Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет
Кіріспе
Швейцария - Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет.
Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен,
оңтүстігінде Италиямен шектесіп жатыр. Ол өзінің табиғи және жасанды әсем
обьектілерімен, көрікті көз тартар орындарымен көзге түседі. Ал бүл ел
халқының біртұтас орналасуы мен қоғамдық транспортты тиімді пайдалану
жүйесіне байланысты барлық демалушылар (жергілікті халық, шетел
азаматтары...) үшін қолайлы болып табылады.
Швейцарияда теңізден басқаның бәрі бар: көбінесе биік таулы жоталар,
жылдам ағып жатқан өзендер, сарқырамалар, көк көлдер мен мэңгі мұз
айдындары кездеседі. Сонымен қатар бұл елге әр түрлі халықтардың мәдени
салт-дәстүрлері мен тілдерінің араласып кеткендігі тән. Осылардың барлығы
әсем де әрі көрікті кішкентай ғана ел - Швейцарияда кездеседі.
Альпінің қар бүркеген ұлы шыңдары елдің оңтүстік батысынан солтүстік
шығысына дейін созылып жатса, ал өзінің қатпарлы жер бедерімен әйгілі Юра
тау тізбектері елдің солтүстік- батысында орналасқан.
Жоғарыда атап өткендей, Швейцария өзендерге өте бай ел, солардың ішінде
ең ірілері - Рейн, Аре, Инн, Тичино, По және Рона. Швейцарияның өзендері 3
теңіздің - Солтүстік, Жерорта және Қара теңіздерінің бассейндеріне жатады.
Швейцарияның мақтанышы - оның тамаша көлдері. Ең ірілері -Женева (588
км2), Воден (537км2), Невшатель, Лаго-Маджоре, Фирвальдштет
(4 кантонның көлі), Цюрих, Лугано. Олардың кейбіреулері өте терең: Лаго
– Маджоре - 372м, Женева - 310м. Көлде өте терең әрі мөлдір болғандықтан
олардың түсі көк болып келеді.
Ал көлдердің жалпы саны- 600-ге жуық, ең үлкендері- Женева (582 км2),
Воден (538 км2), Фирвальдштет, Цюрих, Невшатель. Олардың барлығы да қар
суымен қоректенетін таңғажайып әсем, таза, мөлдір, әрі теңізге шыға
алатындай мықты флотты иемденеді. Ірі көлдер туристердің пір тұтатын орны
ғана емес, сонымен қатар олар кеме қатынасында, әсіресе, жануарлар үшін де
маңызы өте зор.
Бұл елді мекендеп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері ешбір даусыз төрт тілде
сөйлейді. Осыдан 150 жыл бұрын экономикалық жағдайы нашар болған шаруа ел
Швейцария, енді әлемдегі ең мықты сағаттарды жасап, ірі дүниежүзілік
банктерге үстемдік етуде. Швейцария - ешбір дүниежүзілік ұйымға енбеген
және ешкіммен бірікпеген бейтарап мемлекет. Әлемдік мәліметтерде
глобализация деңгейі бойынша екінші-үшінші орындарда. Швейцария таулы
үстірті - халықтың ең тығыз орналасқан бөлігі. Мұнда маңызды өнеркәсіп
орталықтары мен егіншілік ауданы және ірі қалалар -Цюрих, Базель, Берн,
Женева, Лозанна шоғырланған.
Бүгін Батые Швейцария (Берн, Нвшатель, Фрибур, Во, Женева кантондары) -
туризмнің ең маңызды аудандарының біріне айналып отыр. Әр түрлі елдерден
келген жүз мыңдаған адамдар Ұлттар Сарайын, Шильон қорғанын, Женева көлінің
жағасында орналасқан Веве, Монтре қалашықтары мен Юнгфрау шыңына көтерілуге
ұмтылады.
1. Швейцария туралы жалпы мәлімет
Астанасы: Берн қаласы
Мерекелер мен демалыс күндері: Жаңа Жыл (1-қаңтар), Әуесқой жұма (28-
наурыз), Пасха (30-31 наурыз), Мақтау күні (8-мамыр), Троица
(18-19 мамыр), Конфедерация күні (1-тамыз), Рождество (25-26
желтоқсан). Сонымен қатар аймақтық және жергілікті мерекелер де бар:
мысалы, 2-қаңтар, 1-мамыр (Еңбек күні) және тағы басқа.
Ұлттық ерекшеліктері: Швейцария - шағын ел. Бұл ел мәдениетінің бір
таңғалар жері - оның қайталанбас ерекше өзгешеліктерінде: тілі, тағамы,
тұрмысы, архитектурасы, тіпті әсем табиғатына дейін өзгеше болып келеді.
Табиғаты: Швейцария - таулы ел. Территориясының 60%-ін Швейцария
Альпісі, 13-не жуығын Швейцария таулы үстірті, 110-ін биіктігі орташа Юра
тауы алып жатыр. Ең биік жері - Пеннин Альпісіндегі Дюфур тауы, 4638 м.
Маңызды асулары - Сен-Готард (2112 м), Симплон (2009 м), Үлкен Сен-Бернар
(2472 м), Фурка (2436 м). Пайдалы қазбалары - тас тұзы, графит, қаңыр
көмір. Жері қоңыр орманды, күлгін және таулы шалғынды топырақты келеді.
Швейцария таулы үстіртінде және оның беткейлерінің 800-900 м биіктікке
дейінгі бөлігінде табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, толық өңделген.
Территориясының - і орман. Тау етектерінде жалпақ жапырақты (емен,
шамшат) және кейбір беткейлерде қылқан жапырақты (1800 м биіктік шамасында)
орман қалыптасқан. Таудың 2600-3000 м биіктігінде субальпілік және альпілік
шалғын өседі. Жануарлар дүниесі қоңыр аю, түлкі, жабайы мысық, тау ешкісі,
қоян, сусар, бұғы, альпі суыры және құстың көптеген түрлерінен құралады,
өзен-көлдері балыққа бай.
Кейбір мүлдем жойылу қаупі төнген жануарлар түрін көбейту үшін және
табиғи ортаны сақтау үшін ұлттық парк (аумағы 169 км2) ұйымдастырылған.
XVIII ғасырда Швейцарияның ну ормандарында аю, қасқыр, бұғы, қабан
шошқа мекендеген. Ал қазір ағаштар кесілген. Швейцар таулы үстіртінде жеке
шағын ормандар мен саябақтар кездеседі. Тау жоталарында, әсіресе, елдің
шығыс және оңтүстік бөліктерінде ормандар жақсы сақталған.
Швейцарияның шығысындағы Граубюнден кантонында - Инн және Ландкварт
өзендерінің жағаларында ұлттық парк (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жақсы
қорғалатын) пайда болды. Бұл қорықта қоңыр аю, тауешкі, серна, түлкі,
қоянды кездестіруғе болады.
Таулы үстірт пен Альпі, Юра тауларының жоталарында 800м биіктікке дейін
мәдени өсімдіктер, егіс, дәнді-дақылдар, жеміс бағы, жүзім, құлмақ (хмель)
егілғен жерлер басым. 800 метрден 2000м биіктікке дейін орман, ең алдымен
жапырақты орман - шамшат, емен; одан екйін қылқан жапырақты орман -
самырсын, шырша, қарағай, жоғарыда - биік субальпідік жайылымдар мен аласа
шөптік өсімдіктер - сальданелла, примул, ал тік жоталарда - эдельвейсті
(Швейцарияның "бейресми" символы) кездеседі.
Халқы: 5,4 миллион (1974 ж).Швейцарияның ежелғі тұрғындары - неғізінен
кельт тайпасына жататын ғельветтер (солтүстік-батыс бөліғінде), реттер
(шығыс бөлігінде). Швейцарлықтардың этникалық құрамы орта ғасырда
қалыптасты. Этникалық құрамы жағынан елде әр түрлі халықтар тұрады; олардың
ішінде неміс тілінде сөйлейтін швейцарлықтар 65%, француз тілінде
сөйлейтін швейцарлықтар 18%, итальян тілінде сөйлейтіндері 12%, ретороман
тілінде сөйлейтіндері 1%. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 155 адамнан.
Ең үлкен, бірақ халық тығыз орналасқан аудан - Оңтүстік Швейцария
(Граубюнден, Тессин, Вале кантондары).
Тілі: Мемлекеттік тілдері - неміс, француз, және итальян тілдері болып
саналады. Ал ағылшын тілі елдің барлық жерінде тараған.
Діні: діни нанымға иланушылардың 48%-і протестанттар, 49,5%-і
католиктер.
Валютасы: Ақша бірлігі - швейцар франкі. 1франк=100 сантим.
Банкноттары: 1000,500,100,50,20,10 және тиындар: 50,5,2, 0,5 франк; 20, 10,
5,1 сантим.
Мемлекеттік кұрылысы: Швейцария - федерациялық республика. Қазіргі
конституциясы 1874 ж. қабылданған. Одақтық өкімет билігіне соғыс пен бітім,
сыртқы сауда, армия құру т.б. күрделі мәселелер жатады. Мемлекет басы -
президентті Ұлттық советтің мүшелері 1 жылға сайлайды. Өкіметтің жоғарғы
заң шығаратын органы - екі палаталы парламент - Одақтық жиналыс, Ұлттық
кеңес пен кантондар Кеңесінен құрылады. Өкіметтің жоғарғы атқару билігі
үкіметке - Одақтық Кеңеске (7 мүше) жүктелген. Бүл кеңес мүшелерінің
әрқайсысы бір департамента басқарады. Республика президенті мен вице-
президентінің қызметін Одақтық Кеңестің мүшелері кезекпен атқарады. Барлық
кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік конституциясы бар; өкіметтің
заң шығару функциясы - үлкен кеңеске (парламент), атқару міндеттері
-кантондық кеңестерге (үкіметке) жүктелген. Округтар мен қауымдарда өзін-
өзі басқаратын органдар - азаматтардың жалпы жиналыс (неміс кантондарында)
және қауымдық кеңестері (француз кантондарында) сайланады. Сот жүйесі
федерациялық және кантондық деп бөлінеді. Әкімшілік жағынан 23 кантонға
бөлінеді.
Негізгі саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары.
Швейцария радикалдық - демократиялық партиясы (1848ж), Швейцария
консервативтік-католиктік партиясы (1912ж), Швейцария социал-демократиялық
партиясы (1888ж), Швейцар еңбек партиясы 1944 жылы құрылды, компартияның
мұрагері. Ең ірі кәсіподақ орталығы - Швейцария кәсіподақтарының
бірлестігі. Швейцария - СССР қоғамы, 1945 жылы ұйымдасқан.
Экономикасы: Швейцария - жоғары дәрежелі дамыған индустриялы
капиталистік ел. Капиталистік дүниедегі маңызды финанс орталықтары осында.
Экономика салаларында шетел капиталының (әсіресе америкалық, батыс
германдық, француздық) ықпалы басым. Экономикасында халықаралық туризмнің
маңызы күшті. 1975 ж. 6,2 миллион туристер болды.
1.1 Климаты
Климаты негізінен қоңыржай жылы, ылғалды, тауларында қоңыржай салқын.
Швейцария таулы үстіртінде қаңтардың орташа температурасы - 1,5° С,
шілдеде 17,3° С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм, Альпі тау аралық
аңғарларында жерортатеңіздік климат белгілері басым; мұнда қаңтардың орташа
температурасы -70 С, шілдеде 12,10 С. Жылдық
жауын-шашын мөлшері 2000 мм. Өзендерінің суы мол, энергия қорына бай.
Жылдық орташа температура кестесі
қаңтар ақпан наурыз Сәуір мамыр Маусым Женева 1 3 6
1 0 1 4 1 8 Локарно 3 4 8 1 1 1 5 1
9
1.2 Географиялық орны
Швейцария - Орталық Европадағы биік таулы мемлекет. Швейцар
Альпілерінің көптеген сілемдері 4000 м. биіктікке жетеді.Ең биік нүктелері
- Монто-Роза шыңы (4640 м.) және Юнгфрау (4158 м.). Осы Альпіден көптеген
толқыны қатты өзендер (Рейн, Рона, Тичино) бастауын алады. Швейцарияның
солтүстік-батысында Юраның аласа (800 м.) тау жоталары көтерілген: Альпі
мен Юраның арасында Швейцар қыраты жатыр.Ол елдің ірі қалалары мен
курорттарының ошағы - Женева мен Воден көлдерінің сұлу да әрі көрікті
жағаларымен қоршалып жатыр. Бұдан басқа Швейцарияның тау-шаңғы курортары да
өте көп.
1.3 Негізгі көрікті орындары
Швейцария - классикалық туристік елдің үлгісі. Оған әсем қалалар мен
жанға жайлы қонақүйлері бар әйгілі курорттар, ұлы таулар, таза көлдер мен
көркем тау баурайлары тән. Осы кішкентай ғана кеңістікте табиғаттың барлық
әдемілігі мен адам қолымен жасалған көрнекті заттар шоғырланған. Бұл ел
қайталанбас колориті бар шағын қалаларға бай: мысалы, Биль - екі ресми тілі
бар "сағат астанасы", әйгілі Золотурн - барокко стилінде салынған
құрылыстары мен көптеген мәдени ескерткіштері бар қала,
Кур -Швейцарияның ежелгі қаласы (біздің заманымызға дейінгі
2500жыл), Дисентис - қызықты бенедиктік ерлер монастырі және мұражайы-мен
(VIII ғ.), ал Мюстер болса бенедиктік әйелдер монастырімен (VIII
г., мәдени ескерткіш ЮНЕСКО-ның қарамағында) әйгілі, Гуарда мен Шплюген -
көптеген әдемі "шалелері" бар альпілік аудандар, Ле-Корбьюзенің отаны - Ла-
Шо-де-Фонда қол сағаттар халықаралық мұражайы орналасқан, Афолтерн мен
Эмментальда ірімшік жасау атақты көрмесі болып түрады немесе әйнекті
әшекейлеудегі швейцариялық Ромон мұражайы. Әрбір осындай қалашық
қайталанбас таңғажайыптарға ие және толығымен назар аударуды қажет етеді.
Ал XIII ғасырдың ежелгі Рим қорғандары мен кельт кезеңінің археологиялық
ескерткіштері сақталмаған.
Юра таулары орналасқан елдің батысы (биік нүктесі - Монт-Тендр,
1679 м.), - бұл терең арналары бар үлкен табиғи парк. Онда жүзім
отырғызылған көркем тау жоталары, әсем көлдер Невшатель, Биль және Леман
(Женева) орналасқан. Женева көлінің өзін елдің дербес көрікті орны деп
санауға болады, себебі ол Швейцарияның ең үлкен су қоймасы (ұзындығы-72 км,
ені-13 км-ге дейін, тереңдігі- 310м) болып табылады. Көлдердің жағалаулары
әлемдегі ең сұлу, әдемілері болып саналады, ал оларды қоршаған қалалар көне
ескерткіштерге бай. Бұл ауданды жиі "Швейцар Ривьерасы" деп атайды және бұл
атау сөзсіз орынды.
Невшатель университеті қалашығында туристердің көзі түсетін аймақ -
ол Невшатель мырзаларының қорғаны және де тау бөктеріндегі
Гийом Фарель ескерткіші бар тамаша собор. Бройе аңғарының жартасты
кемерлеріне де серуендеуге болады, ол жерден Сарын өзенінің иреңі көрініп
тұр. Сонымен қатар 74-метрлік Қасиетті Николай соборына (1490 ж.), Пойя
қорғаны, Тур-Руж бекінісі, августиндер монастырі (XVIII ғ.), Қасиетті
Михаил иезуит шіркеуі, өнер және тарих мұражайына және тағы басқа көптеген
орындарға саяхат жасауға болады. Невшатель көлінің жағалауында орналасқан
Ивердон-ле-Бан курорты өзінің күкіртті және магнийлі-термальді суларымен
атақты. Ивердон суының тыныс алу аурулары үшін, ортопедиялық ауруларға,
жарақат, сынық, неврит, невралгия және өзге де аурулар үшін емдік
қасиетінің маңызы өте зор. 598,5 м биіктікте көтерілетін су температурасы
+29С.
2. Территорияни рекреациялық пайдалануы
2.1 Швейцарияның курорттары
2.1.1 Лозанна
Лозанна - Женева көлінің солтүстік жағалауында орналасқан
Во кантонының астанасы. Қала өзінің Қасиетті Франциска готикалық
соборымен даңқты (1145-1275 жж.). Собордың солтүстік жағынан спорттық
экспозициясы бар олимпиадалық мұражай, Елисей мұражайы, Қасиетті Мария
қорғаны (қазіргі кезде бұл жерде кантон үкіметі отыр), Болье, Пале-де-Вилье
жәрмеңке орталығы, Мон-Репо саябағы және университет орналасқан. Бұл жерге
келген әрбір турист мұнарасы бар (биіктігі-67 м.) "Бэль-Эйр-Метрополь"
сауда үйін көрмей қайтпайды, және олар мұндағы керемет ресторандарды, Оуха
ауданының ескі порттары мен бірнеше километрге созылып жатқан көл жағалауын
тамашалай алады.
2.1.2 Веве
Веве - Лозаннадан бірнеше километр қашықтықта жатқан "Швейцар
Ривьерасының" орталықтарының бірі болып табылатын шағын курортты қалашық.
Дәл осы жердегі сауда орындарында әр сенбі сайын жергілікті шарап бойынша
дегустациялар өтіп тұрады. Бұл жерде Чарли Чаплин мен Грэн Грин өмірлерінің
соңғы жылдарын өткізген.
Тау террасаларында орналасқан шіркеу мұнарасы бар Қасиетті Мартин (1530
ж.) шіркеуі және Шуваловтың басшылығымен XVII ғасырда солтүстік стилінде
салынған Орыс шіркеуі де өзінің бағалы, әрі құнды икондарымен қызықтырады.
2.2 Швейцария қалалары бойынша туристік сапарлар
2.2.1 Женева
Женева - Рона өзенінің оң жағалауындағы біздің заманымызға дейінгі 500
ж. құрылған Батые Европаның көне, әрі ең әдемі, әсем қалаларының бірі.
Швейцария Конфедерациясының құрамына тек 1815 жылы енген. Мұнда Жан-Жак
Руссо туылған, Жан Кальвин тұрған. XIX ғасырда Женевада Плеханов басқарған
Еңбекті азат ету I марксистік тобы құрылды. Қалада ондаған орыс
революционер-эмигранттар тұрған. 3 жылға жуық уақыт Женевада Ленин тұрған.
Ол Женева университетінің кітапханасында жиі жұмыс істеғен. 1967 жылы Ұлы
Қазан революциясының 50-жылдығына байланысты Плантапоре көшесіндегі Ленин
тұрған үйлердің бірінде салтанатты түрде мемориалды тақта орнатылған. Қазір
Женевада 180 мың адам тұрады. Ол дамыған өнеркәсіп орталығы - машина жасау
заводы, сағат заводтары (Ролекс, Филипп Потен фирмалары), дәл өлшейтін
аппарат өндіретін мекемелер жұмыс істейді. Сонымен қатар Цюрих пен
Базельден кейінгі ақша қаражаты орталығы болып табылады. Халықтың 15
бөлігі Швейцария азаматтары емес. Университет студенттерінің жартысы -
шетелдіктер. Көп бөлігі Швейцария азаматтары емес. Университет
студенттерінің жартысы - шетелдіктер.
Қала өзінің көл жағалауларында орналасқан әсем саябақтарымен әйгілі.
Ронаның сол жақ жағалауында - қаланың қақ ортасында әсем саябақтармен
қоршалған Қасиетті Петр (1160-1232 жж.) соборы, Ратуша, Арсенал, Опера
театры (1879 ж.), Консерватория (1856 ж.) және әлемге танымал Жжет Д'О
фонтаны бой көтерген. Оның диаметрі-5м, сағаттың секунд тілінің ұзындығы-
2,5м. Ронаның оң жақ жағалауын кейде "Халықаралық Женева" деп те атайды,
себебі онда әр түрлі ұйымдар орналасқан: БҰҰ Сарайы, Халықаралық жұмыс
орталығы, Халықаралық Қызыл Крест және тағы басқа. Жоғарыда атап өткен БҰҰ
Сарайы (1936 ж.) үлкен әсем саябақта орналасқан және ол көлемі жағынан
Версальдан асып түседі, яғни, шағын "мемлекет ішіндегі мемлекет" десек те
қателеспейміз. Бұл ұйымның өзінің дербес пошталық басқармасы бар, сонымен
қатар ол Европаның ірі көрме орталығы болып табылады, өйткені мұнда жыл
сайын 5 мыңға жуық конференциялар мен конгресстер өткізіліп тұрады. Женева
конференциясы (1927жылы - Ұлттар Лигасы Советінің
сессиясы кезінде 14-16 маусымда) Англияның консервативтік үкіметінің сыртқы
істер министрі Чемберленнің ұсынысы бойынша шақырылған. Женева
конференциясына -Франция, Германия, Италия, Бельгия және Жапония өкілдері
қатысты. Чемберлен Коминтерннің насихатына және оның Совет үкіметімен
байланыстарына қарсы бағытталған бірлескен декларация жариялауды ұсынды.
Қала мұражайларға да өте бай: Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай
халықаралық мұражайы, импрессионистердің әмбебап коллекцияларына бай
өнер және тарих мұражайы, сағат мұражайы, көркемөнер мұражайы (1825 ж.),
табиғи-тарихи мұражай, Ариана мұражайы (фарфор мен хрустальдан жасалған
бұйымдар), университеттік - Руссо мен Реформация мұражайлары, қазіргі заман
талабына сай жаңа әрі сирек кездесетін халықаралық автомобиль мұражайы,
1939 жылға дейін шығарылған әр түрлі транспорт құралдары бар Жана Тюаның
автомобиль мұражайы және тағы басқа.
Женева көлі, Леман (нем. Genfersee, франц. Lac de Genev, Lac Leman) -
Швейцария мен Франция жерінде жатыр. Ауданы 582 км, ұзындығы 72 км, ең енді
тұсы 14 км, тереңдігі 309м, су деңгейінің биіктігі 372м.
Көл тау аралық ойыста жатыр. Батысы адырлы тау етегімен, шығысы құзды
таулармен қоршалған. Жағасы - биік тік жар. Көбінесе қар, мұздық суымен
қоректенеді, сондықтан су деңгейі жазда қыстағыдан 1 м-дей жоғары болады.
Женева көлі арқылы Рона өзені өтеді. Суының жоғары қабатының температурасы
жазда 190 С- дан 240 С-қа дейін, қыста 4-5С0 , қатпайды. Көлде балықтың 26
түрі бар. Женева көлі өте көрікті, жағалауының климаты жұмсақ, жылы, халық
тығыз қоныстанған.
2.2.2 Монтрё
Женева көлінің жағалауында тағы да бір "Швейцар Ривьерасының асыл
қазынасы"- Монтрё қаласы орналасқан. Қала өзінің жабық дербес
мектептерімен, сұлулық институттарымен, түнгі клубтары-16, кабаре, бар,
казино және де джаз бен классикалық музыка, "Алтын раушан" телефестивалі,
күлкі фестивалімен әлемге танымал. Көрме орталығында халықаралық көрмелер
мен жәрмеңкелер үнемі өткізіліп тұрады (соның ішінде Халықаралық
Телесимпозиум де). Монтрёде атақты ұлы жазушылар мен музыканттар түрған.
Монтрёнің жағалауындағы шағын аралдарда ортағасырлық үңгірлері бар, серілер
залы, әділет соты залы, герцогтік жататын бөлмесі мен кішкентай ғана ағаш
шіркеуі бар Шильон бекінісі
(XIII ғ.)
орналасқан.
2.2.3 Ньон
Біздің заманымызға дейінгі 46 ж. Юлий Цезарьдің басшылығымен гельвет
тайпалары мекендеп жатқан Женева мен Лозаннаның арасында Ньон қаласы
құрылды. Қала сұлу әрі көрікті обьектілерге өте бай: антика кезеңінің
археологиялық олжалары мен ежелгі қаланың макеті бар Рим мұражайы,
коллекция қоры кең көлемді, кемелері, аквариумы бар Женева көлінің
мұражайы, және фарфор мұражайы. Елдің солтүстік бөлігінде Альпі тауларының
тамаша алқаптары, Рейн табалдырықтары, жүзім егісі мен сарқырамалар
кездеседі.
2.2.4 Цюрих
Цюрих - ақша қаражаты мен сауда, өнеркәсіп орындары
орналасқан Швейцарияның ең басты орталығы болып табылады.
Сонымен қатар Европа бойынша ең ірі банк жүйесі осында шоғырланған.
Қала орталығы Цюрих көліне (ұзындығы-39 км, тереңдігі- 143
метрге дейін) құятын Лиммат өзенінің екі жағалауында орналасқан. Қаламен
танысуды ең алдымен оның тарихи орталығы - Нидердорфтан бастаған жөн,
себебі оның жаяу жүру зонасы кең және әсем әрі көрнекті готикалық стильде
салынған үйлер көп. Кешке қарай бұл қала ойын-сауық орталығына айналады:
көшеде музыканттар көбейіп, жарым түнге дейін қала түрғындары ән айтып, би
билеп, қуанышқа бөленеді.
Қаланың ақша қаражаты орталығы, әрі Европаның ең әйгілі сауда
көшелерінің бірі - Банхофштрассе. Мұнда әмбебап дүкендер мен қаланың ең
күшті супермаркеттері "Глобус", "Джемоли", сонымен қатар Швейцария мен
дүниежүзінің ең ірі "Гномен фон Цюрих" банктің бөлімшесі шоғырланған.
Банхофштрассе көшесіне парад алаңы жанасып тұр, онда "Швейцариялық несие"
банктің (1838 ж.) салтанатты ғимараты мен "Шпрюнгли" әйгілі кондитер
фабрикасы бой көтерген. Сонымен қатар қалада ортағасырлық ғимараттар жақсы
сақталған: Гроссмюнстер роман-готикалық соборы (XII -XV ғғ.),
Европадағы ең үлкен сағаты бар (1538 ж., циферблат диаметрі -
8,7 м) Қасиетті Петр шіркеуі, Васскирхе шағын шіркеуі, Фраумюнстер костелы
(ХІП-ХVғғ.), салтанатты рәсімдерге арналған залы бар монументтік Ратуша
(1694-1698 жж.), Линденхоф және тағы басқа. Қаланың ең танымал
мұражайларының бірі - Хаймплатцтегі Кунстхаус көркем мұражайы. Оның кіре
берісінде Роден мүсінінің "Тозақ қақпасы" деген ұраны қойылған, және ол
француз, швейцар коллекцияларымен даңқты, сонымен қатар Европа өнерінің
даму тарихындағы ең үздік сапалы, бірінші дәрежелі экспозиция болып
табылады. Швейцар тарихи мұржайында аталған елдің тарихы мен мәдениетіне
арналған экспонаттар қоры өте мол. Ритберг мұражайында көбінесе шығыс пен
Африка өнерлерінің коллекциялары жинақталған болса, ал қалайыдан жасалған
ойыншықтар мұражайында 400 мыңға жуық көне ойыншықтар бар. Сонымен қатар,
атап өтсек, Хауптбанхофтағы шоколад мұражайы мен Лиммаштрасседегі жаңа өнер
мұражайы да қызықты. Көптеген туристер көбінесе Политерасседегі шолу
алаңына барады, ол жерден бүкіл қаланы, таулар мен өзен-көлдерді, бір
сөзбен айтқанда, әсем табиғатты тамашалауға болады. Халқы 427 мың
(1970ж.). Машина жасау (мата тоқитын станоктар, жабдықтар,
электротехникалық химиялық, полиграфиялық өнеркәсіп орындары,федерациялық
политехникалық мектеп, консерваториятарихи, ботаникалық зоологиялық
мұражайлар бар. ХІХ-ХХ ғасырлардағы революция кезеңінде эмиграция
орталықтарының бірі болды. 1916-1917 жылдарда В.И.Ленин
осында тұрған.
2.2.5 Базель
Базель - Германия мен Франциямен шекаралас жердегі Швейцарияның
солтүстігіндегі екінші үлкен қала. Ол біздің заманымызға дейінгі 44 ж.
кельт тайпалары мекендеп жатқан жерде құрылған. Рейн өзенінің таудан
жазыққа шығар жеріндегі тау аңғарын бойлай салынған. Халқы 216 мың
(1968 ж). Бүгінгі таңда қала жаңғырып, елдің ірі өнеркәсіп,
сауда және банк орталығына айналып отыр. Базель - оқу орындардың (соның
ішінде көне Швейцар университеті -1490 ж), банктер мен ірі сауда
орталықтарының, алғашқы ұлттық музыка театрының, көркем галереяның,
букинистік магазиндердің, барлар мен ресторандардың шоғырланған ошағы болып
табылады.
Бұрынғы Базельдің орталығы - Маркплатц алаңы ("Сауда алаңы") күні
бүгінге дейін әмбебап тауарлы ірі сауда орталығы болып есептеледі. Дәл
осында қаланың символдарының бірі - кірпіштен жасалған ашық-қызыл түсті
әшекейленген қасбеті бар, алтынмен қапталған шіркеу мұнарасы мен Минациус
Планкус мүсіні бар әдемі Ратуша (1507-1513 жж.) шоғырланған. Сыртқа
шығарылатын сауда өнімдерінің 40%-і Базельден өтеді. Жыл сайын мұнда
өнеркәсіп жәрмеңкелері болады. Швейцариядағы химия, жібек мата тоқу, дәрі-
дәрмек, машина жасау, электротехника өнеркісібінің және кітап басу мен
кітап саудасының орталығы. Бұрынғы Барфюссенкирхе шіркеуінің (XIV ғ.)
ғимаратында тарихи мұражай ашылды. Одан бірер қашықтықта Фишмаркт алаңында
Богородица (1390 ж.) мүсінімен әшекейленген Базельдің ең әдемі фонтаны
орналасқан. Қаланың тағы бір символдарының бірі - екі сүмбілері мен
галереясы бар Мюнстеркафедралы соборы (1019 ж.). Қаңылтырмен қапталған храм
қақпасының алдында кеспе тастар төселген, ал есіктің алдында қаланың
сымбатты көрінісін сүйсіне тамашалап көре алатындай көрермендер мұржасы
орналасқан. Базельдің тағы бір көркем обьектісі - қызыл құм тастан
жасалған, екі жағы 2 дөңгелек тісті мұнарамен жанасқан Шпалентор қақпасы
(1400ж.).
Базель соборы - католик шіркеуінің соборы (1431-1449 жж.) Базельде,
кейін Лозаннада болған. Ол бүкіл шіркеулік соборды папаның үстінен қарайтын
етуді, папаның билігіне шек қоюды көздеп, күрес жүргізді, папаның жоғарғы
басқару әкімшілігінің пайдасына жиналатын салықты жойды. Базель соборын
мойындамаған папа Евгений IV-ні орнынан алды. Бұрын Базель соборын қолдап
келген Европа елдері басшыларының Евгений IV жағына шығып кетуі салдарынан
собор қозғалысын жақтаушылар жеңілді. Базель соборы жаңа сайланған Николай
V (1447-1455 жж.) папаны мойындап (1449 ж.), соборды таратып жіберді.
Базель соборының жеңілуі католик шіркеуінің беделін түсіріп, XVI ғасырда
реформалар жасауға жол ашты. Сонымен қатар Базельде ортағасыр мен жаңа өнер
үлгілері сақталған 20-дан астам мұражай бар. Сент-Албен - Грабендегі Базель
бейнелеу өнері мұражайы Гольбейн отбасының толық шығармаларын
жинағандығымен әлемге әйгілі болды. Белгілі коллекция жиюшы Базилиус
Амербах суреттері сақталған - "амербах кабинеті" де ол жерге барған әрбір
түлғаның қызығушылығын оятады. "Ескі шебер" бөлімі мен импрессионизм,
модерн жинақтары - ең жоғарғы европалық жинақтар болып саналады. Сонымен
қатар Сент-Албен-Тальдегі ортағасырлық қағаздар мен кітаптар сақталған
соның мұражайы, Жана Тингели мұражайы, Киршгартендегі үй ("шие бағы"),
Людвиг жинағы мен антиквариат мұражайы және хайуанаттар паркі де қызықты.
2.3 Шығыс Швейцария
Шығыс Швейцария - Европаның ең әдемі аудандарының бірі. Таудың арасында
көптеген көлдер бар, курорттар, пансионаттар мен қонақүйлер саны да көп. Ал
түрлі-түсті кілемдей жайылған альпі алқаптары қайталанбас әрі өлкенің әсем
көрінісін береді. Шығыс Швейцарияда елдің ең ғажап табиғи орындарының бірі
- айбынды Рейнфаль ("Рейн сарқырамасы"), дебеті 1,1 мың
мсек). Сарқырамаға жақын жерде ежелгі готика кезеңінің ескі ғимараттары
сақталған ескі әсем қаланың Шаффхаухен орналасқан. Сонымен қатар бұл қала
аттас барлық қасиеттілер мұражайы мен Мино қорғанымен (Мунот, XVI ғ.)
көрікті.
2.3.1 Санкт-Галлен
Шығыс Швейцарияның орталығы - Санкт-Галлен қаласы VII ғасырда Ирландия
монахы Галлуспен тұрғызылған. XV ғасырдан бастап бұл монастырьдің жан-
жағында қала салына бастады, бұл қала қазір үлкен туристік орталыққа
айланды. Ол жерде тағы екі биік мұнарасы бар Кафедра соборы (1775 ж.) бар
және көне қолжазбалары мен манускриптері, Қасиетті Екатерина монастырі
(1228 ж.) сақталған аббат кітапханасы орналасқан. Сонымен қатар текстиль
мұражайы мен таулар көрінісін тамашалауға болады. Роршахтағы Корнхаус ескі
қамбасы (1748 ж) мен бенедиктік монастырь, ескі автомобильдер мұражайы мен
Роршахерберг, Вартегг (1577 ж.), Вартензе (1806 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz