Шағын кешенді бастауыш мектепте математиканы оқытуға даярлауды ұйымдастыру


Шағын кешенді бастауыш мектепте математиканы оқытуға даярлауды ұйымдастыру.
Шағын кешенді бастауыш мектепте мұғалім сабақты 2 немесе 4 сыныпта қатарынан жүргізеді. Бір сабақтың барысында балалардың мұғаліммен және өз беттерінше орындайтын жұмыстары бірнеше рет алмасып отырады: бір сыныптың оқушылары тікелей мұғалімнің басшылығымен жұмыс жасағанда, басқа сыныптардың оқушылары өз беттерімен жұмыс жасайды.
Бірнеше сыныппен жұмысты тиімді өткізу үшін сабақ кестесінің дұрыс жасалуының мәні зор. Жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең дұрысы сабақ кестесін барлық сыныптарда математика сабақтары бір мезгілде өткізілетіндей етіп жасау. Басқаша үйлестіруге болмайды деп түсінбеу керек (мысалы, математика мен оқу сабағын, математика мен табиғаттануды), бірақ ең нәтижелісі - барлық сыныптарда математика сабағын бір мезгілде өткізу. Бұл жағдайда мұғалімге бір сыныптан екінші сыныпқа ауысқан кезде жұмыс жасау оңайырақ болады, сабақ барысында оқушылар тек математикалық ұғымдарды естіп-көріп, басқаға назарлары бөлінбейді. Сонымен бірге, барлық оқушылардың ортаң жұмысын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Мысалы, ауызша жаттығулар жүргізгенде тақтаға жазылған сандарды бірнеше бірлікке арттыруды (2-сы-нып), бірнеше есе арттыруды (3-сынып), 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейтуді (4-сынып) ұсынуға болады. Өлшеулер жүргізгенде әр оқушының қолында бар тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін өлшеу жөніндегі тапсырма ортақ бола алады, содан кейін 1-сы-нып оқушылары айырмалық салыстыруға есеп құрастырып, оны шығарады (тік төртбұрыштың ұзындығы оның енінен неше сантиметр артық), 2-сынып оқушылары тік төртбұрыштың периметрін есептеп шығарады, ал 3-сынып оқушылары тік төрт-бұрыштың ауданын есептеп шығарады. Тақтадағы бір сызбаны (чертежді) пайдаланып, әр сыныпңа шама-шарқына лайық бірнеше тапсырма беруге болады: 1-сынып оқушыларына -төртбұрыш ішіндегі үшбұрыштарды санап шығып, оларды көрсету; 2-сынып оқушыларына - фигуралардың төбелерін белгілеп, үшбұрыштарды теріп жазу; 3-сынып оқушыларына - бе-рілген төртбұрыштың қабырғаларын, үшбұрыш шығатындай етіп, созу (шешуі екеу) . Кейде барлық сыныптарда бір тақырыпта сабақтар өткізуге болады: есеп шығару, өлшеу, таразыға тарту жөнінен жасалатын практикалық жұмыстар, табиғатқа және өндіріс орындарына экскурсиялар жасау. Мұндай жұмысты кесте бойынша математика сабақтары үш сыныпта бір мезгілде өткізілетін жағдайда ғана жүргізу мүмкін болады.
Математиканы оқыту тиімді болуы үшін жұмысты жоспарлаудың мәні зор. Мұғалімге күнделікті жұмысында тақырыптық (бір тоқсанға немесе жарты жылға) толық жоспар жасаудың көмегі үлкен, ол жоспар әр сыныпқа жеке жасалмай, барлық сыныптар үшін жасалуы керек, әр сабақтың тақырыбы көрсетіліп, қайталауға арналған және келесі тақырыптарды оңып үйрену үшін дайындық жасауға арналған материалдар, тексеру және бақылау жұмыстарының мазмұны көрсетіледі. Мұнда жоспарды бір сыныпта жаңа материалды өткізіп, екінші сыныпта басқа сыныптарда өткенді пысықтаумен үйлесіп отыратындай етіп жасау ұсынылады. Мұғалім материалды өткізуге және сабақтың әр кезеңінде әр сыныптың оқушыларымен тікелей сабақ жүргізуге қажетті уақытын белгілейді. Әр сынып үшін өзіндік жұмысқа берілетін тапсырманың мазмүны мен сипатын және оны тексеру формасын аныңтайды. Тұтас бір сабақтағы өзіндік жұмыс пен мұғалімнің басшылығымен істелетін жұмыстың алмасып отыру тәртібін, мұғалім барлық сыныпқа да назар аударып отыра алатындай етіп, жоспарлайды. Уақытты дұрыс бөлу үшін, балалардың дайындық деңгейін және олардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, оқушыларға оқытылатын материалдың қиындық дәрежесін, сондай-ақ әр сыныптағы сабақтың дидактикалық мақсатын ескеріп отыру керек (бірінде - сыныптағы жаңа материал үйретіледі, екіншісінде - оқушылардың меңгергендігі пысықталады, үшіншісінде - оқушылардың. білімдері тексеріліп, есепке алынады) .
Мұғалім жаңа материалды оқытатын сынып оқушыларымен жасалатын жұмысқа көп көңіл бөледі, сол сияқты өз бетімен жұмыс жасау дағдылары аздау төменгі сынып оқушыларына да көмек шарасын жүргізуі керек. Бірақ барлық жағдайда да жұмыс мұғалімнің тікелей басшылығымен орындалатындай етіп жоспарлануы тиіс, сондықтан мұғалімнің бір сыныптан екіншісіне ауысып отыру кезі айқын белгіленуі керек.
Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс жаңа материалды түсіндірген кезде, алғаш пысықтау кезінде, меңгерген (тақырып, бөлім бойынша) білімдерін қорытындылау кезінде, оқушының білімін тексеріп, баға қояр кезде, өзіндік жұмысты орындауға нұсқау беретін кезде жүргізіледі. Үй тапсырмасын тексеру кезінде, жаңа материалды оқып үйренуге дайындалу кезінде, жаңа материалды оқып үйрену кезінде, бұрын өтілген және жаңа материалды бекіту кезінде оқушылар өзіндік жұмыс жасағандары жөн.
Математика сабақтары, басқа сабақтардай, бірнеше ұйымдастыру кезеңіне бөлшектенеді, ол кезеңнің әрқайсысы логика тұрғысынан толық аяқталған болуы тиіс.
Сабақты ұйымдастыру көбінесе практикада қолданылады және сабақтың типіне сәйкес былайша жүргізіледі: бір сыныпта жаңа материалды түсіндіру, оқып-үйренгенді қалған екі сыныпта пысықтау. Сабақтың басқа типтері де болуы мүмкін: барлық 4 сыныпта да оқытылғанды бекіту, екі сыныпта жаңа материалды оқып-үйрену, 2-сыныпта - бекіту. Бір мезгілде 4 сыныпта сабақ өткізгенде бірден барлық сыныпқа жаңа материал өтуден сақ болған жөн.
Мұғалім жұмысы барлық бөліктерінің ойластырылғандығымен, белгілі мақсат көздейтіндігімен ерекше болуы тиіс, өйткені бұл кезеңдегі ғана емес, сондай-ақ келесі кезеңдегі - тапсырмаларды өзіндік орындау кезіндегі жұмыс нәтижесі соған байланысты. Материалды жақсы білу, оқушыларға дәл сұрақтар қою, жаттығулар мен көрнекі құралдарды мұқият таңдап алу, тақтаға, қалталы полотноға, плакаттарға, т. б. күні бұрын қажетті жазуларды жазып қою - осының бәрі мұғалімнің сабақты тартымды, нәтижелі өткізуіне көмектеседі. .
Мұғалім сабақ барысында балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, математикалық материалдармен жұмыс жасаудың жалпы әдістерін қалыптастыруларына көңіл бөлу қажет. Оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателерді түзету сияқты, өзіндік істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Балалардың математикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру үшін, мұғалім сабақ барысында балалармен бірге өткізілетін операциялар тізбегін белгілеп алады, ол болса, оларға ұқсас мысалдарды, теңдеулерді, теңсіздіктерді, есептерді өздері шығаруға көмектеседі. Бұл "тірек бөлімдері" не тақтаға жазылады (кейде қысқаша, шартты түрде), не ауызша аталады. Мысалы, 4-сынып оқушыларының оқулық бойынша құрама атаулы сандарды дерексіз санға көбейтумен танысқанда бақылағандарын қорытындылай келе, мұғалім оларға тек екі-үш мысалдың шешуін түсіндіруді ұсынып қана қоймай, сонда орындалған операцияларды оқушылардың өздерінің тұжырымдап беруіне жетелейді: санды кіші өлшеуіштермен өрнектеу, көбейту, нәтижені ірі өлшеуіштермен жазу; ол үшін тақтаға жазу жазылып, оны балалар өзіндік жұмыс жасағанда пайдаланады.
Операциялардың осы талданған тізбегін жақсы ұғыну үшін әрбір оқушыға тапсырмалар жазылған дайын топшама беру керек; мысалы: "Есепті қалай шығару керек", "Көп таңбалы санды бөлуге арналған мысалды қалай шығару керек", т. с. с. Тапсырмаларды қабырғаға ілінетін кестелер түрінде жазып қоюға болады. Өздік жұмыстың көлемі мен оны орындауға жұмсалатын уақыт мұғалімнің басқа сыныппен жүргізетін жұмыс уақытына сәйкес болуы керек. Сондықтан өздік жұмысы негізгі және қосымша - екі бөліктен тұрады. Қосымша бөлік үлгерімі жақсы оқушылар үшін болғандықтан, қиынырақ тапсырмаларды беруге болады. Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар бергенде оның мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оның жазылуы, орындалуы жайлы қысқаша, айқын нұсқау беру қажет. Ауызша түсініктемені ең жақсысы - бір мысалдың (есептің, теңдеудің, теңсіздіктің, т. б. ) шешуін тақтаға үлгі ретінде жазып көрсету. Балалар тапсырманы дұрыс түсінген-түсінбегенін тексеру үшін бір-екі оқушыға тапсырманы қайта орындатуға болады. Тапсырма ауызша ұсынылған жағдайда, оны тақтаға шартты түрде қысқаша болса да жазып, тапсырманың нөмірін, оқулықтың беттерін көрсету керек; жауабы бірдей мысалдар құрастырғанда бұл жауапты кеспе цифрмен белгілеп немесе мынадай түрдегі шартты жазумен жазу керек: + 6, -6, т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz