Шәкәрімнің музыкалық эстетикасы мен әндері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрімнің музыкалық эстетикасы мен әндері

Шәкәрім - ХІХғасырдың 2-ші жартысында Арқа ән мектебінде Абайдан бастау алған жаңашыл бетбұрыстың шыңына жетуін айқындаған көрнекті өнер қайраткері.

Шәкәрімнің музыкалық мұрасы 15 ән, 2 күй («Алабайрақ», «Бозторғай»), 8 әуенмен орындалатын 4 эпикалық шығармадан («Еңлік-Кебек», «Ләйлі-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр», «Дубровский») құралады.

Әндерінің жиналуы XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан басталған болатын.

Голландиялық Альвин Бимбоэс 1926 жылы «Музыкалық этнография» жинағында «№1 Шакарим», «№2 Шакарим (частушка) » деген атпен алгаш баспа бетін көрген әндері, өлеңсіз жарық көрді (өлеңнің жалпы мазмұны орыс тілінде жазылды) . Бұдан соң атақты орыс сазгері А. К. Глазуновтың Ленинградтағы жеке архивінен зерттеуші А. Визель «№2 Шәкәрім» әнін тауып, оны 1967 жылы «Қазақстанның халық музыкасы» жинағында жариялады. А. Бимбоэс түсірген «№1 Шакарим» әнінің енді бір түрін А. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына 1925 жылы «Тілек-батам» деген атпен енгізген. Әннің тек әуені (өлеңсіз) нотаға түсірілді. 1931 жылы А. Затаевич «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» жинағында Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен алғаш рет ақынның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты шыгармасын жариялайды. Бұл еңбекте А. Затаевич Шәкәрім әндеріне тұңғыш рет баға беріп, №156 анықтамасында: «Шәкәрим Құдайбердин- Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әні орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек», - деп жазды.

Шәкәрімнің әншілік мұрасының жиналып зерттелуіне көп еңбек сіңірген өз баласы Ахат Құдайбердиев еді. Ол 1959 жылы алғаш рет «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән», «Анадан алғаш туғанымда», «Ойладым бір сөз жазайында», «Қорқыттың сарымы», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл» атты әндерін консерваторияның фольклорлық зертханасының қорына, магнитафон таспасына жазғызып, зерттеуші Асқан Серікбаевамен нотаға түсірді. Әндердің екінші легі 1965 жылы Қабыш Керімқұловтың орындауымен жазылып алынды. Олар «Жылым- қой, жұлдызым-июль», «Бұл ән бұрынғы әннен езгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сүраған жанга сәлем айт», «Ойладым бір сез жазайында», «Мұтылғанның өмірі», «Байғазы». 1966 жылы Ахат Құдайбердиев М. О. Әуезов атындағы Әдебиет жоне өнер институтының музыкатану бөліміне Шәкәрімнің 14 әні мен 8 жыр мақамын айтып, музыкатанушы Талиға Бекхожинаға жаздырды. Жыр әуендерін әр жылдары Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарына барған экспедициялық сапарларда ел ауызынан жиналып, Ғылым Академиясының зертханасында сақталған болатын. Оларды айтушылар Қимамиден Нығыманов, Бажай Ахметов, Зейнеп Егеубаева, Бақытжамал Оспанова, Нығыман Әбішев ақын поэмаларын батырлар жырының дәстүрлі әуенімен немесе жыраулардың өздері шығарған әуенмен орындады. Мысалы, Шәкәрім қиссалары Ырсайдың Ысқағы елде «Ысқақ сарыны» деп аталатын әуенімен танылды.

Ахат Құдайбердиевтен соң бұл мұра 1989 жылы «Аманат» атты музыкалық-этнографиялық жинақ болып жарыққа шықты. Бұл басылым Шәкәрім әндерінің ғылыми зерттелуіне жол ашты.

1966 жылы Абайдың ән мұрасын арнайы зерттеген Ғ. Н. Бисенова диссертациялық қолжазбасында Шәкәрімнің жекелеген әндеріне тоқталды. Ғалым «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл әндері» арқылы Шәкәрімнің Абайдың әншілік жолын қуған ізбасары болғандығын дәлелдеді.

Шәкәрім ән мұрасын зерттеуде басты дереккөздер: ақынның «Мұтылғанның өмірі» атты өмірбаяндық поэмасы мен Б. Сапаралы, Т. Бекхожина, А. Ахметжановтың баспасөз беттеріне жариялаған Ахат Құдайбердиннің ауызша естелік-әңгімелері. «Аманат» жинағындағы Т. Бекхожинаның мақаласы, Шәкәрімнің музыкалық шығармашылығы жайлы жалғыз өмірбаяндық очерк. Мұнда баланың талабы 3-4 жасында оянып, 5 жаста ауыл молдасынан араб, парсыдан хат тани бастағаны баяндалады. Дуалы ауыз шешендердің орағытқан қисса, ертегілері мен сал, серілердің шырқаған асқақ әндері, топтан озған айтыс ақыңдарының өнегесін естіп, өсуі өнерге құштарлығын оятып, жеті жасында алғаш өлең шығаруына, ағасы Абайдың араласуымен керей Біткенбайдың тәлімімен күй әлеміне қадам басып, домбыра тарту мен күй тарихын меңгеруі, баланың бір жылдан соң «Азамат қожа», «Қорқыт», «Асан Қайғы», «Алшағырдың ащы күйі», «Кертолғау», «Терісқақпай», «Бозінген», «Бозайғыр», «Саймақтың сары өзені», т. б. шығармаларды бабына келтіре орындауы жан-жақты әңгімеленеді. Осыдан соң, Шәкәрім өзі жазғандай:

«Он жасыма кірген соң, Домбыра, гармонь білген соң, Мылтық атып жүрген соң, Аңшы боп түстім азапқа. («Мұтылғанның өмірі»), - деп, қаладан скрипка, шарманка сатып алып, скрипка тартуды үйренеді.

М. Әуезов Абай қырықтан асқан шағында оның өз ақындық ортасы қалыптасып, жас ақындарға ақыл-кеңес бергендігіне назар аударады. Мұны Тұрағұл естелігі де растайды: «Осы жылдар мәжілісінде ілім сөзінен басқа сөз жоқ болды. Бар талапкер жастар болып, сөзін тыңдап, медреседегі шәкірттерше ақиқат олай емес, бұлай деп бір-бірімізбен дауласып жатушы едік», - деп жазды. Мұны арнайы ғылыми бағыт ретінде жалғастырған К. Мұхамедханов, («Литературная школа Абая» А., 1954ж, автореферат дисс. ) Абай айналасындағы өнерпаздардың тәрбиесін көрген ақындардың Шәкәрімге де әсер еткеніне дау туғызбайды.

Шәкәрім ән шығармашылығын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болады.

І-кезеңде (1872 (1879) -1904ж. ж. ) алғашқы әндері шығарылса, І-кезең (1912-1931ж. ж. ) - хажыдан оралып, шығармашылық жолға түсуі, жаңа, бетбұрысты кезеңнің басталуымен ерекшеленеді.

І-ші кезең шығармашылығына үш әнімен қоса, баласы Ахаттың мәліметіне сәйкес, ұмыт болған 14-15 жасында шығарылған «Қозыкөш» әні де жатады. Тұсау кесер әндерінен-ақ («Жастық», «Шын сырым», «Ажалсыз әскер») сазгер жаңашылдығын танытады. Ахаттың мәліметінше Шәкәрім: «Жастық» әнін 1879 жылы 21 жасын-да жаңа формада- Абайдың «Сегізаяқ» әнінің үлгісінде шығарған. Ахаттың айтуынша, «Сегізаяқ» үлгісін алғаш Шәкәрім шығарған көрінеді» (Аманат А., 1989, 6-6. )

Тырнақалды туындыларында Шәкәрім жаңа өлең өлшемдерін батыл қолданады. «Жастық» әнінде Абайдың өлең өлшеміне («Сегізаяқ») дәл келетін (558 558 88) сегіз тармақты ән болса, 1881жылы шығарылған 11-12 буынды «Шын сырым» әні, «Ажалсыз әскерде» 10 буынды өлең боп жалғасады. Музыкалық құралдар тарапынан да үш мелотолқынды даму («Жастық»), қос тараулы репризалы құрылым («Шын сырым») және
дәстүрде сирек құбылыс модуляциялы ауытқу (V- сатыдан - І-сатыға «Жастық») орын алады.

Соңғы он тоғыз жыл ішінде Шәкәрімнің қалған 12 әні шығарылды.

Абайдың аманатымен 1906 жылы хажыға барған сапарында Стамбулда 26 күн тоқтап, сонда шығыс нота жазуын, 1907 жылдан бастап араб, шағатай, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерген ғұлама «Кеңқоныстағы» жер үйде шығармашылықпен айналысқан. «Қоңыр ат» жылқысымен, қыран бүркіт пен құмай тазысы бар ол аңшы боп, сегіз қырлы өнерді - тасқа бедер салуды, киім пішуді, ою қашап, домбыра, скрипка секілді музыкалық аспаптар жасауды игерді. Өз домбырасының жоғарғы тұсына тағы бір перне тағып, үш ішекті аспапта ойнау ерекшеліктерін жетілдірген әрі өзі де талғампаз тыңдаушы болғандығын ән туралы жазған өлеңдері дәлелдейді.

1925-1926 жылдары жазылған «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән» өлеңдерінде өнердегі бетбұрысты кезеңнің басталғанын ашық жариялайды. Әнге көзқарасын «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән», «Ескі ақындық», «Ақындарға», «Таң» жұрналына жаңа әнмен байғазы», «Қорқыттың сарыны», «Тыныштық жоқ, тыным жоқ», «Бір салмойын сал келер», «Сөз жазып өлең өлшемек», «Сәлем! Әбдіғали бауырым, жалғызға» өлеңдерінде жан-жақты талдайды. Соңғы жылдары «Ойдан шығарған бар түрлі әндерім» өлеңінде «әннің мәні» деп аталатын жаңашыл концепциясын қорытындылай отырып: «Ойдан шығарған бар түрлі әндерім Үйрен, білсең әннің мәндерін» «Шығардым әндер жаңалап Саларсың сынға саралап», деп жазды.

Шәкәрімнің өнер жайлы көзқарасында өнер жасаушысы - адам тұлғасы қомақты орын алады. Оны «ойы сергек», «сезімі ояу», «талапты», «жас» деп көрсеткен ақын, мұндай жанның жаратылысы ерекше екендігін ескертіп:

«Үн сырын ұғар адам аз, Айғайға құр болар мәз», деп түйеді («Ойдан шығарған»),

Өлеңдерінде Шәкәрім ән, оның тудырушысы мен орындаушысы, тыңдаушысы жайын талдап, әннің көркемдік сапасына да баға береді.

Шәкәрім шығармашылықты сезім жетелеген шабыт емес, ой елегінен өткен тұжырым, ұстамды толғаныс деп білген. Оны өлең арқылы:

«Сырын бұл әннің айтып қарайын,

Сипаттап тізіп санайын».

(«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»), - деп білдіреді.

Оның тууы ішкі толғаныстың, жан азабының жемісі. Қағазға ұзақ ізденістен соң туған жетік ой ғана түседі:

«Тыныштық жоқ, тыным жоқ,

Ойсыз менің күнім жоқ».

(«Тыныштық жоқ»)

«Сол ойды бес жыл жаздым,

Арыдым, шаршадым, аздым.

Инемен көп құдық қаздым

Сырым, ойым, жайым сондай»

(«Жылым қой, жұлдызым-июль»)

Шығармашылық - ақын үшін рационализмге толы саналы еңбек. Оны Ахаттың «Ажалсыз әскер» әнінің шығу тарихы жайындағы естеліктері дәлелдейді: «Ерте кездегі бір ән шыгарған жайын әкей былай дейді: Абай екеуіміз әңгімелесіп кенде әкеймен екеуміз, шешелерім, жас бала-лармен қорада қалатынбыз, әкей екөуміз тауға шығатынбыз, Таудың басында отырып, әкей өлең жазып қайтатын.

Бір күні «Үштас» деген таудың жотасына шығып отырдық. Бұл биіктің айналасындағы көрініс жазгытұры ете тамаша болады. Кұз, жартас, ағып жатқан өзен, тоғай, тоғайда сайраған бұлбұл, байғыз, үкі көкек, сарала қаз дауыстары, таулар жаңғырығы, баулы сайдың жұпар иістері, бәрі адамның ойына-бойына тәтті сезім жүгірткендей әсер беретін көріністер. Әкей жазу жазып отырады. Мен өзенге барып жуындым. Әлден уақытта қайттық. Жолда әкей дыбыстан, сарынды әуез айтып келе жатты. Үйге келдік. Әкей домбыра тартып отырды. Шай ішіп отырғанда әкей айтты: «Балам бүгін олжалы қайттық. Мен жаңа ән шығардым. Ол әнді жаратылыстың әнінен бағанағы сайраған бұлбұл, шақырған кекек, таңдайын қаққан үкі, оларға қосылған таулар жаңғырығы, күрілдеп аққан өзен дауыстары, осылар қосылғанда жаратылыстың әні боп шықпай ма?»

Шәкәрімнің «Бозторғай» күйінің шығуын таңсәрідегі әсем табиғат керінісімен байланыстырады: «Бозторғай» күйін ел жайлауға шығып «Үштас» деген қоныста, таң атып келе жатқан мезпгілде аспанда сайраған бозторғайдың үнін естіп, содан әсер алып / . . . / тарттым дейтін».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай және Шәкәрім – сазгерлік өнер мәселесі
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірбаяны
Балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір мен шығармалары
Құдайбердіұлы Шәкәрім
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы
Эстетикалық талғам
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz