартады. Жазалау - жазаның ауырлық деңгейін білдіреді. Жазаның мәжбүрлеу, жазалаушы жақтары неғұрлым үдемелі болса, жазада соғұрлым ауыр болады. Тағайындалатын жазаның ауырлығы, өз кезегінде, жасалған қылмыстың ауырлық деңгейі мен сипаттына, қылмыскердің жеке басына және іс бойынша кездесетін басқа да жағдайларға байланысты болып келеді.

Жазалау туралы айтқанда оның жазаның өзіне тән, міндетті белгісі екендігін айта отырып, жазалау қылмыстық кодексте жазаның мақсаты ретінде қарастырылмайтынын (ҚР - 39 - бабының екінші бөлігі ) ескеру қажет. Жазалау бұған дейінгі болған Қылмыстық Кодекстерде жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. Алайда, жазалауды жазаның мақсаты деп қарастырылған бірталай ғалымдарда болған. Атап айтқанда, Н. А. Беляев былай деп жазған: «жазаның мақсаты болып табылатын жазалауды біз жасаған қылмысының құнын қайтару үшін құқық бұзушыға айырылу мен қайға - қасірет шектіру деп түсінеміз»1. Дәл осындай пікірлер И. И. Карпецтің, А. Н. Таргабаевтың жұмыстарында кездеседі.

Жазаның мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы ретінде өзіне тән сипатты белгісі бар. Ол - жағымсыз құқықтық салдарға ұшырататын - «соттылық». Егерде тұлға қайтадан қылмыс жасаса, оның алғашқы жасаған қылмыс үшін сотталғаны қылмыстық жауаптылықты ауырлатушы жағдай болып саналады.

Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар тұлғаның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК- тің 33-бабы) . Қылмыстың қайталануы тағайындалатын жазаның түрі мен мөлшеріне, сол сияқты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау кезінде жіберілетін колонияның түріне де әсер етеді (ҚК -тің 48 -бабы) .

Сот арқылы жазалау кезінде қылмыскермен оның жасаған ісіне жағымсыз баға тек құқықтық тұрғыдан емес, моральдық тұрғыданда беріледі.

Жаза сот алған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.

Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән - жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай - ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай: Біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.

Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдар немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды.

Сондықтан да жаза - қылмыс жасаған тұлғаның атына оның жоғарыды аталған белгісі үшін мемлекеттің тарапынан көрсетілген жағымсыз баға болып табылады.

Сонымен, қылмыстық жаза - бұл соттың үкімінде қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға істегн қылмысы үшін қолданылатын, жазалаушы күші бар және қылмыс жасаған тұлғаның атына (және қылмысқа) мемлекет тарапынан бетке басуды яғни, жағымсыз бағаны білдіретін, мемлекеттік мәжбүрлеудің қылмыстық заң арқылы орнықтырылған шарасы.

1. 2. Жаза мақсаты

Мемлекттік мәжбүрлеудің әр шарасының өз міндетті, өзінің ерекше мақсаттары бар. Жазаның мақсаттары деп мемлекеттің жаза тағайындау, оны қолдану мен іске асыру арқылы қол жеткезуге ұмтылатын ең шегіне жеткен, ақтық әлеуметтік нәтижелерін айтамыз.

Жазаның мақсаттарын анықтаудың, ең алдымен, соттың құқық қолдану қызметіндегі маңызы зор. Нақты тұлғаға қатысты жазаның түрі мен мерзімін анықтау барысында сот жазаның заңда көрсетілген мақсаттарын басшылыққа алу керек. Бұл талапты елемеушілік заңсыз, негізсіз, әділетсіз жаза тағайындап, әділетсіз сот үкімін шығаруға әкеліп соқтырады.

Заңдағы жазаның мақсатының айқындалуы жаза қолданудың тиімділігі туралы ғылыми зерттеулер үшін де қажет. Мысалы, алғаш рет жасалып отырған қылмыстардың санының кемуі немесе арты түсуі жалпы ескертудің мақсатына жету дәрежесінің көрсеткіші болуы мүмкін. Ал арнайы ескерту мен сотталушының түзелуінің дәл осындай көрсеткіші - қайталанушы қылмыс деңгейі болып саналады.

Қылмыстық кодекстің 39 - бабы жазаның мақсатын анықтай келе былай дейді : «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай - ақ, сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады ».

Олай болса, жазаның төмендегідей мақсаттары болады:

  1. әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
  2. сотталушының түзеу;
  3. сотталған тұлғаны жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты) ;
  4. басқа тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтандыру (жалпы сақтандырудың мақсаты) .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазаны тағайындаудың жалпы негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері
Қазақстанда және шетелдерде өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды талдау
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Қылмыстық құқықтағы жаза туралы
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңының жазалар жүйесінің ұғымы, түрлері және маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz