Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазіргі заман талаптарының бірі мемлекеттік және халықаралық тілдерді жетік меңгеру болып табылады. Сол себепті мемлекеттік тілде оқытылатын мектептерде ағылшын тілі пәнінен педагог кадрлар даярлау қажеттілігі туып отыр.

Бұл кітап Қазақстан Республикасының педагогикалық колледждеріне "Шет тілін оқыту әдістемесі" пәні бойынша жаңа бағдарлама талаптарына сай жазылып, ағылшын тілі негізгі пөн ретінде оқытылатын топтарға арналған (үш семестр),

Оқу құралында орта және бастауыш мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесінің тиімді әдіс-тәсілдері келтіріледі.

"Шет тілін оқыту әдістемесі" оқу құралы 5 тараудан тұрады:

1. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері;

2. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазуды үйрену;

3. Орта мектепте ағылшын тілін оқытуды ұйымдастыру;

4. Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері;

5. Қосымша материалдар.

Елімізде мемлекеттік тілде шет тілдерін меңгеруге арналган оқулықтың жетіспеушілігін ескерсек, бұл оқу құралы - сол оқулықтың орнын толтыруға арналған алғашқы басылымдардың бірі.

I ТАРАУ

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Әдістеме ғылымына қысқаша шолу

Жоспар:

• Әдістер атауы туралы түсінік

• Грамматикалық-аудармалық әдіс

• Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі

• Қазіргі әдістер

Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әр түрлі кезеңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырды: мысалы, логикалық қағидалар бойынша синтетикалың әдіс, аналитикалық әдіс, дедук-тивтік әдіс, Т. 6. ; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалың әдіс, фонетикалық әдіс; тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты-жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн, Пальмер, Уэст, Фриз, т. б. әдістері. Біз тек негізгі әдістерге ғана тоқталайық:

1) Грамматикалық-аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.

2) Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.

3) Қазіргі әдістер.

Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалык тілдерді, өсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздерді, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясынада құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.

Грамматикалық-аудармалық әдістің ерекшеліктері:

1. Грамматикалық талдаудың негізі;

2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар. Грамматикалық-аудармалық әдіс бойынша сѳйлемді талдаудың ең жақсы әдісі - оны әуелі ана тілінде түсініп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.

Дыбыстар, морфемалар, сөздер өр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистің негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Бірақ ағылшын тіліндегі грамматикалык құрылымдар қазақ тіліндегі құрылымдармен сәйкес келмейді.

Грамматикалық-аудармалық әдіс алғашында XVIII-XIX ғасырларда мектептерде кеңінен қолданылды. Кейіннен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, ХІХ-ХХ ғасырдың соқында "екі грамматиканың" арақатынасы ажыратылды.

Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматикалық-аудармалық әдіс жиі кездеседі.

Бұл оқулық - ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлемді дұрыс құрастыру оңайға соғады.

Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалык-аудармалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді.

Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты процестер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінде жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды. Тура әдістің негізгі ерекшеліктері мынадай:

  1. Шет тілін оқытудың негізгі бағыты - тәжірибелік, яғни, бірінші орынға сөйлеу қойылуы;
  2. Ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
  3. Тілді үйрету ісінде аударманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша-жазбаша жаттығулардың көп қолданылуы;
  4. Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолданылуы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар орындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады) .
  5. Айтуды үйретуге үлкен көңіл бөлінеді;
  6. Мәтіндердің мазмүнына, әсіресе, тақырыпка байланысты мәтіндер құрастыруға назар аударылады.

Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі - шет тілін оқытуда, шет тілімен беретін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.

XIX ғасырдың соқы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрлері пайда болды. Тура әдісті жақтаушылар Г. Гуэн, М. Валтер, т. б.

Бұл әдісті пайдаланатын мұғалімдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.

Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың , шет тілін меңгеруге деген қызыгушылығын арттырады.

Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:

1) Оқу материалы мен жаңа сѳздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөздерді білуі керек.

  1. Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
  2. Тәжірибесіз мұғалімдер қолданса, ѳте тиімсіз болып келеді.

Тура әдістің негізгі қағидаларын үсынған атақты ағылшын әдіскерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды.

Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:

- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталады.

- Шет тілін оқыту іріктелген материалдардың негізінде жүзеге асырылады. Г. Пальмердің үсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сѳздердін, мѳлшері 3000 сѳз болды.

Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:

  • іс-қимыл арңылы (Мүнда арнайы жасалған заттарды кѳрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады) ;
  • сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құрауы тиіс) .

Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде де жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:

  • сөйлем үлгілерінде үнемі қолданылатын сѳздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сѳйлеуде көмектеседі;
  • тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.

Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:

Шет тілін оқыту - мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезендерден ѳтеді:

I . a) Қабылдау.

Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалімнің сөзін тыңдайды. Мысалы: Мұғалім сынып бөлмесіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.

This is a book. Look at the book. I'm going to put the book on the table.

ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: "Дауыс ырғағына назар аударыңыз".

б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.

Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.

Мысалы: Get up. Sit down. Come here.

Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.

в) "Yes", "No".

Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек "Иә" не "Жоқ" деп жауап береді.

II. Қабылдау - еліктеу.

Мұғалім сөйлейді. Оқушылар қайталайды.

III. Әңгімелесу.

Оқушы әр түрлі сұрақтар қойып, оған жауап беруді үйренеді.

IV. Сөйлеу.

Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлеседі.

Жалпы, Г. Пальмерәдісінің негізі - сөйлеуді үйрету, ал М. Уэст болса, керісінше, басты міндет қылып оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады:

а) оқуға арналған кітаптар

ә) жаттығу кітаптары

Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты.

Қазіргі әдістеме дәстцрлі және аудио-лингвистикалық оқыту деп екіге бөлінеді. Қазіргі әдістеменін, негізгі қағидалары:

- тыңдауды және сөйлеуді дамыту

- сөйлеу үлгілерін пайдалану

- аударманы өте аз қолдану

- грамматикаиы үлгі арқылы оқыту

- сөйлеуді үйретуде өмірмен тырыз байланысты жағдайларды қолдану

Мұғалім оқушыларды шет тіліне үйрету үшін өзі:

- шет тілін жетік білуі

- педагогика мен психологияны жақсы білуі

- оқыту әдістері мен техникасын білуі

- оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Грамматикалық-аудармалықәдіс қай уақытта қолданылады? Оның негізгі қағидалары қандай?

2. Тура әдістің негізгі қағидалары қандай?

3. Сәйкестендіру кестесін тұңғыш ұсынған кім?

4. М. Уэст ұсынған әдістердің негізгі қағидасы қандай?

5. Грамматикалық-аудармалық әдіс пен тура әдістің айырмашылықтарын атаңыз.

6. Оқулықтағы сәйкестендіру кестесін тауып, зерттеңіз.

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Әдістеме сөзінің түсінігі

Жоспар:

• Әдістеме және әдіс туралы түсінік

• Сабақтағы мұғалімнің қызметтері және қолданатын әдістері

• Сабақтағы оқушының қызметтері

• Агылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс

Әдістеме дегеніміз - қойылған мақсатқа жету жолы. Педагогика ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.

Әдістеме - мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдеріне оқыту әдістемесінде "әдіс" сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт.

Мысалы: грамматикалық-аудармалық әдіс, тура әдіс, т. б. Грамматикалың-аудармалық әдісінің негізіне логикалық ойлау мен оқушының шет тіліндегі мөтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді, сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.

Екіншіден, "әдіс" сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі, т. б.

Үшіншіден, әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының арасындағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қағидаттарымен айқындалатын іс-әрекет арқылы анықталады.

Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы (мұғалім) және оқушы (оқушы, студент) . Оқытушы оқушының окуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарыныц бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі - оқытады, екіншісі - оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс-әрекетін бөлек қарауға болады.

Сабақтагы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал окушының міндеті - оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін аракатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасын түсіну.

Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы. Мұғалімге қойылатын басты талап - оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдастыруы тиіс.

Мұғалімнің бастапқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілі - оқушылар үшін жаңа пән және ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескерген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет, ол үшін оқыту тәсілі мен тәртібін дұрыс құра білу керек. Бастапқы кезде хормен, жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып, көрнекі құралдарды пайдалаыу қажет. Мысалы, 2-сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.

Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілді ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.

Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін, түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындағанын (дұрыс, дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінде қолданғанда (байланыс құралы орындалды, орындалмады, қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т. б. анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны қарастырайық.

Оқушының қызметтері. Оқушының негізгі міндеті - оқу құралдарымен танысып, формасына, маңызын және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті - жаттығу. Жаттығу дегеніміз - оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп, оны есте сақтау.

Шет тілін жаттығусыз оқып-үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті - қолдану, яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістемесін анықтауы қажет.

Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оңушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге де болады. И. Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар. Негізгі әдістемеге:

1) таныстыру

  1. жаттығу
  2. қолдануды жатқызуға болады Қосалқы әдістемеге:

1) бақылау

  1. түзету
  1. бағалау жатады

Ал оқушының қызметінің негізгі әдістеріне

  1. танысу
  2. жаттығу
  3. қолдануды жатқызуға болады Қосалқы әдістерге ѳзін бақылауды алуға болады.

Мына сызбамен танысайық.

Сабақтың бір бѳлігін беру үшін ѳуелі кѳрсету қажет. Мұғалім затты көрсете алады, оның ағылшын тіліндегі атауын айтып көрсетеді. Ағылшын тіліндегі сөздерді атау үшін ол заттың суретін салып көрсетеді, фланелограф, магнитті тақтада кѳрсете алады. Магнитофон, ұнтаспалар қолдануға болады.

Шет тілін оқытудың мақсаттары

Жоспар:

  • Шет тілін оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсінік
  • Тәрбиелік мақсаты
  • Білім беру максаты
  • Дамыту максаты
  • Әр сабақтың негізгі жәие қосалқы максаттары

Ағылшын тілін оқыту мақсаттары мен міндеттері. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқу бағдарламасында пән атаулары мен тақырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл оқытудын, негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысындағы өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаньың түпкі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабақтың негізгі және қосалқы мақсаттары болады.

Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын болуы керек. Оқытудың негізгі үш түрі бар:

1) тәрбиелеу

2) ағарту

3) дамыту

Оқыту мақсатының төрт түрі бар:

1) тәрбиелік

2) дамыту

3) ағартушылық

4) тәжірибелік (практикалық)

Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін оңуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасын үйренеді, заттардың атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап, дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тыңдай білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол жеткізуге болады. "Адам адамға - дос, жолдас, бауыр" деген моральдық қағиданы есте ұстаган жөн.

Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудін, тәрбиелік маңызы зор. Ағылшын тілінде оқуды үйрету оку мәдениетін кѳтеруге кѳмектеседі. Сондай-ақ мѳнерлеп оку да оқушының мәдениеттілігін кѳрсетеді. Оқу арқылы интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.

Балаларды оқи білуге, ақыл-ой еңбегінің тәсілдеріне рету керек, ол жазбаша және ауызша жаттығулар жасау үшін қажет. Оқушылар оқулықты, сөздікті және анықтамалықтарды пайдалана білуі керек, оқулык белгілерін түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.

Ағылшын тілінде білім алу мен тәрбие "education" деген бір сөзбен беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.

Оқытудың дамыту мақсаттары. Дамыту мақсаттарын оқушылардың сезім, қозгалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.

Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.

Әйтсе де, оқытудың барлың мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек, қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез келген тілді үйрену үшін өте маңызды. Сондықтан осы мақсаттарды алға қою арқылық алаған тілді меңгеруге болатынын көреміз.

Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген тілдің ағартушылың қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей корсеткіші (мәселен, француз тілі - француздар мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші болып келеді) . Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сѳйлейтін халық туралы хабардар болады, ѳз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.

Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі құралдары -сөздер мен грамматикалык формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдерімен салыстыру аркылы окушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, мұғалім бірінші сабақтая бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.

Мысалы: Верещагина, Притыкина ағылшын тілін өлең арқылы таныстыруды ұсынады ("What is your name?") . Мысалы, дауысты дыбыстың ұзақ-қысқалығы, т. б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық ойлауды дамытады. Мысалы, Listen, read and compare. Тілді үйрену тыңдау, көру, есту, қозғалыс мүшелерін белсенді пайдалануға үйретеді, ол есті, зейінді, киялды, ұғымды дамытады.

Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатын түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл - сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.

Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.

Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқу білу жатады.

Сызба түрінде былай кѳрсетуге болады:

Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.

Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?

Жоспарланған нәтижелер оңу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін кешенді дұрыс пайдалану - оны оқытудағы белгілі бір нәтижеге жетуге болатынын көрсетті. Мысалы, 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы сөзді түсінуге мүмкіндік бар. Мысалы: "On a Sunday in spring" мәтінінде 1000 баспалық белгісі бар мәтінде "Кім? Қайда? Қашан?" сұрақтарына жауап беретін ақпарат және тәрбиелік мөні бар.

Бастауыш кезеннің аягында оқушы мыналарды білуі тиіс:

- Амандасу - Good morning!

- Қалын сұрау - Hello! How are you?

- Қоштасу - Good bye!

- Таныстыру - This is Mike.

- Жауап беру - Hello! Glad to meet you.

- Туған күнімен құттықтау - Happy Birthday!

- Жаңа жылмен құттықтау - Happy New Year!

- Рұқсат сұрау - May I . . .

- Кешірім сұрау -1 am sorry.

- Рақмет айту - Thank you!

- Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары, мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.

- Сұрақтарға жауап беру, сүрақ қою. Бастапқы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады. Оқушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап оку, жазу бірінші оқу кезеңінде қалыптастырылады.

Ағылшын тілін оқыту мақсаттзры

Сұрақтар мен тапсырмалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілдерін оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы
Шет тілін оқыту мазмұнының компоненттері
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Шет тілін оқытудың принциптері
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Педагогика ғылымы ретінде шет тілдерін оқыту әдістемесі
Шет тілін оқыту әдісінің жоғарғы оқу орнындағы рөлі мен маңызы
Шет тілі оқыту әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Ағылшын тілін оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz