Шағын кешенді бастауыш мектеп оқушыларын оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Шағын кешенді бастауыш мектеп паралель сыныптардың бір комплектісімен сипатталады. Олардағы оқушылар контингенті 3 оқушшыдан 30 оқушыға дейін -болады.

Мұндай типтегі мектептердің басты ерекшелігі бір оқу бөлмесінде бір мұғалімнің басшылығымен бір мезгілде екі немесе үш сыныптың оқушылары сабақ оқиды.

Шағын кешенді мектептің мұғалімдерінің саны, бала санынан аз болғандықтан, бір мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен жұмыс істейді. Бір комплектілі мектепте бір мұғалім барлық сыныпқа сабақ береді. Екі комплектілі мектепте екі мұғалім бір-бір сыныпқа бірдей уақытта қатар сабақ береді, ал үш комплектілі мектепте үш мұғалім жұмысты бөліседі, екі мұғалім бір-бір сыныптан, ал үшінші мұғалім екі сыныпқа қатар сабақ береді. Көп комплектілі мектептерде бірнеше мұғалім сабақ береді. 1 мен 3-ші сынып, 2 мен 4-ші сынып оқушыларын топтастырып оқыту қолайлы. Топтасқан сыныптарда әртүрлі 2 не 3 сынып бір кабинетте оқиды. Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге біріктірудің төмендегідей өзгегістері ұсынылады:2+3, 2+4, 3+4; мұнда 2 мен 4 сынып оқушыларын біріктіру оңтайлы болып жүр. Бірінші сынып оқушыларын кешен құрамына енгізбей жеке дара оқытқан олардың бейімделу үрдісінің жеңіл өтуіне оң мотивтері қалыптасуы ушін қажет. Ал, 1+2+3+4 біріктіру қажет болған жағдайда сабақтың белгілі бір бөлігін әрбір сыныппен жеке өткізу ушін жағдай жасау мақсатында сабақтың жылжымалы кестесін қолдану дұрыс.

Шағын кешенді мектеп мұғалімдердің көпшілігі жұмысына алғаш кірісіп, тәжірибе жинағанда ең қиын тиетіні, уақытының бәрін дерлік алатыны-сабақты дайындау екнін айтады. Өткізген сабақтары көңілдерінен шыға бермейді, сыныппен жүргізген жұмысының құрылымы, қолданған әдіс-тәсілі аз нәтиже беретіндей көрінеді.

Сабаққа қалай сапалы дайындалуға болады. Алғашқы күндерден-ақ тиімді әдіс-тәсілдерді игеруге ұмтылмаса, одан кейінгі бес жылда, тіпті еңбек жолында оған қол жеткізу қиын болатынын өмірдің өзі дәлелдеген. Сапалы дайындық дегеннің өзі-саналы дайындық, яғни, мақсат-мүддесін білу әрі көздеген нысанадан адаспау. Оқу пәнінің тақырыптары, бағдарлама бойынша үнемі материал жинау, сабақ өткізудің, әр жастағы оқушыларды тәрбиелеудің әдістемелік жаңалықтарын іздеп табу. Бұл өз жұмысына қызығуды да арттырады.

Сабақ үстінде тақта мен бордан басқа көмекші құрал болмаса, оқушыларды өз бетінше ынталы әрекетке тарту қиын екенін

шағын кешенді мектеп мұғалімдері бірден түсінуі тиіс.

Сабаққа әзірленгенде мұғалім өз жұмыс орнының жабдықталуына мән беруі керек. Ешнәрсеге «ұсақ-түйек» деп қарауға болмайды:әр түрлі көлемдегі түрлі-түсті қағаздар, қарындаштар, қалам және фломастерлер, қыстырғыштар, карточкалар, конверт, т. б. мол болсын. Анықтама, сөздік, көрнекі құралдар көреткіші, оқу бағдарламалар оңай табылатын жерде тұрсын. Тікелей әзірлікті оқу бағдарламалары мен олардың түсінік хаттарын егжей-тегжейлі зерттеп оқудан бастау қажет. Мұнда сабақтардың бүкіл жүйесіне тақырып бойынша немесе бағдарламаның тұтас бөліктері бойынша ой жүгіртіп, ондағы әрбір сабақтың алатын орнын білу, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерін дұрыс анықтау маңызды. Осы мақсатта пайдалынылатын тақырыптық жоспардың сызба-нұсқасына мыналар кіреді: сабақтың тақырыптары, қолданылатын көрнекіліктер мен техниқалық құралдар; мұғалім мен оқушылар жұмысының негізгі әдәстері, қайталау материалдары, қосымша әдебиет тізімі.

Жақсы жоспар құру-өнер, ол мұғалімнің жеке басының ерекшеліктеріне де байланысты. Сондықтан бұл жерде ең жалпылама нұсқауларды айтамыз. Біріншіден, жоспар көрер көзге ғана тартымды емес, нақты жұмысқа құрылсын, яғни мұғалімнің сабақтағы дидактиклық және тәрбиелік міндеттерін оңтайлы орындауына барынша жәрдемші болсын, екіншіден, тым зор ауқымды болмасын, үшіншіден, онда сабақтың бүкіл құрылымы көрініс тапсын. Арнайы педагогикалық басылымдарда жариаланған мамандардың тақырыптық және сабақ жоспарларының үлгілері де көп көмегін тигізеді.

Мұғалім шын ықыластанбаса, жақсы әзірленген сабақтың өзі сәтсіз болуы мүмкін. Сабак дегеніміз-шығармашылық, ол көтеріңкі көңіл-күйді, жанды жұмысты қажет етеді, тәжірибелі ұстаздар сабаққа «ниеттену» минуттарына мән бере қарауға кеңес беретіні де сондықтан. Ең бастысы-сабақтың алғашқы минутынан бастап сыныпты жұмылдыра білу. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, жаңа сабаққа ынталарын байқау керек.

Сабақ сұрау және жауапты бағалауда педагогикалық қателікке ұрынбау үшін мынадай қағидаларды бұлжытпай орындау қажет:

  • оқушының білімін тексергенде оны білмейтін жерінен сүріндіруді мақсат етпеу;
  • нашар оқитындарды жиі, кейбіреуін бірнеше қайтара шақыру; жақсы игерілген материалды-оқушылардан, күрделі тақырыпты-жақсы оқитындардан сұрау; т. с. с. жүйені қолдануға болады;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай бастаған Ланкастер әдісінің шағын кешенді мектептегі бүгінгі жалғасы
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Шағын комплкетілі мектеп ауыл мұғалімдерінің іс әрекеті
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Біріккен сабақ
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz