Қазақ халқының ақын-күйшілері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Халық ағату ісі

Абай (Ибрагим) Құнанбаев
(1845-1904)
Қазак ұлтының ұлы ақыны Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы өз дәуіріне дейінгі
дүние данышпандарының даналық мәйегін толық меңгерген және бүкіл көшпелілер
әлемінің дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көркем ойының
мүмкіндігін бойына сіңірген, сол қасиеттері арқылы адамзат санасының
дамуына үлес коскан дара тұлға. Өз халқының тарихы тағдыр талқысына түскен
шақта, еркін елінің заман екпінімен отарлаудың бұғауына ілініп, басыбайлы
рухани және экономикалық тәуелділікке ұшыраған түсында өмір сүрген ақын
туған халқының "жан бостандығы" үшін барлык. ақыл-ойын сарқа жұмсады.
Абай қазақ халқының рухани өмірінің айнасы. Ұлы акынның әрбір сөзі біз
үшін мәңгілік ғибрат. Абай тек өз заманының ғана мүддесін жырлап кеткен аса
талантты тұлға емес, ол кдзак ұлтының сан ғасырлар бойы жинактап келген
ақыл-ойының мәйегі. Даналык сөзді айту - кез-келген халыктың және кез-
келген тілдің пешенесіне жазыла бермейді, сондай-ак., кұбылыстың күдіретін
білетін және сөз шебері боп туған Ғұлама кез-келген ғасырда өмір сүрмейді,
алайда кез-келген дәуір мен кез-келген халык ортақ казынаға өз сыбағасын
қоса алады. Сол сиякты Абай да әр дәуір сайын кайталана беретін қатардағы
талантты жан емес, мәңгілік кайталанбайтын тұлға. Тарихшы В.О.Ключевский
мұндай ұлы адамдарды "ұлттың өмір сүруінің кепілі" деп бағалапты. Абай тек
қазақ халқының рухани дамуына үлес косып қойған жоқ, сонымен қатар әлемдік
парасат мұхитына да өз арнасымен келді.
Өлді деуге сыя ма ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артьтна сөз калдырған, деп
өсиет еткен ұлы Абайдың бұл сөзі ақынның адамзат руханиятындағы өз орнын
толық анықтап береді.
Ұлылардың өмірін еске алу арқылы біз халқымыздың өткен өмірі мен
келешегі туралы ой толғап, рухани мүддеміздің бағдарын аныктаймыз.
Ұлылардың өмірі - ұлттың рухани тарихы. Сондыктан да оның кешкен ғұмырының
әр сәті касиетті, қас-кағым болса да, даналардын ой ағымын түсіну үшін оның
өмірлік басты мақсатын, мұрат-мүддесінің рухани алтын өзегін дәл аныктап
барып, тағдыры мен танымын тамырластыра пікір тұжырымдағанда ғана, ұлттық
нысананын. даму бағдары анықталады. Өкінішке орай, Абайдың өмірбаяны мен
шығармаларына тек бір ғана көзқарастың "сәулесі түсіп", барлык астарлы ойы,
рухани "мені" жаттанды қисынға айналды. Абайдың айналасы мен акындык
нысанасы ұлы империя мен орыс елінің әр тұстағы саясатына бейімделген жалаң
әрі өте қиянатты тәсілмен түсіндіріліп келді. Ол қағидалар жаңарған рухани
тәуелсіз толкынның санасына көлеңке түсіреді. Әрине, түткырлы, тот баскан
ғылым кабаты бірден шайылып кетпейді. Бірақта қашанда бағытымызды Абайдың
өз тағдыры мен өз шығармаларының астарына карап түзетіп отыру - парыз.
Әйткені, Абай - ұлттың арожданы. Ұлттың мактанышы және намысы. Себебі,
дүние жүзілік ауқымға сай қазақтың ұлттық санасын оятқан және оны
қалыптастырған адам - Абай. Ал Абайды - Абай еткен, ұлы ойшылдың ойына
тамыздық беріп, қаламын қайраған құралы -оның өзі өмір сүрген заманы. Әрбір
дананың көзқарасын аныктайтын тез бен таразысы сол замандағы коғамдық
құрылым мен әлеуметтік, ұлттык, рухани өмір құбылысы. Ұлы тұлғаны өз дәуірі
туғызады. В.О.Ключевскийдің: Егер мен Петр 1 мен Екатерина 11 арасындағы
екі дәуірдің табанды түрде дайындауының нәтижесінде Пушкиннің акындық
таланты дүниеге келді десем асырып айтқандыққа жатпайды. Біздің
тарихымыздың бүкіл ғасыры орыс көркем ойының осындай данасын өмірге әкелу
үшін орыс нмірін мәпелеп-ақ бақты" деуі сондықтан. Ал Абайды туғызу үшін
казак халкы Абайға дейінгі барлық тағдырын тарих таразысына салды. Абайды
өзінің "соқтықпалы, соқпақсыз" заманы тудырды. Ол тек қана қазақ елінің
тегін тектегенде ғана қасиеті артатын ұлы тұлға емес, қадым заманнан бері
көшпелілер мәдениетінің барлык болмысын бомына сіңірген жиынтық қасиет.
Шохан Уалиханов
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы
Уалиханов—(1835—1866) демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі.
Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғамдық
қайраткер Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалык білімділік пен
Шығңю халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінікті үйлестірді және қысқа
ғұмырында мол да жан-жақты шығармашылық мұра қалдырды.
Уәлихановтың азамат; ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық
мәдениеті мен ғылыми қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз
қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің,
Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен
идеяларын қуаттады.
Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (Петерборға барғанға
дейінгі уақыт яғни 1855—1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі
(1859—1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да
мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан — өмірінің
соңына дейінгі жылдарды қамтиды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан
өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия
тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ.
Ш.Уәлиханов тікелей философиялык мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған,
алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын
байқауға болады. Ол "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы", "Даладағы
мұсылмандық жөнінде", "Тәңір (құдай)" деген еңбектерінде философияның
негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен Ш. Уәлихановтың
сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін
айту керек. Қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде
"сыртқы дүние—күн, ай, жұлдыздар және жер—алғашқы құдірет болып табылады"
деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеуінен және
басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы,
себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы,
"Тәңір (құдай)" атты мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын
ырымдарының себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен
түсіндіреді.
Сонымен, Шоқан сырткы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның
объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық
көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселесінің
маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады.
Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ
айтып кеткен. "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" деген еңбегінде табиғат
пен адам; өмір мен өлім әрқашанда түпсіз сырға толы ғажайып танданудың пәні
болды деп көрсетеді. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның
табиғатқа қатынасын танып білу қажеттігінен шамандық туды деп тұжырымдайды.
Бұдан Шоқан Уәлихановтың адам мәселесіне, оның фәни дүниедегі орнына, өлім
мен өмір мәселесіне ерекше мән бергендігі көрініп тұр. Шамандықтың шығуынын
бір себебі табиғатқа құштар болу дейді. Екінші ғажайып нәрсе адам, адамның
терең ойға және танып білуге ұмтылған рухы деп көрсетеді. Яғни, адамның
ішкі дүниесі, оның қоршаған дүниеге қатынасы зерттеуді қажет ететін мәселе
есебінде қаралды.
Шоқан діннің, әсіресе, қазақ даласында татар және Бұқара молдаларының
таратып жүрген діни қағидаларының халыққа тигізіп жүрген зияндығын баса
айтады. Қазақ жұртына бұл молдалардың айтып жүрген уағыздары ой мен
сезімнін дамуын тежейтін әлі схоластикадан басқа ештеме әкелмейді"-деп
көрсетеді. Кейбір ислам дінін жақтаушылардың Мұхаммед ілімін тазартуға
болады деген пікірлеріне қарсы шығып, онда ешқандай реформа болуы мүмкін
емес дейді.
Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889)
Ыбырай Алтынсарин қазақ коғамының тым мешеу кезеңінде, казақ аулының
үстіне төнген қара тұнектің жиегі көтерілмей тұрған кезде өмір сүрді.
Ел үстемдерінің халықты езіп-жаншушы патша өкіметінің қанауы қосылып,
кайғысы арта түсті. Патшаның қара кушіне сүйенген жергілікті әкімдер мен
феодалдар халық қанын сүліктей сорып, буынын босатыл, діңкесін құртып
жатқан кез болды. Осындай қайғысы мен қасіреті мол кезеңде дүниеге келген
азаматтың мақсаты мен міндеті қандай? Ол міндетті түсініп, колынан келген
септігін тигізуге талаптанбаған адам қандай адам? Міне, осындай заманы
ұсынған талаптардан тартынбай күрес майданына аттанып, өмір тауқыметін
тартқан халық ұлының бірі - Ыбырай Алтынсарин еді. Ақынның осынау бір ауыр
кезенде өмір сүріп, жасымай, талмай елі үшін еңбек еткені келешек үшін
қымбат," ең ардақты іс.
"Ірі ағартушы, озык. саналы әлеумет қайраткері, өнерлі ақынның артына
қалдырған ізіне, қадірлі жолына қарап отырсақ, заманына бақсақ, - дейді
М.О.Әуезов, - көңілге үлкен-үлкен алғыска толы ойлар келеді. Сонда, өз
өмірінің, еңбегінің барлық кисынсыз қиын шалғайлықтарының бәрін елеместен,
жасымастан батыл басып, ұдайы ұзап бара жатқан шың зор қайратты танисың.
Мұндай іспен түрақты айнымас мінез тек қана халықшыл, азаматтық санасы
айқын жаннан шығады. Ыбырайда сол күш терен. еді, мол еді. Ол сананың үлкен
оты мұның ізгі жүрегінде мол уакыт берік орнаған"'.
Революцияға дейін-ақ белгілі ғалымдар Ыбырайға назар аударып, оның
ағартушылық қызметіне тілектестік білдірді. Әсіресе, Қазан университетінің
профессорлары мен Орынбор оқымыстылары, қала интелегенциясының көрнекті
өкілдері оған ақылшы болып, сарқылмас таланты мен қажырлы жігеріне назар
салды.
Ыбырай тұстастарының бірі Ф.Д.Соколов 1889 жылы ақын өліміне кдйғырып
жазған хатында былай деген болатын: "Қазак халқы оны өте құрметтейтін. Орыс
поселендері де оны қайырымды және әділ адам деп танитын. Қостанай
интеллигенциясын ол жоқ жерде көңілсіздік басатын, сол қоғамға жан беретін
адамдай және көңілді, сүйкімді кеңесші ретінде барлық жерде де оны өзгеше
бір куанышпен қарсы алатын".
Ыбырайдың қоғамдык ролін сол кездің баспасөзі де жоғары бағалады.
"Оренбургской листок" газетінде жарияланған қаралы хабарда:"... Алтынсарин
қазақ арасында әуелі Европаньщ білім-ғылымының көзін ашкан бір аяулы жан
болды, - дегенді.
Н.Ильминский Ыбырай туралы тұңғыш естелік еңбек жазып калдырған адам.
Ол "Ы.Алтынсаринді еске алу" деген көлемді кітап 1891 жылы Қазан қаласында
бастырған. Бұл кітап - Ыбырай творчествосын тануда маңызы зор, алғашқы
биографиялық естелік; әрі қазақ жазушысы туралы жарияланған тұңғыш
еңбектердің бірі ретінде құнды. Ильминский Ыбырайдың хаттарын, оған коса
кейбір адамдардың жазған жауаптарын жариялады. Бірақ Н.Ильминский ақын
шығармаларын талдауды мақсат еткен жоқ. Нак осы сияқты революцияға дейін
Ыбырай туралы жазылған басқа еңбектер де тек әркімнің естеліктері, хаттары
не макалалары дәрежесіндегі туындылар. Олар ақын туралы қейбір деректер
ғана бере алады. Қазақ ғалымдары ғана Ыбырай творчествосын жан-жақты, терең
зерттеуді қолға алды.

Қызық әдебиеті.
ШАЛ АҚЫН
Шал акын — XV—XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғаның бірі.
Тұнғыш рет Он бес деген жасым-ай атты толғауы Жаңа әдебиет журналында
(1958, № 5) жарық көрген. Егер щынды 1831 жылы дүниеден кеткен деп
есептесек, бір ғасырдан соң өлеңі баспа бетінен жетті.
Екінші дерек 1958 жылы Ғалым Малдыбаевтың Казак, әдебиеті (№ 48)
газетінде жарияланған Шал акын кім? деген макаласымен ашылды. Шалдың арғы
тегінен, өмірбаянынан мәліметтер берілді. Бұрын кейбір окулыктарда,
зерттеулерде аты ғана аталып жүретін Шал жөнінде макала авторы біраз қысқа
хабарлар айтып, кейінгі зерттеушілердің алдына жобалы қазық сала кетеді.
Желіге тарткандай сегіз өлеңін іріктеп, окушының алдына жайып салады. Әр
турлі тақырыпты козғайтын осы сегіз өлеңнің өзі Шалдың шымыр, шешен кісі
екендігін дәлелдегендей еді.
Ғ. Малдыбаев кәрікұлақ қариялардың айтуы бойынша акынның қай жылдың
төлі екендігін анықтайды. Және 15 жасынан бастапак өлеңмен әуестене
бастағанын ескертеді. Сынау, мінеуге, өсиет сөздерге жиірек барғанын
айтады. Ғалым ақсақал айтқан алғашкы деректер XVIII— XIX ғасырлардағы
қазақ қандарының шығармалары (Алматы, 1962) деп аталатын кітаптың
жекелеген авторларға түсінік беретін тұсында (389—390-66.) қайталанады.
Егер Қазақ әдебиеті газетінің 1958 жылғы 28 қараша күнгі №48 санында
Шалдың 18 шумак немесе 70 жолдай жыры басылса, қазақ ақындары
шығармаларының жинағында 11 өлеңі, яғни 600 жолдай өлең жарияланды.
Осы жинақтың Кіріспесінде К.азак, ССР Ғылым академиясының
корреспондент мүшесі Ы. Дүйсенбаев Бұқар жыраудың әдебиеттегі лайықты орнын
айта келіп: Бұқар, Тәтікара, Айтамберді, Шал ақындар қазақ, әдебиетінің
жаңа кезеңін бастайды, жеке ақындар творчествосы туады. Сөз жок, бұл
ақындардыьд шығармалары әр алуан, кей сәтте біріне-бірі қайшы да келіп
отырады. Біз бұл жерде әдебиетімізде болған жаңа кұбылысты, ауыз
әдебиетінен 6аска белгілі авторлары бар жаңа әдеби үлгілер пайда бола
бастағанын, кейін осыдан барып жазба әдебиетіміздің негізгі қаланғанын
ескертпекпіз! — деп, әрі күрделі, әрі құнды да кызық пікірмен ой тастап
кетеді. Міне, бұл секілді ескертпелер Шал жөніндегі кейін туған шағын
макалаларға мұрындык, болған сиякты.
Бұл кітапка енгізілғен 11 өлеңнің өзі Бұқар мен Дулаттың арасында Шал
секілді сері акданның тұрғандығын айкындай түседі. 1965 жылы Жазушы
баспасынан шыққан Ұш ғасыр жырлайды кітабына, марқұм Ғали Әбетовтың
көрсеткеніндей, 35 өлеңі окушылар кауымына ұсынылды, жалпы көлемі - 441
жол. Жинарың Ысқақ, Дүйсенбаев жазған Алғы сәзінде Бұқар жырау
Калқаманулынан кейін Шал Күлекеұлының аты аталып, поэзиясына баға беріледі.
...Қаарт ақын ізгілікке сенеді, адамның жаркын жақтарын жырлауды
көксейді3 деп, Шал мұрасының негізгі такырыптарына назар аудартады.
1967 жылы шыққан Ертедегі әдебиет нұскаларын кұрастырушылар Шалдың
аферистік поэмасын Қожа Ахмет Иассауи философиясымен салыстырады. Осы
кітаптың Шал туралы бір сөзінде Шал өлеңді жазып та шығаратын болған.
Бірақ, ол ең алдымен импровизатор ақын еді делінген. Ақынның өлеңді жазып
шығаруы жайында әлі күнге нактылы деректер жоқтың қасы. Ал, импровизатор
екендігіне ешкімнің таласы болмаса керек. Сосын Шал мұрасынан біздің
заманымызға жеткені — мың жарым жол шамасындағы өлең мен бірнеше ғалия қара
сөздер дейді. Біздіңше, Шалда қалыптасқан жоқ, бұл жайлы да үзілді-кесілді
пікір айта кою киын.

Сұйінбай Аранұлы (1822-1895)
Сұйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында, 1822 жылы
шілде айында туған. Өз әкесі - Аран Күсепұлы, арғы атасы Жүенкұл деген
кісілер.
Сүйінбкйдың соңғы кезде табылған өлендерінің ішінде оның өмір
белестерін танытатын кейбір толғаулары кездеседі. Онда акыннын. ата-бабасы
мен ағайындары; Аран, Күсеп, Жиенқұл, жақын туыстары Жұмық, Оспан,
Жаманшалдар, әйелі Еңліктің (Жұпан деген бәйбішесі өлгеннен кейін алған)
есімдері мәлім болады..
Акынның өлер алдындағы айтқан тағы екі толғауы табылды. Ойда акын өзіне
өлім қаупі төнгенін біліп, өміріне тұжырым жасайды.
Құлқайырдай ағарды сакал, мұртым, Өтіп кетті катарлас талай жұртым.
Керуеидей бір күні жөнелермін, Жан келіп кетпейді ме неше дүркін? деп
басталатын осы өлеңінің үшінші шумағында ақын 73 жасқа келгенін хабарлайды.
Ал осы күнге дейін біз Сүйінбайды 68 жасында (1827-1895) өлді деп келдік.
Жетпістің үшеуіне келгеннен соң, Тарғыл тартып кеттің-ау, кайран күнім.
Бұрынғыдан, Сүйінбай, бәсеңдедің, Секілді биыл менің мүшел жылым.
Бұл сөздерге қарағанда, Сүйінбай 1827 жылы емес, 1822 жылы туып, 1895
жылы қайтыс болған. Сүйінбайдың сұйегі Қарақыстақ аңғарының жоғарғы
саласындағы шағын обаның үстіне, көне бейітке койылған.
Сүйінбай - халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын.
Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлендерінің өзі
дәлел. Ақынның "Кәрілік" атты өлеңін алсақ, бұл да оның адамның қартая
бастаған өмір белестерін бейнелеп, шеңдестіре сөйлеуге ұста екенін
танытады.
Акын боп жиырмада желдей болдым,
Отызда асқар биік белдей болдым.
Отыз асып қырыққа келгеннен соң,
Қаптаған жердің жүзін селдей болдым.
Қырыктан асып, елуге келгеннен соң,
Түбім терең, құракты көлдей болдым,
Елу асып, алпыска келгеннен соң,
Салынды суға ілінген сендей болдым
Алпыс асып; жетпіске келгеннен соң,
Тап-такыр - ел жайлаған жердей болдым.

Сүйінбайды тек казақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы
білген. Әсіресе, оның есімі - туысқан қырғыз халқына жете таныс. Қырғыз
айылдарын өз ауылындай аралап, олардың басындағы ауыртпалыктарды да жаксы
ұғынған. Қырғыз кедейлері мен казақ жатақтарының тағдырластығын түсініп,
оларды қанап отырған хан, датқаларды бірдей сынаған.

Дулат Бабатайұлы (1802-1871)
Дулат Батабайұлы 1802 жылы қазіргі Семей облысының Аягөз ауданында
туады. Мұсылманша сауат ашып, оқу оқыған, өз уақыттығының аса білімді
адамътның бірі. Жалпақ қазақ жұртының жыр өлкесінде дара шапқан тұлпардьтң
бірі - Дулат ақын 1871 жылы қайтыс болады.
Дулат қазақ поэзиясының атты шулы үздігі. Өз уақытының жан ауырткдн
жайларын өлеңге түсіруші жыршы ғана емес; сол жайлардан үлкен әлеуметтік
ойлар түйген ойшыл.
Дулаттың жыр кестесі кдзак поэзиясының жаңа мүмкіндік көкжиектерін
көтеріп кеткен ғажайып көркемдік әлем болды.
Қазақ әдебиетіндегі белгілі бір дәуірде жасаған үлкен әдеби мектептін.
басы. Дулат өз заманындағы сауатты, білімді аса мәлім мәжбүр ақынның бірі.
Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жылдай делінеді. 1839-
1919 жылдар арасында ғұмыр кешкен Байділдә деген Дулаттың көз көрген,
замандас адамы Дулат өлеңдерін жазьгп алып, қолжазба күйде сақтап ұстап,
кейінгіге табыстайды. Оны беріге жеткізген Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір
Әбенұлы.
Дулат Бабатайұлының өлеңдері Қазан төңкерісіне шейін "Өсиетнама" деген
атпен Қазанда (1880) басылып шыққан. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлаған. Бұл
жинаққа өсиет, ғибарат өлең, толғаулар енді. Жалпы көлемі 800 жылдай.
Дулат ақынның өмірбаян деректері, өлеңдері кейіннен жиналды. Әдебиет
тарихына катысты еңбектерде алғаш көрінуі С.Мұканов пен Қ.Бекхожиннің 1939
жылғы хрестоматиясында. Мұнда ақын өмірбаяны мазмұндалады.
Х.Сүйіншәлиевтің мына бір тұжырымы әбден рас. "Дулат өлендерінің
мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. Соған қоса
Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай сияқты кейінгі акындармен үңдесіп,
пікірлері астасып жатады". Дулат шығармалырының сарыны - замана күйі. Өз
уақыты туғызып отырған құбылыстар. Дулат шығармаларының шеберлік сырлары
шексіз.
"Тегімді менің сүрасан" жырында сонау қарға бойлы Қазтуған жыраудын.
"Мадақ жырымен" үндес мақам жатыр. Қазтуған батырлыған ту ғып көтеріп,
мадақ айтады; Дулат. асып туған өнеріне шалқиды.
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнык суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Түнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей
Жырың тында Дулаттың.
Дулатта Казақ поэзиясындағы дәстүрлі сарынның бірі тұлпардын сынын
суретке көшіру. Абайдағы аттың сынына ойысқан сурет, келісім.
Акын шығармалары сөз куатын, сөз сырын, сөз сиқырын үнемі ашып,
отырады; сөз сұлулығына сұқтандырып, ынтықтыра жетелейді. Сусағанды
сулатып, шаршағанды құнатып, бойға қуат, ойға сана қүдірет кұяр жыр
арнасыньщ суаты - ақын, Дулаттың өзі.
Дулаттың арнау өлендері, лирикалық қайырымдары, өсиет-өнеге түріндегі
сөздер, мысалдары, "Еспембет" дастаны туралы айту - тұтас бір дәуірдің
көркемдік биіктігі, әдебиетінің өзгешелігі туралы айту.
Дулат - зар заман әдебиеті өкілі делінеді. Солай болғанымен де зар
заман әдебиетінің негізгі зар заман сарыны жатқанымен, Дулат өлеңі
Шортанбай, Мұрат өлеңінен өзгешелік сипаты, айырмасы көп өлең. Ол айырма -
ең алдымен өлеңнің көркемдік сапасындағы нактылық; поэзия тіліндегі өзгеше
куат-күш. Яғни ақынның өлен, жасау әдісіндегі өзгешелік, аса сауаттылық.
Дулат өлеңі өмірді сырттан бағалаушы; сырттан тамсанушы, баяндап, мазмұндап
шығушы емес. Сол өмірдің ішіне еніп, сырын сезіп, соны өзгеге сезінтіп,
өзгеше айқындықпен құбылтып өрнектеген өлең. Жыр куатын, сөз қуатын,
құдіреттің өзіне сыйлаған өнер күшін ақын ғажап сезінеді.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)
Шортанбайдың әдебиет тарихындағы алатын орны XIX ғасырдың аяқ шенінен
бастап-ақ айғақтала бастады. Шортан-байтанудың басында, біздіңше,
халқымыздың әдебиет үлгілерін бағалап-саралаушы, кызақ әдебиетінің ғылыми
сипаттамасын жасаушы В.В.Радлов тұр. Ол өзінің халық жайлы, әдебиет айлы
танымдық ғылыми еңбектерінде ел ішіндегі әдебиет үлгісіне, түріне,
сарынына, ерекшелігіне барлау жасайды. Әдебиет түрін айғақтап отырып
айтқанда, ел жағдайын, ислам дінінің жағдайын қамтып отырады. Кейінде
Шортанбайға діншіл, діни деген атақтың ажырамастай болып жабысуының бір ұшы
Радлов мәліметтерін ұшқарылау қабылдап, соған сүйене сөйлеуде жатқан
сияқты.
В.В.Радловтың мына бір пікіріне әсіресе назар аудармасқа болмайды, "Зар
заман" мен "Заман ақыр" тәрізді ғибрат өлеңдер Ертістің Щығысында дала
қазақтарының молдалары шығарған кол тума туындылар. Ертістің шығысында дала
қазақтарының молдасы деп отырғаны кім екенін жазбай тануға "Зар заман" деп
бүкіл бір дәуірге ат берген толғаудың өзі-ақ сілтеп тұр. Әрі 6үл дерек
Шортанбайдың жазба ақын да болғандығын айғақтайды. В.В.Радлов Шортанбай
толғауларын тұңғыш жинаушы әрі бастырушы.
В.В.Радуюв акынның "Зар заман", "Ақырзаман" толғауларын, Орынбаймен
айтысын баспа жүзіне шығарды. Толғауларға катысты -фз пікірлерін айтты.
Алтынсарин "Қазак хрестоматиясы" жинағына "Зар заманды" қосты.
Әдебиеттегі толғаудың жаңа түріне зар заман толғау деп алғаш анықтама
беріп, оны мән-мазмұн жағынан талдады. Талдау Шортанбай шығармаларының
негізінде жасалуы аса мүмкін жай.
1883 жылы Лютштің Ташкентте басылым мерген "Қырғыз хрестоматиясына" да
Радлов, Алтынсарин басылымдарындағыдан сәл-пәл айырмашылығы бар "Зар заман"
толғауы енді.
XIX ғасырдын. соңына қарай түрлі жинақтарда ақын шығармалары бірнеше
қайтара басылып шықты. Халық Шортанбай жырларына әбден қанды. Шортанбай
шығармашылығы жайлы әр түрлі ой пікірдің қилы мәнде айтыльш, айтысқа
айналуының өзі сол тұстан басталады.
XIX Ғасырдың соңына қарай Дала уәлаятының газетінде" оның мұрасы жайлы
қыр баласы - Ә.Бөкейхановтың мақаласы; әдебиетші-журналист
Д.Сұлтанғазиннің, (М.Төлеубайұлының) пікірлері басылды. 20 жылдары
М^Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфулин ақын творчествосына аса назар
аударды, ауқымды ой-пікірін айтты.
1927 жылы М.Әуезов "Әдебиет тарихы" оқулығында Шортанбайды Қазак
әдебиеті тарихындағы айтулы ағымның -зар заманның атылоу тұлғасы ретінде
таныды. Әдебиет тарихындағы өзгеше мектептің ірі өкілі, көсбасшысы есебінде
көрсетті. Өкінішке орай, аталған еңбек ғыльтми, әдеби айналымға түспеген
күйде "құртылды". Сол түстағы Х.Досмұхамедұлы, А.Байтүрсыновтардың әдебиет
тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сынына қытысты, соның ішінде Шортанбай
деп ала-бөтен бөліп, жіктемегенімен, ақын өмір сүрген дәуір әдебиетінің
ерекшеліктері сипатталған еңбектері де құрдымға лақтырылды.
Сәкен Сейфуллиннің әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбегі де өлшеусіз.
Оның 1929 жылғы "Еңбекші қазақ" арқылы халыққа жолдаған "Қазақ әдебиеті
туралы ашық хаты" - сол бір қысыл-таяң күндердегі бұқпай, бүгежектемей,
жоғары мектеп үшін дегенді алға қоя отырып, халықтың былайғы рухани
тарихына аса кажет бетбұрыс іс жасағаны - Сәкен тындырған өлшеусіз
жанкиярлық еңбектің аса елеулі көрінісі.
Осылардың бәрі қазақтың тарихына, мәдениет, әдебиет тарихына керек
мағлұматтар".

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰПЫ

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАҰЛЫ
1318- 1839
Орал облысы, Жаңақорған ауданы, Жиелі ауылында дүниеге келіп, эдрынды
күйші, хальщ композиторы, аса шебер домбырашы, қазақ
халқының домбыра оинау мектебшщ атасы, әлеуметті кайраткер дәрежесіне
жетіп, Ресейдің Астрахан облысының "Шайтани батаға" жерінде дүниеден
ңайтып, сонда жерленеді. Атадан дарыған ән салу, аспапта ойнау, айтыстық
өнер, жыр, хисса жыраулар мен әнші, домбырашы, сырнай, кобызшылардың
дәстүрін жалғастыру болашақ үрпақтың іс-әрекеті дегендей Құрманғазы жас
шағынан бастап, домбыра үстап "домбырашы бала", "Өлгі Сағырбайдың күйші
баласы" атаныгі өседі.
Құрманғазы жастайынан жоқшылық пен жалшылықты, зорльщ пен үстемдікті
көзімен көріп, өзінің бастан кешкен киындьщтарын болашак күй
шығармашылығының негізгі такырыбы ете білді. Құрманғазының домбыра ойнау
шеберлігін алғаш үйреткен үстазы, дарынды күйші Үзак болды. Домбырашы-
өнерлі бала өсе келе Бөкей ордасында атағы шыққан күйшілер Байжүма,
Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан, ІПеркеш т.б. күйлерін тыңдап ойнау
шеберлігін көріп, оларды езіне үстаз түтады. Өнерге деген талабы дами келе
көрген-білгенін, шаруа хальщтың күй-жайы, би-болыстардың іс-әрекетін көріп,
теңсіздікке әлеуметтік жайлар күйшіні толғатады да ішкі ыза-кегі, жан
дүниесі қиналып ез шығармашылығының арқауына, такырыбына айналады.
Соның бірі XIX ғасырдың 30-жылдарындағы Батыс Қазақстандағы Исатай
Тайманұлы басқарған шаруалар көтерілісін "Кішкентай" атты күйдің мазмұнымен
баяндайды. Өкесі Сағырбай, шешесі Алқаның қуанышы, Құрман айт күнге
келгендіктен, оның атын Құрманғазы болсын деп қойған екен. Кептен күткен
тұңғышы ержүректі, бойшаң, сөзде, ойынға тартыс-берісте алға шығып, ауыл-
аймақта көзге түсе бастайды. Жалшылықта жүрген ата-анасына жәрдемші болып,
алты жасынан байдың қозыларын бағады. Құрманғазы өсе келе өз қолымен ағаш
жонып домбыра жасап, кой бағатын дәрежеге келеді де, "Қойшыльщты тән азығы,
домбыраны жан азығы" етіп жүргенде Бөкей хандығында атағы шыққан күйші Үзақ
кедей шаруа Сағырбайдың қонағы болып, төрт канатты киіз үйінде күй орындау,
тыңдау кешімен, түнімен болады.
Домбыраны жаны сүйген болашақ дарын иесі Құрманғазының арманы алдынан
шығып Әубәкір байдың жылқысынан Қалбан қүлақ қара атты үстап ерттеп мініп,
әке-шешесімен коштасып баяғы күйші атасы Үзақтың колына келіп қосылады.
Үзақ-үстазы қуаныш кеңілмен қарсы алып, өнерлі тобы бүкіл ауыл-аймаңқд
әйгілі болып, Құрманғазының ер мінезді, бір беткейлік, бунтарлық, конокрад
атанып, енерпаздьщ жолға бір жола түседі. Дарынды күйшінің өмір сүрген
кезеңі патшалы Ресейдің отаршыл саясатының дамыған, құныққан кезі болатын-
ды.
Акын, өнерпаз халқы үшін туады, — дегендей өз халқының әлеуметтік,
жоқшыльщ, тәуелдік, бай манап, хандардың жай халықты жәбірлеп қанауын
көрген өнерпаз күйші Құрманғазының жан-жүрегімен карсыласу оның өмірлік
мақсатына айналып, көркемдік, әсем сазды шығармашылдьщ мәдениетінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Құрманғазы дәуірінде
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Күй өнері (қалыптасуы, дамуы). Қазақ күйшілері
Домбыра аспабы құрылысы
Күй – қазақ халқының рухани азығы ретінде
Пәндер