Швеция экономикасы
Швеция экономикасы.
Наурыз айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға сапармен
келген Швеция Корольдігі Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Босс
Рингхолммен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай
дамытуға қатысты мәселелер талқыланған болатын.
Қазақстан мен Швеция арасындағы ынтымақтастық соңғы екі жыл бедерінде
айтарлықтай нығая түсті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2004 жылдың
қазанында Швеция Корольдігіне жасаған алғашқы ресми сапары негіз қалады.
Осы сапарда Қазақстан Үкіметі мен Швеция Үкіметі арасындағы инвестицияны
қорғау және халықаралық автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалдау туралы
келісімдерге қол қойылып, кәсіпкерлердің қатысуымен бизнес-форум өткізілген
еді. Форумда Қазақстан Президенті сөз сөйлеп, шведтік компанияларды
Қазақстан рыногына қатысуға шақырған еді. Бүгінде ол екі мемлекетке де өз
нәтижесін бере бастады.
– Қазақстан халықаралық қоғамдастықта ерекше рөлге ие мемлекет, – деді
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары кездесуден соң БАҚ өкілдеріне берген
сұхбатында. – Біз ғана емес, Еуропадағы елдердің барлығы Қазақстанмен тығыз
ынтымақтастық жасауға ынталы болып отыр. Өйткені, Қазақстанның экономикасы
қарқынды дамуда. Делегациямен бірге шведтік ірі компаниялардың өкілдері де
келді. Олар қазақстандық әріптестерімен іскерлік қатынастар орнатады деген
сенімдемін. Іскерлік байланыстар Қазақстан мен Швецияның сауда-экономикалық
ынтымақтастығын бүгінгіден де дамыта түседі.
Қазақстан мен Швеция арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылдың сәуірінде
орнаған болатын. Сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын жақсара
түсуде. Мысалы, 2004 жылы мемлекеттердің өзара тауар айналымы 171,5 миллион
долларды құраса, өткен жылы 278,3 миллион долларға жетті. Екі елдің бір-
бірінен алары да, бір-біріне берері де бар. Швеция Қазақстанға техникалар
мен көлік құралдарын, телекоммуникация жабдықтарын, қағаз-картон және
ағаштан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ темір, болат құрылғыларын
импорттайды. Ал Қазақстан негізінен тамақ және шикізат, химия өнеркәсібі
өнімдерін экспортқа шығарады.
Бүгінде Қазақстанда шведтік капиталдың қатысуымен 2 бірлескен
кәсіпорын және 7 шведтік фирма жұмыс істейді. Швецияның ең ірі “Erіcsson”
және “Volvo” компанияларының да Қазақстанмен ынтымақтастығы дамып келеді.
Қазіргі кезде “Erіcsson” компаниясы Алматы қаласында GSM сандық ұялы
байланыс жүйесін орнатумен айналысып жатыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы
саласы бойынша әлемге танымал “Aіfa Laval Agrі” компаниясының сүт өндіру,
сақтау және оны қайта өңдеуден өткізуге арналған озық үлгідегі
технологиялық жабдықтарын өндіріске енгізу жобасы Алматы облысында қолға
алынуда.
Швецияның экономикасы ойдағыдай дамып келеді, деді Боссе Рингхолм әрі
қарай. Соңғы жылы экономиканың өсу қарқыны 3 пайыз болды. Бұл – Еуропалық
Одақ көрсеткішінен едәуір жоғары. Біз Қазақстанда экономикамен қатар, саяси
реформалардың да дамып келе жатқанына қуанамыз. Бұлар демократияның нақты
үлгісі болып табылады. Қазақстан 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге
ниеттеніп отыр. Біз бұған қолдау білдіреміз. Екі елдің ынтымақтастығы нығая
береді деген сенімдемін –деп ниет білдірген болатын.
Швеция – дүние жүзінде дамыған мемлекеттердің бірі. Өндірістік өнім
өндіру көлемі бойынша ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz