Шет тілін оқытудың маңызы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Шет тілін оқытудың маңызы

Мақсаты дегеніміз- оқушыларға шет тілін оқытудың жоспарланған нәтижесі.
Ол мемлекеттік бағдарламамен анықталып, әр бір тілі пәнінің беретін
нәтижелері мен оқушыға қай жаста қандай тақырыпты оқыту қажеттігі
көрсетілген. Онда кітап пен оқулыққа қарағанда өмір талабы енгізетін
өзгерістер тезірек көрініс табады. Сондықтан ұстаз өзінің оның талаптарын
біліп, оқу-әдістемелік жиынтықтарды пайдалана отырып оқу-тәрбиелік процесті
құруы қажет.

Оқытудың практикалық мақсаты

Шет тілінен басқа пәндердің барлығы ана тілінде жүргізіледі. Сондықтан
оқушының тілді білуі не білмеуін ажырату оңай: оқушыға үйретіп жүрген тілді
сөйледі, ал ол сол тілде түсінбейді және сөйлей алмайды; Осыдан-ақ оқушыға
мектеп шет тілін үйрете алмайды деген қорытынды шығады. Расында да солай
ма? Әлде мектепте тек практикалық қабілетін ғана дамытады ма? Қойылған
сұраққа жауап беруге тырысайық. Бұл үшін “Шет тілі” пәнінің негізгі
қасиетін қарастырайық. Біріншіден тіл- ана тілі немесе шет тілі болсын
адамдар бір-біріне әлеуметтік өмірдің табиғи жағдайында әсер ететін қарым-
қатынас құралы. Мектепте шет тілін қарым-қатынас құралы деп оқуту қажет.
Шет тілін оқытқанда қоршаған орта жайлы білімін ботаника, физика, химия,
биология пәндері секілді толықтыру қажет емес. Оқушыға шет тілін оқу зат,
құбылыс, оның бір-бірімен байланысы мен қатынас туралы пікірін білдірудің
жаңа тәсілін игеруге мүмкіндік береді. Бұл құралдар ауызша және жазбаша
формады болады. Екі форманы игеру “Шет тілі” пәннің негізігі мақсаты болып
табылады.
Болашақ қарым-қатынас құрамы ретінде үйретіліп отырған тіл ауызша сөйлеу
мен оқуға жеңіл, әрі оңай болуы тиіс.
Мектепте шет тілін оқытуда сөйлеушілердің сөйлеу мәдениетін реттейтін,
шектейтін-тақырып. Тақырып сөйлеушілерді мазмұндық жоспарда әсер етеді де
оны жеткізуде сөздерді азайтады. Осыоайша, мектеп оқушысы шет тілінің толық
курсы мен класқа бөліп оқытуда нәтижеге жеткізетін бағдарламада
көрсетілгендей, оқушы шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде игеру, оын
ауызша және жазбаша формада пайдалануы, сөзді түсінуі, өзінің пікірін
жеткізе білу тиіс. Шет тілі оқу жоспарының міндетті пәні болғандықтан,
оқытушыға бағдарламада көретілгендей сөйлеу арқылы қарым-қатынастың формасы
мен түріне талапты азайту қажет.
Сөйлеу қарым-қатынас дегеніміз – мәліметті сөзбен жеткізу. “Факт түрінде
мен сол үйде тұрамын”,“Біз ертең экскурцияға барамыз”, “Менің космонавт
болғым келеді”, “Менің теңізге барғым келеді”; сезім түрінде: “Спортпен
шұғылданамын”, “Ерте тұрғанды ұнатпаймын”, “күй түрінде мен таңдым”, “Менің
қарным ашты”, бағалау түрінде: “Сен менің нағыз досымсың” және т.б. Әр бір
мәлімет сөйлеушінің интенциясы бар. Ол мұны сөйлеушіге қажетті әсер етіп
оның сөзге тарту үшін істейді. Соңғысы ситуациямен аяқталмайды. Осылайша
класс жетекшінің немесе класс старостасының “Егер біз экскурсияға
барамыз” деген сөзіне “Біз білеміз” немесе “Өзімізбен не алмыз” “Әлде”
“Қайда кездесеміз” деген сұрақтар туады. Егер бұл сөзді жолдас айтса,
реакция мынадай болуы мүмкін: “Өкінішке орай, мен бара алмаймын, өйткені
менің анам ауырып жатыр”
Сөйлеу қарым-қатынасы түрлі қызметтер атқарып, адам қызметін түрлі
саласында жүзеге асырады.
Тіл танымдық: жеткізу (айту) білу, суреттеу және өзге де қызметтер,
келісу келіспеушілікті білдіру; келісу келіспеушілікті анықтау; ұсыныс
немесе шақыруды қабылдау; түсіну түсінбеушілік; өкініш, кездескендегі
сәлемдесу, танысу, қоштасу, назар аудару, құтықтау қызметін атқара алады.
Жоғарыда көрсетілген қызметтің барлығы оқушыға комуникативтік компотенцияны
үйрету үшін қажет.
Бастапқы кезеңде оқушы шет тілінде айтылған ұзақтығы минутқа созылатын
сөйлеуді түсінуді үйрену қажет. Бұл мұғалім айтқан әңгіме немесе арнайы
таспадан шыққан әңгіме және нақты, эмоциялық мәліметі бар материал болуы
керек. Эмоциалық мәліметте: табиғатқа, жануарға, жақын адамдарға, кітапқа,
әуенге, ойынға деген сезім болады. Бұл дыбысталған диафильм немесе фильм
болуы мүмкін. Ең соңында бұл-сабақта болып жатқан ситуацияға қатысу үшін
қажет.
Оқушы бастапқы кезде өзі туралы, қандай тұратынын, кім екендігін, қайда
тұратынын, отбасының мүшелері туралы, туысқандарының сыртқы көрінісін,
достарын, мектебін, пәтерін, үйін, көшесін, қала ауылын суреттеуге,
сұрақтарға жауап беріп, сұрақ қойып; сөйлеушіні сөзге тартуға; келісу
келіспеушілік, тілеу тілемеу, амандасу, сәлемдесу, қоштасу, туған күннен
құтықтау, жаңа жылмен құтықтау, сұрау, кешірім сұрау, алғыс айту, алғысқа
жауап беруді үйрену тиіс.
Жоғарыда көрсетілгендердің көбісі күнделікті тұрмыстық контексте оңай
айтылады. Олар диалогтық сөзде пайдаланылады. Сонымен қоса монологтық
сөйлеуде кездесетін тіркестер (хабарлау, суреттеу және т.б.) болады.
Сөйлеуде ситуацияға қарай сөздік акттерді айтып үйренуге болады. Бұл
кезеңде оқу мен жазуды меңгерудің негізі қаланады.
Оқушыны дыбыстық таспа, транскрипция, разметкаға сүйене отырып оқуды
үйретуге болады. Алайда тек оқу техникасы ғана емес, сөзді, сөз тіркесін,
сөйлемді, абзац пен тексті, түсіну назардан тыс болмау керек. Алғашқы жыл
бойы оқу техникасын, орфаграфияны, графиканы үйренеді. Ол оқушыға үйде
мазмұнды әңгімелерді оқып, шетелдің мәдениетінің элнменттерімен танысуға,
жазбаша тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ортаңғы кезеңде сөйлеуді жинақталған граматикалық білім мен белсенді
лексиканың есебінен әрі қарай дамыту қарастырылады. Мысалы оқушы ауа-райы,
жылдық мезгілдері, алдағы (өткен) мерекелер, демалыстар мен оны қалай
өткізбекші екендігі туралы; өзі тұратын немесе қала, ауылдық көрнекі
жерлерін суреттеуге; өзінің бос уақытысында немен айналысатындығы, көңіл
көтеруі, спорты, мектептегі оқиғалар туралы айтуды үйренеді.
Дауыстап және іштей оқуға талап күшейтеді. Бұл талаптарды орындауға
оқуға арналған материалдың мөлшері қарастырылады. Осылайша, текстен басқа
оқушы оқулықтың соңына енгізген шамамен 150 беттен тұартын текстер жинағын
алады. Нақты ұйымдастырылған, мақсатты оқу жақсы нәтижеге жеткізе алады.
Жоғары кезеңде ауызша сөйлеу қабілетіне назар аударылады. Осылайша,
оқушы оқу орнының түрін 9-сыныпты бітіргеннен кейін қайда баратындығын, кім
болғысы келетінін, қай салада жұмыс істегісі келетінін, немен
айналысатынын, әлеуметтік өмірде неге қатысатындығы (бейбітшілік үшін
күрес, табиғатты қорғау және т.б.);
Оқыған тесктін еркін айтып, өз пікірін білдіріп, көтерілген сұраққа өз
қатысын айтуды үйренеді.
Әрине, жоғары класта шет тілінен ауызша сөйлеуді дамыту қиынға түседі,
алайда егер төменгі сыныптарда шет тілін түсіну мен сөйлеу қабілеті қажетті
деңгейде дамыса, онда түрлідыбыстаспаларды тыңдау, оқу-әдістемелік
жиындықтың авторлары ұсынған тапсырмаларды орындау қиынға түседі. Бұл
кезеңде текстің стиліне қарай түрлі текстерде оқуға назар аударылады.
Жұмысты жеңілдету үшін оқулықтарда анықтамалық құрал берілген. Сабақ
үстінде және өз бетімен тапсырманы орындау жақсы нәтижеге жеткізеді.
Әрбір кезеңде (бастапқы, ортаңғы, кейінгі) аудирование, сөйлеу, оқудың
практикалық біліктілігі артады, шет тілінің коммуникативтік қызметін
үйретуде хат көмекші ретінде қызмет атқарады. Алайда өйлеу қызметінің әр
түрлі кезеңге қарай өзгереді. Кезең жоғарыланған сайын сабақтың саны
азаяды. Алайда, сабақтан тыс өзіндік жұмыстарының саны көбейеді. Кез келген
қабілет сияқты сөйлеу қабілеті үнемі жүйелі бітілгенде ғана қалыптасып
дамиды.
Алғашқы кезеңде айызша сөулеуге назар аудару қажет. Балалар жаңа тілді
үйренгенде сол тілді түсініп, сөйлеуді ұнатады. Бұны алынған анкетирование
мен тәжірбиелік зерттеу жұмыстары дәлелдейді.
Ортаңғы кезеңде ауызша және жазбаша сөйлеу оқу процесінде тең орын
алады. Белсенді лексика мен граматика сөйлеу қабілетін дамытып жетілдіруде
ауызша сөйлеу арқылы жүзеге асады. Оқуға көп назар аударылады, іштен оқу
кейінге қалдырылады. Бұл оқулыққа оқушыны қызықтыратан, мәліметке толы
текстерді енгізуге мүмкіндік береді. Хат қызметтік роль атқарып, оқу мен
ауызша сөзбентығыз байланысты.
Жоғары кезеңде негізінен көңіл оқуға аударылады. Ол оқушының өзіндік
жұмысының арқасында дамып жетілдіріледі. Ауызша сөулеу оқулықтың
теметикалық текстіңн және сабақтан тыс оқуда пайдаланылады. Сабақтан тыс
текстер мен тілдік тілдік материалды меңгеруде хат пайдаланылады. Оқушының
жалпы жұмысында шет тілінен ауызша сөулеу мен хат аз ғана орын алады.
Ауызша және жазбаша сөйлеудің оқытудың түрлі кезеңдерінде былай
суреттеуге болады (АС- ауызша сөйлеу, ЖС- жазбаша сөйлеу.)

Қарым-қатынас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Шет тілін оқытудың лингвистика ғылымымен байланысы
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Шет тілін оқыту теориялық негіздері
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Шет тілін оқытудың принциптері
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Әр сыныптағы шет тілін оқытуда оқуға қойылатын талаптар
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Пәндер