Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары


шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Мазмұны
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1. Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың
теориялық негіздері
- Шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың
ғылыми-педагогикалық негізі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 12
- Шағын жинақталған ауыл мектебінің оқушыларын ұлттық кәсіпкерлікке
баулудағы халықтық еңбек дәстүрлеріне сипаттама_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 37
- Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың
педагогикалық шарттары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 48
- Шағын жинақталған мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде кәсіпкерлікке
баулудың әдістемелері
- Шағын жинақталған мектептердегі оқу үрдісінде оқушыларды кәсіпкерлікке баулу жұмыстарының мазмұны_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 71
- Сабақтан тыс уақытта шағын жинақталған мектеп оқушыларын
кәсіпкерлікке баулу әдістемелері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 88
- Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 106
Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 129
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 131
Қосымшалар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 140
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы - біздің еліміздің стратегиялық даму курсының жүзеге асуын лайықты жалғастырудың кепілі. Экономикалық саясаттың стратегиялық жүйесін және бүкіл қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатын қозғады [1] .
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі ғылымның жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030 бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатының мақсатының бірі - жан-жақты білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру [2, 3] .
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» ауылдық жерде шағын жинақталған мектептердің балаларына арналған бейіндік мектеп-интернаттар ашу қажеттілігі айтылып, осы мектептерге көп көңіл бөлінген [4] .
Егеменді Қазақ Республикасының өркениетті ел болуға бағытталып, экономикасының жедел дамуы, оны кәсіпкерлік біліктілігі жоғары еңбек ресурстарымен қамтамасыз етпей, олардың бойында жастарынан дүниетанымдылық, құзырлылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік және азаматтық сияқты құнды қасиеттерді қалыптастырмай және бүгінгі әлеуметтік өзгермелі өмір талабына сай кәсіпкерлік қабілеттерді дамытпай жүзеге асыруы мүмкін емес. Бұл маңызды міндеттерді негізгі іске асырушы факторлар-мектеп және әлеуметтік орта болуға тиіс.
Қазіргі экономикалық реформалар әсерінен республикамызда жаппай жекешелендіру жүріп жатқандықтан, ірі шаруашылықтар ыдырап, ұсақ меншікті кәсіпорындар мен фермерлік кәсіпкерліктің өсуіне байланысты шағын жинақталған мектептердің саны да қарқындай көбеюде. Және де шағын жинақталған мектептердің санына, әсіресе ауылды жерде бұрынғыдай тек қана бастауыш емес, сонымен қатар негізгі орталау және орта, тағы да түрлі жекешелендірілген мектептер де кіре бастады. Ал мұндай мектептердегі дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу үрдістері бүгінгі реформаларға байланысты түпкілікті әлеуметтік өзгерістерге барынша икемделе алмай отырғаны белгілі.
Мұның өзі келешекте сапалы маман дайындауды қиындатады. Көбінесе, шаруашылығы майдаланған ауылды жерлерде бұл жағдайлар жиірек орын алуда.
Қазіргі ауылдағы шағын және орта бизнесті барынша жандандыру үрдісіне сәйкес кейінгі жылдардағы кәсіпкерлікті дамыту туралы қабылданған мемлекеттік құжаттарда төмендегідей өзекті міндеттер қойылған:
а) Қазақстан қоғам құрудың өзіндік моделін негізге алып, өзіне тән менталитетін еңбекқорлығын, қайырымдылығын, қонақжайлығын т. б. бағалы дәстүрлерін дамыта беру:
б) ұлттық бірлікті, әлеуметтік шындықты, жеке нарық шаруашылығының барлық түрлерін өрістетумен жоғары білікті кәсіпкер мамандарды жаңа ғылыми-технологиялық өндірісте пайдалы еңбек етуге дайындау және болашақ кәсіпкер ұрпақты елінің нағыз патриоты болуға, жоғары ақылы жұмыс атқаруға, салауатты өмір сүруге баулу [5] .
Ендігі Қазақстанның болашағы білікті кәсіпкерді білім жүйесін реформалаумен дайындауға тәуелді болғандықтан, өмірді жаңашылдық, шығармашылдық тұрғыдан пайымдайтын, ұлттық мәдениеті кемел, дүниеге этикалық, экологиялық жауапкершілікпен қарайтын жаңа тұрпатты кадрды қалыптастыруды көздейді.
Қазіргі шағын ауылда жеке фермерлік шаруа қожалықтарын, шағын өндірістерді, серіктестік, делдалдық, қаржылық, т. б. әлеуметтік-экономикалық кәсіпкерлік жүйені дамытудың өзекті міндеттері туындауда.
Мұның өзі кәсіпкерден өзінің бар ресурстарын тиімді пайдалану арқылы үнемі жаңашылдықпен, жауапты тәуелділікпен қызмет жасай білуді талап етеді. Және қазіргі нарыққа көшуіміздің бастапқы қиын кезеңдерінде ол өз шаруашылығына қажет барлық бизнестік /менеджерлік-басқарушылық, маркетингалық-тауар өтімділігін зерттеу, т. б. нарыққа тән/ қызметтерді көбінесе жалғыз өзі жауапкершілікпен атқаруға мәжбүр болады. Сондықтан, біз оны біліктілігі жоғары, аса жетілген кәсіпкер тұлға болуы керек деп санаймыз.
Бүгінгі талаптарына сай ең маңызды міндеттердің бірі - шағын жинақталған мектептерді сақтап, оларға білікті кәсіпкер болатын нағыз азаматты тәрбиелеулеріне мүмкіндіктер туғызып, болашақта нығая берулеріне барынша жағдай жасау. Ал, бұл мәселелер ауылды жерде негізгі әлеуметтік-экономикалық, аймақтық, экологиялық, демографиялық, этнопедагогикалық т. с. с. факторларды ескере отырып шешуді қажет етеді. Соның ішінде әлеуметтік өмірге, экономикаға басты әсер ететін факторлар - қазақ жерінің өзіне тән территориялық (аймақтық), табиғи және экологиялық жағдайларының ерекшеліктері. Ол - ең алдымен облыс орталығынан, темір жолдан шалғай жатқан, ауа райы күрт өзгермелі әр түрлі рельефті, экологиялық қауіпті өлкелер, шөлейт, жартылай шөлейт, таулы аудандар мен тың жерлер. Енді осындай жағдайы күрделі аймақтарда шаруашылықты дамыту өте қиынға түсіп отыр, себебі ол үшін ең алдымен ауылшаруашылық өнімдері сол жерде өңдеп шығаратын қондырғыларды, өнімнің барынша өтімділігін қамтамасыз ететін кәсіби бірлестіктерді салып, пайдаланумен қатар, ұсақ ұжымды өндірістерді, жеке кешендер мен фермерлікті дереу көбейтуді қадағалау қажет. Және де бұл стратегиялық маңызды міндеттерді шын мәнінде нәтижелі орындау үшін қазіргі ең бір уақыт күттірмейтін қажеттілік - ауылды жерде біліктілігін, мәдени іскерлігін үнемі арттыруға ұмтылған, қазақтың аса бай, мәдени-өнер, еңбек дәстүрлерін бойына сіңірген, ұлт ерекшелігіміздің ұтымды әдет-ғұрпын және тәжірибелерін меңгерген, жаңа кәсіпкер тұлғаны тәрбиелеуді жолға қою [6] .
Болып жатқан білім беру үрдісін реформалау кезеңінде, ауылдағы шағын жинақталған мектептегі оқушының, әрі сынып санының азаюына байланысты бір мұғалім бірнеше пәндерден сабақ жүргізуге мәжбүр болып отыр, ал бұл ұстаздардан аса білікті дайындықты қажет етеді. Осындай себептерден олар үнемі әдістемелік көмек алуға білім берудің жаңа стандартына, тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларына көшуге байланысты қайта дайындықтардан мезгілінде өтіп отыруға міндетті [7, 8] .
Зерттеліп отырған мәселе бойынша жасалған ғылыми әдебиеттерге талдау мен озық тәжірибелерді ой өзегінен өткізуімізге қарағанда, ауыл мектептерінде оқушыларды қазіргі кәсіпкерлікке баулу үшін олардың бойында әлеуметтік жоғары тұлғалық бағалы қасиеттерді тәрбиелеу қажеттігі туады. Бұл проблемалардың қоғамдық философиялық мәселелерін зерттегендер: К. А. Абульханова-Славская, И. Г. Фролов, В. Н. Мясищев, Л. П. Буева. Бірақ, бұл зерттеулер біржақты, саяси қоғамдық тұлғаны қалыптастыруға ғана назар аударған. Қазақстанда бұл бағытта қомақты зерттеулер жасап, еліміздегі азамат тұлғаны қалыптастыруға үлес қосқан: Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов, Д. Кішікбаев, Ж. Ж. Наурызбай зиялы ғалымдарымыз бар [13-16] .
Тұлғаның әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық ролі мен психологиялық және педагогикалық даму мәселелерін психолог-ғалымдар: Б. Г. Ананьев, А. И. Леонтьев, С. Д. Божович, В. А. Крутецкий, Л. С. Выготский, С. Д. Рубинштейн, И. С. Кон, К. К. Платонов, М. Титма, Б. М. Теплов, В. С. Мерлин, шет елден - К. Роджерс, Ж. Пиаже, т. б. зерттеген. Қазақстанда аталған бағытта үлес қосқан: М. М. Мұқанов, К. Жарықбаев, Л. К. Керимов, Ж. И. Намазбаев, АП. Сейтешев, М. Құдайқұлов, С. Қалиев, Н. Д. Хмель, т. б. атауға болады [17-38] .
Оқушыларда еңбекке, кәсіпке жүйелі бағыттаудың негізінде оларда кәсіпке тұрақты қызығушылық пен бейімділік қалыптастырып, соның негізінде өндірістік еңбекке сапалы дайындауға болатын жолдарын анықтаған ғалымдар: К. К. Платонов, С. В. Батышев, К. Момынбаев, Ө. К. Күмісбаев т. б. болса, бұл салада Қазақстанда: А. П. Сейтешев, М. Ә. Құдайқұлов, М. Н. Сарыбеков, Ж. А. Караев, Н. Сарыбеков, Г. А. Байдельдинова, Г. Т. Хайруллин, Н. Д. Хмель, Г. К. Нұрғалиева, т. б. айтарлықтай еңбек жасаған зерттеулер бар [39-51] .
Ауыл мектептерінде оқушыларды ауылшаруашылық еңбекке, кәсіпке өндірістік бригадалары мен еңбек бірлестіктері арқылы бағдарлау жұмыстарының әсерлілігін дәлелдеген: В. Ф. Афанасьев, С. И. Гореславский, К. Ш. Ахияров, А. Д. Сазонов, А. П. Калюжный, В. А. Чичков, Е. П. Госсу, П. П. Костенков, т. б. зерттеушілердің есімдерін атау керек [52] .
Алайда, олар кеңес үкіметінің әкімшілік саясатына сәйкес еңбек пен кәсіпке бағдарлау мәселелерін бір жақты, қарастырған және де бұл зерттеушілер (К. А. Иванович, В. Д. Пахомов, С. И. Гореславский, Е. П. Гроссу, В. А. Чичков, К. Давлетов) оқушыларды ауылдың жетекші кәсіптеріне бағдарлаудың бағыттары мен әдістемелерін анықтай отырып, ол жұмысты мектептің тұтас оқу-тәрбие жүйесімен байланыстыруға мән бермеген және оқушылардың кәсіптік бағалы қабілеттерін халықтың еңбек пен көне кәсіптік дәстүрлерінің негізінде қалыптастыруға назар аудармаған [53] .
Басқа да зерттеулерде сол кезеңдердегі біржақтылық, кәсіпке бағдарлауды әлеуметті-психологиялық, экономикалық региондық-экологиялық, т. б. факторлармен тұтас сәйкестендірмей, тек партия саясаты мен нұсқауларының шектелген деңгейлерімен жүргізу сияқты орын алған. Сонымен қатар ауыл мектептерінің, әсіресе қазіргі шағын жинақталған мектептердің ерекшеліктерін ескерумен бүгінгі еліміздегі экономиканың қажеттілігіне сәйкес кәсіпкерлік тұлғаны тәрбиелеудің мәселелері арнаулы қарастырылмаған.
