Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазіргі заман талабы болашақ ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі мен
көркемдік білімін жетілдіру қажеттілігін тудырып отыр. Сұлулық қоғамдық
тәжірибеге, адамдар қарым-қатынасына, олардың қажеттіліктеріне, эстетикалық
көзқарастар мен көркемдік талғамдарына бірте - бірте еніп келеді. Осыған
байланысты мектепалды жасындағы балаларға эстетикалық тәрбие беру талабы
өсіп отыр. Бейнелеу өнері балаларға эстетикалық тәрбие беруді, шығармашылық
тәжірибе мен балалардың эстетикалық көзқарастарын қалыптастыруды, көркемдік
шығармашылықтарын дамытуды көздейді.

Пәннің мақсаты, оның оқу үрдісіндегі орны

Студенттердің эстетикалық мәдениетін көтеру және мектеп жасына дейінгі
балаларды бейнелеу өнері құралдары арқылы оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне
үйрету.
Пәнді оқыту міндеттері:
- болашақ балалар мекемелері қызметкерлерін бейнелеу өнерінің тарихы
мен
теориясы әдістеріне үйрету;
- сурет салуда, кескіндемеде, композицияда, бейнелеу әсерлі құралдарын
пайдалану
- дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
- көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар жасау, оларды сабақта
қолдануға
үйрету;
педагогикалық және әдістемелік әрекеттерге дайындау.

Студенттер пәнді оқу нәтижесінде білуге тиіс:
- адам өміріндегі өнердің тарихын;
- қазақстанның әйгілі мүсіншілері мен суретшілерінің шығармалары;
- мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік- шығармашылық қабілеттерін
дамыту
ерекшеліктерін;
- балалардың сабақтағы және өзіндік көркемдік жұмыстардағы бейнелеу іс-
әрекетін ұйымдастыру

ПӘН МАЗМҰНЫ
1. Курстың пәні мен міндеттері.
Пән обьектісі, міндеттері, басқа пәндермен байланысы философия,
педагогика, психология, эстетика, мәдениеттану және т. б.
Курсты оқыту әдістері- әдебиеттерді оқу, педагогикалық үрдісті бақылау,
эксперимент, балалар жұмыстарын педагогикалық- психологиялық талдау,
тәжірибе қорыту, бейнелеу өнері шығармаларын идеялық-көркемдік талдау.

2.Бейнелеу өнерінің теориясы, оның түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің қоғамдағы ролі, пайда болуы мен дамуы. Өнердегі
көркемдік бейнелер Өнердегі мазмұн, форма, үйлесім. Бейнелеу өнерінің
түрлері мен жанрлары.
Кескіндеме - заттар мен құбылыстардың түрлі-түсті материалдар негізінде
кеңістікте бейнеленуі. Кескіндеме түрлері: монументті, станокты, театрлық-
декорациялық, миниатюра.
Кескіндеме техникасы: фреска, өрнек, мозаика, витраждар. Станокты
сәндік кескіндеменің жанрлары: пейзаж, натюрморт, портрет, тарихи,
тұрмыстық жанр т. б.
Графика. Оның бейнелеу құралдары. Графика түрлері: плакаттық, кітаптық,
станокты, журнал-газеттік, сатиралық графика. Балалар кітаптарын
иллюстрациялау.
Мүсін - көлемдік - кеңістікте бейнелерді мүсіндеу өнері. Мүсіннің
техникасы мен материалдары.
Сәулет өнері мен оның өзіндік ерекшеліктері. Сәулет өнерінің әсерлі
құралдары: пропорция, ырғак, симметрия, қарама-қарсылық, үйлесімділік,
әшекейлеу элементтері. Сәулет өнерінің стилі. Халықтық және сәндік
қолданбалы өнер. Халық өнерінің ерекшелігі. Сәндік - қолданбалы өнер
материалдары (ағаш, темір, жүн, сазбалшық, сүйек, әйнек жәнет.б.)

3. Шетел және отандық бейнелеу өнерінің даму сатылары

Өнердің тарихи сипаты. Ежелгі Египет және Рим империясының өнері. Қайта
өрлеу дәуірінің өнері Леонардо Да Винчи, Микеланджело Буаноротти, Рафаэль
Санти т.б
Орыс бейнелеу өнері. Сәулеттік ескерткіштер, портреттік кескіндеме. XIX
ғасырдағы бейнелеу өнері. (И.Репин, В.Суриков, И.Левитан, И.И.Шишкин т.б)
Қазіргі бейнелеу өнері
Орта Азия өнері. Қазақтын халық сәндік-қолданбалы өнерінің өзіндік
ерекшеліктері, оның шығу тарихы мен дамуы. Қазақтың-халықтық дәстүрлі қол
өнері.
Қабырғадағы суреттер, тас мүсіндер. Қазақстанның мүсін ескерткіштері
Бабаджа-Қатын, Ахмет Яссауи, Айша-Биби мазарлары мен Отырар қаласы
Қазақстандағы қазіргі сәулет өнері
Қазақстанның бейнелеу өнері шеберлері А.Қастеев, А.Ғалымбаева,
Г.Исмайлова, К. Тельжанов, С.Мәмбеев, О.Таңсықбаев, М.Қисаметдинов,
Н.Г.Хлудов, Б.Иткина, Е. Сидоркин, Х.Наурызбаев, С.Романов,
Т.Досмағамбетов, Е.Мергенов т.б Қазақстан жас мүсіншілері мен
суретшілерінің шығармалары.

4. Бейнелеу іс-әрекетіне үйрету әдістерінің дамуына қысқаша шолу

Әдістеменің дамуындағы негізгі бағыттар. Алғашқы бағдарламалар.
Эстетикалық тәрбие беру саласындағы Е.Флерина, Н.Ветлугина, Н.Сақулина,
Богатеева З.А., Григорьева Г.Г., Казакова, И.С Комарова., В.С Мухина, Г.Н.
Пантелеева, С.Т.Халезова сынды зерттеуші ғалымдардың еңбектері.
Эстетикалық тәрбие беруде қазақ педагогтары мен ағартушыларының
идеялары. Ш.Уалиханов, А.Кұнанбаев, Ы.Алтынсарин. Қазақстандағы көркемдік
тәрбие беру саласындағы педагогикалық зерттеулер М.К-Балтабаев,
С.Ұзақбаева, Б.Сатқанов, П.Дамақов, Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова т.б
Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі Ы.Алтынсарин атындағы білім
Академиясының жұмыстарының негізгі бағыттары. Бейнелеу өнеріндегі
қабілеттілік ұғымының анықтамасы. Қабілеттілікті дамытудың анатомиялық-
физиологиялық негіздері. Бейнелеу іс-әрекетіндегі шығармашылық.
Шығармашылық жұмыстарына психологиялық дайындық тәжірибе жинақтау,
іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру, есте сақтауды дамыту. Балалардың
шығармашылығын дамыту шарттары мен басшылық жасау әдістері. Шығармашылық іс-
әрекеттін мотивтері. Балалардың шығармашылық жұмыстарын бағалау
көрсеткіштері.
Қазақстандағы эстетикалық тәрбие берудегі қазіргі бағдарламалардың
сипаттары Балбөбек және оның ғылыми негіздері - балалардың жас
ерекшеліктерін есепке алу, бейнелеу дағдылары мен шығармашылықтарын
қалыптастыру заңдылықтары. Бағдарламаның құрылымдағы жалпы дидактикалық
принциптер тәрбиелік сипаты, оқытудың өмірмен байланыстылығы,
түсініктілігі. Бейнелеу өнеріне үйретудің әдістемелік құралдары мен
авторлық бағдарламалары.

5. Әр түрлі жас топтарында бейнелеу іс - әрекетін ұйымдастыру

Бейнелеу іс-әрекетінің ұйымдастыру. Сабақ және балалардың өзіндік
көркемдік іс-әрекеттері. Материалдар мен құрал-жабдықтарға қойылатын
гигиеналық және эстетикалық талаптар.
Күн тізбесіндегі сабақтын алатын орны. Сабақтың түрлері: жана сабақ
бейнелеу дағдыларына жаттығу, есте сақтау, кіріктіру сабақтары. Тәрбиешінің
сабаққа дайындығы. Материалдар мен арнайы құралдарды сақтау. Әдістер мен
тәсілдердің топталуы мен сипаттамасы көрнекілік, сөздік, ойын. Олардың
өзара байланысы.
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу іс-әрекетіне үйретудегі
көрнекілік әдістері, оны психологиялық-педагогикалық жағынан негіздеу.
Қоршаған өмірді бақылау оқытудың негізі. Заттарды зерттеуге үйрету тәсілі.
Иллюстрациялар, слайдтар, диафильмдер, кинофильмдер мен нақты заттар.
Сөздік әдіс-тәсілдер: сипаттық әңгіме. түсіндіру, нұсқау, сұрақтар, қайта
түсіндіру, көркем сөз қолдану жанылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар. мақалдар
т.б. Мектеп жасына дейінгі балаларды үйретудегі ойын тәсілдері ойын
ұйымдастыру. ойын түріндегі көрнекілік-әрекеттік жаттығулар. И.Я.Лернер
ұсынған әдістер мен тәсілдер топтамасы: ақпараттық-рецептивтік,
репрподуктивтік, зерттеу, эвристикалық, проблемалық мазмұндау әдісі.

6. Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету және олардың
шығармашылықтары

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуындағы сурет салудың
алатын орны. Балабақшадағы сурет салу түрлері: заттық, мазмұндық, сәндік.
Заттарды бейнелеуге үйретудің мазмұны мен міндеттері. Бейнені әсерлі
бере білу талаптары. Сурет салу техникасына үйрету мен бейнелеу әсерлі
құралдарын қолдану жолдары.
Мазмұнды сурет салу. Мектепке даярлық тобында сурет салудың мазмұны мен
міндеттері. Кеңістікпен байланысты бірнеше заттың суретін салуда жақындағы
және алыстағы объектілердің композициялық орналасуын бере білуге біртіндеп
көшу. Әсерлеу және бейнелеу құралы ретіндегі түспен қолоритті пайдалану.
Сәндік сурет салуға үйретудің мазмұны мен міндеттері. Көркемдік талғам мен
эстетикалық дамуды қалыптастырудағы сәндік сурет салудың мәні. Балаларды
халықтың сәндік қол өнерімен таныстыру ою-өрнек әдістеріне үйретудің
негізі. Әр түрлі жас топтарында заттық, мазмұндық-тақырыптық, сәндік сурет
салуға үйретудің әдістері мен тәсілдері.
Бірінші сәбилер тобындағы сурет салудың өзіндік ерекшеліктері
Көрнекілікке, ойын элементтеріне, ойын - драматизациялар, такырыптын
бейнелілігіне негізделген үйрету тәсілдері. Екінші сәбилер тобындағы
балалардың көзқарастарын жетілдіру. Үйрету тәсілдердің ойындық сипаты. Бала
суретіндегі бейненің қалыптасуы, тақырыпқа қызығушылығы мен бейненің
нақтылығы үшін суреттер мен картиналар көрсету. Жұмыс тәсілдерін көрсету.
Тәрбиешінің іс - әрекетті сөзбен түсіндіруі. Балалар жұмыстарын талдау.
Естиярлар тобында балалардың заттың негізгі бөліктерін көре және
бейнелей білу қабілеттіліктерін дамыту. Көрнекілік пен бейнелі сөз
үйлесілімдігіне негізделген әртүрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі жас топтарында жүргізілетін мүсіндеуге үйрету жолдарының ерекшеліктерін анықтау
Үйретудің ойындық тәсілдері
Әртүрлі жас топтарында бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру
Естиярлар тобында сурет салу
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының балалардың бейнелеу шығармашылығын жетілдірудің теориясы мен әдістемесін толық игеруге бағытталған кәсіби дайындығын жетілдіру
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Бейнелеу өнерінің әдістемелік негіздері
Баланың мектепке дайындығының кейбір психологиялық аспектілері
Пәндер