Шәкәрім тойы – елдің тойы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім тойы - елдің тойы.

Биылғы жылы дала данышпаны, ойшыл ақын Шәкәрім қажының туғанына 150 жыл толады. Сол себептен де, енді ғана табалдырықтан аттап, төрге озған 2008 жылды Шәкәрім жылы десе де болады. Шәкәрім көзі тірісінде ешқандай мерейтойы аталып, құрметке бөленбеген адам, оған аумалы - төкпелі заманы мүмкіндік бермеді. Ал жүз жылдығында Мәкеу тарапынан ақталғанымен, соны өзіміз жеріне жеткізе алмадық. Саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған кеңестік идеология оған да тосқауыл қойды. Сөйтіп жүргенде қызыл империяда заман талабымен жариялылықтың жылы лебі есіп, кешегі Алаш арыстарын ақтап алудың қолайлы бір мүмкіндігі туған. Сол шақтағы билік басындағы азаматтарымыз, зиялы қауым өкілдері осы мүмкіндікті қапысыз пайдалана білді. 1988 жылы Шәкәрім ақталып оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Тақ осы жылы 130 жылдығы Абай ауданында, 1998 жылы 130 жылдығы Семей қаласында тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп ескерткіші орнатылды. Қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.

2. Бүгінде Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде Шәкәрімтану ғылыми зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтың күшімен «шәкәрім» және «Шәкәрім әлемі» атты екі бірдей журнал жарық көруде. Семей педагогика институтында Шәкәрім ғылыми зерттеу орталығында экспедициялық тұлғасы дайындалып жатыр. Шәкәрім мұрасытуралы күні бүгінге дейін бес омдық еңбегі дайын тұр. Шәкәрім туралы деректі кітабының Астанадағы «Фодиант» баспасынан «Нартұлға» сериясымен шыққалы жатыр.

Академик - сеатор Ғарифолла Есім соңғы оншақты жыл ішінде Шәкәрімнің өлеңдерін, философиялық трактаттарын зерттеп, зерделеу ісімен түбегейлі айналысып келе жатқан адам. Бұл кісі «Данышпан Шәкәрім», «Мудрец Шакарим» деген орыс - қазақ тіліндегі кітабы жарық көргелі жүр.

Шәкәрім . 24. 07. 1858-2. 10. 1931.

Қазақ әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі болған ақын - жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымыз орынды. Өйткені ол - Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болғанда бірегейі.

Абай шәкірттерінің ішінде көп жасағаны да көп жазғаны да Шәкәрім. Ұлы ақын дүниеден қайтқан соң халық Шәкерімді екінші Абайымыз деп танып ерекше құрметтеген.

Шәкәрімнің қалдырған мұрасы - сан салалы сан алуан ешқашан маңызын жоғалтпайтын қазына.

Ақын 1931 жылы 73 жасында асыра сілтеудің құрбаны болды. Ақынның оққа ұшуынан бұрын, өзі жазып қалдырған мағлұматтар бойынша өмірбаянына шолу жасап көрейік. Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз ұлы Құдайберді . Құдайбердінің Дәметкен дейтін бәйбішесінен туған төрт ұлы болған. Омар, Мұртаза, Шаһмардан, Шәкәрім. Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туған балаларының бірі - Абай. Сөйтіп Құдайберді Абайдың ағасы болады. Құдайбердінің баласы Шәкәрім - Абайдың немере інісі. Шәкәрім 1858 жылы дүниеге келген.

1868 жылы Құдайберді 18868 жылы 37 жасында дүниеден өтіп Шәкәрім жеті жасында жетім қалады.

2. Шәкәрімнің 1878 жылдан бастап 1904 жылға дейін жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен 1912 жылы жеке кітап болып Семейде басылып шыққан. 1888 жылы «Қалқаман - Мамыр», 1891 ж «Еңлік - Кебек поэмасын жазады. 1931 жылдан бастап ақынның ақырғы бір жылға таяу өмір кезеңі аса бір ауыр халде өтті. Асыра сілтеудің салдарынан ақын ел ортасынан аулаққа кетуге мәжбүр болады.

Асыра сілтеу әсіресе Шәкәрімнің елінде Шыңғыстауда асқындаңқырап кеткен еді. Сондай қиыншылық жағдайда ел ортасынан аулаққа кеткен қарт ақын басқа бөтен оймен, кеудесіне кек сақтап кеткен жоқ. Оңашаға кетудегі мақсатын

Мен кеттім, сендер елде қойдың қалып

Ешкімнің кеткенім жоқ малын алып

Елу бес жыл жинаған қазынамды

Оңашада қорытам ойға салып.

Дей келіп, «Ылғи жалғыз жаттым ит жүгіртіп бүркіт салыпжүргенім жоқ. Аулақта жатып ойға келген өлеңімді жаздым.

Бір күні ГПУ бастығы Шәкәрімнен жауап алады. Шәкәрім өзінің кім екенін жеріне жеткізе айтады. Жамандыққа баспайтын зиянсыз адам екеніне әбден көзі жеткен соң, 73 жастағы қазақтың ақжүрек ақсақалын тұтқыннан босатқан.

Ал жергілікті ГПУ бастығы шаш ал десе бас алатын таяз ақыл, тасырдың нақ өзі болады. Ол Шәкәрімді бай, жуан қажы жау деп білген. Және Шәкәрімнің елден аулақта жападан жалғыз жүруі аудандық ГПУ дағылардың күдігін күшейте түскен. Жаулық әрекеттің басшысы - Шәкәрім деп білген. Сол кезде «Шыңғыстауда банды» деген пайда болады. Аудандық ГПУ бастығы қасында адамдары бар, қашқын бандыларды қууға шығады. Олар ауданға бет алып келе жатқан Шәкәрімге кездеседі. Көре салысымен сөзге келместен Шәкәрімді атып салады. Оқ тиіп жараланып жатқан Шәкәрім: «мені ауданға апарыңдар»- дегенінше болмай екінші тағы біреу атады. Ақын өледі. Бұл уақиға 1931 жылы 2 октябрь күні болған. Сөйтіп Шәкәрім ақын 73 жасында жазықсыз оққа ұшқан.

Шәкәрім өлгеннен кейін де ол туралы ешкім ауыз ашпай қалған жоқ. Мұхтар Әуезов Шәкәрімді Абайдың нағыз шәкірті деп атап келеді.

Шәкәрімнің Мәун деген бәйбішесінен сүйген Сүпиян деген баласы ертеректе жиырма бесінші жылдары қайтыс болып кеткен еді. Екінші өмірлік қосағы қосағы Айғаншадан тараған бес ұл, үш қыздың жасы үлкені Қапырды (Ғафур) еш жазықсыз, ешбір тексерусіз түрмеге жауып тастауыаса ауыр қасіретке әкеліп ұрындырады.

Өр мінез, қайтпас қайсар Қапыр жалған жалаға шыдамай түрмеде жатып тамағын кездікпен орып жіберіп бейшара қалде дүниеден өткен. Араға бірнеше күн салып Қапырмен бірге Баязит деген інісі де өледі.

Қапырдан қалған көп жетім

Бір көру еді ниетім

Көре алмай кетті дегейсің - деп Шәкәрім қарт өмірінің соңғы күндері жазғандай көп жетімдер де жергілікті жаналғыштар назарынан тыс қалмағанын бүгінде жасы сексенге келген Камила Қапырқызы естеліктерінен көруге болады.

Сол кездегі ГПУ бастығы Абзал Қарасартов.

ХХ ғасыр көгінде халқының ұлы перзенті атақты ақыны 73 жасында жарық дүниемен қош айтысады. Асыра сілтеудің асқындағандары Шәкәрім денесін жапандағы құр құдыққа көмусіз тастап, қалың елге қырғидай тиді. Сұмдық оқиғаны таратып білген адамдардың ұрпақтарының бұлтартпас дәлелдерін мына төмендегі жолдардан байқаймыз: 1961 жылы 26 июльде Бақанасқа бардым дейді Ахат Шәкәрімұлы. 27 июльде әкемнің сүйегін тастаған құдықты жалғыз қаздым. Ол күні метрден аз - ақ артық қаза алдым. Жаныма адам алмай жалғыз қазған себебім, біреу болса ол асығып сүйектің бір жерін сындырып алар деген ой келді. 28 июльде және қазып, сүйегін түгел алдым.

5. Әкей өте ұзын бойлы адам болатынСүйегін ауданға алып келдік. 8 августа (1961 ж) Абай зиратының қасына жерленді. Жүзден артық адам қатысты. Абай совхозы мен аудан басындағылар түгел жиналды. Сүйек клгенде жыламаған адам қалмады. Көз жасымен қуаныштары да байқалды. (Ақан Шәкәрімұлының естелігінен) Осылайша нақ отыз жыл өткен соң, ұлы тұлға қайта жерленді.

Ұлы тұлғаның қайғылы қазасы, оған тікелей жауапты жаналғыштар жөнінде әр уақыт бедерінде сан түрлі талдау пайымдар болды.

1978 жылдың 20 апрелі, халық атынан сот тергеуші айыптаушы болып, халқымыздың аяулы перзенті академик жазушы, техника ғылымының докторы, профессор, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евней Арыстанұлы Букетов жауап алды. Айыпкер, қылмыскер тарих алдында жазаға тартылушы ретінде отызыншы жылдарға ГПУ қызметкері 70 жастағы Абзал Қарасартов жауап беріп отырған.

Дей тұрсақ та әйгілі ғалымның Қарасартовпен қалай кездескеніне, ғалым жазушы өмірлік қосағы Зүбайра Оңдасынова баяндап берді.

1957-58 жылдары ақынның жазықсыз өлімі туралы мәселе қозғалып ССРО прокуратурасы Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп тауып 1958 жылы 28 ноябрде Ш. Құдайбердіұлын ақтаған шешім шығарды.

Құнанбай

Күңке (Бәибішесі)

Құдайберді (жалғыз ұлы) -1868 ж 37 жасында қайтыс болған

Абайдың ағасы. Дәметкен ( Бәйбішесі)

Омар. Мұртаза. Шаһмардан. Шәкәрәм. (Абайдың немере інісі)

Жүсіпбек Аймауытов.

(1889 - 1931)

Ұзақ жыл ұрпақтар есінен шығып, қайта оралып жатқан қаламгерлер, қайраткерлер рухани өмірімізді толықтыра, молықтыра түсуде. Әдебиетімізге орасан зор үлес қосқан осындай жан - жақты дарынның бірі - Жүсіпбек Аймауытов.

1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында туылған. Арғы аталары ауқатты кісілер болған . Бірақ Жүсіпбектің өз әкесі Аймауытта, оның әкесі Дәндібайда шағын шаруалы адамдар болған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Ауыл молдасынан сауат ашады. 1911 жылы Керекуге келіп екі класты орыс - қазақ мектебіне орналасады. 1914 жылы Семей губерниясына оқуға түседі.

Оны 1919 жылы бітіреді. Семейде «Абай» журналын шығарысады. 1920 жылы Қазақстан советтерінің сьезіне қатысады.

1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторыболып істейді. 1922-24 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1924 - 26 жылдары Ташкенттен шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызмет атқарады.

Бұдан кейін 1926 - 29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара - тұра сол кездегі саяси - науқандарға араласады.

1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалады.

Міне осылай Ж. Аймауытовтың өмірі 1931 жылы 42 жасында нағыз творчествалық толысқан кезінде қыршынынан қиылады. Жүсіпбектің әдебиетке құмарлығы ерте оянған. 13 жасынан өлең жаза бастайды.

Жүсіпбектен қалған мұра аса бай.

Оның ішінде «Қарт қожа», «Ақ білек» романдары «Күнкейдің жазығы» повесі мен көптеген әңгімелері. «Рабиға», «Ел қорғаны», «Шернияз», атты пьесалар «Нұр күйі» поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, көптеген аударма кітаптар, оқулықтар бар. Осындай жан - жақты талант иесі Жүсіпбек революциядан кейін туған Қазақ совет әдебиетінің бастауында тұрып, өзінің замандастары Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Мағжан, Сәбиттермен бірге көптеген жаңа жанрлардың негізін салуға қатысты.

Жүсіпбек аудармашы есебінде қазақ әдебиеті мен орыстың және Дүние жүзілік классикалық әдебиеттің творчествалық байланысын Ұлғайтуға көп күш жұмсады. Қазір оның аударуымен басылған И. В. Гогольдің «Бақылаушы» (Ревизор), А. С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері», Дюманың «Дәмелі» атты шығармалары табылып отыр.

Ол халық ағарту саласында, педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге бірнеше еңбектері мен оқу құралдар жазды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924ж), «Психология» (1926ж), «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты елеулі кітаптары бар. Жүсіпбектің сан -салалы творчествалық қызметі дәуірдің талап етуінен туады. Бұл бір Жүсіпбек басындағы ғана емесқазақ интелегенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сипат. Ақын да, жазушы да, драматург та, сыншы да ғалым да болып еңбектер жазды. Аударма да жасады. Бүгін біз Жүсіпбектің көрме туындыларын, әдебиет тарихындағы орнын, жазушы шеберлігін, ізденістерінің байсалдылығын айта отырып оның барлық творчествалық тарихи маңызын айрықша атаймыз.

Халқымен қайта қауышқан.

/Кітап көрмесі. /

І Бөлім. Қабырғалы қаламгер.

Цитата: «Жүсіпбек Аймауытов өзінің дарынын халық мүддесі үшін қызмет етуге бағыттады, нәтежиесінде, сан - салалы еңбектер берді»

М. Қаратаев. 1989 ж.

ІІ бөлім . Елін сүйген - ер тұлға.

Цитата: «Ол - өмірімен, еңбегімен туған халқына қиын кезеңде қызмет еткен, сол үшін жанын құрбан еткен, сүйікті азаматымыз, маңдайға біткен жарық жұлдыздарымыздың бірі . . .

С. Қирабаев. 1991 ж.

ІІІ бөлім. Уақыт жаңғырығы.

Цитата: « . . . Бұл күнге шейін тәрбие ғылымы - күшейіп, етек алып, кәмелетке жетпеген, кейінгібасқышта жүрген ғалым . . . »

Аймауытов Ж. «Тәрбие» мақаласында.

«Абай журналы» 1918 ж.

Жүсіпбек Аймауытов (1928 жазылған)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имандылықтың сыры
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Ұлттық салт-дәстүрдің тұлғаның әлеуметтенуіне ықпалын анықтау
Моцарттың шығармалары
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
1990 жылдағы Қазақстандағы тарихи өлкетану жұмыстары
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдердің жанрлық сипаты
Абай мен Шәкәрім кесенесі
Өнегелі елдің өнерпаздары
Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың cаяси-рухани өзегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz