Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылымы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Шанхай ынтымақтастық ұйымы.

І Кіріспе.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы.

ІІ Негізгі бөлім.

1. Шанхай ынтымақтастығының принциптері.

2. «Шанхай бестігі» ұйымының дүниеге келуі.

3. Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы.

4. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Санкт-Петербургтағы кездесуі.

ІІІ Қорытынды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы-Қытайдың, Қазақстанның, Ресейдің және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің үлкен дәлелі бола алады. Шанхай ын-тымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік дипломатияда бұрын-соңды үлгісі болған жоқ. Демек олардың аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық құндылығы бар.

Шанхай келісімінің шеңберінде шекаралық проблемаларды реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары жөніндегі жұмыстың басталуы 1990жылдыңсәуір айына тура келеді, сол кезде Кеңес-Қытай шекарасы ауданында қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салада сенім білдіруді нығайту туралы КСРО Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды. Сол уақытта бұл Сенім білдіру мен қарулы күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім болады деп көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында қолданылса, біз сөз етіп отырған келісім шекаралық аймақта ғана қолданылды.

Парасатты түрде тұжырымдалған мүдделердің негізінде осы саладағы ынтымақтастықтың төмендегідей принциптері белгіленді:

  • тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығайту және дамыту;
  • шекара ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту;
  • Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау;
  • біржақты әскери үстемдікті болдырмау;
  • шекара ауданында орналасқан қарулы күштерді қысқ-арту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.

КСРО ыдырағаннан кейін осы ерекше маңызды келіссөздерді жалғастыру үшін бірлескен тарап делегациясы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын саяси шешімдер қабылданды.

Алайда шешім қабылдау барлық уақытта оңайға түскен жоқ. Бұл ең алдымен келіссөздердің басты тақырыбына-қысқарту процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару-жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыс ырғағын елеулі түрде бәсеңдетті. 100 километрлік аймақта саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тара-пы біржақты қысқартуды талап етті. Және де ТМД елдері әскерінің үлкен бөлігі тап осы шекаралық аймақта тарихи және географиялық тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді. Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы Қытайдың шектес әскери округтеріндегі әскерлердің негізгі бөлігін Келісім қолданысынан тыс сақтап қалуды көздеді.

Келіссөздерді тұйыққа тіремес үшін Бірлескен тарап делегациясы шекара ауданындағы әскери саладағы сенім білдіру шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды. Тынымсыз дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті Келісімге бес мемлекеттің басшысы 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда қол қойды.

Одан әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай Бірлескен тараптың шекті деңгейлерге қатысты ұсыныстарымен келісті. 1997 жылы 24 сәуірде Мәскеуде қол қойылған Қарулы күштерді қысқарту туралы келісім біртұтас құжат болып табылады, оның мынадай қосымшалары бар:

  • Келісімді қолданудың географиялық шектері туралы хаттама, оған географиялық шектерді белгілейтін сызықтар түсірілген және осы сызықтардың өтуінің мәтіндік сипаттамасы бар карталар қоса тіркеледі;
  • Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары мен үлгілерін белгілейтін ақпарат алмасу туралы хаттама;
  • Бақылау жасау объектілерінде, қысқарту орындарында және Тараптардың инспекторлары көрсеткен аудандарда верификациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және оның тәртібін егжей-тегжейлі қарайтын бақылау мен тексеру жасау туралы хаттама;
  • Келісім қамтитын қару-жарақ пен әскери техниканы қысқартуды жүргізудің нақты түрлері мен әдістерін белгілейтін қысқарту тәртібі туралы хаттама.

Шекара ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келіссөздер процесі Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесімен, сондай-ақ даулы учаскілерге қатысты проблемаларды шешумен тығыз байланысты болды. Осындай жолмен көп жақты келісімді жасасу екі жақты Қазақстан-Қытай шекаралық проблемаларын реттеуге жәрдемдесті. Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған, аталған келісімдердің пайдасы мен маңызы осыдан көрінеді.

Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы күштерді қысқарту туралы уағдаластықтар әлемдік практикада теңдесі жоқ үлгі болып табылады. Бұл уағдаластықтарды әлемдік қоғамдастық оң бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадан көрінеді, халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда бәсендік процесіне Қытай тартылды. Түпкі нәтижесінде аталған келісімдер шекаралас елдерге Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты мәселелердің анағұрлым кең ауқымы бойынша келіссөздерге кірісуге мүмкіндік берді.

1998 жылғы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу
келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының
кездесуі өтті. Міне, тап осы кездесуден кейін "Шанхай бестігі"
деп аталатын ұйым өмірге келді. Оған қатысушылар осы құжат-
тардың екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақ-
тағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті.
Делегациялар басшылары бес мемлекеттің өзара іс-қимылы
әскери-саяси және шекара мәселелерімен шектелмеуі тиіс
деген пікір білдірді. Өйткені қауіпсіздік пен ынтымақтастық-
тың проблемалары бойынша тұрақты механизмді қалыптас-
тыру қажеттігі пісіп-жетілді.

Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде "қырғи-қабақ соғыс" аяқталғаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе жатқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылды. Сыртқы саяси ведомстволар басшылары бес мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге қарсы бағытталмағандығын атап көрсету қажет деп тапты.

Тараптар аймақтағы нақты болмыстарды негізге ала отырып, қауіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге қатысушы бес мемлекет XXI ғасырда жалпыға бірдей бейбітшілік пен гүлдену үшін жаңа әділетті және ұтымды халықаралық саяси сондай-ақ эконб^ликалық тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңістікте тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс істейтін факторына айналдыруға бекем бел буғандарын білдірді.

1999 жылғы тамызда болған "Шанхай бестігінің" Бішкек мәжілісі маңызды саяси оқиға болды. Оның қатысушылары сенім білдіру тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді: әскери қызметтің транспаренттілігі және оны шекара алабында азайту; шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады және халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына жәрдемдеседі деген пікір білдірді.

1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 километрлік географиялық аймақтардағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды. Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі практикалық нәтижелерге айналды деп кәміл сеніммен айтуға болады. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені әңгіме шекара арасындағы қытайлық тарап іс-қимылының толық ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.

Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар өткізілді, олар, сөз жоқ, "Шанхай бестігіне" қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің арасында ашық ой-ниеттің нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.

Соңғы уақытта "Шанхай бестігі" шеңберіндегі ынтымақтастықта жаңа элементтер көзге түсуде. Аймақтағы күрделеніп келе жатқан жағдай, терроризм мен экстремизмнің таралуы, есірткімен және атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі азиялық мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды кешенді түрде қайта қарауды талап етті.

2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс
министрлерінің кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен
"бестіктің" саммиті жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау
жөнінде тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын
паш еткен маңызды оқиғалар болды. Саммит қорытындыла-
ры бойынша қабылданған Душанбе декларациясында
"бестікке" қатысушылар өз аумағын барлық қатысушы
мемлекеттердің егемендігіне, қауіпсіздігіне және қоғамдық
тәртібіне нұқсан келтіретін қызмет үшін пайдалануға жол
бермейтіндігін қадап айтты.

2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай,
Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Президенттерінің қатысу-
ымен "Шанхай бестігі" мемлекеттер басшыларының кезекті
кездесуі өтті. Осы форумның жұмысына бірінші рет Өзбекстан Президенті қатысты. Форум жұмысының нәтижесінде төмендегідей құжаттар өмірге келді: Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) құру туралы декларация және Терроризмге, экстремизмге сондай-ақ сепаратизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы. Декларацияда Шанхай ынтымақтастық ұйымы басқа мемлекеттермен, тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен пікір алмасуға, байланыстар жасауға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдіреді. ШЫҰ ұйым шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерді бөлісетін басқа елдер үшін ашық.

Алты мемлекеттің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан зор әлеуетін және ауқымы кең мүмкіндіктерін сауда-экономикалық салада пайдалануға, екі жақты және көп жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мәлімдеді. Саммитте сөйлеген сөзінде Президент-Н. Назарбаев "Шанхай бестігі" аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлес қосты деп атап өтті, мұның өзі әскери қызметте сенім білдіру, транспаренттілік, ше-кара ауданында қарулы күштерді қысқарту, теңдік, дәйектілік, өзіне алған міндеттемелерді орындау сияқты бірлестіктің негізінде жатқан принциптерге байланысты мүмкін болды.

Қытаймен ортақ шекарасы жоқ мемлекет Өзбекстанның ШЫҰ-ға қосылуымен осы ұйымның алдында жаңа міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл, ең алдымен, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау. Аталған теріс үрдістер Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен бірге Қытайдың да қайғылы шындығы болып табылады. ШЫҰ-ға енген елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер олардың бірлескен іс-қимылға дай-ындығының алғышарты болды.

ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстанда бөліседі, ол азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдайды бейбіт реттеуге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру талап етіледі деп есептейді. Бұрынғысынша бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының консультациялар жүргізуінің зор маңызы болар еді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының жаңа бағыты көп үміт ұялатады. Әңгіме сауда-экономикалық бай-ланыстарға, келікке, коммуникацияларға және туризмге қатысты мәселелерді шешудегі өзара іс-қимыл туралы болып отыр. 2001 жылғы 9-10 шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға және тиісті көп жақты құжаттарды пысықтауға арналды.

2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда ШЫҰ-ға қатысушы үкіметтер басшыларының тұңғыш отырысы өткізілді, оңда алты тарапты үлгіде ынтымақтастықтың басымдық берілетін салалары қаралды, осы процесті жандандыру және тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіленді. Аймақтық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға алты мемлекет Премьер-министрлерінің қол қоюы форумның маңызды нәтижесі болды.

Ресей Федерациясының солтүстік астанасында 2002 жылдың 7-8 маусымында еткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті шын мәнінде маңызды оқиға болды. Форум таяуда ғана Қазақстанда аяқталған бір шаңырақтың астына 16 азиялық мемлекеттердің көшбасшыларын жинаған АӨСШК Саммитінің ізін ала етті. Сондықтан Алматы кездесуінде болған сындарлы әңгіме енді алты тарапты үлгіде еткен келіссөздердің жемісті болуына жағдай жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы
ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Экономикалық ынтымақтастық
Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектiсi ретiнде
Қытайдың Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы ролі
Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы орны мен рөлі
Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Шанхай ынтымақтастық ұйымы, органдары
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz