Шаруашылық қызметті талдауды жүргізудің негізгі шарттары


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Лекция 1

Шаруашылық қызметті талдауды жүргізудің негізгі шарттары

  1. Шаруашылық қызметті талдаудың мақсаттары
  2. Мамандану коэффициенті және оның тиімділігі

Экономикамыздағы аграрлық сектордағы басты мақсат - бұл елді азық-түлікпен қамти отырып, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып табылады. Бүгінгі күнгі агроөнеркәсіптің саясаты осы саланы жоғарғы тиімділікпен бәсекеқабілеттілікті арттыру, ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарт у арқылы елде ауыл шаруашылық өнімімен қамтамасыз ету.

Осы мақсаттарды шешуде шаруашылық қызметті талдау және оның бизнес-жоспар негізіндегі әдістері мен басқару шешімдері, олардың жүйелі түрде орындалуы, шаруашылық қызметке әсер ететін факторларды оқып үйренуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар өндірісте жаңа ұсыныстарды енгізуде тиімді жақтарын іздестіру, өндіріс тиімділігін пайдалануда кәсіпорын қызметін бағалау, нарықтық жағдайда кәсіпорынның дамуын нығайтуға стратегиялық дамуды ұйымдастыру шараларын қарастырады. Ауылшаруашылығындағы шаруашылық қызметті талдауы өз кезегінде табиғи-климаттық жағдайларға байланысты болады. Қуаңшылық, жаңбыр, суық үскірік және т. б табиғи құбылыстар өнімді егуде және жинауда еңбек өнімділігін т. б көрсеткіштерді төмендетеді. Шаруашылық қызметті талдауда нәтижелерді алу үшін ағымдағы жыл өткен жылмен салыстырылып отырылады және орташа мәліметтері 3-5 жыл аралығында жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығында мерзімдік өндіріс қалыптасқан. Сондықтан ауылшаруашылығында бұл процесс ұзақ болғандықтан жұмыс кезеңімен сәйкес келе бермейді. Көптеген көрсеткіштер жыл соңында жүргізіледі. Ауылшаруашылығында негізгі қор болып жер жатқызылады және ол табиғи өзгерумен болады. Экономиканың басқа салаларында тиімділік нақты көрсеткіштермен анықталатын болса, мұнда жер өнімділігіне табиғи және климаттық факторлар мол әсер етеді. Жер ауыл шаруашылығы өндірісінде негізі қор болғандықтан тозып қана қоймайды, сонымен қатар жаңарып та отырады. Өнеркәсіптік зауытта бір ғана өнім шығаратын болсақ, бұл жерде бірнеше өнім шығаруға мүмкіндік бар.

Ауыл шаруашылығында өнімдер өз мақсаттарында, яғни бидай тұқым, малға азық ретінде, асыл тұқымды мал ретінде алынуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығы өз спецификасына сай өзінің көрсеткіштері болады (егіндік өнімділігі, мал өнімділігі, сүт майлылығы т. б) . Жалпы көрсеткіштері (өнімнің өзіндік құны, пайда, рентабельділік, айналым қоры т. б) ауылшаруашылық спецификасын айқын көрсетеді.

Ауыл шаруашылық жұмыстарының нәтижесі өндіріске байланысты болады. Сондықтан экономикалық талдауда климаттық жағдай ды ескеру керек.

Өндіріс жағдайын төмендегі үш топқа бөлуге болады:

  • табиғи және климаттық
  • шаруашылықтың орналасу
  • өндірістің экономикалық жағдайы

Табиғи жағдайына көп жағдайда топырақ құрылымы әсер берсе, климаттық жағдайда табиғи құбылыстарды айтуға болады.

Шаруашылықтың орналасуы бойынша айтатын болсақ орталыққа, жол қатынастарына, жабдықтау бөлімдерімен өңдеуші орындарға жақын орналасуы.

Экономикалық жағдайы бойынша шаруашылық қызметтің нәтижелері, кәсіпорынның жер және еңбек ресурстары, негізі және айналым қорларының болуы.

Бұл жерде қормен қамтамасыздығы және қормен қарулануы талдау процесінде жүргізіледі.

Талдаудың мақсаты - шаруашылықта қалыптасқан мамандануды анықтай отырып оның ілгері дамуын алға қою. өндірістің мамандануын есептеу үшін мамандану коэффициентін (Кмн) анықтау керек. Ол үшін:

мұндағы: - n түрлі тауар өнімінің жалпы көлемінен үлес салмағы

n - жекелеген өнімдердің үлес салмағы бойынша қатар саны

Мамандану коэффициенті 0 ден 1-ге дейін ауытқуы мүмкін. Егер деңгей 0, 2 төмен болатын болса, маманданудың әлсіз көрсеткішін көрсетеді. Ал 0, 2 ден 04-ке дейін орташа, одан жоғары тереңдетілген мамандану деп аталады. Мысалы ірі қара малының етіне тауарлы өнім 50%, сүтке - 30%, бидайға - 10%, картопқа - 8%, басқалай өнімдерге - 2% болса онда шаруашылықтың мамандануы келесідей болады.

Яғни, бұл шаруашылықта мамандану орташа деңгейде дегенді білдіреді.

Маманданудың экономикалық тиімділігін бағалау үшін мамандану көрсеткіштеріне өндірістік тиімділікті сәйкестендіру жүргізіп отыру қажет. Нәтижесі бойынша іс-шаралар жасалып, мамандануға өндірістік жағдай жоынша нақты іс-әректтер жасалады. Бұл салада негізінен кеңірек қолданылатын әдістер ретінде, экономика-математикалық есептер және шаруашылық аралық салыстыру жүргізіледі. Шаруашылық қызметінің нәтижесіне көп жағдайда өндірістік интесивтілік деңгейі әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісі негізінен экстенсивті және интенсивті жолдармен жүзеге асырылады.

Экстенсивті формасы - бұл өндірістің егіс алаңының кеңейту мен мал басының артуымен дамуымен өндірістің кеңейтіліп жүргізілуін айтамыз.

Интенсивтілік формасы болса - ол осы егіс алаңындағы топырақ құрамын жақсарту, мал басының тұқымын асылданыру, қосымша қаржы салу арқылы өнімділікті арттыру жолымен жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Экономикалық талдау әдістері туралы
Аудиторлық дәлелдеулерді жүргізудің әдістемелік ерекшеліктерін қарастыру
Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
Кәсіпорынның қаржылық қызметі жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Экономиканы талдаудың әдістері мен тәсілдері
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері
Кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Аудиттің әдісі мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz