Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І-тарау. Шежіренің деректік маңызы, ерекшелігі және оны оқытудың әдіс-
тәсілдері
І.1. Шежіренің деректік маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І.2. Шежіренің деректік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.3. Шежіре оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ-тарау. Қазақстан тарихындағы ортағасырлық жәдігерлер мен Шәкәрім
Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” еңбегінің
деректік орны
2.1. Әбілғазының “Түрік шежіресі” еңбегінің деректік орны ... ... ... ... ..
2.2.Қадырғали Жалайырдың “Жылнамалар жинағы” атты еңбегінің деректік
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Шәкәрім Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі”
еңбегінің деректік орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Қазақ халқы жүріп өткен жолы мен өмір тарихында қиын да, ауыр
кезеңдерді басынан өткізгендігі тарихтан мәлім. Әуелі Ресей империясының,
кейін Кеңес империясынының құрсауындағы отар ел болды. Қандай да болмасын
отар ел, тұтқындағы адам өмірін кешеді. Ондай халықтың тағдырымен бірге
тілі, діні, тіпті бүкіл тарихы да сол империяға бағынышты болады. Бұндай
тәуелділікте болған халық қалай дамиды, өседі, көркейеді, керісінше азып-
тозып, руханилық тұрғыдан жұтап, тіпті құруы мүмкін емес пе? Дәл осындай
қиын кезең басына төнген қазақ халқының егеменді ел болғандығына биыл 12
жыл. Тіліміз де, дінміз де қайта оралып, тарихымыз жаңа үрдіс алып ұлттық
тұрғыдан жазыла бастады. Тарихымыздың шынайы толық дәрежеде жазылуына
үстемдік еткен таптық принцип күйреді. Көптеген тарихшыларымыз тарихымыздың
ақтаңдақ беттерін ашып, әр түрлі тарихи еңбектерді өмірге әкеле бастады.
Сондай еңбектердің бір тобын шежірелер туралы жазылған еңбектер құрайды. Өз
ата-бабасы туралы білу өзінің қай рудан шыққандығын анықтауға деген үлкен
ұмтылыс, талпыныс пен ұлттық сұраныс шежіре жазуға деген қызығушылықты
тудырды. Шежіре айту қазақ халқының өзіне ғана тән қасиеттерінің бірі.
Халқымыз ұрпақтан-ұрпаққа айтып, жазып жеткізу арқылы шежіреледі осы күнге
дейін сақтап келді.
Тақырыптың өзектілігіне келсек, бұл тақырып жеке бір халық, ру немесе
тайпаға оның шығуына т.б. ерекшеліктерін анықтауға арналмаған. Аты айтып
тұрғандай, бұл тақырып жалпы қазақ халқының тарихындағы шежіренің алатын
деректік орны, сонымен бірге оның ерекшелігі, маңызын анықтауға
арналғандықтан тақырып өзектілігінің ауқымы, аясы өте кең. Сондықтан бұл
тақырыптың өзектілігін біз халқымыз тарихындағы шежірелердің деректік
маңызын көрсетуден бастаймыз. Ол үшін біз шежіре деген не, оның халқымыз
тарихында алатын орны қандай және т.б. халқымыз тарихындағы шежіренің
деректік орнын толық ашып беретін сауалдарға жауап іздейміз.
“Шежіре – (араб тілінде “шаджарады”–“бұтақ”, “тармақ”) халықтың шығу
тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір саласы” 1.
С. Мұқановтың анықтамасы бойынша: “шежіре”деп кімдерден кімдер туып,
қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе
жатқан ауызша деректерді атайды” 2.
Ұрпақтардың “біз кімбіз, біз қайдан келдік, ата тегіміз кім, олар қай
жерлерді мекендеген, қандай ел болған?” деген сауалдарға жауапты шежіре
береді 3.
Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі.
Тарихи ата салты бар халықтар жеке от басының, әулеттің, атақты қол
басшының, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған
Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ертеде дамыған. Көрші Ресейде патшаның,
текті сасловиялардың, дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты
қалыптасқан. Қазақ халқының да шежіресі ертеден бері бар: “Жеті атасын
білмеген жетесіз,” “жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер, жалғыз
ұлын білген ел, құлағы мен жағын жер” деген сөздер бекер шықпаған. Шежіре
арқылы, оның тегін, ата қонысын, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы
орны, меншік, адам құқы т.б. болмысы білінетін болған. Ру, бау, сан,
тайпа, тұқым, тел, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын
көрсетер категориялар – айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары.
Бұл болса тұтас этнос халықтың сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.
Шежіре ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес оның
тұтастығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ отаны, елі, жұрты бар екеніне,
тірлікке, бірлікке, ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған.
Қазақ халқы ғасырлар бойы рулық-тайпалық құрылымын сақтаған ел болатын.
Әрбір қазақ белгілі бір рудың мүшесі болды, оның барлық өмірі, қоғамдағы
орны ру шеңберінде өтті: Қоныстарды, жайылымдар мен қыстауларды ру
бойынша пайдаланды, той жиындарға, дау жанжалдарға, соғыстарға ру-ру болып
қатысқан. Егер жеке адамның басына күн туа қалған жағдайда руластары
көмектескен, малынан айырылса мал берген, басы дауға қалса, арашалаған,
біреуден жәбір көрсе, жанжалдасса артынан бүкіл руластары көтеріліп
қорғайтын. Сондықтан әрбір қазақ өзінің шығу тегін жақсы білетін, атадан
балаға шежіре мирас болып қалатын. Жасынан шежіре тындап өскен ұл, өзінің
кімдермен туыс, кімдермен қандас екенін сезіне отырып ертеңгі күнін
солардың намысын жыртып, қолда бар көмегін ұсына алатын. Қазақ халқын
құрайтын көптеген ру тайпалардың бір-бірінен таратып, бір-біріне қосып,
қуалай келгенде бар қазақты бір атадан шығару арқылы, шежіре, қазақ
халқының біртұтастығын қамтамасыз еткен. Қазақта қанша ру-тайпалар болмасын
олардың бір-бірімен тату-тәтті тұруына ықпал еткен.
Қазақ шежіресін қарап отырып, ондағы рулар мен тармақтар аталықтардың
атауларынан өз ара ұқсастықтарын байқауға болады. Бүл нені білдіреді? Ерте
замандарда болған соғыстарда, апатты қырғын, жұт, ауру індет кезінде кейбір
ру, тайпалар ыдырауға мәжбүр болған еді, біреулерінің көпшілігі қырылып, аз
бөлігі аман қалған. Осы аман қалған рулар мен ру бөліктері басқа бір ру
немесе тайпа құрамына қосылған. Белгілі шежіреші ақсақалдар жаңа кірме
рулардың жаттығын білдірмес үшін өз руларының атасынан тарайтындай етіп,
оларды өздеріне тартқан. Сол арқылы рулардың бірлігі сақталған. Бұдан
шығатын қортынды біріншіден, қазақ халқының өмірі мен тарихында ақсақалдар
орнының қаншалықты дәрежеде болғандығын көрсек, екіншіден, қазақ халқының
ру-тайпаларының бейбіт өмір сүруінде қазақ шежіресінің қандай рөл
атқарғандығын көре аламыз. Сөйтіп шежіре тек қана генеологиялық тізбек
рөлін ғана атқарып қоймай сонымен қатар елмен елді жалғайтын, халықтың бір
тұтастығын сақтауда маңызды қызмет атқарған. Бұл шежірелердің қазақ
тарихындағы өзекті мәселе деп қаралуының бір жағы – кезінде қазақ тарихы
туралы жазған тарихшылар, ғалымдар, оқыған адамдар, саяхатшылар қазақтың
рулық құрылымы мен шежіресін айналып кетпеген. Ондай ғалымдар қазақ
шежіресіне ден қойып, рулық құрылымдары жөнінде белгілі зерттеулер жазған.
Өйткені, қазақ тарихын зерттеуде, оның ру-тайпалық құрылымына мән бермеу
мүмкін емес. Демек, қазақ халқының этногенезін зерттеуде міндетті түрде
қазақ халқын құрайтын жекелеген рулар мен тайпаладың тарихын білу қажет
болған. Себебі, қазақтар әр түрлі ру-тайпалардан құралған, олардың кейбірі
бұрын өзінше жеке халықтар болған, енді бір тайпалар түркі халықтарының
біразының құрамында бар. Ол тайпалар бізге қашаннан бері белгілі, қай жерді
мекендегені, Қазақстанға қашан келген, келуіне не себеп болған деген
сауалдарға жауап берілмей, қазақ халқының қалыптасу тарихын көз алдымызға
елестету қиындау. Шежірені тарихилық принцип аясында жазған еңбектер көп
емес. Сондай санаулы еңбектердің кіріспесінде шежірелердің өзекті тарих
саласы екендігін басып айтқан авторлар санаулы. Біз тақырып өзектілігін сөз
еткенде ҒА-ның академигі М.Қ. Қозыбаев сөздерін де келтіруді жөн көрдік.
Біз жоғарыда біздің кезеңге дейін бүкіл қазақ халқының тарихындағы
шежірелердің тарихтағы деректік орны мен маңызын көрсету арқылы өзектілігін
анықтамасақ, енді бүгінгі күнгі өзектілігі қандай екендігіне көз
жеткізейік.
Қазақ халқының ұлттық тарихын зерттеуде тайпалар мен рулардың шығу
тегі, олардың тарихи орны ерекше рөл атқарады. Еліміз бүгінгідей
тәуелсіздік алған тұста үш жүздің шежіресін тереңнен тартып, түп қотара
қозғайтын байыпты, ғылыми еңбек керек-ақ... Әлбетте, қазақ шежіресі – аса
ауқымды ұғым. Ол үнемі ғалымдарымыз тарапынан зерттеле отырып бір ізге
түсуге, оқыған білікті зиялыларымыз тарапынан зерделене отырып
толықтандырылуы тиісң – М. Қозыбаев шежірелердің өзектілігі мен бүгінгі
күнгі тарихы мен жағдайын көрсетеді. Сөзін жалғастыра келе автор:
“шежіренің қоғамдағы орны ерекше. Мұнда тарихымыздың ата тарихы екенін
байқаймыз. Оның үзбей даму жолында қозғалыстағы тоқтаусыз процесс екендігін
әр буынның өзіне саламыз. “Қазақ, Ахмет Байтұрсынов айтқандай қуғыншы
халық”. Ол өмір бойы өзін іздейді, ата-бабасын іздейді. Шежіре әр адамның
жоғын тауып береді, ата-бабасының ерлігін, өрлігін, тектігін, өз мүддесін
ұлт мүддесіне қабыстырған жандар екендігін көрсетеді. “Бөлінгенді бөрі
жейді, жүз деп бөлініп жүргендердің “жүзі күйсін”, “жүзі қара атансын”, –
Ғабит Мүсіреповтың айтқаны тарих сабағы екенін білдіреді. Ахмет
Байтұрсынов ұлт намысын екі адамның, екі ауылдың, екі рудың намысы емес
екендігін XX ғасыр басында айтқан-ды. Шежіре ұлттық шежіре болуы керек, ол
әр қазақтың шығу тегі арқылы бүкіл қауымды халықты таныстыру арқылы
табыстыруы керек”, – деп шежіре міндетін де көрсетеді 5. Демек, халқымыз
тарихының ерекше бір саласы – қазақ шежіресі қазақ халқының тарихының
әрқашанда өзекті бір саласы болып қалатыны сөзсіз. Олай деуіміздің бір
себебі – қазіргі кезде шежіре жазуға деген ұмтылыс пен құлшыныс арта
түсуде. Бірақ, бұл істің біраз кемшіліктері де жоқ емес. Оған біз
жұмысымыздың арнайы бөлімдерінде тоқталмақпыз.
Та0ырыбтың зерттелу деңгей: Өзектілігіне сәйкес ғасырлар қойнауына
кетеді. Біз шежіре туралы жазылған деректер мен зерттеу еңбектерді
өздерінің уақыты мен кезеңдеріне қарай топ-тобымен көрсетуді жөн санадық.
Ең алдымен халқымыз тарихның ортағасырлық деректеріне тоқталайық. Қазақстан
тарихының ортағасыр кезеңін бізге сол қалпында баяндап беретін Шежіре
сарынымен жазылған еңбектердің бірі Әбілғазы Баһадүр ханның “Түрік
шежіресі” 6 еңбегі, келесі дерек ол Қадырғали би Қосымұлы Жалайыридың
“Шежірелер жинағы”, немесе “Жылнамалар жинағы” 7 деген атпен танымал
еңбек, содан соң Рашид-ад-диннің “Жылнамалар жинағы”8, Махмұд Қашқаридің
“Диуани лұғат-ат түрік”9, Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырдың
“Бабырнамасы”10, және Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих и-Рашидиі”11
және т.б. еңбектер жұмыстың негізгі деректік қоры болып табылады.
Шежіре туралы жазылған еңбектерді келесі бір тобы ол Патша үкіметінің
жергілікті әкімшілдіктер арқылы жинатқан кісілердің еңбектері болып
табылады. Ондай авторлар: А.И. Левшиннің “Описание киргиз – кайсацких или
киргиз-казачьих орд и степей” 12, Н.И. Аристов екі еңбегі “Заметки и
сведения об их численности”13, екінші “Опыт выяснения этнического состава
киргиз- казахов Болшой орды и Кара Киргизов”14, Радлов В.В., “Опыт
словаря тюркских наречий”15, Потанин Г.Н. “Очерки северо-заподной
Монголии”16, И.Я. Бичуриннің “Собрания сведений о народнах, обиавших в
Средней Азии в древние времена” 17, Гродеков Н.И. “Киргизы и Каракиргизы
Сыр-Даринской области” 18 еңбегі және де көптеген орыс авторларының
жинаған шежірелері архивте сақтаулы. Біз бұл еңбектер Қазақ шежіресін бізге
толығымен баяндап береді деп айта алмаймыз. Дегенмен де қазақ халқының
белгілі бір ру, тайпаларымен олардың құрамы, мекендеген жері т.б. мәселелер
төңірегінде біраз мәлеметтер алуға көмектеседі.
Одан бертін келе, шежірелерді жинаған, оны жарыққа шығарған қазақ
ғалымдары да жетерлік. Сондай еңбектің бірі Ш. Құдайердіұлынының “Түрік,
қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” 19 еңбегі ең алғашқы қазақ тілінде
жарық көрген өте құнды деректерге толы бірден-бір еңбек болып табылады. Бұл
еңбекке біз жұмысымыз барысында арнайы тоқталмақпыз. Қазақ шежіресінің
біршама толық үлгісі Ш.Уалихановтың 5 томдық “Шығармалар жинағында”
жазылған 20. Бұл еңбекке шежіреге байланысты қалам тартушылардың бәрі
дерлік жүгінбей өтпейді. Аталған еңбекте біз жоғарыда тоқталған орта
ғасырлық шежіре сарынымен жазылған еңбектердің біразына олардың деректік
орнын көрсеткен құнды бағалары мен пікірлері жазылған. Келесі еңбек А.
Ниязовтың “Үш жүздің шежіресі” Өтей Бөжейұлының “Қазақ жұртының
шежіресі”22. Бұл екі еңбекте көлемі жағынан өте үлкен емес, қазақтың
белгілері бір ру тайпаларына ғана тоқталған еңбектер қатарына жатады. Осы
кезде жарық көріп кейін қайта басылып шыққан Мәшһүр Жүсіп Көбеевтің “Қазақ
шежіресі” 23 атты еңбегінде шежіре туралы мол мәлеметтер орын алған. Бұл
еңбектіңде белгілі бір дәрежеде деректі маңызы жоғары. Осы кезеңде жазылған
біршама толық еңбек деп саналатын М.Тынышбайұлының аяқталмай қалған шежіре
туралы жазылған еңбектері де жетерлік. Оның 1925 жылы орыс ілінде жарық
көрген “Матеиалы к истории киргиз-казахского народа” 24. еңбегінде өзіне
дейінгі жазылған еңбектерінде кездеспейтін рулар мен тайалар туралы
мәлеметтер көп. Бұл еңбектің ғылыми деңгейі мен деректік маңызы ерекше.
Кеңес одағы кезінде қазақ халқының шежіресін ескіліктің рушылдықтың
қалдығы деп есептеп оған мән берілмеді. Сондықтан бұл сала КСРО кезінде ең
нашар зерттелген тарихи салалардың бір болды. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алған соң шежіре жазу кең етек алды. Бұрынғы шежіре туралы
жазылған еңбектер қазақ тіліне аударылып жарық көрді. Біз ендігі жерде сол
еңбектердің ғылыми маңызы жоғарыларына тоқталып өтейік. Біз жоғарыда
тоқталған Әбілғазының, Жалайырдың, Дулатидың, Қашқаридың еңбектері
аударылып, ғылыми құндылығы жоғар және халқымыз тарихындағы деректік орны
ерекше жәдігерлерге айналды. Сонымен қатар жекелеген авторларының арнаулы
зерттеулерінің ең маңыздыларының бірі 1991 жылдан бастап, 1994 жылға дейін
“Ана тілі” газеті сұранысымен жиналған шежірелерді оқулық етіп шығарған
Ж.Бейсенбайұлының “Қазақ шежіресі” 25 еңбегінің деректік маңызы ерекше.
Сонымер бірге жеке руға емес, жалпы қазақ халқының шежіресіне тоқталған
еңбектер қатарына Ч.Сариевтің “Үш жүздің шежіресі” 26, З.Сәдібековтың
“Қазақ шежіресі” 27, С.Толыбековтың “Қазақ шежіресі” 28 атты еңбектері
Тәуелсіздік қарсаңында жазылған еңбектердің ең бір құндылары десек
қателеспейміз. Дегенмен де бұл еңбектер бізге толық қазақ шежіресін қамтып
бере алмайды. Тәуелсіздік тұсында жазылған еңбектердің ең бір құнды, толық
жазылған еңбек ол Арғынбаев Х., Востров В.В., Мұқанов М.С. “Қазақ шежіресі
хақында” 29 атты еңбек болып табылады. Онда тек Қазақ рулары толық
жазылып қоймай, сонымен бірге Шежіренің Қазақстан тарихындағы деректік
орнын ашып беретін мәселелер қамтылған. Бұл еңбектің Қазақ халқының
тарихындағы деректік орны өте жоғары десек қателеспейміз. Жұмыстың тақырыбы
“Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орны” деп аталғандықтан
шежіренің маңызын, ерекшелігін, деректік орнын, қазіргі жағдайын көрсеткен
тарихшы-ғалымдарымыздың ғылыми еңбектері – академик М.Қозыбаев пен
деректанушы - ғалым Қ.Атабаев еңбектері сүйеніш болды.
Біздің бұл жұмыты жазудағы мақсатымыз – халқымыздың төл деректері
саналатын шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету.
Сонымен бірге шежіреге деректанулық тұрғыдан қарап, оның деректік маңызын,
ерекшелігін анықтау мен қатар тарих ғылымындағы деректік орнын айқындау.
Шежірелерсіз халқымыздың тарихының жалаң болатындығына ғылыми жолмен көз
жеткізу. Сонымен бірге шежірелердің деректік орнын көрсету арқылы
тарихымыздың шынайылық дәрежесін арттыратынымызды дәлелдеу. Мақсатымызға
толық жету үшін жұмыс мына міндеттен тұрады:
- шежіренің деректік маңызы;
- шежіренің деректік маңызы;
- шежіре оқытудың әдіс-тәсілдері деген үш тармақтарға бөлініп
қарастырылады;
- Әбілғазының “Түрік шежіресі” еңбегінің деректік орны.
- Қадырғали Жалайырдың “Жылнамалар жинағы” еңбегінің деректік орны
- Ш.Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі”.
Зерттеу жұмысының деректік негізі – біз жұмыс барысында тікелей
тоқталған Әбілғазы Баһадүрханның “Түрік шежіресі” еңбегі Қадырғалы би
Қосымұлы Жалайырдың “Жылнамалар жинағы” дерегі келесі еңбек
Ш.Құдайбердіұлының “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” атты еңбек пен
осындай деректің маңызы өте жоғары ортағасырлық жәдігерлер.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі – ортағасырлық жәдігерлердің жазылу
уақыты – ХVІІ- ХVІІІ ғасырларды қамтылса, ал бертін келе ХІХ ғасыр аяғы ХХ
ғасыр басы және тәуелсіздік жылдары.
Диплом жұмсының құрылымы – кіріспеден, екі тараудан үш тармақшаға
бөлінген, қорытынды және пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен
тұрады.

І-тарау. Шежіренің деректік маңызы, ерекшелігі және оны оқытудың әдіс-
тәсілдері

І.1 Шежіренің деректік маңызы

Қазақ халқының тарихының бір ерекшелігі – ата-бабамыздың асыл-қазынасы
шежірелер мен толысып әрдайым әрленіп тұратындығында. Тарихымыздың
шежірелерсіз жалаң болатындығын ата-бабаларымыз бертін келе, көзі ашық
қазақ азаматтарының көбі дерлік түсіне білген. Тарих – ол деректерден
оқиғалардан тұрады, ал шежіре ол дерек. Осындай деректердің арқасында
тарихымыз нақтыланады.
Біз бұл ойымыз нақты болу үшін қазақ тарихындағы шежіренің маңызына
және қазақ тарихындағы шежіренің деректік маңызына жеке-жеке тоқталуды жөн
көрдік.
Қазақ тарихындағы шежіренің алатын орны мен шежіреге деген қажеттілікті
қазақ зиялы қауымы XІX ғасырдың соңымен XX ғасырдың басында Қазақстан
тарихының жазба дерек көздері – мерзімді басылым беттерінде жариялаған
болатын. Осындай мерзімді басылымдар ішінде бей ресми мерзімді басылымға
жататын “Қазақ” газеті мен “Айқап” журнал беттеріндегі шежіре туралы
жазылған ойларға тоқталайық.
“Қазақ” газеті беттеріндегі шежіре туралы қозғалған ойлардың ең
маңыздысы Ш.Құдайбердіұлы өзінің “Қазақ шежіресі” туралы жазылған кітабын
бастырып шығарған соң “Қазақ” газетіне жолдаған хаты болып табылады. Ол хат
“барша қырғыз-қазақ білімділеріне ашық хат” деп аталады. Хат былай
басталады: “Кем-кетік болса да “Қазақ шежіресін” жазып бір мың кітап
бастырып едім. Ол таралып бітті. Өмір болса тағы бастырмақ едім. Сол
себепті соны оқып көргендеріңізден өтінемін: алыстан естігендіктен бергі
аталарда қатесі болса, шын анығын тауып, не хат арқылы өзіме не “Қазақ”
газеті арқылы білдірсеңіздер еді. Егер де арғы жердегі сөздердің қатесі бар
деушілер болса, оны дәлел мен, білімді жұрттың шежіресі мен анықтау керек.
Олай болмағанда, құр ғана “менікі дұрыс” деген сөз толық бола алмайды.
Әрине, әркім өз атасын өзі анық біледі. Әр таптың талапкерлері бір-бір
шежіре жазып бастырғаны-ақ жақсы... Әйтеуір, басын біз бастадық. Ендігісін
өзі жазса да яки бізге кешіктірмей анық хабар қылса да, толтырмақ әр
таптың талаптыларына міндет деп білемін” 9.Ш.Құдайбердіұлы сөз етіп
отырған еңбегі “Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі” атты кітабы
жайында екені белгілі. Автор кітабы жазылып, таралып бітісімен “Қазақ”
газеті арқылы көзі ашық оқырман қауымға кітабының кем-кетігін
толықтыруларын сұрап, сенім хат жолдап отыр. Кітапта толық таратылып
жазылмаған руларды сол руды білетін ұрпағы толықтырып жазса дұрыс
болатындығын айтады. Өзі бір үлкен істі қолға алып бастап, оны толықтыруды
жас оқырмандарға міндет етіп жүктейді. Сол уақыттағы қазақтың тұңғыш
шежіресін жарыққа шығарып, қазақтың тұңғыш шежіресі атанған
Ш.Құдайбердіұлының бұл хатты жауапсыз қалмасы анық. Кейін “Қазақ” газетінің
бетінде Желкек атты автордың “Шәкәрім ақсақалға” деген жауап хатты жарық
көреді. Мақала былай басталады: “Қазақтың 153 нөмерінде шежіреңіздің екі
рет басылуы жайынан азаматтарға жазған өтінішіңізге мынаны айтамыз” деп
кітаптың кіші жүз туралы жазған жеріндегі Әлім руын таратуға біраз
түзетулер қосады. Содан соң автор Шәкәрім шежіресінің құндылығына, қазақ
тарихындағы маңызына тоқталады. “Шәкәрім ақсақал шежіресіне жеңіл-желпі
жұмысша қарамай, терең ойлап, көп оқып, сан салыстырып барып жазғаны
көрініп тұр. Бұл турада ақсақалда қазақтың “Карамзина” десек артық мақтаған
болмаспыз. Түрік тарихымен танысқысы келген адам бұл шежірені оқымай кете
алмайды”, –деп Шәкәрім шежіресінің тарихтағы алатын орнына баға береді
10. Автор сонымен қатар “Шәкрім ақсақал тұңғыш шежіреші болған соң,
жұмысы қиын екеніне түсінеміз”– деп қалған істі толықтырып жазуды өздеріне
міндет етіп алады. Қарап отырсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбегі жарық
көре салысымен-ақ талқыға түсіп, халқымыздың тарихында қандай дәрежеде өз
орнын алып үлгергенін аңғару қиын емес. Бұл сөз болған шежіре туралы ойлар
“Қазақ” газеті бетінде жарық көрген ойлар, енді біз “Айқап” журналы
беттеріндегі шежіре туралы қозғалған ойларға тоқталмақпыз.
“Айқап” журналының редакторы М.Сералин “Қазақша тарих керек пе?” атты
мақаласында: “Біз өткен жылғы бірінші “Айқап” қазақ халқының нәсілі
турасында біраз ғана сөз қозғап едік. Мақсатымыз бұрынғы өткен ата-
бабаларрымыз хақында кітаптарда жазылып қалған сөз болса, қариялардың да,
кәрі құлақтардың естіген сөздері болса да, “Айқапқа жаза берсек, түбінде
бір тиянақты іс болып шығарма еді деген едік”,–дейді 11. Автор қазақ
тарихын жазуында шежіренің маңызының өте жоғары екендігін, тарихымызды
жазғанда шежіреге үлкен мән беру керектігін айтып отыр. Сонымен қатар,
шежіре жазу мәселесін “Айқап” журналының редакторы Сералиннің өзінің
қолға алуы қазақ тарихындағы шежіренің маңызы мен қажеттілігін көрсетсе
керек.
Ойын жалғастыра келе “біздің қазақ халқының бұрыннан жазылып келе
жатқан белгілді шежіресі жоқ, ауыздан ауызға айтылған сөздер болмаса, қазақ
халқындағы басқа жұрттардың білімділері жазған кітаптары бар, ол
кітаптарда онша толық жазылмаған. Сондадағы сол кітаптарда айтылған
сөздерге құлақ салмай болмайды. Ол кітаптардың жазушыларының көбірегі
орыс ғалымдары. Олардың біз туралы жазған сөздері, әлбетте біздер үшін онша
көңілге қонымды болып шықпайды”,–деп қазақ халқының тарихын тек қазақ
ұлтының өкілі ұлттық тұрғыдан жазу керектігін ескертеді. Автор шежіреге
байланысты айтылған бұл ойлары қара халыққа ұнамағаны айта келе, оқыған бір
азаматтың мақаласын дәл сол күйінде келтіреді ол былай басталады: “Құрметті
редактор! Сіздің журналыңызды бірадамнан көріп оқыдым, іске сәт! “Керуен
қосы жүре түзеледі” деген... “Айқаптың бірнеше номерінде қазақтың ру-аталарын
жазыпсыз һәм үшін еткенсіз, білген кісілер толық қылып жазар деп... Әпендем!
Біздің қазақ өзбек халқына бірлік қылып, басы қосылмай “алты ауызды алаш”
аталғаны сол ру-руға бөлініп, ұран шақырып партия болғаннан еді. Сіз
журналыңызға жазып оны не қыласыз? Ұмытқан кісілер болса есіне түсіп,
қайтадан бір елді, бір ауыл бір ауылдан шауып алып, бірлігі кете түсін
деген жұмыс па?! Мұны газет журналменен көрсетпей-ақ қазақ өзі де ұмытар
емес. Халықтың бас қосып, көңіл көтеретін үлкен жиылыстарында екі бала
ойнап жүріп ұрысып, біреуі “Найман”, не “Арғын” десе, қанша жиылған жұрт
екі жақ болып соғысады. Көбі не екенін білмейді де: “Атаның аруағын
шақырған соң шыдамадым, найманды қамшыменен соя бердім” дейді. Бізге барша
түрік халқына арғын, найман, дулат, қоңыратты қойып, бірақ тоқсан екі баулы
өзбек болып табылуы керек”–дейді 13. Шежіре жазуға, жалпы шежіреге деген
көзқарасын Е.Дүйсенбайұғылы деген кісі осынай білдіреді. Қарап отырсақ,
автор М.Сералиннің шежіре туралы ойын түсінбеген, шежірені тек руға бөліну
деп түсінген, және газет журналдарда шежіре туралы жазылмауы талап еткен.
Ал біз көретін тағы бір ақиқат сол кездегі қазақ қоғамының қандай дәрежеде
болғандығы. Руға бөлінудің асқынғаны сондай, екі баланың ойынының аяғы
үлкен қырғынға әкелетінін көреміз. Мақала туралы жазылған ойларға келсек,
Е.Дүйсенбайұғылының ойына М.Сералиннің өзі былай жауап қайтарады: “Мінекей,
шежіре жазуды ұнатпаушының сөзі. Бұл сөздердің барлығы да қатасыз тауып
айтқан сөз деп біз түсінбейміз. Біздің білуімізше қазақтың партиялығын
күшейткен нәрсе қазақтың ру-ру болып бөлінуге түп себеп болған? Сол ру-
рудан қазақ қанша залал көрген асылында ру деген не нәрсе, жасыл кілем
бұрынғы ата-бабамыздың қалпын, жайын біліп істеген, білмей жазып, айтып
халыққа түсіндіру керек дейміз. Тарих, жазу, оқудан мақсат осы емес пе?!
Аталардың үлгі боларлық ісі болса, қолға ұстап, залалды істер болса, ол
істі енді істемей тастау үшін тарих керек емес пе?! Сол туралы болу үшін,
әлбетте ата-бабаның істеген ісін білу керек. Журналдың мақсаты осы жайларды
түсіндіріп, мұнан былайғы жерде қазақтың “пәлен жүз, пәлен ру” дегенді
тастауы тиіс екендігін түсіндіру деп білеміз.
Қазақ халқы үшін тарихты білу керек. Жоғарыда айтылып еді, қара
қазақтың ұнатпағандықтары хақында да. Олардың ұнатпай жүргендері “қазақ
халқы бір атаның баласы емес, әр рудан құралған жиынтық” деген орыс
ғалымдарының сөзі” 14.
Автордың бұл сөздері әр бір қазақ азаматының көкейінде тұруы тиіс.
М.Сералин шежіре туралы ой қозғағанымен, сол арқылы тарихтың қазақ халқы
өмірінде алатын орнының өте жоғары екендігіне тоқталады. Әрбір жеке руға
арналып жазылған шежірелер өз руын жоғары көтеріп мақтау мадақтау емес, ол
қазақ азаматының өзінің тегін тануға деген құлшыныс.
Біз жоғарыда XІX ғасырдың соңы, XX ғасыр басында дүниеге келген және
бүкіл қазақтың көзі, тілі болған бей ресми мерзімді басылымдарға жататын
“Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы беттеріндегі “қазақ шежіресі” туралы
қозғалған ойларға тоқталдық. Бұдан шығатын қортынды халқымыздың аяулы
ұлдары шежіресіз халқымыздың тарихы толық әрі шынайы тарих бола
алмайтындығын жете түсініп, оны өз халқына түсіндіруді мақсат еткен құнды
ойлары мен пікірлерін көреміз.
Тәуелсіздік тұсында шежіре жазу қолға алынып, көптеген руларды тарата
жазған шежірелер көбеюде. Жаңа дүниеге келген шежірелермен бірге бұрынғы
атабабаларымыз шежірелеррді қайта бастырып шығарып шежіреміз біраз толыға
түсті. Тәуелсіздігімізді алысыменен-ақ, дәләрек айтсақ, 1991 жылдың өзінде
“Ана тілі” газетті қазақ халқының шежіресін жинап, оны кіттап етіп басып
шығаруды мақсат етіп, халықтан шежірежинап,оны бастыра басттайды. Сол “Ана
ттілі” газеттінің 1991 жылғы 16 мамырындағы 20-шы санында былай делінген:
“Ана тілі” газетінің былтыррғы шілдеден беррі қазақ шежіресіне қатысты
әнгімені басттап тарихымыздың талай уақыт бойы тиым салынып келген осыбір
саласын қайта жаңғырту ісіне өз мүмкін қадіінше ден қойғаны әлеуметке жақсы
таныс. Халқымыздың ата дәстүрінде, бауырмалдық, имандылық тәлімінде әуелден
өз орны бар шежіре тарқату үрдісіне қалың жұртшылық сусап-ақ отыр екен. Бұл
қадам қолдау тауып қуатталып кетті. Болашақта “Қазақ шежіресі” атты ғылыми
дәйектелген үлкен еңбек жасалыну әбден қажет 15. Қарап отырсақ, “Ана
тілі” газеті авторының сөзі, сонау 1911 жылы жарық көрген “Айқап”
журналының редакторы Сералин сөзімен үндес екені көрінеді. Бұл кездейсоқ
нәрсе емес, бұл екі редактор ойы шежіреге деген қажеттіліктен туған ойлар.
Ал, енді біз шежіре жазудың деректі маңызына келейік. Жоғарыда,
тәуелсіздік тууына орай көптеген шежірелер дүниеге келді деп айтып өттік.
Бұл қуанарлық іс. Бірақ осындай еңбектердің кемшіліктері де жоқ емес. Ондай
еңбектердің кемшіліктерін көрсете жазған академик, тарихшы М.Қозыбаев
болатын. Ол кісі Арғынбаев, Костров В.В., М.С.Мұқанов деген үш автор
бірігіп жазған “Қазақ шежіресі хақында” атты еңбектің кіріспесінде ол
кемшілікті көрсетеді: “Тәуелсіздік туына орай шежіре жазам деушілер қаптады
да кетті. Алайда, осы науқаншылық кезінде сыр берген жайлар баршылық.
Ең алдымен регионалдық, тайпалық, жүздік көзқарас алдыңғы позицияға
шығып, жеке рудың, тайпаның, жүздің мүддесіне ыңғайлап шежіре жазу – ұлт
шежіресінің тәртібі мен әдістемесіне нұқсан келтіргені мәлім. Екіншіден,
шындық өріске бұрмаланды. Шыққан шежірелерде методологиялық бір іздік жоқ.
Үшіншіден, жеке адамның, әрине қалталының тапсырмасымен шыққан шежірелерден
тарихи принцип аяққа басылуда. Төртіншіден, аннан-мұннан құрастырылған
шежірелерге “толықтыру” еңгізіліп “жер астынан” табылған жалған киіз кітап
шежірелер пайда болды. Бұл күні өтірігі шығып жатқан шежірелер бар. Тіпті,
ұлы Бұқар жыраудың шығармалары “қолды” болып, өз аталарын еңгізген өлең
жолдары пайда болды. Қолдан жасалған, түзетулер еңгізілген жасанды
шежірелер жыл сайын көбеюде. Мұндай шежірелер ғылыми тексеру, талқыдан
өткен емес. Сондықтан – мұндай шежіре сымақтардың ғылыми құнсыздығы былай
тұрсын – тарихқа қиянат, халқымыз алдында ұят жай 16. Автордың бұл
ойлардың растығына көз жеткізу қиын емес. Шежіре туралы жазылған санаулы
ірі-ірі еңбектер болмаса, кішігірім шежіре кітаптарының көпшілігі дәл осы
айтылған кемшіліктерді аңғару қиын емес. Демек, шежіренің өз атасын тек
таратып жазған ғылым үшін ерсі екендігі сөзсіз. Нақтырақ айтсақ, өз
шежіресін олар кітап етіп бастырып шығу кез-келген қазақтың қолынан келері
рас. Ал, оны тарихпен байланыстыра тарату, шынайылық деңгейін көтере жазу
қиын нәрсе. Кез-келген руға байланысты жазылған шежірелер тарихилық
принципке сай, тарихты ғылыми байланыста жазылып жатса, сонда ғана ол рудың
шежіресі толық жазылды деуге болады. Сондықтан шежіре жазуда ондай
кемшіліктерге жол бермеу шежіре жазушының әрдайым есінде тұруы тиіс. Демек,
тарихымыздың шынайы дәрежеде жазылуында шежірені деректік мәнісі өте зор.
Кез келген тарихи деректер сияқты шежіре өмірге келген соң ауыздан-ауызға
көшіп айтылғанда ол біраз өзгерістерге ұшырайды. Өйткені оны айтушы адам
жеке субъект болғандықтан ол шежіреге қосып, тіпті кейбір жерін айтуы
мүмкін. Әйтсе де, шежіре үлкен өзгерістерге ұшырай қоймады. Оның ойындағы
оқиға, рудың таратылуы сияқты нәрселер белгілі бір дәрежеде сақталады, яғни
шежіре деректік мәні мен маңызын толық жоймайды, тек алғашқы түрінен
өзгеруі ғана өзгеруі мүмкін. Кез келген тарихшы тарихи деректерді жазған
да өз ойын нақты деректермен толықтырып отырады, өзіне дейінгі жазылған
еңбектерге жүгінеді, өз ойын сол оқулықтан үзінді келтіріп нақтылай
түседі. Ол тарихи заңдылық.
Шежіре сарынымен жазылған құнды еңбектер орта ғасыларда көптеп өмірге
келе бастады. Олай дейтініміз әрбір әулет билеушісі өзінің әулетімен
халқының қызметін өмірін тарихта қалдыру үшін хат танитын оқыған, сауатты
адамды алғызып оған өз әулеті мен халқы, жалпы тарихын жазуды тапсырған.
Ондай шежірелер қазақ халқының ортағасырының тарихының шынайылық
дәрежесінің қандай деңгейде болғандығын көрсетіп береді. Мысалы үшін, XV
ғасыры мен XVІ ғасырдағы қазақ хандығына қатысты мәселелер Әбілғазы “Түрік
шежіресінде”, Қадырғалидің “Жылнамалар жинағында” және тағы басқа сол
ғасырда өмірге келген шежіре сарынымен жазылған тарихи деректермен
нақтыланады. Оған нақты бір мысал келтірер болсақ, Мұхаммед Хайдар Дулати
“Тарихи Рашиди” еңбегінде Қазақ хандығының құрылуын хижра жыл санауымен
нақты айтады. Ал, біздің таихшылар оны қазіргі жыл санауымен 1427 жыл деп
нақты дәлелдеді. Міне, көріп отырғанымыздай халқымыздың тарихы бар жерде,
шежіре деректік маңызын әр қашанда жоймақ емес. Кез келген шежіре туралы
жазылған еңбектер өз бойында сол кезеңдегі қазақ халқының өмірінен тұрмыс-
тіршілігінен, әлеуметтік-экономикалық мәләметтер береді. Ал, тарихшылардың
міндеті А.Байтұрсынұлы айтқандай “Тарихшылар құр естігені мен
қанағаттанбай, рас өтірігін тексеріп, расын ғана алады” – дей келе, шежіре
тарихи дерек екенін айтып: “Шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме – бәрі
де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала
бермейді. Аударып, ақтарып, сипатталған мағлұматтарды ғана алады” – деп,
кез келген деректің уақыт өте келе өзгерістерге ұшырайтындығын да айтқан.
Десекте, кез келген шежіре өз бойында белгілі дәрежеде мәліметтерді
сақтайды, яғни шежіре түрлі өзгерістерге түскен мен деректік маңызын
жоғалтпайды. Халқымыздың өткен тарихын жете, түсіне оқуға қазақ шежіресі
үлкен көмегін тигізеді. Оған көз жеткізу қиын емес. Мысалы, XІІІ-XVІІ
ғасырлар тарихынан жазылған еңбектердің барлығының да сүйенетін дерек
көздері – Әбілғазының “Түрік шежіресі”, Рашид-ад-диннің “Жылнамалар
жинағы”, Қ. Жалайырдың “Шежірелер жинағы”, М.Х.Дулатидің “Тарихи Рашидиі”
және т.б. көптеген сол кезеңді сипаттайтын шежіре сарынымен жазылған
еңбектер болып табылады.
Міне, халқымыздың тарихы ата-бабамыз қалдырған асыл қазына шежіелері
мен үнемі осылай толысып әрі әрленіп тұрады.

І.2 Шежіренің деректік ерекшеліктері

Ең алғаш шежіре деректанулық тұрғыдан анықтама берген А.Байтұрсынұлы
болатын. Оның шежіреге берген анықтамалары туралы деректанулық ойлары 1926
жылы жазылған “Әдебиет танытқыш” деп аталатын ғылыми зерттеу еңбегінің
“Әуезе түрлері” деп аталатын бөлімінде айтылған. А.Байтұрсынұлының бұл
ойларын деректанулық тұрғыдан толықтырып ең алғаш өз еңбегіне қолданған
Қ.Атабаев болатын. Ол өзінің “Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек
көзі (1870-1918 жж.)” атты еңбегінде: “Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның
төл тарихының қалыптасу кезеңінде, өз бастауымызға көз салсақ, кезінде
А.Байтұрсынұлының тарих туралы, әсіресе тарих ғылымының аса бір күрделі
саласы, тарихи деректану ғылымы туралы айтқан ойлары, пікірлері өзінің
дәлдігі мен, ғылыми құндылығы мен ерекшеленетіндігін байқауға болады”– деп,
одан әрі мысал арқылы өз ойын дәлелдейді 17.
Біз жұмысымыз барысында А.Байтұрсынұлының шежіреге байланысты айтылған
ойларын жетілдіріп, деректанулық тұрғыдан аша түскен Қ.Атабаевтің
деректанулық ойларын сол қалпында келтіруді жөн көрдік. А.Байтұрсынұлы
тарихи деректердің табиғатта “таза” күйінде кездеспейтіндігі, олардың түрлі
қоспалардан тұратындығының себептері туралы: “Шежіре жазушылар естіген-
білгенін сол қалпында, шикі түрінде тигізеді”– десе, ғылымның жәй шежіре
жазудан айырмашылығын “Тарихшылар құр естігенімен қанағаттанбай, рас
өтірігін тексеріп, расын ғана алады”– деп көрсетіп берді. Тарих ғылымының
негізін тарихи деректер құрайтындығын, деректерде салынған ақпараттарды
алып, ғылыми еңбектер деп пайдалану үшін тарихи деректану ғылымының
қажеттілігін, “Шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың
жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді.
Аударып ақтарып түрлі жағынан қарап, түрлі мағлұматтар мен салыстырып,
сипатталған мағлұматтарды ғана алады”– деп, қарапайым ғана сөздермен, аса
маңызды ғылыми проблеманың шешімін түсіндіре білді.
А.Байтұрсынұлы жалпы тарихи деректану туралы ғана емес, сонымен қатар
нақты тарихи деректер туралы да өз ойларын айтты. Тарихи деректер пайда
болуына, өмір сүру формасына, шығу тегіне қарай әр түрлі топтарға бөлінеді.
Осындай қазақ тарихының тума деректерінің бір тобын – шежірелер құрайды.
А.Байтұрсынұлының аталған еңбегінде қазақ халқының өзіне тән ұлттық тарихи
дерегі ретінде арнайы тоқталған. Ол: “Шежіре – өткеннен дерек беретін
сөздің бір түрі”– деп шежіренің бәрінен бұрын тарихи дерек екенін айтады.
“Шежіреде оқиғадан гөрі өткендердің түс туысы көп айтылады. Сондықтан
шежіре оқиға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен айтылатын әуезе тобын
ажратады. Шежіре болған оқиға жайынан сөйлесе себебін, мәнісін айтпай, тек
болғанын айтады да қойады”– деп шежіренің пайда болуын, тарихи дерек
ретіндегі ерекшелігін айтады. Одан әрі шежіреде “Ел тапқан мен қатын-бала
шапқан әңгімесі қатар тұрады; бір жерде әңгімені қойылтып, маңызды түрде
айтса, екінші жерде сұйылтып, ұсақ-түйекті сөз қылады. Бір жерінде рас
болған оқиғаның сөйлесе, екінші жерінде тек жұрт аузындағы әуезе болған
өтірік-шынды әңгімелерді сөйлеп кетеді”– деп, шежірені ғылыми сыннан
өткізіп, ондағы “рас болған оқиға” мен өтірік шыны араласқан” жерлерін
ажыратудың қажеттілігін ескертеді 18. Бұдан әрі Қ.Атабаев,
А.Байтұрсынұлының ойларынан шығып, орыс халқы үшін жылнама жазу қандай
болса, қазақ халқы үшін шежіре жазу сондайлық маңызды екендігін және
шежіретану ғылымы тарихи деректану ғылымының бір саласы екендігін былай
келтіреді: “Егер орыс халқы үшін тарихи деректер ішінде жылнамалар қандай
маңызды орын алса, біздер үшін сондай маңызды деректердің бірі. Тек,
айырмашылығы сонда, Ресейде жылнаматану ғылымы бірнеше ғасырдан бері дамып,
жылнамаларды тарихи дерек көзі ретінде зерттеуге үлкен табыстарға қол
жеткізсе, бізде шежіретану ғылымы тарихи деректану ғылымының бір саласы
ретінде әлі қалыптаса қойған жоқ. Ал, ондай ғылымның қажеттілігін өмірдің
өзі күннен-күнге батыл талап етуде”– дейді 19.
А.Байтұрсынұлының шежіренің деректік ерекшелігін көрсеткен, сонымен
қатар шежіреге берген деректанулық анықтамалары мен ойларын деректанушы,
ғалым Қ.Атабаев осылай ең алғаш деректанулық тұрғыдан өткен тарихшы болды.
Бұдан басқа дәл қазіргі уақытта шежіреге кеңінен тоқталған, нақтырақ айтсақ
шежіреге деректанулық тұрғыдан анықтама берген, оның маңызын деректік
ерекшелігін көрсететін еңбектер жоқ десек қателеспейміз. Дегенмен де, біз
жоғары да тоқталған Арғынбаев Х., Вастров В.В, Мұқанов М.С бірігіп жазған
“Қазақ шежіресі хақында” атты еңбектерінің біраз бөлімдерінде белгілі бір
дәрежеде шежіренің деректік ерекшелігін көрсететін ойлар айтылған. Біз
ендігі жерде сол ойларды деректанулық тұрғыдан ашуға тырысамыз. Осы аталған
еңбектің 2-ші бөлімінің 1-ші тарауы “Этникалық құрамы және рулық-тайпалық
ерекшеліктері” деп аталады. Бұл тарауда автор шежірені талдау барысында
рулық-тайпалық құрылымға талдау жасау арқылы шежіренің тарихымыздағы
деректік маңызы мен ерекшелігінің зор екендігіне тоқталған. “Қазақтың
рулық тайпалық құрылымына талдау жасаудың бір мәні сонда, ол – қазақ
шежіресінің маңызды тарихи деректемесі екенін де көрсетеді. Мәселен, әр
түрлі таксономиялық жіктерді зерделей келіп, белгілі бір рудың өмір сүрген
уақыты мен ата қонысын, рулар арасындағы өзара қатынастарды анықтау үшін,
сондай-ақ қазақ қоғамындағы туыстық байланыс мәселелері мен оған
байланысты аталық әулеттерінің тарау, тармақталу құбылыстарын мәнін ашудың
ғылым үшін орасан зор пайдасы бар”– дейді 20. Автордың бұл айтқан
ойларының барлығы деректану пәнінің шежіре мен оның деректік ерекшелігін
анықтаудағы барлық талап, міндет-мақсаттарымен ұштасады. Сонымен қатар,
автор шежірені жазуда тарихи деректердің аздық ететіні оны әдеби деректер
мен толықтыра жазудың өзі шежіренің шынайы жазылуына жол ашатынын
дәлелдейді: “XІX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы нақты айтсақ, 1956-1989
жылдардағы этнографиялық экспедициялық жинаған мәліметтерге көп сүйенеміз.
Өйткені, маңызды деректемелердің бірі этнографиялық материал болып
табылады. Бізге ол не береді? Біріншіден, сол кездердегі қазақтардың
этникалық атаулардың түп-тамыры мен идеологиясын ашып көрсетеді; Екіншіден,
мүмкін болған жерде әулеттердің, қауымдардың бөлініп шығу және бастапқы
рулардан кейінгі рулардың өсіп-өрбу процестерін айқындайды... тағы сол
сияқтылар. Өзіміз жинаған қазақ шежірелерін революцияға дейінгі басылымдар
мен салыстырғанда этнографиялық экспедиция жинаған қазақ шежірелері тарихи
жағынан әлде қайда құнды деген қортындыға келуге болады. Әдеби деректер мен
біз жинаған шежірелер арасында өзіндік айырмашылықтар да бар, кейбір құнды
шежірелер қазақтардың рулық-тайпалық құрылымының неғұрлым толық көрінісін
береді”– дейді 21. Автордың бұл шежірені шынайылық дәрежесін анықтауға
байланысты айтылған ойлары деректану пәнінің “Фольклордің тарихилығына”
қатысты мәселелерімен ұқсас, нақтырақ айтсақ, ауыз әдебиеті мен тарих
ғылымы әрқашанда бір-бірімен тығыз байланыста, ал олардың бір-бірімен
байланысын, сол байланыстың арқасында тарихымыз шынайы дәрежеде
жазылатындығын деректану пәні көрсетіп береді.
Қазақ шежіресінің деректік ерекшелігінің бірі кейде шежіреде нақты
тарихи оқиға мен аңыз әңгіме қатар жүретіндігі белгілі. Ол туралы автор:
“Алайда, қазақтардың әрбір рулық тегінен аңызға айналған гениология мен
рулық-тайпалық құрылымының кейінгі кездегі таксалогиялық жігін айыра білу
керек. Егер аңыз гениология мифалогиялық сипатта болса, неғұрлым кейінгі
таксаномиялық жіктеріндегі тарихи тұлғаларды, сонымен қатар рудың (оның
аталары мен әулеттерінің) өмір сүрген кезеңін дәл анықтап, этнонимдердің
шығу тегін айқындауға болады. Яғни бұл құрылымдарда тарихи жағынан нақтылық
бар. Рулық тайпалық құрылымның жоғары буындарындағы аңыз гениологияның
мифологиялық сипатта екенін мойындау мен қатар солар жөнінде бірер ауыз сөз
айта кету орынды. Себебі, олар тарихтың белгілі бір халықтың идеологиясын
сипаттайды, және ең бастысы – қазақ халқының этникалық сана-сезімін, бір
тұтас түп-тамырын (мифологиялық тұрғыда болса да) бейнелейді” – дейді 22.
Демек, шежірені талдағанда белгілі бір рудың өмір сүрген уақыты, яғни ол ру
ірі, ұрпақ көп тараған ру болса, оның жанында міндетті түрде аңыз қатар
жүреді, ол аңызда халық идеологиясы сақталады, яғни белгілі бір дәрежеде
тарихи шындық сақталады.
Кез келген тарихи деректер сияқты шежірелер де ауыздан-ауызға көшкенде
белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшырайтыны жайлы: “Әдетте, халық есінде
сақталған тарихи тұлғалар, ауыздан-ауызға көшкен сайын аңызға айналып, атақ-
абыройы аспандап ел атасы дәрежесіне дейін көрер ілетіні де бар” – деп
мысал келтіреді 23.
Жоғары да біз шежіренің бір ерекшелігі шежіре жазуда ауыз әдебиеті
қатар жүретінін айтқанбыз. Ол туралы автор: “Шежіре жазуда, эпос кейде
қатар жүреді. Эпостың әр түрлі нұсқаулары болуын белгілі бір тарихи уақыт
аралығымен түсіндіруге болады, мұндай жағдайда белгілі бір оқиғалар,
белгілі бір топтың, белгілі бір ру, тайпалардың мүдделерін көздейді немесе
жаңадан жасалынатын идеологияға сәйкес ой елегінен өткізіп, өзгертіліп
отырады”– дейді. Бұл айтылған ойдың құндылығы сонда, автор шежіренің
деректік ерекшелігінен шыға отырып, эпостардың көбінесе жалған ойдан
шығарылғаны да кездесетінін айтады, оны кейбіреуі өз руын жоғары көтеру
үшін жасалатындығын ескертеді. Демек, шежіре құрамындағы белгілі бір
кезеңді сипаттайтын эпостарды түгелімен басшұлғып қабылдай бермеу қажет.
Қазақ халқының рулық-тайпалық құрамындағы ірі құрамындағы ірі буындардың
түп-төркініне мифтік мағына тән екендігі тарихта мәлім. Ол түсінікті жәйт,
өйткені оларға сол кезеңде өмір сүрген халықтың этникалық сана-сезімі мен
идеологиясы әсер етеді. Яғни бұл жерде А.Байтүрсынұлының: “Шежіре
жазушылар естіген-білегенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді... Тарихшылар
құр естігені мен қанағаттанбай рас өтірігін тексеріп, расын ғана алады”–
деген ойын келтіргіміз келеді 24. Жоғарыда біз тоқталған үш автор
бірігіп жазған “Қазақ шежіресі хақында” атты еңбектің “рулық-тайпалық
құрылымының таксаномиялық жіктері” деген бөлімінде шежіренің деректік
ерекшелігін көрсететін бірқатар ойлар айтылған. Біз сол ойларды келтіріп,
оны деректанулық тұрғыдан ашуға тырысамыз. Алдымен “таксаномиялық жік”
деген не екендігін түсүндіруді жөн көрдік. Автор айтып отырған
“таксаномиялық жік деген біздің түсінуімізше бір атаны білу үшін белгілі
бір рудың ең басты бір атасын тауып, оны мысалы: А деп белгілеп, одан
кейін нақты екі үш атаны көрсетіп, ол ру туралы кең мағлұмат алуға
болады. Таксаномиялық жік немесе реттілікті пайдалану арқылы белгілі бір
адамның өмір сүрген кезеңін дәл анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл болса
рудың өмір сүрген уақыты мен орналасу аумағын анықтауға көмектеседі. Бұл ой
нақты болуы үшін оны мысал арқылы дәлелдейміз. Аталған еңбекте автор
“Арғын” руына тоқталғанда Ш.Құдайбергенұлының жыр-дастандарын келтіреді.
Ол жыр дастандардың көбісі қазақ халқының жоңғар шапқыншылығы кезіндегі
өмірін сипаттайды дейді. Ол бойынша: “1722 жылы қазақтар жоңғар
шапқыншылығы салдарынан көшіп барып Сырдария бойын мекен еткен. Арғындардың
ел арасы сол кезде 95 жастағы Әнет баба болған. Дастан авторының жетінші
атасы, Әнет баба інісі Әйтеке еді, таксаномиялық жіктерді анықтау мен
ұрпақтар аралығындағы уақыт шамасын анықтау кезінде бұл да маңызды: Шәкәрім
1858 жылы туған, ал оның жетінші атасы (Әйтек) Әнет бабаның замандасы.
Демек, бір ұрпаққа 25-30 жылдан келеді. Бұлайша “жыл есептеу” шежірелерді
тарихи дерек ретінде пайдаланған кезде қажет, өйткені патронимия,
рулардың бөлшектенуі, жаңа рулардың пайда болуы мәселелерінің т.б. сол
бойынша анықтауға болады” – дейді 25. Демек, бұндай “жыл есептеу” арқылы
кез келген шежіренің шынайылық деңгейін анықтаймыз. Автордың “шежірелерді
тарихи дерек ретінде пайдаланған кезде” деген ойы кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих
Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінің» әдеби маңызы
Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Шежіре
Қазақ шежіресі түсінігі
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ (ХV ғасырдың ортасы ХІХ ғасырдың соңы)
З.М.Бабырдың «Бабыр-наме» шежіресі әдеби туынды
Ұлы жүз Суан тайпасының шежіресі
Пәндер