Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Ќ. А. КІРІСПЕ

Пән туралы қысқаша сипаттама . Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының шарттарымен анықталатын білім беру саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер бастауыш сыныптағы болашақ мұғалімдерді даярлауды жаңа тұрғыдан қарауды талап етіп отыр.

Білім берудің қазіргі парадигмасы бастауыш мектептің болашақ мамандардың оқу және оқудан тыс іс-әрекетін өз бетімен білім алу даярлығын қалыптастыруға, өзінің кәсіби дайындығының белсенді субьектісі болуға бағыттайды. Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби мәдениетінің жалпы ауқымын және негізін қалайды. Шағын жинақталған бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс пәнін оқыту барысында студенттердің педагогикалық мамандыққа бағдарын тереңдетеді және мектеп ерекшеліктерін ондағы оқыту барысын терең білуге кәсіби даярлығын арттырады. Студенттердің кәсіби-тұлғалық дамуын талдауды қамтамасыз етеді және мектептен ЖОО оқу жүйесіндегі оқу арқылы бейнелеуге көмектеседі.

Пәннің мақсаты :- Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарытының, жаңа буын оқулықтарының пайда болуы бастауыш сыныптар болашақ мұғалімдерін даярлау мазмұнының мақсатқа бағыттылығын өзгертуді талап етеді.

Пәннің міндеттері : - Курстың негізгі міндеті қазіргі қоғамдағы түрлендіруге сәйкес бастауыш мектептің болашақ мамандарын педагогиканың теориясы мен тәжірибесінің дамуындағы жаңа тенденцияларды оқып тануға үйрету, түрлі инновациялар жөніндегі өзіндік ой-пікірлерінің болуы, бастауыш мектепте түрлі жаңа ендірілуге өзіндік көзқарасының болуы.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен 03. 15. 40- бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының жаңа мемлекеттік стандартының жасалуы бастауыш сыныптар мұғалімдерін кәсіби даярлауда жетекші роль атқаратын педагогикалық пәндердің типтік бағдарламаларын жасау үшін негіз болды.

Пререквизиттер: педагогика, педагогика тарихы, математика тарихы, психология, әлеуметтік педагогика, қарым-қатынас этикасы.

Постреквизиттер: Педагогика (педагогикалық үрдіс, өзіндік білім алу, оқу-тәрбие процесі) педагогика тарихы (тарихи деректер), математика тарихы: (тарихи деректер)

Қысқартылған сөздер : СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы

Оқытушы туралы қысқаша мәліметтер: п. ғ. к, доцент Н. М. Кушеров

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1- лекция. Тақырыбы: . Шағын комплекті мектептердің тарихы

Жоспары:

1. ШКМ- ревалюцияға дейінгі зерттелуі .

2. Қазақстандағы шағын комплексті мектептердің жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу.

Лекция мақсаты: Шағын комплекті мектептердің тарихына шолу жүргізу, талдау.

Лекция мәтіні: 1. ШКМ- ревалюцияға дейінгі зерттелуі .

Шағын жинақталған мектеп - бастауыш толық сынып жұмысын ұйымдастыруға сынып комплектісі жетіспейтін шағын елді мекендерде орналасқан шағын оқу мекемесі. Шағын жинақталған мектеп білім берумен қатар ауыл тұрғындарының мәдени деңгейін көтеруге, демографиялық мәселелерін шешуге, экономикалық аграрлық секторының дамуына көмектеседі. Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда сегіз жылдық және орта мектептермен қатар бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын рөлі өте үлкен.

Революцияға дейінгі орыс-қазақ мектептерінің басым көпшілігі 3-4 -сыныбы бар, бір ғана мұғалім оқытатын шағын комплектілі мектептер еді. Шағын комплектілі бастауыш мектептердегі сабақтың өзіндік ерекшелігі сол-онда мұғалім жұмысын бір мезгілде 2-3-класта бірдей ұйымдастырады. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жарымын не үштен бірін ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Демек, мұғалім бір сыныппен сабақ жүргізіп жатқан кезде, басқа сынып оқушылары өз бетінше жұмыс істейді. Архив және басқа материалдарды зерттеу нәтижелеріне қарағанда, 2-3 сыныппен қатар жұмыс істеудің табысты болуы оқу үдерісін комплект құрылымына сәйкес ( бір мұғалім оқытатын сыныптарды қосу, сабақ кестесі, сабақтарды жоспарлау, сабақ барысындағы мұғалім мен оқушылардың жұмысын ұйымдастыру) ұйымдастыруға тікелей байланысты екенін көрсетеді.

Шағын комплектілі мектептің мұғалімдері үш класты, кейде төрт сыныпты қосып оқытуға мәжбүр болды. Тек бірінші (даярлық) сыныпқа ғана жеңілдік жасалды, өйткені онда тым жас және мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше жұмыс істей алмайтын балалар оқиды. Оқу жылының алғашқы үш-төрт айы бойында бұл сынып жеке оқытылды. Тек оқушылар оқу, жазу, санаудың қарапайым шеберліктерін, кейбір жеңіл тапсырмаларды өз бетінше орындай алатын дағдыларды меңгерген соң ғана мектептің барлық сыныптары біріктіріліп, сабақ бір мезгілде жүргізілді.

А. Е. Алекторов, Н. А. Бобровников, С. М. Граментцкий т. б. педагогтардың еңбектерінен, сондай-ақ мұғалімдердің пікірлерінен олардың екі не болмаса үш сыныпты қосып оқытуды қажет санағанын көреміз. Олар қосып оқытудың нәтижесінде, барлық сыныптың оқушылары мұғалімнің басшылығымен, педагогикалық көмегімен оқитындықтан, оқыту нәтижесінің сапалы болатындығын атап көрсетеді. Мысалы, Н. Бобровников өзінің “Жақсы сабақ деген не?” деген еңбегінде мектептің барлық бөлімдерін қосып оқыту үшін мұғалім оның барлық бөлімдерін бір сыныпқа біріктіруге қажетті кез келген мүмкіндікті пайдалануға тиіс дейді. Н. Бобровников барлық класты бір арнаға қосып, олармен бір мезгілде жұмыс істеудің недәуір қиын екенін де айтқан. Бұлай ету бақылау, өлең, дене шынықтыру сабақтарын өткізген кезде мүмкін болатынын ескертеді. Барлық сыныпты және сабақтарда белгілі бір оқу мәліметтерін ұсатып шешу үшін, біріктірудің ыңғайлылығын атап көрсетеді. Мысалы, 1- бөлім кітаптан оқиды, 2-3 бөлімдер жазбаша жаттығу жұмыстарын орындайды. Н. А. Бобровников оқу кестесінің қатар оқитын бөлімдерінде бір сыныпта-жазатын, ал екінші сыныпта ауызша жұмыс істейтін түрін ұсынады. Орыс-қазақ мектептерінің көпшілігінде оқу жұмысын ұйымдастыру негізіне осы принцип қолданылады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында шағын комплекті мектептердің көпшілігінде оқытудың пәндік жүйеге құрылуы басым болды, барлық оқу материалдары оқу пәндері бойынша топтастырылды. Бұл тұста бастауыш сынып оқушыларының білім алу мүмкіндігі дидактикалық өңделген мағлұматтар мен оқытылатын ғылым заңдарының өзін сапалы меңгеру талаптарына әлде де болса жауап бере алмайтыны көп жағдайда ескерілмеді. Бұл жағдай бастауыш мектептердің бірінші сыныптарында үлгермеушілікті туғызды. Оқу процесінде білім беруді ойдағыдай жүзеге асыру нақты ұйымдастыру - педагогикалық факторларға атап айтқанда:

-оқу процесінің жүйесіне,

-оқу жылының мерзімі мен құрылысына,

-ұтымды жасалған оқу кестесіне,

-оқуды ұйымдастырудың тиімді формаларын пайдалана білуге,

-оқыту әдістеріне тікелей байланысты.

XIX ғасырдың бірінші жартысында мектептердің көпшілігінде оқытудың пәндік жүйеге құрылуы басым болды, барлық оқу материалдары оқу пәндері бойынша топтастырылды.

К. Д. Ушинский бастауыш сыныптардағы осындай пәндік жүйені сынап, оған педагогикалық талдау жасады. Ол әрбір оқу пәнін арнайы мұғалім жүргізетін пәндік оқу жүйесінің қоғамдық білім берудегі негізгі мақсаты- баланың ойы мен адамгершілік қасиеттерін жетілдіруді қамтамасыз ете алмайтынын атап көрсетті. К. Д. Ушинский мұғалім көп болған жағдайда әрбір мұғалімнің оқушыларға тек өз пәнін үлгерту үшін қамқорлық жасайтынын (көп жағдайда оны басқа пәндерге қарсы қойып), бір пәннің ықпалы басқа оқу пәндерінің ықпалын жоққа шығаратынын, жалпы алғанда, бұлардың бәрі оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамытуға мардымсыз әсер ететіндігін ескертті.

К. Д. Ушинский бастауыш мектепте оқытудың сыныптық жүйесін енгізуді ұсынды. Сыныптық жүйе бойынша сыныпта барлық оқу жұмысын бір мұғалім жүргізу керек. Оқытудың сыныптық жүйесі бойынша, оның пікірінше, мұғалім алғашқы кезде география, жаратылыстану, тарих сияқты оқу пәндерінен гөрі баланы оқу, жазу, санау элементтерімен, оған етене жақын заттар және құбылыстармен - үймен, сыныппен, мектеппен, жер бетінің рельефімен, өзен-көлдермен, өсімдіктермен, жануарлармен, өткен және қазіргі оқиғалармен - таныстыру керек. Басқаша айтқанда, мұғалім, баланың білімін молайтып, оның бақылағыштығын,, ойлауын, тілін жетілдіру ой қызметінің белсенділігін арттыру арқылы жеке пәндерді оқуға деген объективтік -педагогикалық, субъективті- психологиялық жағдайлар жасауға тиіс.

К. Д. Ушинский оқытудың пәндік жүйесін екі сыныптық училищелер мен гимназиялардың тек жоғары сыныптарында ғана пайдалануға болатынын атап көрсетті.

Уақыт талабы, халыққа білім берудің жетілдірілуі К. Д. Ушинский және басқа педагогтар тарапынан ғылыми тұрғыда дәлелденген сыныптық оқыту жүйесінің артықшылығы, бұл жүйенің европалық елдерде кеңінен қолдалылуы мен басқа да факторлар Россияда XIX ғасырдың 70-80 - жылдарында бастауыш, оның ішінде ұлттық мектептерде сыныптық жүйемен оқытуды қалыптастырады.

Пәндік оқытудағы тағы бір қиындық ол кездегі революцияға дейінгі мектептердің басым көпшілігінің шағын комплектілі болуы еді. Шағын комплектілі мектептердің бастауыш сыныптарында оқу жұмысын ұйымдастыру ондағы сыныптар мен мұғалімдердің санына байланысты. Әсіресе ауылдық жерлердегі шағын комплектілі мектептердің жұмысы қиын, онда бір мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныппен. жұмыс істейді.

Орыс - қазақ мектептерінің жинақталған тәжірибесін совет мұғалімдері де пайдаланды. Еліміздегі көптеген шағын комплектілі мектеп тәжірибелері бір пәнділік және бір тақырыптық оқу жүйесімен жұмыс істеудің тиімділігін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде шағын комплектігі совет мектептерінде бір мезгілде сабақ өткізу үшін сыныптарды біріктірудің тиімділігін көрсеткен үлгілері (1-2-3, 2-3, 1-3) қалыптасты.

Бақылау сұрақтары:

  1. ШКБМ -тарихы
  2. Ревалюцияға дейінгі кезең.
  3. ШКМ тарихын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар.

4. ШКМ- ревалюцияға дейінгі зерттелуі .

5. Қазақстандағы шағын комплексті мектептердің жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу.

6. ШКМ зертеуге үлес қосқан ғалымдар.

7. ШКМ-ның қазіргі жағдайы.

8. ШКМ-ті 1993-2003 жылғы зерттеулер

9. 1976-80 жылдары ШКБМ зерттеулердің ерекшеліктері.

2-Лекция. Тақырыбы: ШКМБ үшін бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар.

Жоспары. 1 1930 жылға дейінгі кезең

2. 1930-1960 жылдардағы кезең

Мақсаты: Студенттердің білімін жетілдіру

Лекция мәтіні:

Зерттеліп отырған кезеңде Ы. Алтынсарин және басқа көрнекті педагогтар тарапынан орыс - қазақ мектептері үшін программаларды ұтымды прициптерге құрудың бірнеше үлгілері жасалды. Ұлттық ерекшелікті есепке алу, өлкетану материалдарын пайдалану, орыс тілін оқытуда ана тіліне сүйене, орыс тілін меңгерудің алғашқы нормативін даярлау т. б. Аса тиімді мәселелер қатарына сол кездегі еңбек сабақтарына арналған программаларды жатқызуға болады. Оларда жергілікті жағдай мен экономика ерекшеліктері (тері кәсіпшілігі, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеп, даярлау т. б. ) ескерілді.

Ы. Алтынсарин мен басқа да демократ мұғалімдер біртұтас мемлекеттік оқу программаларының жоқтығын пайдаланып, проблемалық минимумды кеңейтіп, тереңдетті, оқу материалдарын прогрестік авторлардың шығармаларымен толықтырды. Мұның өзі білім беру дәрежесін едәуір жетілдірді, орыс- қазақ училищесін бітірушілердің орыс халқының ғылымиы мен мәдениетін оқып-үйренуіне мүмкіндік жасады.

Орыс-қазақ мектептерінің пайда болуы мен дамуы оқулықтар мен басқа оқу құралдарының қажеттілігін керек етті. Осыған байланысты ана тілі мен орыс тілінен оқулықтар жасалды. Көрнекті орыс педагогтарының - К. Д Ушинскийдің, Л. Н. Толстойдың, Н. Ф. Бунаковтың, И. Д. Тихомировтың, А. Я. Гердтың т. б. - оқулықтары Ы. Алтынсарин, Я. Гогебашвили, К. Насыри, И. Я. Яковлевтердің ұлттық мектептерге арнайы жасалған оқулықтарына үлгі болды. Алғаш ретана тілде оқытудың өзі оқу құралдарын қазақ тілінде жасап шығаруды, қазақтың әдеби тілін жетілдіруді күшейтті. Қазақ тіліне орыс графикасын енгізудің үлкен ғылыми және мәдени маңызы болды. Орыс тілін ана тіліне сүйеніп оқытудың прогрестік принципіне негізделіп жазылған А. Алекторовтың, А. Васильевтің, М. Ронгинскийдің әліппелері, орыс тілінің комплектілі оқулықтары шыға бастады. Бұл оқулықтардың авторлары тәжірибе негізінде алғашқы ауызша курстың мазмұны мен мерзімін лексикалық минимумды анықтау, лексикалық және грамматикалық материалдарды іріктеп алу, орыс сөздерін семантизациялау құралдары (ана тілі арқылы және көрнекілік ) т. б. оқу проблемаларын шешіп берді.

Бұл мәселелерді зерттеу ісімен қазірде де одақтас республикалар ғалымдары шұғылдануда. Әр түрлі аймақтар аралық ұлттық мектептерге арналған оқулықтарды алмастыру оқу әдебиеттерінің жетіліп жақсаруына үлкен әсер етті.

Қазақтың ұлы ағартушысы Ы. Алтынсариннің орыс-қазақ мектептеріне арнап жасаған “Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастапқы құралы ” және “ Қазақ хрестоматиясы ” (1879 ) сияқты оқулықтарының жарық көруінің зор тарихи маңызы болды. Бұлар орыс графикасын қазақ тіліне алғаш рет қолданған кітаптардың қатарына жатады. Орыс педагогикасының прогрестік дәстүрі мен К. Д. Ушинский оқулықтарының негізімен жазылған бұл кітаптар қазақ тілі мен әдебиетінің халық ағарту ісіндегі дамуында келелі роль атқарып, үлкен насихаттық және тәрбиелік мәнге ие болды. Өйткені бұлардың мазмұны арқылы автор қазақ халқының әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуының аса қажетті қайнар бұлағы ретінде жан-жақты білім алу мен орыс-қазақ достығын дамытудың мәнін насихаттады.

Авторлар оқулықтардың мазмұнын, құрылысын, оқыту әдісін, ондағы иллюстрацияларды пайдалануды, меңгерту аппараттарын ұйымдастыру мен оқу материалдарын беруде педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану үлгілерін көрсетті.

Алайда орыс-қазақ мектептері үшін оқулықтар мен оқу әдебиеттерін (құралдарын) жасауда үлкен кемшіліктер болды. Біртұтас мемлекеттік оқулықтар болған жоқ. Орыс-қазақ мектептері үшін көптеген оқу пәндерінен (арифметикадан, тарихтан, географиядан, жаратылыстанудан ) арнайы оқулықтар жасалмады. Патша үкіметі оқу құралдарының басылымына, олардың идеялық бағытына қатал бақылау жасады, мектептерге тек діни-идеалистік, патшаға берілу мен орыстандыру мазмұнындағы оқулықтарды ұсынды, мектептің прогрестік авторларының оқулықтарын пайдалануына әр түрлі кедергілер жасады. Орыс-қазақ мектептері пайдаланатын көптеген оқулықтар ғылыми принципке, жүйелілікке жауап бере алмады, қажетсіз фактілерге құрылған материалдармен ауырлатылып, тәптіштей суреттеумен, схематизммен қиындатылды. Текстері оқушыларды қызықтырмады. Олардың құрылысы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды, мектеп пен үйде өздігінен жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етпеді.

Дегенмен, аталған кемшіліктерге қарамай, бұл оқулықтар Қазақстанда оқу-ағарту жұмысының дамуына әсер етті. Бұларды құрастырудың кейбір принциптері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.

XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың бас кезінде бастауыш білім берудің, оқу әдістері мен ұйымдастыру формаларының жалпы теориясы жасалды. Оқытудың кластық сабақ жүйесін қолдану орыс-қазақ мектептеріндегі оқу ісін ұйымдастыруға ерекше әсер еткен аса қажетті факторлардың бірі болып табылады. К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, П. Ф. Каптерев, Ы. Алтынсарин, Н. А. Бобровников т. б. шағын комплектілі мектептердегі оқу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін, сабақтың құрылысы мен түрлерін шешіп берді. Орыс-қазақ мектептері тәжірибесінде бір мезгілде сабақ өткізу үшін сыныптарды біріктірудің жаңа да тиімді түрлерінің кездесетінін байқаймыз.

Қазақстанда 1930 жылғы тамыз айының 7 жұлдызында жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы Заң қабылданды.

1930-1931 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдау қолға алынып, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар дайындау мәселесі күн тәртібіне қойылды. Институттың «Бағдарламалық әдістемелік секторы» жоғарыда аталған міндеттерді орындаумен шұғылданды.

Институт құрылған кезде белгілі лингвист, әдіскер-ғылым Қ. Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С. Жиенбаев, С. Кеңесбаев, Л. И. Воскресенская, З. Т. Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады.

Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тілі мен әдебиет секторының қызметкерлері А. Садуақасов, С. Жиенбаев т. б. шұғылданды.

1940-1955 жылдары «Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.

1955 жылы институтта «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімі ашылды. Бөлім қызметкерлері осыған дейін жарық көрген ғылыми-әдістемелік еңбектерді жинақтау, білім мазмұны жетілдіру, ана тілін оқыту әдістемесін жасау бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жылдары Р. Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты оқу және жазу әдістемесі», Ғ. Бегалиевтің «сауатты оқыту әдістемесі», «суретті сөздік», «1 класта сурет арқылы тіл дамыту», Ф. Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К. Бозжанова «Кластан тыс оқу кітабы», Ж. Қаржаспаев пен К. Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә. Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р. Әміров пен К. Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.

1956 жылы төрт жылдық бастауыш мектепте оқытуды үш жылдық бастауыш мектепте оқытуға көшіру белгіленді.

Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1967 жылы 10 июньде “Республикадағышағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары” жайында қарары қабылданды. Ал 1975 жылы 9 декабрьде Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша шағын комплектілі мектептер үшін орыс, ана ілінен, табиғаттану мен математикадан методикалық құралдар дайындау Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды.

1966-70 жылдары оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер және көрнекі құралдар жасалды. Қысқа мерзімде оқушыларды сауаттандыруға арналған байқау оқулық, 1-3 кластарға арналған эксперименттік қазақ тілі мен ана тілі, табиғаттану (2-3 кластар үшін) оқулықтары жазылды. Лаборатория қызметкері М. Жұбанованың «Әліппе» (1967ж. Байқау оқулығы) және Т. Қордабаев, З. Бейсенбаевтың «Ана тілі» (1-класс), Ғ. Сүлейменов, Х. Арғыновтың «Ана тілі» (2-класс), Т. Әбдірахманов, Х. Арғыновтың «ана тілі» (3-класс), Қ. Аймағамбетова, Б. Мұхановтың «Табиғаттану» (2-класс) оқулықтары, Б. Құлмағамбетованың «Аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастыру» атты көмекші құралы жарық көрді. Бұдан басқа бастауыш мектепке арналған көрнекті құралдар: 1-3 сынып оқушыларының сурет арқылы тілін дамыту таблицасы, 1-кластың сауат ашуына арналған кеспе әріптер, суретті алфабит, таблицалар, математикадан таблицалар дайындалды.

Қазақстандағы шағын комплектілі мектептердің жұмысын ұйымдастыру мен жүргізудің, оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Аталған мәселелерді ескере отырып, шағын комплектілі бастауыш мектеп мұғалімдеріне тікелей практикалық көмек беру мақсатымен Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтының Бастауыш білім беру методикасы бөлімі тарапынан 1974-1978 жылдары “Шағын комплектілі мектептегі оқыту мазмұны мен әдістерін жетілдіру ” проблема болған жоқ еді. Зерттеу нәтижесінде шағын комплектілі мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін едәуір спецификалық және обьективтік ерекшеліктердің бары айқындалды.

Олардың басты-бастылары мыналары:

1. Бір мезгілде бірнеше класпен жұмыс істейтін шағын комплектілі мектепке арналған оқу методикасының жасалмауы.

2. Көптеген мұғалімдер бірнеше класпен бір мезгілде жұмыс істеу методика- сын және оқушыларға өздігінен жұмыс істету әдістерін жете меңгермеген.

3. Шағын комплектілі мектеп мұғалімдеріне арнап жазылып, баспадан шыққан методикалық және көрнекі оқу құралдары жоққа тән.

4. Бұл мектептердің 1-класына оқушылар ешқандай дайындықсыз келеді. Бұл-әсіресе балалар бақшасы жоқ жерлерде жиі кездесетін жайт.

5. Шағын комплектілі мектептердің мәдени-шаруашылық орталықтардан шалғай орналасуы аудандық, облыстық халық ағарту органдардың бұл мектептердің жұмысын бақылауға, оларға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік бере бермейді .

6. Мектептердің көпшілігінің материалдық базасы нашар.

Зерттеу барысындағы эксперимент нәтижесінде шағын комплектілі мектеп мұғалімдеріне арналып қазақ тілі, ана тілі, математика және табиғаттану пәндері бойынша методикалық құралдар және көрнекіліктер үшін таблицамен диафильмдер даярланды.

Сондай-ақ шағын комплектілі мектептердің революцияға дейінгі тарихын зерттеуге де тиісінше көңіл бөлінді

Өйткені еліміздегі мектеп жүйесін дамытып, білім мазмұнын, оқытудың ұйымдастыру формасы мен әдістерін жетілдіруде өткендегі прогрестік педагогикалық мұраларды пайдаланудың үлкен көмегі бар. В. И. Ленин жаңа қоғамды орнату адамзаттың ғасырлар бойы жасаған байлықтарын меңгеру негізінде ғана жүзеге асырылатынын атап көрсеткен болатын. Бұл пікір В. И. Лениннің революцияға дейінгі педагогика мен мектепке берген бағаларында ұдайы кездесіп отырады. Революцияға дейінгі мектепті “муштра мектебі, жаттау мектебі” ретінде сынай отыра, В. И. Ленин “оның коммунизм үшін қажетті жерін таңдап ала білу ” керек екенін ескертті.

Өткен дәуірдегі педагогикалық идеяларды оқып үйрену мен бағалауда В. И. Лениннің бұл өсиеттері методологиялық негіз болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Білікті маман дайарлау
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Математикадан логикалық есептер жинағы
Дьюидің презентациясындағы мектеп
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz