Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері


Лекция тезистері:
Лекция-1. 1. 1 «Педагогика тарихы» курсы пәні және міндеттері.
Қандай да болмасын ғылым салаларының пайда болуы және дамуы қоғамның өмірлік қажеттілігінен туады. Мысалы, химия, физика, биология - өзімізді қоршаған табиғатты тану ғылымдары ретінде, философия экономика негіздері - қоғамдық құбылыстарды, психология - жеке тұлғаның санасы мен мінез - құлық ерекшеліктерін тану қажеттілігінен пайда болды.
Философиялық ой - пікірлерден бастау алаған педагогика тарихы тәрбиеге байланысты бірте - бірте жинақталған теориялар мен қағидалар және фактілерді ой елегінен өткізіп, тәрбиенің мәнін даму заңдылықтарын түсіндірудің басты құралы, әртүрлі педагогикалық құбылыстарды жан - жақты зерттеудің ғылыми және әдістемелік негізіне айналды.
Педагогика тарихы өткен дәуірде қол жеткен тәжірибелерді зерттеп, пайдалануға үлкен мән береді.
Педагогика ғылыми пән ретінде қоғамдық құрылыс пен өндірісті сақтап дамытуға, өсіп келе жатқан ұрпақты мақсатты түрде неғұрлым нәтижелі даярлауға деген қоғамның қажеттілігінен туған.
Мұндай маңызда да күрделі мәселелерді шешу үшін, адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің оқу - ағарту, білім беру ісінің тарихында хранологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды. Демек, оқу - ағарту мен білім беру тарихи бетін ашып беретін, оның теориясын жасайтын пән педагогика тарихы. Дәлірек айтсақ, педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың, содан туындайтын оқу - ағарту ісінің дамуын зерттейтін ғылым.
Өткен дәуірде алдыңғы қатарлы педагогтар мен көрнекті ойшылдар тәрбие мәселесіне көптеген бағалы педагогикалық идеяларды ұсынды.
Педагогика тарихының дамып жетілуі - ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде қалыптасып, ежелгі грек философиясының өкілдерінің еңбектерінде саясат, тәрбие мемлекет, жеке адам туралы құнды пікірлермен жалғасын тапты.
Педагогика тарихынан туындайтын тәрбие - белгілері тарихи жағдайларда ғана көрініп және жойылып отыратын басқа қоғамдық құбылыстарға қарағанда ол демек, тәрбие мәңгі бақи категория қатарына жататындыға ғылымда анықталып отыр. Сонау орта ғасырда адамзат ілімінің молаюын, ақыл - парасатының жетілуін, оқу -ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын анықтауда, орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі - тәрбие, оның теориясын жасаушылырдың төлбасы - Әбу Насыр Әль- Фараби болды. Фараби ғылымды жіктеуде педагогиканы азаматтық ғылымға жатқызды. Фарабидің оқу - тәрбие, білімнің теориясының негізінде салғанын «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты еңбегінде айқындала түскенін, ағылшын социалист утописі Томос Мордың (1478-1535) өз тәжірибесінде қалай пайдаланғанын анық көреміз.
Педагогика тарихынан белгілі болғанындай, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие, оқу, еңбектің жемісі деп қарастырды. Жүсіп Баласағұн ХI ғасырда Фараби ілімін жалғастыра отырып, өзінің «Құтты білік» дастанында отбасы тәрбиесінің негізін салды. Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати « Тарихи Рашидиде», Қадырғали Қосымұлы Жалаири «Жылнамалар» атты еңбегінде, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи; Омар Хайям еңбектерінде бір ғана еңбек тәрбиесінің маңызы мен мәні, оның адамгершілік, ақыл - ой тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХII ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында да, қазірдің өзінде философтардың қай - қайсысы болмасын тәрбие мәселесінен айналып өтпейді. Осының өзі педагогика тарихының проблемасының қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.
Мұндай тәрбиелік тағылымдар мен педагогикалық ойлар және оқу үрдісінің үлгілі тұжырымдары күні бүгінге дейінгі әлеуметтік - қоғамдық дәуірде ұштасып, өзінің тарихи шешімін тауып отыр.
Қоғамдық өмірдің оқыту және тәрбие теориясы мен практикасы сияқты ең қажетті құбылысына бұл қағиданың тікелей қатысы бар.
Педагогика тарихы зерттегеніндей, педагогиканың өзі ғылым ретінде философиямен бірдей деңгейде келеді. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Френсис Бэкон (1501- 1626) 1623 жылы өзінің «Ғылымның қадір - қасиеті және жетілуі» трактатын жазды. Бұл еңбегінің ол ғылымдарды жіктей отырып, педагогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде қарастырды. Сол кездің өзінде - ақ педагогиканың өзінің статусы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592 - 1670) еңбегінде беки түсті. Оның «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» атты еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасы тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның басты мәселелерін шешіп берді.
Педагогика тарихында ХII- ХХ - ғасыр аралығында оқу - тәрбие мәселерінің өрбуі мен шешілуі ұлы өзгерістер әкелді. Педагогикалық теорияны дамытушы педагогтар қатары әр елде өсті. Әсіресе, Ресей озық педагогикалық ойдың отанына айналды. Олар : К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, В. И. Водовозов, Л. И. Толстой, 60 жылдары орыстың революционер педагогтары Н. Г. Чернышевский, В. Г. Белинский, А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов сынды педагогтар педагогиканың демркратиялық бағытта дамуына және халық оғарту проблемаларының түпкілікті қайта құрылуы және шешілуі халық революциясына тәуелді екенін дәлелдеді.
Халқымыздың ардақты ұлдары, өз елін прогресс жолымен қарай бастаған Шоқан, Абай, Ыбырай да сол дәуірдің - қазақ даласына одақтас елдердің озық мәдениеті иен ізгі әсерін жая бастаған дәуірдің жаршысы болды.
Демек, Қазақстандағы педагогикалдық ой - пікір ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы, түптеп алғанда қазақ халқының ұлы ағартушыларының әлеуметтік - саяси, философиялық және этикалық көзқарастармен өзекті байланыста дамып жатты.
1999 жылы жазылған «Әйел - жұмысшы» атты алғашқы еңбегімен Ресейдегі жұмысшы әйелдердің тұрмысын, өмірін ашық көрсеткен, көрнекті педагог - Н. К. Крупская бала тәрбиесіне сол кездің өзінде жаңаша қарады.
Осы кезеңдерді көрнекті педагог А. С. Макаренкоөзінің «Ұстаз дастан», «Мұнара үстіндегі ту», «Қиын бала тәрбиесі» атты ұғым мен тәрбиенің жаңа сипаттағы мазмұнды да құнды түрін енгізді.
1910 - 1930 жылдар арасында Қазақстан педагогтары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов елеулі педагогикалық еңбектерімен көзге түсті. А. Байтұрсынов қазақ тілі білімінің негізінде, мектепке арнап қазақ тілі оқулықтарын жазды. М. Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулығымен, баланы бесіктен бастап тәрбиелеу жөнінде ұсыныстар енгізіп, әдестемелік құралдар жазудың үлгісін көрсетті. Сондай - ақ, жазушы ретінде мектептің ұйымдастыру ісін, мектептің алғашқы қадамдарын шығармашылығына пайдаланды. Ж. Аймауытов «Жантану». «Педагогика» оқулықтары арқылы психология мен педагогикалық пәнаралық байланыстың негізін салды. Педагогикағылымына С. Аспандияров, Х. Досмұханбетов, С. Әлжанов, Б. Қожахметов, Т. Тәжібаев сынды көрнекті педагогтар оқу - ағарту ісін ұйымдастыруда елеулі еңбек етті.
1. 2 Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысы
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары: Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту методикасы, кәсіптік - техникалық білім беру педагогикасы, әскери педагогика, мәдени - ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс - еңбек педагогикасы пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика үйелмендегі, балалар бақшасындағы, демек, мектепке жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді.
Мектеп педагогикасы кіші, орта және жоғары жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін зерттейді.
Педагогика тарихы - педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдердегі педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болды.
Педагогика тарихы пәні басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Өйткені, адамды жан - жақты жәке және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олардың бәрі - философия ғылымы.
Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білу танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Педагогика тарихы ғылыми философиялық білімдерді басшылыққа алып, тәрбиенің және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.
Педагогика тарихы нақты тарихи нмәселелерді зерттеп, жинақтауға социология ғылымының маңызы зор. Социология ғылыми әлеуметтік ортаның адамға ықпалын, адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты қарастырады. Жас ұрпқты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика тарихы әлеуметтік орта мен тәрбие жайындағы мәліметтерді социология ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
Педагогика тарихы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет - ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық - экономикалық формацияда оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика тарихы сол формациядағы халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбр жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.
Педагогика тарихы бүгінгі ғылыми зерттеудің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.
1. 3 Педагогика тарихының зерттеу мәселесі, мақсаты мен міндеті
Қазақстан Үкіметі қабылдаған «Білім туралы» заңның «білім жүйесі» деп аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген, адал патриот азамат даярлау . . . олар мемлекеттік белгілердің мәні мен мазмұнын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін . . . халықтар досығының негізінде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген . . . Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт - дәстүрі мен әдет ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек» делінген.
Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы - оқып, білім алып жатқан жастар.
Жастарға педагогика тарихының пәнінің қыры мен сырын, ғылыми - педагогикалық тұрғыдан игерудің теориясы мен әдіс - тәсілдерін меңгерту мәселесімен педагика тарихы пәні айналысады.
Зерттеу объектісі педагогика тарихы. Педагогика тарихы ғаасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдерңне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесінің эмприкалық жиынтығы.
Педагогика тарихы ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс - тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы.
Педагогика тарихының мақсаты - отанын, елін, жерін сүйетін, жан -жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.
Педагогика пәнінің міндеті тәрбие түрлерін жастарымыздың бойына сіңіріп, білім, білік, дағдылырын дамыту, сөйтіп ден еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайыда өмір сүруге икемді, жан - жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, жастардың қайрат жігерін, ақыл - ойын, педагогика тарихын оқытып тәрбиелеу арқылы әске асырылады.
Педагогика тарихы пәнін оқытып, меңгерту үшін, ең алдымен педагогика тарихының негіздерін үйретуден бастауға тура келеді. Ал ол тарихи ұғымдардың қалыптасуын, тарихи ерекшеліктері мен оның әлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталды.
Сондықтан педагогка тарихы пәнін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытудан бастаған жөн.
Педагогика тарихы пәні - ғылымдар саласындағы зертеудің негізгі бағыттарын анықтай отыра, қоғам құбылысының тәжірибесін зерттеп және теориялық жағынан жинақтауды, қоғамның экономикалық саяси және мәдени дамуының негізгі заңдылықтарын анықтауды, тәрбие проблемаларын зерттеуді талап етеді.
Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді.
Осыған байланысты қазіргі кездегі педагогика тарихы ғылымының басты міндетінің бірі - дүние жүзіндегі ең бірінші мектептің құрылу тәжірибесін шын ғылыми түрде жинақтап зерттеу болып саналады.
Педагогика пәнінің міндеті -мұғалімнің педагогикалық білімі мен шеберлігінің қалыптасуына әсер етеді, олардың тәрбие мәселелерін дұрыс шешуіне көмектеседі.
Педагогика тарихының пәнін, міндетін, дамуы мен пайда болуын білу арқылы мұғалім жан -жақты және алған білімдерін тереңдетіп, ұштастыра отыруды көздейді.
Нәтижесінде педагогика тарихының жалпы негіздерін, педагогикалық теориялардың даму эволюциясын игеріп, іскерліктері мен дағдыларын меңгеру қажет.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар:
1. Педагогика тарихының мақсаты мен міндетіне сипаттама беріңіз.
2. Педагогика тарихының басқа ғылымдармен байланысын сызба түрінде көрсетіңіз.
3. Педагогика тарихы пәнінің пайда болуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз.
4. Педагогика тарихы пәнінің зерттеу обьектісіне сипаттама беріңіз.
2-лекция
Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы
1. Алғашқы қоғамдағы тәрбие
Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы - рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф. Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің рөлі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралып жасаудан басталады деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құралдарын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретуді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.
Ф. Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке семья болған жоқ деп көрсетті. Сондықтаи балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің коллективтік жұмысы болды. Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрыпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт-сананы сақтауға үйренді.
Алғашңқ қоғам тапсыз болды, соған сәйкес қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнер кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан-жақты жәке жоспарлы іске айналды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесіні құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т. б. шыға бастады.
Тэрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі - рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектін бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.
Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке семьяның шығуына байланысты алғашқы қогам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке семья тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесінен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуын алдын ала болжау, адамдарды емдеу т. б. сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем таптың балалары тәрбиеленді. Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен қанағаттанатын болды.
2. Құлдық қоғамдағы тәрбие және мектеп
Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашңы қоғам орнына құлдың қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды. Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер қүрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді.
Қолдан суарып егін егумен шұғылданған жергілікті халық өзендердің суы таситын мезгілдерін дұрыс пайдалануға тырысты. Жыл мезгілдерді санау арқылы алдын ала болжау, су бөгеттерін салу әр түрлі ғылымдардың (астрономия, геометрия, арифметика, медицина) дамуына себеп болды. Діни мектептермен қатар кітап көшірушілер даярлайтын мектептер де пайда бола бастады. Сол дәуірден сақталған кейбір қолжазбаларда тәрбиенің мақсаты, оған қойылатын талап туралы, балалардың мінез-құлқы жөнінде құнды пікірлер айтылған. Осы Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция және Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Ежелгі Греция бірнеше құл иленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Аттика (орталығы Афины) және Лакония (орталығы Спарта) болды.
Спартада құлдарды қатал қарауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті. Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді. Спартада үстем тап балаларына әскери тэрбие берілді. Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Балалардың денесін шынықтыру, аштыңқа, суыңқа, шөлге, қиындыққа шыдамды етіп жаттықтыру, әскери жаттығуларға уйрету (жүгіру, секіру, күрес, жекпе-жек, әскери әндер айту, найзаласу) ойыны жүргізілді. Әскери ойындар ұйымдас-тырылды, музыка, ән айту және діни билер үйретілді. Мұнда оқу және жазуға үйретуге өте аз көңіл бөлінді. Спарта тәрбиесінің мақсаты қатаң тәртіпке және құлдарға деген қайырымсыздыққа тәрбиелеу болып табылды.
Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді. Балалар анық және қысқа сөйлеуге үйретілді. 18-20 жастағы жігіттер әскери қызметке алынды. Қыз балаларға да әскери және дене тәрбиесін беруге көп көңіл бөлінді.
Афиныда біздің жыл санауымызға дейінгі V-IV ғасырларда ғылым және мәдениет едәуір дамыды. Әсіресе, жаратылыс, математика, тарих, скульптура, құрылыс өнері өркендеді. Бұл Афинының ертедегі Шығыс елдерімен тығыз сауда жасауына байланысты болды. Афиныда дене тәрбиесімен қатар басқа тәрбие түрлеріне де көп көңіл бөлінді. Құл иеленушілердің балаларына жан-жақты тәрбие (ақыл-ой, моральдық, эстетикалық және дене тәрбиесі) берілу керек деп есептелінді:
Құл иеленушілердің жеті жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды. Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді. Ер балалар 7-ден 13-14-жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды. Бұл мектептерде ер балалар екеуін қатарынан немесе әуелі грамматист, кейін кифарист мектебінде оқыды.
Афиныда мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті. Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды. 13-14 жасында ер балалар палестра (күрес) мектебіне көшіріліп, онда 2-3 жыл дене шынықтыру жаттығуларының жүйесімен (жүгіру, секіру. күрес және найзаласу) таныстырылды, жүзуге үйретілді, Мектепте саяси және моральдық тақырыптарға әңгімелер өткізілді.
Ерекше бай семьялардың балалары әрі қарай гимназияда философия, саясат және әдебиетпен танысып, мемлекеттік басқару ісіне араласу үшін белгілі дайындық алды. 18 және 20 жастағы жастар әскери дайындық алумен қатар саяси білімдерін дамытты. Олар бекіністер салу, қала гарнизонында әскери қызмет атқару, теңізде жүзу ісімен шұғылданды.
Құл иеленушілерден басқа жай халықтың (демостың) өз балаларын мектепке оқытуға көбінесе мүмкіндігі болмады. Олар балаларын қолөнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды. Ал құлдар тек «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz