Швейцария Орталық Европадағы мемлекет


Швейцария
Швейцария (нем. schweіz), Швейцария Конфедерациясы - Орталық Европадағы мемлекет, солтүстігінде ГФР-мен, батысында Франциямен, шығысында Австриямен, оңтүстігінде Италиямен шектеседі. Жері 41, 3 мың км 2 . Халқы 6, 4 млн. Астанасы - Берн. әкімшілік жағынан 22 кантонға бөлінеді.
Мемлекет құрылысы. Швейцария - федерациялық республика. Қазіргі конституциясы 1874 ж. қабылданған. Одақтық өкімет билігіне соғыс пен бітім, сыртқы сауда, армия құру т. б. күрделі мәселелер жатады. Мемлекет басы - президентті. Ұлттық советтің мүшелері 1 жылға сайлайды, үкіметтің жоқ, заң шығаратын органы - екі палаталы парламент - одақтық жиналыс, Ұлттық совет пен кантондар советінен құрылады. үкіметтің жоқ. атқару билігі үкіметке - Одақтық советке (7 мүше) жүктелген. Бұл совет мүшелерінің әрқайсысы бір департаменті мен вице - президентінің қызметін Одақтық Советтің мүшелері кезекпен атқарады. Барлық кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік конституциясы бар; өкіметтің заң шығару функциясы - Үлкен советке (парламент), атқару міндеттері - кантондық советтерге (Үкіметке) жүктелген. Округтар мен қауымдарда өзін-өзі басқаратын органдар - азаматтардың жалпы жиналыс (неміс кантондарында) және қауымдық советтері (франц. кантондарында) сайланады. Сот жүйесі федерациялық және кантондық деп бөлінеді.
Табиғаты. Швейцария - таулы ел. Территориясының 60%-ін Швейцария Альпісі, 1/3-не жуығын Швейцария таулы үстірті, 1/10-ін биіктігі орташа Юра тауы алып жатыр. Ең биік жері - Пеннин Альпісіндегі Дюфур тауы, 4638 м. Маңызды асулары - Сен-Готард (2112 м. ), Симплон (2009 м. ), Сен-Бернар (2472 м. ), Фурка (2436 м. ) . Пайдалы қазбалары - тас тұзы, графит, қоңыр көмір. Климаты негізінен қоңыржай салғын. Швейцария таулы үстіртінде қаңтардың орташа температурасы -1, 5 о С, жазда +17 о С. Жылдық жауын-шашыны 800-1000 мм, Альпі тау аралық аңғарларында жерортатеңіздік климат белгілері басым мұнда қысына орташа температурасы -7 о С жазда +12, 1 о С. Жылдық жауын-шашыны 2000 мм. өзендерінің суы мол энергия қорына бай. Ірі өзендері - Рейн, Рена, Инн, По. Көлдері көп, ірілері - Женева (538 км 2 ), Невигатель, Цюрих, Фирвальдигтет. Жері қоңыр ормандық, күлгін және таулық шалғынды топырақты келеді. Швейцария таулы үстіртінде және оның беткейлерінің 800-900 м. биіктікке дейінгі бөлігінде табиғи өсімдік жамылғысы сақталмаған, толық өңделген. Территориясының 1/4-і орман. Тау етектерінде жалпақ жапырақты (емен) және кейбір беткейлерде қалған жапырақты (1800 м биіктік шамасында) орман қалыптасқан. Таудың 2600-3000 м биіктігінде субальпілік және альпілік шалғын өседі. Жануарлар дүниесі қоңыр аю, түлкі, жабайы мысық, тау ешкісі, қоян, сусар, бұғы альпі суыры және құстың көптеген түрлерінен құралады; өзен-көлдері балықға бай. Кейбір мүлдем жойылу қаупі төнген жануарлар түрін көбейту үшін және табиғи ортаны сақтау үшін ұлттық парк (аумағы 169 км 2 ) ұйымдастырылған.
Халқы. Этникалық құрамы жағынан елде әр түрлі халықтар тұрады; олардың ішінде неміс тілінде сөйлейтін швейцарлықтар 18%, итальян тілінде сөйлейтіндері 12%, ретороман тілінде сөйлейтіндері 1%, 1 млн-нан астам шетелдіктер тұрады. Неміс, француз, итальян тілдері мемлекеттік тілдер болып саналады. Діни нанымға иланушылардың 48%-і протестанттар, 49, 5%-і католиктер. Халықтың орташа тықызд. 1 км 2 -ге 155 адамнан. Ірі қалалары - Цюрих, Базель, Женева, Берн, Лозанна.
Тарихы. Ең ежелгі заманғы Швейцариядан (б. з. б. 1 ғасырға дейін) көптеген көне тұрақтар (Вилькидрхли, Драхенлох, Котентер, Бирзек, Швейцерсбильд, Кеслерлох палеолит үңгірлері, Ваувилермостағы 20 мезолиттік тұрақтар; тіреулі құрылыстар) сақталған. 800-400 жылдар шамасында Швейцария Гальштат мәдениеті, ал 1 мың жылдықтың 2 жартысында Латеп мәдениеті қалыптасқан. Швейцария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазба деректер 2 ғасырдан басталады. Бұл кезеңде Швейцарияның көп жерін гельветтердің (ежелгі заманда ел осы тайпаның атымен Гельвеция деп аталған) нельт тайпалары қоныстанған; ғазіргі Швейцарияның шығысында Рет тайпалары өмір сүрген. Батыс Швейцария жері өз алдына Гельвеция провинциясы болып бөлінді. Швейцария жерінде христиан діні тарады, 3 ғасырдың орта шенінде елге алеманндар шабуыл жасап, 406-407 ж. Швейцарияны басып алды, римдіктердің ықпалы жойылды. 496 ж. Алеманндарды франктер бағындырып, Швейцарияның бүкіл дерлік жері Франк мемлекетінің құрамына кірді.
Швейцария жерінде феод. қатынастар біркелкі дамымады. Қалалар (Цюрих, Берн, Базель, Шафхаузен т. б. ), экономикалық маңыз ала бастады. Бұлардың кейбіреулері бұрынғы Рим бекіністерінің орнында пайда болды. 1032-1034 ж. Швейцария жері "Қасиетті Рим империясының" құрамды бөлігіне айналды. 11 ғасырдың аяғы - 12 ғасырдың бас кезінде Швейцария жерінде церинген әулетінің герцогтары ерекше дәуірледі. Олар бірқатар жаңа қалалардың іргесін (Берн, Тун т. б. ) көтерді. Бұл кезде Габсбургтердің т. б. графтардың Үлкен иеліктері болды. Габсбургтер әулеті көп уақыт бойы Швейцария ны билеп келді. Бірақ Ш. кантондары оларға қарсы күресін тојтатпады. 1389 ж. "сегіз жердің" конфедерациясы құрылды. 15 ғасырда Одақ территориясы көрші жерлер есебінен кеңейді. 1481 ж. Швейцарияға Фрейбург және Золотурн қосылды. 1798 жылға дейін Швейцария конфедерациясының тұрақты орталық органы болмады; жалпы одақтық сеймдер - тагзатцутилер мезгіл-мезгіл шағырылып тұрды, мұнда толық праволы кантондардың ғана дауыс беру правосы болды; жалпы одақтық әкімшілік орны, әскерлер мен финанс жүйесі болған жоқ. Одақтық жерлер сияқты, кантондар өздерінің ішкі мәселелерін шешуде автономиялық правомен пайдаланды. Цюрих, Базель, Берн сияқты қалалық кантондарда, сондай-ақ Санкт-Галлен, Женева сияқты одақтық жерлерде қолөнері мен сауда дамыды. қалалар (Берн, Женева, Базель, Цюрих) қолөнер өндірісі мен банк операцияларының ірі орталықтарына айналды. Базель, Женева жәрмеңкелерінің бҮкіл ЕвропаҒа аты жайылды. Цюрих және Женева округында егін егумен қатар жүзім өсіру, шарап жасау кең өріс алды.
15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың бас кезінде Швейцарияда феод. қатынастар ыдырай бастады. әсіресе тоғыма өндірісі, капит. мануфактура (Базель, Цюрих) кең өріс ала бастады. Бірқатар жерлерде шарап жасау және жүзім өсіру ісі кәсіпкерлік негізге көшті. Сүтті мал шаруашылықы товарлы сипат алды. Селолық қауым ыдырап, жерсіз шаруалар тобы көбейе берді. Алайда конфедерацияның саяси бытыраңғылықына байланысты бұл тәрізді прогресті бағыттар бірқатар қиыншылықтарға кездесіп отырды. Швейцария Реформациясының ірі орталықтығына айналды; кантондардың кейбіреулерінде (Женева, Берн т. б. ) протестантизм (Цюрихте Цвингли, Женевада Калвин) бекіді. Реформацияның қозғалыс шаруалардың антифеод. көтерілістерімен ұласты. Швейцарияда бұғара халық Шаруалар соғысына (1524-26) белсене қатысты. Дегенмен Швейцарияның отыз жылдық соғыстан (1618-48) тыс қалуы оның экономикалық дамуына игі әсер етті; ал Швейцария одағының дербес мемлекеттік құрылым ретінде өмір сүруі халықар көлемде мойындалды (1648 ж. Вестфаль бітімі бойынша) . Осы уақыттан бастап Швейцарияда Европа істерінде бейтарап болу идеясы ғалыптаса бастады (заң жүзінде 19 ғасырда баянды етіседі) . 16-17 ғасырларда діни қуғынға ұшыраған көптеген адамдар Швейцариядан баспана тапты. Сол кезден бастап Швейцария саяси эмигранттар паналайтын жерге айналды.
18 ғасырдың аяғына таман Швейцария өнеркәсіп кен-сауда саласында едәуір табыстарға жетті. Цюрихте мақта-мата өндірісі; Базельде жібек тоқу, Бат. Швейцарияда сағат жасау өндірісі кең өріс алды. 1798 ж. Швейцария бір орталықға бағынатын мемлекетке айналды да, Гельвеция республикасы құрылды сословиелік айырмашылықтар мен феод. праволар жойылды, саяси бостандықтар, ождан, баспасөз сауда, қолөнер бостандықтары жарияланды. Кантондар арасында экономикалық бөгеттер жойылды. Швейцария Францияға тәуелді болып қала берді. Наполеон империясы күрегеннен, Швейцарияның одақтық сеймі елдің қатаң бейтараптық сақайтынын жариялады (1813 ж. 29 желтоқсан) . Тұрақты бейтараптылық статуты Швейцарияның 19-20 ғасырлардағы жойғын соғыстардан тыс қалып, бейбіт өмірдің барлық артықшылықтарын пайдалануына мүкіндік берді.
Швейцарияның саяси жәе экономика бытыраңылығы капитализмнің дамуына бөгет болды. 19 ғасырдың 30-40 жылдары феодал қатынастарды түкілікті жою, саяси құрылысты демократияландыру және елді бір орталыққа бағндыру жолындағы қозғалыс өрістеді. 1848 жылғы конституция кантондардың тұрақыз одағын бір тұтас одақтық мемлекетке біріктірді. Орталық заң шығаратын орган - екі палатадан; Ұлттық советпен Кантондар советінен тұратын Федералдық жиналыс (парламент) құрылды. Атқарушы өкімет билігі Федералдық Советтің (Үкіметтің) қолына көшті. Елдің астанасы Берн қаласы болып белгіленді.
Халықаралық сауданың және курорт - қонақ үй құрылысының кең қанат жаюы Швейцарияны индустрияландыруда маңызды роль атқарды. Жеңл өнеркәсіп, темір жол құрылысы кең өріс алды. Индустрияландыру барысында өнеркәсіп буржуазиясы мен фабрика пролетариаты қалыптасты, жұмысшы қозғалысы дамыды, Швейцарияда І Интернациональдың Женева және басға да секциялары құрылды. Бірақ жұмысшы қозғалысы анархистік элементтердің күшті ықпалында болды. 1873 ж. Швейцарияда алғашқы ірі жұмысшы және кәсіподақ бірлестігі - Швейцар жұмысшы одағы құрылды. 1888 ж. Швейцария социал-демократтық партиясы (ШСДП) ұйымдасты.
20 ғ. бас кезінде Швейцария монополиялық капитал еліне айналды. Машина жасау, алюминий электротех. химия және басға жаңа өнеркәсіп салалары пайда болды. 19 ғасырдың соңы 20 ғасырдың басы кезінде Швейцарияда негізінен Росииядан келген орыс революционер-эмигранттары көп болды. В. И. Ленин Швейцарияда бәрін қосғанда (Женева, Берн, Цюрих т. б. жерлерде) 7 жылға жуық тұрды. 1-дүн. жүз. соғыс (1914-18) кезінде Ш. бейтараптық саясат ұстады. Ұлы Октябрь соц. революциясы Швейцарияда жұмысшы қозғалысының өрлеуіне әсер тигізді. Жұмысшылар ереуілі күшейді. 1921 ж. Мартта Цюрихте Швейцария Коммунистік партиясы (ШКП) құрылды. ШКП жұмысшы тобының саяси, экономик. және әлеуметтік талаптарын орындау жолындағы күресте басшылық жасады. Партия Советтік Россиямен сауда және дипломаттық қатынастар орнатып, оны тануды талап етті.
1921 ж. Швейцария соғысынан кейінгі экономикалық дағдарысға ұшырады. Сонымен бірге 1929-33 жылдардағы дүн. жүз. экономик. дағдарыс Швейцария шаруашылықына ауыр соғғы болып тиді. Швейцарияда осы уақыт ішінде көптеген өнеркәсіп орындары жабылып, жұмысшыларды жұмыстан босату жаппай сипат алды. Цюрихтің, Базельдің, Женеваның т. б. қалалардың бірсыпыра өнеркәсіп орындарында жалағыны көбейту, өнеркәсіп иелерінің озбырлықтарына тыйым салу талабынан сталкалар өтті. 1936 жылдың орта шенінен бастап (1939 жылды қоса) Швейцария экономикасы өрлеу жолына түсіп, негізінен алғанда Германия мен Италияның әскери заказдарын орындап отырды. Соғыстың алдындағы жылдары Швейцарияда фаш. ұйымдар жандана түсті. Фаш. Төңкеріс жасау ғаупі күшейген жағдайда солшыл социал-демократтар мен коммунистер бірігіп, фашистерге тойтарыс берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz