Құдайбердіұлы Шәкерім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Құдайбердіұлы Шәкерім

Құдайбердіұлы Шәкерім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ, тарихшы,
композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік
әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-
саяси және әлеум. сыр-сипаттарын көре білуде, қоғаммен адам табиғатындағы
кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайберді Абай
бағытын ұстанды. Шәкерімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген
бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкерім бес жасында ауыл
молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында
әкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде
болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі
табиғатынан зерек Шәкерімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның
талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкерімнің
өзі кейінірек былай деп жазады: Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим
мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға
жуйрік һәм алланың берген ақылыда бұл қазақтан бөлек дана кісі еді,
ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын
тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім. Кезінде арнайы оқу орындарында
оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен
жан сарайын байытқан Құдайберді заманында қазақ арасындағы аса білімдар
адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді.
Құдайбердінің қаламынан тереңойлы, сыршыл лирик, өлеңдер, Қалқаман-Мамыр,
Еңлік-Кебек, Нартайлақ-Айсұлу сияқты оқиғалы дастандар, Әділ-Мәрия
романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға
қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911ж. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар
шежіресі, 1912 ж. Семей қаласындағы Жәрдем баспасынан Қазақ айнасы,
Қалқаман-Мамыр, Жолсыз жаза яки кез болған іс, Еңлік-Кебек, Үш
анық, Мұсылмандық шарты, Ләйлі-Мәжнун т. б. шығармалары жарық көрді.
1978 ж. Ленинградта шыққан Поэты Казахстана деген жинақта Құдайбердінің
бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. Жалын
баспасынан жарық көрді. Құдайберді өмір суріп, еңбекеткен тарихи кезенде
қазақ әдебиетіңде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып келе
жатқан-ды. Шәкерім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі
болды. Абай мен Шәкерім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі
мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан.
Абай тәрізді Шәкерімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан
бастап, өз кезінің күрделі әлеум. мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы
терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкерім айналасындағы
құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қайқайсысына
да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық
болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан
естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан
көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының
басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлықой пайымдарын
лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі – адам.
Ескіден қалған сөз теріп, Сәнқойлар, Қалжыңшыл қылжақпас, Еріншек,
Құмарлық, Бір салмойын сал келер сияқты өлеңдерінде ақын
замаңдастарының бойыңдағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкерім
надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлеңдерінің қай-қайсысында да
оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын,
ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде
сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілді
қабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз
қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола
білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сейлейді.
Ашу мен ынсап, Шаруа мен ысырап, Анық пен танық, Ер қоспақ пен сөз
сөйлемек, Дүние мен өмір, Мақтау мен сөгіс, Міндеу мен күндеу сияқты
бірқатар өлеңдерінде Шәкерім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының
шынайы суретін жасайды. Халық тағдыры - Қ. жырындағы арналы тақырып. Бұл
тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкерім де өзінің насихат
өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері
қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады. Ақын
әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы
кемшілік, мақтан тұтары да халықтық қазына. Әр кезенде жазылған Бай мен
қонақ, Партия адамы, Ей, көп халық, көп халық, Өкінішті өмір,
Қазақ, Насихат, Тағы сорлы қазақ, Қош!, Қош, жұртым тәрізді
өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл
мысалдары нанымды. Оларда сол кезеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер
белгі береді. Қош, жұртым атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан
лирикалық кейіпкер – ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді,
бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір
сәуленің нұры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана
тұрып өзіне ендігі мақсатың не? деген сауал қояды да, соған жауап
іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның
тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне
үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылықта бар. Ендігі жерде халқының
бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойыпуы қажет екенін
алғатартады. Өкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып
отырғанына күйзеледі. Қандай әлеум. кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған,
міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы
өлеңдерінде ақын сол кезеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі.
Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай
отырады. Қоғамдағы әлеум. теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса
керек. Бай мен қонақ өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет
баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) жайында
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ(1858-1931) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРЫ
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны туралы ақпарат
Пәндер