Шебердің қолы көпке ортақ


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Шебердің қолы көпке ортақ»

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әркқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үйжай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сәе-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықлың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенің көреміз.

“Халықтың қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңелге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді” (Т. Бәсенов) . Ертеден біздің заманымызға сәнді щю-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындалары.

Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кемтеру, шақпаққа қу жасап, оны тұтынғыш ету, бейіт, қорған, мешіт және т. с. с. салуда қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп-шалам араластырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер. Батырлық пен саяатшылыққа кажетті садақ пен жебе, айбалта мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз.

Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы ойлап тапты. Зергерлық, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халық өнерпаздары құмынан, тастан, саздан құмыра, ыдыс - аяқтар; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.

Халықтың бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы - қайтыс өру, қару - жарақ, көшу-кону, жол-жорық жабдықтары еді. Шебеерлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз балқыту, еталды өндеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенді шұғылданады. Сондықтан қолөнер “еркектерге тән іс”, “әйелдерге тән іс” деп екіге бөлініп келеді. Мысалы, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеуй сияқты ауыр жұмысты еркектератқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмыстары әйелдер атқарды. Тері иелу, киіз басыу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жун сабау, арқан тарту, тері ыстау жумыстарынан да шет қалған емес.

XIX ғасырда және XX, асырдың бас кезінде қазақ халықының қолөнері ішінде киіз үйдің, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеуй, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрмаған мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға, жасап оларды түрлы түсті өрнектермен әшекелеу өнері де өрістей түсті. Қазақ халқының “Қарыс қазы - балықта, қалың қазына - халықта” деген мақалды да осы өнер молшылығынан тұған еді.

Әрине, жоғарда аталған қолөнердің бір қатары өте көп іңбек етуді керек етті. Беретін келе, адамзат коғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жаңа түрге ие болды, кейбіреклері тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір, бетоп, цемент пен шлак сияқты және басқа да сапалы материалдар бұрыңғы материалдары ығыстыра берді. Енді илеген балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу керексіз болып қалды. Аяқ киім молшылығы жасадғаннан кейін қолдан тері илеу, қайыстан, көннен етік тігу, шәрке байлап, шабата кию мүлдем жойылды. Ел салтанат құрды, ерлер даңққа бөленді, азаматтар сән түзеді.

Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді қалады. Еңбек үстіндегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан, тоттанбатын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды ташықтардан жасалған жарасынды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарда. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем толқылық, шифоньер, кітап сөрелері жасалды, тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалды. Тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптен шығарыды.

Бұл айтылғандардан қолөнер халық түрмысында ежелгі манызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылдануның керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл күпі, каптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ, жүн қолқап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым тұрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймайды. Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың халықтың қолөнері саласының біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік.

Олар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамға байланысты фразиологизмдердің этнолингвистикалық сипатын оқыту
Қазақстандағы сәнгерлер
Мәліметтер базасын басқару жүйесі, құрылымы
Қазақ халқының ағаш төсектің көркемдеп жасау, әрлеу, әдіс – тәсілдерін игеру
Тұлғаны қалыптастыру ерекшеліктері
ҚОЛӨНЕРДІ ХАЛЫҚ ТҰРМЫСЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ этнопедагогикасының ерекшелiктерi
Домбыраның шығу тарихы
Бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту маңызы
Жас ұрпақтың дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы ұлттық ойындардың, өнердің және ертегілердің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz