Шартты рефлекстер қалыптастыру механизмінде қазіргі кездегі көзқарастар


ЖОСПАР
Шартты рефлекстер қалыптастыру механизмінде қазіргі кездегі көзқарастар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
- Шартты рефлекстерінің қалыптастыру механизмі
- Шартты рефлекстердің, шартсыз рефлекстен айырмашылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті зерттеу әдістері
Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті зерттеуде жануарлардың мінез-қылығын бақылау әдісі кең қолданылады. Бірақ бұл әдістің айтарлықтай кемшіліктері болғандықтан, оны басқа әдістермен қатар пайдаланғанда ғана дәйекті деректер жинақтауға болады.
Зерттеулерде ми қыртысын тітіркендіру әдісі де кеңінен пайдаланылады. Ол үшін наркоз берілген малдың миын ашады да, ми қыртысының белгілі аймағына электр тогымен немесе химиялық заттармен әсер етіп, туындаған реакцияларды бақылайды. Осы әдісті қолдану нәтижесінде 1870 жылы Г. Фритч пен Э. Гитциг иттің ми қыртысында қозғағыш аймақтың шоғырланған жерін анықтаған. Кейінірек тітіркендіру әдісін қолдану нәтижесінде басқа жануарлардың ми қыртысыңдағы қозғағыш аймақтың орналасу ерекшеліктері де анықталған.
Соңғы жылдары тәжірибе нәтижесіне наркоздың әсерін жою мақсатында арнаулы созылмалы тәжірибелер қолданылады. Ол үшін бас сүйекті тесіп, миға электродтар орнатады. Зерттеуді операция жарасы жазылғаннан кейін бастайды.
Қазіргі кезде үлкен ми жарты шарлары қыртысының биотогын жазу әдісі кеңінен қолданылады. Ми биотогын тіркеу әдісін электро-энцефалография, ал биотокты бейнелейтін қисық сызықты - электро-энцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. Ми биотогын өте сезімтал құрал - жазады. ЭЭГ жазу үшік қос үйекті (биполярлы) тәсілмен ток тартқанда екі электрод та бас терісінің екі жеріне жабыстырылады да, ми қыртысының екі нүктесінің арасындағы потенциалдар айырмасын тіркейді. Сыңар үйекті (монополярлы) тәсілмен ток тартқанда белсенді электрод құлақ қалқанының ұшына бекітіледі.
Бас сүйек құрылысының ерекшеліктеріне байланысты әр түлік малда электродтар әрқалай бекітіледі. Мысалы, ірі қараның бас терісі қалың, тері шелінің мықты дамуына және мандай-кеңсірік қойнауының (синусының) орналасу жағдайына байланысты теріге жабыстырылған электродтарға биотокты жазған кезде кедергі көп болады. Осыны ескеріп А. Н. Голиков пен Е. К. Любимов (1969) электродтарды сиыр миының қатты қабығына жабыстыра орнату тәсілін ұсынды.
Бұл тәсілді қолдана отырып әртүрлі физиологиялық күйдегі мал миының түрлі аймақтарынан ток тартуға болады.
Миды біртұтас функционалдық жүйе ретінде зерттеуде И. П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісінің маңызы зор. Бұл тәсілді қолдану арқылы ми жарты шарлары қыртысында жүретін процестерді жануарлар мінезінің ерекшеліктерін зерттеуге болады.
Ми қыртысының қызметін талдауда кибернетика әдістері де тиімді пайдаланылады. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет проблемаларын математикалық логика негізінде талқылау нәтижесінде теориялық неврология саласы қалыптасты. Бұл салада модельдеу тәсілі де кең қолданылып жүр. Ми қызметінің құпиясын түсіну үшін оның әрекетін бейнелейтін модельдер жасау тиімді. Оның нәтижесінде «үйретуші» автоматтар модельдері жасалған.
Шартты рефлекстер және олардың түрлері
И. М. Сеченовке дейінгі физиолог ғалымдар рефлексті тек жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері қызметімен ғана байланысты деп есептеп келген. Тек И. М. Сеченов қана психикалық әрекеттерді мидың жоғары бөлімдерінің қызметімен байланысты деп санап, оған физиологиялық талдау жасауға алғаш қадам жасады. Ол өзінің 1863 жылы жарық көрген «Ми рефлекстері» атты еңбегімен одан кейінгі жұмыстарында психикалық әрекеттердің негізінде рефлекс жататынын дәлелдеді. Орталық жүйке жүйесінде тежелу процесінің орын тебетінін ашып, ол мидың рефлекстік қызметінің күшейіп және әлсіреп отыратын кездерін физиологиялық тұрғыдан негіздеді.
И. М. Сеченов еңбектерін басшылыққа ала отырып, ми физиологиясы жайлы ілімнің негізін И. П. Павлов жасады. Үлкен жарты шарлар қыртысының қызметін зерттеуді ол сілекейдің бөлінуін бақылаудан бастап, сілекейдің тек мал азық кабылдаған кезде ғана емес, ол азықты көрген, оның иісін сезген, ыдыс-аяқ салдыраған кезде де бөлінетініне көңіл аударған. Бұл құбылысты ол «психикалық секреция» деп атап, оған рефлекстік сипат тән екенін дәлелдеген. И. П. Павлов психикалық секрецияның тым өзгергіштігін, кейде байқалып, кейде жойылып кететінін аңғарған. Сол себепті мұндай рефлекстерді ол шартты рефлекс деп атаған және оны үлкен ми жарты шарлары әрекетінің көрінісі ретінде санаған. И. П. Павлов пен оның шәкірттерінің еңбектері нәтижесінде шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасатыны дәлелденді.
Шартты рефлекс белгілі бір әрекет тудыратын үйреншікті тітіркендіргіштің белгілерінен, басқаша айтқанда шартты тітіркендіргіш әсерінен туындайтын әрекет. Демек, кез келген шартты рефлекс мидағы шартты тітіркендіргіш анализаторының орталығы мен шартсыз рефлекс доғасының орталық бөлімінің арасында уақытша байланыстың пайда болуының нәтижесі болып табылады.
Қалыптасу механизмі бірдей болғанымен, шартты рефлекстер шартты сигналдар мен шартсыз тітіркендіргіштер сипатына, сыртқы орта мен организм арасындағы қатынастарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Шартты рефлекстің ең қарапайым түрі - бірінші реттік шартты рефлекс болып табылады. Ол шартсыз рефлекс негізінде пайда болады. Бұл жағдайда шартты тітіркендіргіш (мысалы, қоңырау даусы) шартсыз тітіркендіргшітің (азық т. б. ) алдын алады.
Бірінші реттік шартты рефлекстер табиғатта өте кең тараған. Олар жануарлардың табиғи шартты рефлекстік әрекетімен сипатталады. Көп жағдайда шартты сигнал шартсыз тітіркендіргішпен тікелей ұштаспай, тітіркендіргіштер жиынтығының бастапқы буынының рөлін атқарып, шартсыз тітіркендіргіш бірнеше сигналдан кейін ғана әсер етеді. Мұндай жағдайда жоғары реттік шартты рефлекстер пайда болады.
Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер арасындағы уақытша байланыс сипатына қарай шартты рефлекстер қапталдасқан және іздік болып бөлінеді. Қапталдасқан шартты рефлекстер қарапайым келеді де, оңайырақ қалыптасады. Бұл рефлекстерді қалыптастырғанда шартсыз тітіркендіргішке шартты тітіркендіргіш қапталдаса, қатар әсер етеді. Бұл жағдайда уақытша байланыс қатар қозған екі орталық арасында пайда болады.
Іздік шартты рефлекстерді қалыптастырғанда шартсыз тітіркендіргіш шартты тітіркендіргіштің әсері тиылғаннан кейін әсер етеді. Бұл жағдайда уақытша байланыс шартсыз рефлекс орталығы мен қозу процесі өше бастаған шартты тітіркендіргіш анализаторы орталығының арасында пайда болады.
Жануарлар дүниесінде кең тараған және физиологиялық тұрғыдан өте маңызды рефлекстің бірі - мерзімдік шартты рефлекс. Бұл рефлекстің шартты сигналы мерзім аралығы болып табылады. Ол шартсыз әрекет нақтылы бір мерзімнен кейін қайталанып отырған жағдайда пайда болады. Белгілі тәртіппен өмір сүретін адамдардың мінезіндегі дағдыға айналған әрекеттердің (белгілі мезгілде ояну, ас қабылдау т. с. с) физиологиялық негізінде осы құбылыс жатады.
Сигналдық тітіркендіргіш сипатына қарай шартты рефлекстер табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің табиғи белгілеріне қалыптасады. Мысалы, еттің иісіне, түріне т. с. с. Жасанды шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің алдын алған бейтарап сигналдарға пайда болады. Мысалы, жануарларда шартты қоректену рефлекстерін метроном дыбысына, қоңырау дауысына, электр шамына т. с. с. қалыптастыруға болады. Табиғи рефлекстер өте жылдам қалыптасады және ұзақ сақталады.
Шартты рефлекстер өздеріне негіз болған шартсыз рефлекстер табиғатына қарай қоректік, жыныстық, қорғаныстық (сақтану) т. б. болып жіктеледі. Шартты сигналдарды қабылдайтын анализаторлар табиғатына қарай олар бейнелік, дыбыстық, иістік т. с. с. болып бөлінеді. Рецепторлар табиғатына қарай шартты рефлекстер экстерорецептивтік (сыртқы рецепторларды тітіркендіргенде қалыптасатын) және интерорецептивтік (ішкі рецепторларды тітіркендіргенде қалыптасатын) болып та бөлінеді.
Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмалары
Барлық шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым қуалайды, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа туған төл енесін емеді, қауыздан жаңа шыққан балапан жем шоқиды. т. с. с. Шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді.
Шартсыз рефлекстер белгілі бір түрге тән рефлекстер. Мысалы барлық мысық қатер төнсе белін бүкірейтіп, пысқырып, айбат шегеді, ит - ырылдап үреді т. с. с. Ал, шартты рефлекс жеке дараққа тән рефлекс. Ол өмір тәжірибесі ретінде жинақталады.
Шартсыз рефлекс орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімдерінің қатысуымен атқарылады. Шартты рефлекс орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерінің - ми қыртысының, қатысуымен атқарылады. Ми қыртысын сылып тастаса, шартты рефлекстер жойылады. Жоғарғы сатыда дамыған жануарларда шартты рефлекстер үлкен жарты шарлар әрекеті болып табылады.
Шартсыз рефлекстер нақтылы бір рефлекстік өрістің тітіркенуімен басталады, оның дайын, өзіндік рефлекстік жолы - доғасы болады. Мысалы, сілекей ауыз қуысының кілегей қабығын тітіркендіргенде бөлінеді. Шартты рефлекстердің тұрақты рефлекстік өрісі, тұрақты рефлекстік доғасы болмайды. Кез келген шартты рефлексті әртүрлі шартты тітіркендіргішке қалыптастыруға болады. Мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексі қоңырау дауысына да, электр шамына да, терінің тітіркенуіне де қальштаса береді.
Шартсыз рефлекстер тұрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді. Шартты рефлекстер өзгермелі, құбылмалы келеді, пайда болып, жойылып отырады. Шартты рефлекстерге сигналдық сипат тән, олар туындауға тиісті шартсыз рефлекстердің алдын алып отырады.
Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі
Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде пайда болады дедік. Шартты рефлексті қалыптастыру үшін шартты (бейтарап), көзделген реакцияны өздігінен тудырмайтын тітіркендіргіштер әсері шартсыз, нақтылы әрекетті (шартсыз рефлекстік процесті) тудыратын тітіркендіргіштердің алдын алу керек. Мысалы, алдымен шам жағып, ізінше тамақ беру қажет. Егер әсер керісінше болса (алдымен шартсыз, соңынан шартты тітіркендіргіш әсер етсе), шартты рефлекс қалыптаспайды.
Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы - жайылу (генерализация), екіншісі - нақыштану сатысы.
Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет қосарлана қайталанса, алдымен малда бағдарлау, байыптау әрекеті, И. П. Павловтың айтуынша «бұл не?» реакциясы, байқалады. Бұл кезде малдың қимыл-әрекеті тежеліп, ол басын тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа бұрып, құлағын тікірейтеді, оның тынысы мен жүрегінің қағысы өзгереді. Ал рефлекс қалыптаса, беки келе аталған реакциялар әлсірей бастайды да, жойылып кетеді. Шартты рефлекстің қалыптасуының алғашқы сатысында байыптау әрекеттерінің маңызы зор болады, олар орталық жүйке жүйесі торшаларының белсенділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет тіркес әсер еткеннен кейін сигналға алғашқы жауаптар байқала бастайды. Бұл кезде рефлекс тиянақты болмайды. Реакция тек шартты тітіркендіргішке ғана емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де туындай береді (жайылу сатысы) . Тітіркендіргіштер әсері тіркес қайталанып отырса, шартты рефлекс бекіп, нығайып, тек шартты сигналға ғана жауап қайтарылады (нақыштану сатысы) .
Шартты рефлекс ми қыртысындағы қатар қозған екі орталықтың - шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталықтарының, арасында уақытша байланыстың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады.
Шамның жарығына шартты сілекей бөлу рефлексін қалыптастыру үшін тәжірибені мына тәртіппен жүргізеді. Алдымен шам жағылады да, 10-15 секундтан кейін итке тамақ береді. Шартты, бейтарап тітіркендіргіш - шамның жарығы, көз рецепторын қоздырады да, қозу импульсі афферентік жолмен қыртыс асты орталықтар арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіңдегі көру орталығына беріледі. Көру орталығымен қатар ізінше ми қыртысындағы шартсыз тітіркендіргіш әсерін қабылдаған ас қорыту орталығы да қозады. Оның себебі шартсыз тітіркендіргіш (азық) әсерімен ауыз қуысындағы сезімтал жүйке ұштары тітіркеніп, импульс сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі де, одан орталықтан тепкіш жүйкелер арқылы сілекей бездеріне бағытталып, сілекей бөлінеді, шартсыз сілекей бөлу рефлексі атқарылады. Бұл рефлекс атқарылғанда қозу толқыны тек сопақша миды ғана қамтып қоймай, өрлеу жолымен ми қыртысына дейін көтеріледі де, ондағы жоғары ас қорыту орталығы да қозады. Сонымен үлкен жарты шарлар қыртысында бір мезгілде екі орталық - көру және ас қорыту, қатар қозады. Тағы бір жәйт, шартсыз тітіркендіргіш (азық) шартты сигнал - шам жарығымен салыстырғанда күштірек қозу ошағын тудырады. Күшті қозған орталық әлсіздеу қозған орталықтан қозуды өзіне тартады да, соқпақтану процесі жүріп, екі орталық арасында байланыс пайда болады.
Егер шартты және шартсыз тітіркендіргіштер әсері бірнеше рет тіркес қайталанса, қозу импульсі көру орталығынан ас қорыту орталығына жақсырақ өте бастайды. Бір бағытта өткен қозу орталықтар арасында із қалдырады. Ақырында шам жағылғаннан кейін ит сілекей бөле бастайды. Бұл шамның жарығына шартты сілекей бөлу рефлексінің қалыптасқанының белгісі. Енді торлы қабық рецепторларынан көру орталығына бағытталған көру импульсі даңғыл жолмен ас қорыту орталығына беріледі де, одан төмендеу жолы арқылы сопақша мидағы сілекей бөлу орталығына тарайды. Бұл орталықтан қозу импульсі сілекей бездеріне бағытталып, олар сілекей бөледі.
Шартты жөне шартсыз тітіркендіргіштер әртүрлі рецепторларға әсер етеді, сондықтан шартты және шартсыз рефлекстер доғасы әр түрлі өрістен басталады. Олардың орталыққа тепкіш жолы да әр текті. Бірақ бұл рефлекстердің орталықтан тепкіш жолы да ортақ болады. Осы жәйт шартты рефлекстердің тек шартсыз рефлекстер негізінде пайда болатынының дәлелі.
Шартты рефлекстерді қалыптастыруда қыртыс асты құрылымдар, атап айтқанда мидың торлы құрылымы, маңызды рөл атқарады. Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде электрлік белсенділік ми қыртысынан бұрын ортаңғы және аралық ми деңгейіндеторлы құрылымында байқалады. Ортаңғы және аралық ми деңгейінде торлы құрылымды зақымдау шартты рефлекстің қалыптасуына кедергі келтіреді. Торлы құрылым ми қыртысы торшаларының белсенділігін арттыра отырып, уақытша байланыстың қалыптасуына қажет жағдай тудырады.
Ми қыртысының әр түрлі бөлімдерінің арасындағы уақытша байланыс тек қыртыстық құрылымдар арқылы қалыптаспай, қыртыс асты құрылымдары арқылы да қалыптасуы мүмкін. Әрбір қыртыстық аймақ көптеген эфференттік жолдар арқылы қыртыс астындағы орындаушы аппаратпен байланысады. Сондықтан уақытша байланыс ми қыртысының белгілі бір аймағының афференттік және эфференттік жолдарының арасында пайда болуы мүмкін деген де болжам бар. Сонымен, ми қыртысының сезімтал аймағында таламус пен торлы құрылым арқылы келген импульс өңдеуден өткен соң уақытша байланыс арқылы эффенттік жолға өтіп, қыртыс асты құрылымдарға барады да, қайтадан ми қыртысына көтеріліп, шартсыз рефлекс орталығына жетеді. Демек, бұл жағдайда шартты рефлекс қыртыс-қыртыс асты - қыртыс бағытындағы вертикальдық байланыс арқылы қалыптасады. Мұндай кезде шартты және шартсыз рефлекстер орталықтары арасындағы қыртыс арқылы өтетін горизонтальды байланыс та жоққа шығарылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz