Ортақ шекарасы бар бес елдің халықаралық қатынасы



Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1996 жылы 26 сәуірде Қытайдың Шанхай қаласында ортақ шекарасы бар бес
елдің: Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Қытай Халық
Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының алғашқы
кездесуі болып өтті. Кейін бұл форумға қа-тысушы елдердің басшылары
Мәскеуде (1997), Алматыда (1998) жөне Бішкекте (1999) кездесті.
Бұл бес мемлекеттің жалпы жер аумағы Еуразияның 35 бөлігін, ал халық саны
дүние жүзі халқының төрттен бірін құрайды. Сондықтан "бестіктің"
ынтымақтастығы жене олар жүргізетін ортақ саясат тек осы еддердің
халықтары үшін ғана емес, барша адамзат үшін де аса маңызды мәнге ие.
"Шанхай бестігінің" алдьңғы төрт кездесуінде Қазақстан делегациясы
айтарлықтай белсенділік танытты. 1996 ж. Шанхайда өткен бірінші кездесуде
ортақ шекарада жатқан аудандардағы әскери сенім мәселесі
талқыланды. Мөскеуде шекара аудандарындағы әскери күштердің санын азайту
туралы құжатқа қол қойылды. "Бестіктің" Ал-
матыда өткен саммитінде негізгі қарымқатынас бағыттары анықталып, өзара
тиімді сауда-экономикалық қатынастар меселесі талқыланды
Бұл кездесудің алдында Қазақстан Президенті ҚХР төрағасы Цзян
Цземинмен әңгімелесті. Екі мемлекеттің басшылары екі жақты қатынастардың
дұрыс дамып келе жатқанын атап етті. Сондай-ақ, ТМД елдерінің арасыңда
тауар айналымының көлемі бойынша, Қазақстан Қытайдың екінші ірі әріптесі
екені айтылды.
Елдер арасындағы даулы территория проблемасы бойынша үзақ келіссездердің
нәтижесінде екі жақты да қанағаттандыратын келісімге қол жетті. Жалпы
аумағы 1000 кв. болатын жердің 57%-і Казақстанға, ал 43%-і Қытайға тиесілі
болатын болды.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының президенттері барлық
мәселелер бойьшша келісімге қол жеткенін хабарлады,
Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану туралы, мұнай бұрғылау, өңдеу және
тасымадцау туралы келісімдерге қол қойылды, екі ел арасындағы мөңгілік
достық пен ьнтымақтастық туралы декларация кабылданды.
2001 жылдың 15 шілдесіңде Шанхайда "Шанхай бестігіне" мүше мемлекеттер
басшыларының саммиті болды. Бүл халықаралық бірлестік тағы бір мүше елмен
—Өзбекстанмен толығып, озінің атын Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҮ) деп
өзгертті.
Жаңа индустриалды елдердің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны мен
рөлі олардың нақты мүмкіндіктерінің жиынтығымен анықталады. Азиялық „жаңа
индустриалды елдердің" сыртқы рынокқа бейімделуі олардың дүниежүзілік
экспорттағы үлесінің күрт жоғарылауын қамтамасыз етті. Мысалы, 1994 жылы
Гонконтың дүниежүзілік экспорттағы үлесі— 3,7%, Сингапурдың үлесі — 2,3%,
Оңтүстік Кореянікі—2,4, Тайваньның үлесі — 2,2% болды. Айта кететіні,
халықаралық саудадағы ең қомақты тауарлар тобы — машиналар мен жабдықтар
саудасы бүл елдерде 1980—1990 жылдары ерекше жедел қарқынмен өсті. Азиялық
„жолбарыстар" мен АСЕАН (Филиппиннен басқасы) елдеРІ 90-жылдар-дың бас
кезінде машинотехникалық өнімдерді экспорттау-шы елдердің бірінші ондығына
кірді. Ал, олардың жекелеген түрлері бойынша дүние жүзіндегі жетекші экс-
порттаушылардың қатарында болды. Мысалы, 1990— 1991 жылдары ақпаратты
автоматты өңдеу машиналар экспортының—10,4%; телекоммуникациялық жаб-
дықтардың — 4,2%; лампалар мен транзисторлардың — 6,6%; телевизорлардың —
8%; радиоқабьылдағыштардың — 14%; үнжазғыш және бейнетехникалық
аппаратуралардың—7,3% Сингапурдың үлесіне тиді. Бүл тауарлар дүниежүзілік
жиынтық экспорттың жалпы қүнының 7,7%-ін қүрады. Оңтүстік Корея
дүниежүзілік рынокқа осы тауарлар қатарының —2,9; 3,4; 9,6; 9,3; 11,1 және
9,6%-ін өткізді. Бұдан басқа оның үлесіне кеме жасау өнеркәсібінің — 13,1%
тиді.
Азиялық „жаңа индустриалды елдердің" өнеркәсіп өнімдері экспортының
жоғары қарқынын бағалай отырып, олардың экспортындағы дәстүрлі тауарлардың
да маңызды
Рөлін көрсеткен жөн. Айталық, Оңтүстік Корея мен Тайваньның жалпы
экспортындағы шикізат пен азық-түлік экспортының үлесі, қатарына қарай 7,1
және 7%, болды. Оңтүстік Корея экспортындағы құндық үлестеріне сәйкес
екінші орында — аяқ киім, Тайваньда—ойыншықтар мен спорт тауарлары болды.
Азиялық „жаңа индустриялды елдердің" экспорттық рыногымен, әсіресе
машиналар мен жабдықтар экспортымен салыстырғанда Индия мен Латын Америкасы
елдерінің позициясы едәуір төмен екендігі байқалады. Егер 1992 жылы 1980
жылмен салыстырғанда Латын Америкасы „жаңа индустриалды елдерінің" дамушы
елдердің жалпы тауар экспортындағы үлесі сәл ғана (-0,5%) төмендеген болса,
машиналар мен жабдықтар экспортындағы үлесі 2 еседей кеміп кеткен. Ал,
машинотехникалық тауарлар экспорты дамушы елдердің халықаралық еңбек
бөлінісіндегі позициясын нығайтатын фактор екендігі айқын және айт паса да
түсінікті мәселе.
Соңғы жылдары азиялық „жаңа индустриалды елдер Қазақстанның тауарлар
мен инвестициялар рыногында да белсенділік танытуда. Біздің рынокқа көш
бастаушы ролін Оңтүстік Корея капиталы атқаруда. Демек, "жаңа индустриалды
елдермен" және басқа да Азия Тынық мұхиты аймағы мемлекеттерімен сауда-
экономикалық байланыстарды күшейту Қазақстанның маңызды стратегиялық
мақсаттарынын бірі болуы тиіс.
Азиялық жаңа индустриалды елдердің экономикалық эволюциясының ерекше
бір белгісі олардың бір-біріне мүдделілігі дәрежесінің түрақты түрде
ұлғаюы. Тек қана өнеркәсібі дамыған Батыс елдеріне қарай бейімделген
экономикалық саясат ендігі уақытта өз аймағынан, шекаралас елдерден де
серіктестер табуға ұмтылыстармен толықтырыла түсуде. Бүл, әрине, олардың өз
тауарларының бәсекелік мүмкіндіктерін тұрақты түрде жоғарылатуға
бағытталған саясатына кереғар келмейді. 90-жылдардың орта шенінде өз
тауарларының бәсекеге қабілеттілігі жағынан алда тұрған дүние жүзі
елдерінің бірінші бестігіне Сингапур, Ганконг, Тайвань елдері кіреді. Бүл
елдердің таңдап алған экономикалық стратегиясының негізгі бағыты ғылыми
сыйымды өнімдер өндіруді тұрақтандыру болып отыр.
Жаңа индустриалды елдердің экономикалық жетістіктері, олардың
дүниежүзілік шаруашылыққа мейлінше интеграциялануы бүл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Қазақстан дипломатиясының Орталық Азиядағы дипломатиясы
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы каспий мәртебесінің мәселесі
Ақтау портының маңыздылығы
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Автокөлік жолдары
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым-қатынастарыныңың қалыптасу кезеңін талдау, екіжақты қарым-қатынастардың саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы дамуы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий мәселесі
Пәндер