Шағын жинақталған мектептердің республикамызда қалыптасу кезеңдері мен кейбір даму мәселелерін әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық тұрғыдан зерттеген: Ы. Алтынсарин, Г. З. Әбілғазинов, К. Б. Бержанов, Қ. Б. Жарықбаев, А. Н. Ильясова, Р. Ж. Иржанова, С. Қалиев, Т. Т. Тәжібаев, Г. А. Уманов, Ә. И. Сембаев, С. А. Ұзақбаева, Қ. Б. Сейталиев, Ә. Сытдықов, Г. М. Храпченков, т. б. ғалымдарды атаймыз [54-61] .
Біраз еңбектер оқушылардың кейбір өндірістік кәсіптерге коммуникативтік, танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық т. с. с. қабілеттерін дамытуға арналған, олардың нәтижелері оқушыларды кәсіпкерлікке баулуға көмектеседі. Бұған белгілі ғалымдар: Г. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. Ф. Тальзина, Г. И. Шукина, В. Ф. Шаталов, И. С. Якиманская, сонымен қоса біздің республикамызда бұл бағытта ат салысқандар: Р. Г. Лемберг, С. Қалиев, Г. К. Нұрғалиева, М. Ә. Құдайқұлов, Т. Г. Сабиров, т. б. көлемді үлес қосты [62-69] .
Балалардың әр түрлі еңбек үрдісінде іскерліктерін дамытып, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне көп мән берген жаңашыл ұстаздар мен ғалымдар - И. П. Волков, Е. П. Герасимчук, Г. Кубраков, Петровская, В. Ф. Шаталов, сонымен қатар біздің республикамызда - Г. А. Уманов, Г. Т. Хайруллин, К. Бозжанова, К. М. Жүкібаев, Ж. И. Намазбаева, Е. Сағындықов, т. б. жатады [70-71] .
Егеменді ел болғаннан кейінгі уақыттан бері елімізде балаларды халық педагогикасының дәстүрлерімен тәрбиелеу тәжірибелері қалыптасып, біраз зерттелген: К. Жарықбаев, С. Қалиев, Б. Адамбаев, Ш. Әміралиев, Ж. Байжанова, С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, А. Дайрабаева, Т. Қоңыратбаева, Ж. Наурызбайдың ғылыми еңбектері шықты [72-76] .
Ауылдағы шағын жинақталған мектептің кейінгі тәжірибелеріндегі педагогикалық және психологиялық мәселелерін - С. Қалиев, Г. З. Әбілғазинов, Г. Суворова, Б. А. Жильцов, В. Ш. Величкина, А. Е. Кондратенков, т. б. қарастырған. Бірақ, бұл ғалымдардың еңбектерінде шағын ауыл мектептерінің жұмысына әсер ететін факторлар айқындалмаған және олардың оқушыларды кәсіпкерлікке тұтас педагогикалық жүйемен баулу мүмкіншіліктері осы уақытқа дейін зерттелмеген. Тұлғаны жан-жақты қалыптастыруда тәлім-тәрбиелік ортаның болу қажеттігін А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Ш. А. Амонашвили сияқты ғалым педагогтар айтқан, ал қазақ елінде оған мән бергендер: А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. А. Құдайқұлов, С. Қалиевтер демекпіз. Алайда, бұл мәселе әлі де ауыл мектебінің практикасында өз шешімін таба алмай отыр [77-88] .
Ауылдағы оқушылардың бойында келешек кәсіпкерлікке тән хабардарлық, іскерлік, шығармашылық т. с. с. бағалы қабілеттері қалыптасуы үшін, оларда бір жүйелі бағытпен білуге, үйренуге «Толқыныс», «Күдіктену» т. с. с. ұмтылыстар туғызып (Ж. Аймауытов), соған балалардың өз беттерімен шешімдер тауып қанағат алуларына қажетті жағдай туғызып отыру міндет. Бұл өзекті міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін педагогикалық негізде іс-әрекеттердің бір жүйемен әсерлі жұмыс істейтін оқу-тәрбиелік ортаның қажет екенін қазіргі талап, тәжірибелер көрсете бастады [86] .
Сонымен қатар, республикада шағын жинақталған ауыл мектептер мәселесін өз еңбектерінде қарастырған Г. З. Әбілғазинов, З. А. Алдамжаров, А. М. Мұхамбеджанова, Ж. С. Сардарова, Қ. Б. Сейталиев, Е. Б. Сақипов, А. М. Сизоненко, Н. М. Сламбекова, Б. М. Әбдірахманов сияқты авторлардың зерттеулерін атап өту парыз. Бұл еңбектер ауылдық мектептер тәжірибесінде оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде біршама септігін тигізіп келеді. Бірақ, зерттеу проблемамыз бойынша ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен диссертациялық жұмыстарға талдау көрсеткендей, шағын жинақталған ауыл мектептерінің оқушыларын кәсіпкерлікке баулу проблемаларын идеологиялық, теориялық- әдіснамалық тұрғыдан негізделіп қарастырылғанын аңғару қиын емес [89] .
Жалпы аталмыш мәселелерге байланысты пайда болған мынадай көп жақты қайшылықтарды айтуға болады:
а) еліміздің ауыл шаруашылығының жаңа экономикаға көшу қажеттілігі мен кеңестік дәуірден қалыптасқан ұжымдық меншікті шаруашылықты дамытуға әлі де болса бөгет болып отыруы;
б) шаруашылықтың бар саласында, әсіресе ауылшаруашылықта оның негізгі қозғаушы күші болатын кәсіпкерлерге мұқтаждықтың барынша артуымен, оларды сапалы іс-тәжірибелермен қамтамасыз ететін оқу-тәрбиелік жүйелердің қалыптаса қоймауы;
в) жас ұрпақты ұлттық тілде оқытып, мәдени-этикалық, отансүйгіштік рухта, өркениетті елдердегідей талаптар деңгейінде білім беріп, тәрбиелеу қажеттілігі мен бұл проблемалардың қазіргі мектеп практикасында шешілу жолдарының нақтылы анықталмай жатуы;
г) келешек тұлға бойында кәсіпкерлікке тән әлеуметтік бағалы қабілеттерді және мәдени-этикалық қасиеттерді ғылыми негізде қалыптастыру керектігі мен оны іске асыратын, жаңа талаптарға сай педагогикалық жүйенің толықтай жасалмауы;
д) шағын жинақталған ауыл мектептерінің жеке шаруашылықтардың өсуіне байланысты көбейіп, өзіндік жаңа көп факторлы ерекшеліктерімен қазіргі қалыптасып жатқан озық әдістемелер негізінде дами беру керектілігі мен сол мектептердің бүгінгі кадрлық, материалдық қамтамасыз етулерінің төмендеулері орын алуы арасындағы сәйкессіздіктердің болуы т. с. с қайшылықтар туындайды.
Бұл қайшылықтарда ойдағыдай шешу ауылдағы шағын жинақталған мектеп ұжымының өзін қоршаған ортаның кәсіпкерлік қарым-қатынасына белсенді қатысуын талап етеді және оның қазіргі әлемдік деңгейдегі білім стандартына көшуге бағыт алуы, жаңа мазмұнды педагогикалық жүйемен жұмыс атқаруын міндеттейді.
Сонымен қатар, бұл мәселе бойынша республикада бүгінгі таңда өз алдына біржүйелі талдау жасалған еңбектердің жоқтығы, осы уақытқа дейін шағын жинақталған ауыл мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулуға арналған ғылыми еңбектерінің аздығы жұмысымыздың бүгінгі таңда өзектілігін айқындай түседі. Міне, осыдан жарияланған ғылыми еңбектермен шағын жинақталған ауыл мектептерінің жұмыс тәжірибелеріне жасалған талдау көрсеткендей, бүгінгі таңдағы қоғамның қоятын талаптары мен мәселесінің даму дәрежесі, педагогика мәселесінің толығымен жүйелі түрде қарастырылмағандығына көзіміз жетті.
Сонымен, ауылдағы мектеп оқушыларын қазіргі талаптарына сай тиімді педагогикалық жүйемен істейтін нақтылы оқу-тәрбиелік орта арқылы тәрбиелеу қажеттігі, шағын жинақталған ауыл мектебінің көбейе беруі мен оның жұмыс сапасының төмендеуі, оқу жүйелерінің әлеуметтік, аймақтық өзгерістерге икемделе алмай жатуы аралығында оқу-тәрбие үдерісінің жаңа міндеттерге сәйкес ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделмеуі, оған қоса жасөспірімдерді ұлттық кәсіпкерлікке баулу қажеттігі мен оны нақтылы іске асырудан тәжірибелердің толық көңіл бөлінбегенін дәлелдейді. Осыған байланысты бірқатар қарама-қайшылықтарды айқындауға болады. Мәселен, шағын ауыл мектебінің оқушыларын оқу-тәрбиелік үрдіспен байланысты мектептен тыс мәдени-көпшілік және кәсіпкерлік еңбек қатынастарына белсенді араластырумен оларда әлеуметтік құнды рухани қасиеттер мен кәсіби қабілеттерді қалыптастыру қажеттілігі мен аталған мәселенің педагогикалық теория мен тәжірибеде жеткілікті зерттелмеуінің арасында туындап отыр.
Кәсіпкерлікке баулудың мазмұны мен мәнін ашып, оны шағын жинақталған мектептердің іс-әрекеттерінде қалыптастырудың педагогикалық жағдайларын анықтау, біздің зерттеуміздің мәселесін айқын белгіледі. Бұл мәселенің жеткілікті деңгейде зерттелмегендігі және жоғарыда қөрсетілген қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу мәселемізді айқындауға, біздің ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары» - деп белгіледік.
Зерттеудің мақсаты - шағын жинақталған ауыл мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын әзірлеу және олардың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны - шағын жинақталған ауыл мдастырудың педагогикалық шарттарын әзірлеу және оардың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерумектебі оқушыларын кәсіпкерлікке баулу үдерісі.
Зерттеу пәні - шағын жинақталған ауыл мектептері оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары.
Зерттеу болжамы: егер, ауылдық шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың теориялық негізін, педагогикалық шарттары анықталса, онда ауыл мектептерінде оқушыларды кәсіпкерлікке баулу шараларын іс-жүзіне асырудың ғылыми-әдістемелік жүйесі әзірленсе, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттен өткізсе, онда шағын мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсіп, дамыған білімді ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туындап, келешектегі белсенділік қабілеттілігі өмірінде өз орнын табатын тұлға болады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Шағын жинақталған ауыл мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулуына ықпал еткен әлеуметтік-педагогикалық алғышарттарды анықтау;
2 Шағын жинақталған ауыл мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың құрылымдық-мазмұндық нобайын және оның мазмұны мен әдістемелік кешенін әзірлеу;
3. Шағын жинақталған мектептерде оқушыларды кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттарының нәтижелілігін көрсету және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру, қорытындысын шығару, ғылыми негізделген ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың құрылымын, мазмұнын теориялық тұрғыдан негіздеу және оны қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, шағын мектептердегі оқу-тәрбие жұмысында кәсіпкерлікке баулудың нәтижелілігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі білім беру, тәрбие мәселелері туралы теориялық-әдіснамалық тұжырымдамалар, тұлға және іс-әрекет теориялары, ғылыми-тарихилық ұстанымына жүйелілік және кешендік тұрғыдан келуге, білім беру саласындағы әлеуметтік және саяси үдерістерге сүйенеді. Сонымен қатар, педагогикалық құбылыстарды зерттеуде жүйелілік теориясы туралы ілім негізге алынды.
Зерттеу әдістері : зерттеудің алдына қойған мақсат пен болжамды шешу және тексеру үшін ғылыми-педагогикалық зерттеудің бір-бірімен байланысты әдістері қолданылды: психологиялық-педагогикалық, ғылыми әдебиеттерді, оқу әдістемелік құжаттарды зерттеу және теориялық талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама, тест, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу әдісі.
Зерттеу көздері: зерттеу жұмысының барысында Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты, Жамбыл облыстық мұрағаты және Қазақстан Республикасының Білім Министрлігінің мұрағат материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, әртүрлі статистикалық жинақтар, мектеп құжаттары, ғылыми педагогикалық еңбектер мен диссертациялық жұмыстар талданып, пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz