Шетел интервенциясы мен азамат соғысының басталуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Шетел интервенциясы мен азамат соғысының басталуы.

Шетел соғыс интервенциясы мен азамат соғысының себептері,

Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісі шетел импе-
риалистерімен бірлесіп және олардың басшылығымен қимыл жа-
саған, құлатылған қанаушы таптардың өршеленген қарсылығын
туғызды. В. И. Ленин мұны болжап біліп, 1917 жылғы сентябрь-
дің өзінде былай деп жазған болатын: «Революция - ең шиеле-
ніскен, аласұрған, жанталасқан тап күресі және азамат соғысы.
Тарнхта бірде-бір ұлы революция азамат соғысынсыз болған
емес».

Совет өкіметінің 1917 жылдың аяғында-1918 жылдың басында елдің түрлі аудандарында, соның ішінде Қазақстандағы контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды, бірақ бұл әлі контрреволюция күштерінің біржолата талқандалғаны болып саналмайтын еді.

: Брест бітімін жасаудың нәтижесінде еліміз Советтер өкіметін нығайтуға, революцияның қарулы күштерін жақсартуға, социалистік құрылыс ісіне кірісуге қажетті тыныс алды. Бірақ бұл бейбіт тыныс алу ұзаққа созылмады. Шетел, империалистері мен ішкі контрреволюцияның біріккен күштері бейбіт тыныс алуды бұзып жас Совет республикасын соғысқа киліктірді. Антнсоветтік лагерьде соғыс өртін» сөндіріп. дүние жүзілік капиталистік системадағы үзілген буынды қайта жалғауға тырысқан шетелдік имперпалистік жыртқыштар жетекші роль атқарды. В. И. Ленин бүкіл дүние жүзілік империализм шынын айтқанда, бізде азаматтық соғысты туғызған және оның ұзаққа созылуына айыпты . . . » - дегенде нақ осыны атап көрсеткен еді.

"Шетел империалистері көп ұлтты Россияны өздеріне отарлық

тәуелді территорияларға бөлшектеуге, елдің табиғи байлықтарын тонап, оның еңбекші халқын қанауға тырысты. 1917 жылғы 10 (23) декабрьде Англия мен Франция Россияда «қимыл жүргізу сферасы» туралы құпия конвенция жасасты. Англияның «сферасына» Дон, Кубань және Кавказ аудандары, ал Францияның «сферасына» Украина, Бессарабия және Қырым енді. 1919 жылғы январьда Құрама Штаттардың Мемлекеттік департаменті жасаған, Париж бітім конференциясына баратын АҚІП делегациясына арналған «Россиямен арадағы ұсынылатын шекаралардын> картасында Россиядан Украинаны, Белоруссияны, Кавказды, Прибалтиканы, Орта Азияны, Қазақстан мен Сібірді бөліп алу белгіленді.

Империалистердің біздің елімізді, соның ішінде Қазақстан мен Орта Азияны бөлшектеуі, Совет өкіметін құлату олардың ойынша, отарлық езгінің бұғауынан титықтаған отар елдер мен тәуелді елдердегі революциялық және ұлт-азаттық қозғалысының жалынын өшіруге тиіс болды.

Шетел империалистері елімізде, соның ішінде Қазақстан мен Орта Азияда интервенция мен азамат соғысын белсене әзірлеп жатты. 1918 жылдың жазында Ташкентке шпион әрі диверсант Ф. Бейли бастаған ағылшын әскери-дипломатиялық миссиясы келді. Оның ресми міндеті советтік Түркістан үкіметімен байланыс орнату болды, ал іс жүзінде миссия контрреволюцияшыл күштермен, соның ішінде, астыртын жағдайдағы ақ гвардияшыл «Түркістан әскери ұйымымен», атаман Дутовпен және казак әскерлерінің ақ гвардиялық-кулактық үстем тобымен қарым-қатынас орнатуға тиіс еді. «Түркістан әскери ұйымы» басшыларының бірі Зайцев 1918 жылғы октябрьде атаман Дутовқа жолдаған баяндауында былай деп ашық жазды: « . . . Мен құрамында болып, жұмыс істеген Түркістан әскери ұйымы большевиктерге қарсы бірлесіп қимыл жасау туралы ағылшын үкіметінің өкілдерімен келісімге келді. Ағылшын үкіметі біздің үйымға ақша, қару, оқ-дәрі және күрес жүргізудің түрлі техникалық құралдарын беріп көмек көрсетуге, ал кажет болған жағдайда - қарулы күшпен қолдауға келісім берді. Ал ағылшын үкіметі өз уәдесін дәлме-дәл орындап келеді».

Шетел империалистері Орынбор, Сібір, Орал, және Жетісу казак әскерлерінің билеп-төстеуші офицер-кулак топтарына көп үміта рттыры.

1918 жылғы 28-29 мартта Орал ақ казактары алашордашылардың көмегімен Орал қаласында антисоветтік төңкеріс жасады. Ақ гвардияшылар қаланы, одан кейін Орал облысының көптеген жерін басып алды; олар коммунистерді, совет қызметкерлерін аяусыз жазалайды. 3. Половинкин, П. Нуждин, П. Червяков, С. Пужалин, П. Морозов және Орал облыстық атқару комитеті мен Орал қалалық Советінің басқа да мүшелері айуандықпен өлтірілді. Облыстық атқару комитетінің председателі П. А. Дмитриев түрмеде уланып өлді, Гуревте Қалалық Советтің 9 мүшесі атылды, Ақ казактардан алашордашылар да қалыспады. Олар белсенді совет қызметкерлері С. Сүйіншиевті, С. Молдабаевты, М. Саржановты, М. Жанұзақовты және басқаларын айуандықпен өлтірді. Кернекті совет қызметкері Ә. Әйтиевті ез үйінде жасырып ұстағаны үшін С. Козловский деген шаруаны ақ гвардияшылар мен алашордашылар жерге тіредей көміп өлтірді.

1918 жылғы 2 апрельде Орынбордан В. И. Ленинге мынадай телеграмма жіберілді: «28 мартта Орал облыстық Советі Орал казактары мен әскери үкімет тарапынан талқандауға ұшырады. Совет мүшелерінен және Советтің жұмысына қатысы бар қызметкерлерден 60-қа жуық адам қамауға алынды. 17-18 мүшесінің [Советтің] құтылып шығуының сәті түскен, жолдастардың біразы Орал қаласынан Саратовқа өткен, ал екі адам, соның ішінде Совет председателі Колодоз Орынборға келді. Советтің қамауға алынған мүшелерін ұрып-соққан, олардың қол-аяғын бұраған, тырдай жалаңаш шешіндіріп, ақ қардың үстіне айдаған, қамшының астына алып, найзамен шанышқылаған . . . Оралда көп күш жинақталған және Дутовтың отрядтарынан, Астраханьнан қашқандардың бәрі, Самара помещиктері осында жасырынып жүр».

Ақ казактар мен алашордашылар Совет өкіметіне қарсы күресте бірлесіп қимылдады, Орал ақ казактарының 1918 жылғы майда болып өткен съезі «облыстық қырғыз съезі мен оның үкіметін . . . оның казактармен бірге большевиктерге қарсы ашық күрес жүргізу жолына түсуін құптады».

Большевиктер басшылық еткен Саратов Советі Орал «әскери үкіметінен» Советті қалпына келтіруді және қамаудағы совет қызметкерлерін босатуды талап етті. Бірақ бұл талап қабылданбады. 1918 жылғы июньде Оралға келген Бүкіл россиялық Орталық Атқару Комитеті жанындағы Казак комитетінің мүшесі Ф. М. Неусыпов Орал казак әскерлерінің «әскери үкіметіне» уақытша бітім жасау туралы ұсынысты тапсырды. Ақ казактар қандай да болса келіссөз жүргізуден бас тартты. Ф. Неусыпов қамауға алынып, әскери-дала сотының үкімі бойынша атылды. . Совет өкіметі орнығып нығайған аудандардан қашқан ақ гвардияшылармен, сондай-ақ алашордашылар отрядтарымен қатары толыға түскен Орал ақ казакрарына қарсы қарулы күресті қызыл гвардия отрядтарынан кұрылған. Ерекше армия жүргізе бастады. Оның құрамында 3600 жаяу әскер мен 575 атты әскер, 18 зеңбірек болды, Николаев уезінің әскери комиссары В. Й. Чапаевтың қызыл әскер отряды да оның

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интервенцияның себептері және басталуы
Азамат соғысы жəне шетел интервенциясы жылдарындағы кеңес мемлекетінің сыртқы саясаты (1918–1920 жж. )
Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында (1918—1920)
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан
Тоталитаризм жағдайындағы Қазақстанды модернизациялау
1922 – 1924 жж. Ақша реформалары туралы ақпарат
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
1922-1924 жж. ақша реформалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz