Шетел тіл біліміндегі психолингвистикалық зерттеулер


Тіл білімі қазіргі уақыт пен ғылым тынысына сәйкес дамып, лингвистикада жаңа бағыттар мен салалардың қалыптасуына ықпал етті. Бұл ғылымдағы жаңа бағыттар мен ағымдар тың ізденістерге жол ашты.
Қазіргі заман лингвистикасында тіл негізінен түрлі қырынан зерттеліп келеді деуге болады. Олар гендерлік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика, когнитивті лингвистика, прагмалингвистика, лингвопсихология, паралингвистика, психолингвистика сияқты жаңа салалардың ғылыми негізін зерделеп тануға ықпал етті.
Қазіргі қазақ тіл білімінде адамның сөйлеу әрекетін, оның механизмін зерттейтін психолингвистиканың қалыптасып дамуы - арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Демек, психолингвистиканың аясы кеңіп түрлі салада қызмет атқаруы байқалады. Ол - мәтін психолингвистикасы, яғни қазақ тіліндегі мәтіндердің психологиялық және лингвистикалық тұрғыда зерттелуі. Бұл зерттеу жұмыстары соңғы ғасыр ширегінде ғана қарастырыла бастады. Алайда, адамзатқа тән табиғи, физикалық, биологиялық, психологиялық т. б. құбылыстарды зерттеу көне дәуір философтары мен психологтарынан бастау алады. Атап айтсақ, «Жан туралы» трактаттың авторы Аристотель (б. э. б. 384-322) әлемдік әдебиетте теориялық психологияның негізін салса, Ф. Бэкон (1561-1626) жанның атқаратын әрбір қызметін ашып берді.
Пифогор (б. э. д. VІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, әрі матиматик) психология тарихында бірінші болып сезім мен көңіл - күйдің физикалық өзгеруін тапты. Ал, адамның ойы мен сезіміндегі психологиялық процестерді атақты ғалым А. Потебня (1835-1891) тіл мен сананың бірлігі тұрғысанан қарастырып, тың жаңалықтар ашты.
Сондай-ақ, Г. Ф. Гегель, К. Н. Юнг, З. Фрейд, М. Монтень, А. Шопенгауэр, Сократ, Платон, Ф. Ницше т. б. секілді ойшылдар өз еңбектерінде адамның жан жүйесі жайлы әр деңгейде өз пікірлерін білдіріп отырған.
А. Н. Веселовский, Л. Н. Выгодский, О. М. Фрейденберг, В. Я. Пропп,
М. М Бахтин, Л. Линзбург, И. ВСтахов секілді белгілі ғалымдар көркем өнер туындыларының поэтикасы, олардағы психологиялық құбылыстар мен көркемдік бейнелеу құралдары, олардың шығу тектері, өзге де өнер туындыларының поэтикасы секілді т. б. теориялық мәселелерді қозғады. Демек, ғылымында психологизмді лингвистикамен ұштастырып зерттеудің тұсауын кесіп берді.
Психолингвистика ғылымы сөйлеу қабілетінің механизмдерін, оның құрылысын, сондай-ақ, сөйлем құрамындағы ойдың, логиканың қатысуын қарастырады. Оның негізгі қызметі - ойлау мен танымды, сезімді байланыстыру; жарыққа шыққан әрбір сөйлемді лингвистикалық және психологиялық тұрғыда бағалау; психологиялық үйлесімділікті грамматикалық заңдылықтармен өзгертудің формальді моделі; сондай-ақ, санада қортылып, сигнал арқылы түйсікке әсер еткен информацияның мида сарапталу нәтижесі. Соның негізінде, психолингвистика адам тарапынан қабылданған ақпарлардың миға «құйылу», «кодтау және декодтау» процесін қарастыру ғылымы болып саналады.
Психолингвистикадағы мәтін жай ғана сигнал емес, ол сегменттеуге келетін, әрі сезім мүшелеріне тікелей әсер ете алатын күрделі факторлар жиынтығынан құралады. Себебі, мәтін - тілдегі ең негізгі, әрі көп компонентті құрылым. Ондағы психолингвистикалық зерттеулер адамның сөйлеу механизімінің құрылысы мен әрекетіне белгілі бір мөлшерде физиологиялық және тілдік тұрғыда талдаулар жасай алады. Сөйлеу кезіндегі артикуляциялық мүшелердің қызметі процесіндегі функционалды жүйені бақылайды. Демек, психолингвистика қазіргі заман талабының сұранысына толықтай жауап бере алатын «универсалды» ғылым саласы болып табылды. Сондықтан да психолингвистика қазіргі күнде өз алдына дербес пән ретінде танылып, анықталды.
Шетел тіл біліміндегі психолингвистикалық зерттеулер
Бұл ғылым саласы шетел тіл білімінде 1953ж бастап зерттеле бастады. Ол Блумингтон қаласында өткен университет аралық семинарға қатысты болды. Оған қатысушы ғалымдардың ішінде американдық психолог Дж. Кэролла мен Ч. Озгуд қатысты. Сондай-ақ, өз пікірін білдіруге этнограф Т. Шебеко да арнайы келді. Ғалымдар қатарында лингвисттер де өз үлестерін қосты. Олар: Дж. Гринберг, Ф. Лаунсбери, Э. Леннеберг, Дж. Лотц, Э. Луинбек т. б азаматтар қатысты. Ғалымдардың анықтауы бойынша, психолингвистиканың сол кездегі міндеті - сөйлеушінің кодтау және декодтау белгісінің процесін қарастыру болды.
Ч. Озгуд өз тарапынан сөзді айтып, жеткізудің үш деңгейлі моделін ұсынады, яғни сөйлеу кезіндегі дыбыстардың елеулі физикалық сипатына байланысты құбылыстарды бақылайды; сөйлеуші мен тыңдаушының санасын суреттеуге ұмтылады. Кодтау және декодтау процесіне байланысты модельді қарастырып, кесте арқылы жете түсіндіруге тырысады. Ал, Н. Хомскийдің жұмыстарында грамматикалық зерттеулер қарастырылды. Онда негізінен, тілдік қабілеттің психолингвистикалық модельдері жасалды. Бұл зерттеудегі синтаксистік модель өз ерекшелігімен көзге түсті.
Миллерлік психолингвистика - сөйлеу механизмінің трактовкасын тереңдете түсті. Ғалым: «Адамның миы лингвистикалық сигналдармен қоректенетінін психолог ғалымдар бұрыннан түсінген. Лингвистер грамматика мен сөйлеудің механизмдері қандай да бір психоәлеуметтік қозғаушы күштермен меңгеріледі деген ойда . . . Негізгі психолингвистикалық мәселе - ол сөйлемдермен іс - әрекет функциясының бірлігі» деген ойды негізге алды. [ ]
1963 жылы француз ғалымдары психолингвистикалық мазмұнда екі жинақ шығарған. Жинақтың алғашқы басылымында психолингвистиканың жалпы мәселелері қарастырылады. Ал, екінші жинақта коммунакация түрлері және оның формалары зерттелінген. Жалпы, Францияда психолингвистикалық зерттеулер 1933 жылдан басталған. Бұл салада өз еңбектерін сіңірген ғалымдар Андри Валлон, Игнос Мейерсон, Рене Зазо және т. б. психологтар болды.
Француз зерттеулер көбіне адамның сөйлеу әрекетімен байланысты болды. Ал, мәтін жөнінде зерттеулер жүргізілмеді. Мәселен, француз психологы Джорж Полицердің айтуы бойынша, адам психологиясы психикалық фонемдер арқылы игерілуі керек емес, нақты әркет еңбек пен оқуда дейді. Ал, Андрий Валлонның негізгі идеясы бойынша, адам - биологиялық тіршілік иесі болып табылады; яғни психологияның мақсаты - әрбір аспектіде адамның даралап көрсету болады . Сонымен бірге, Поля Фрейстің психолингистикадағы көзқарастары мынадай болды: «Вербалдық рұқсат пен талап ситуациясы арасындағы диалектикалық қатынас тілі ішкі шекарасы мен талап мінезіне байланысты болып келеді» демек, франция еліндегі психолингвистиканың зерттеу нысанында толығымен адам бейнесі, сөйлеу әркеті болды; адам тұлғасы стимулдарды қабылдайтын, оған реакция беретін «тіршілік иесі» ретінде қарастырды. Бұл зерттеу жұмыстарына көбіне француз психологтары ғана атсалысқан.
Психолингвистика жөніндегі негізгі ойлар баспа бетінде де жарық көре бастады. Мәселен, Ф. Брессонның мақаласы психологиялық мән - маңызды сипаттаудан тұрды. Ол әр түрлі жүйелердің қарым - қатынасын зерттеді. Ж. Пиаженің мақаласында көтерілген мәселе: сөз және оның интелектуалды операциясынан тұрды. П. Олерон вербалды әдет - дағдыларды, сөзді тууына байланысты мәселелерді қарастырды.
АҚШ-та негізгі қиындық грамматика мәселелері жайында туды. Француз психолингвистері «әлеуметтік лингвистиканы» қалай атауға болады деп, ғылым саласындағы туындаған жаңа мәселелерді қарастырумен болды.
Германияда сөйлеу психологиясы В. Вундттың көзқарастарының әсерінен пайда болды. Бұл әсерді 10-20 жылдардағы еңбектерден байқауға болады, ол немістің «гештальт» теориясымен байланыста қаралды.
Немістің ғалымы О. Дитрих идеясы бойынша, «тек қана тіл немесе әрбір сөйлеу актісі мен сөйлеу түсінігі жай ғана әрекет емес, керісінше олар күрделі психофизиологиялық дәйектеме» деген қорытындыға келді. Жалпы, О. Дитрих психолингвистикасы негізгі пән ретінде психологиямен де, линвистикамен де ұштасып жатты. [ ]
Немістің сөйлеу пихологиясында ерекше орны бар Карл Брюлер болды. Оның тіл жөнінде жүргізген зерттелері жаңа ғылымға ешқандай үлес қоспады.
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда сөйлеу психологиясы бір жақты болды. Сөйлеу психологиясындағы негізгі мәселе фонетикамен байланысты қаралды.
Ф. Кайнцтің әйгілі «Психология языка» деген 5томдың еңбегінде Лео Вайсгербердің «гумбольдтық» емес лингвистикасы психологиялық дәйектеме ретінде батыс герман ғылымында өте белсенді қолданылатындығы көрсетілді. Бұл неміс психологиясында дәстүрлі ғылым саласы ретінде қалыптасты. Сонымен бірге, шетелде психолингвистикалық зерттеумен айналысқан румын психологы Татьяна Слама - Казак болды. Ол бірыңғай фонетикалық жұмыспен айналысқан. Оның еңбегінде негізінен үш басты мәселе тұрды:
- балалардың сөйлеу әрекетінің дамуы;
- семантикалық проблемаларды контексте көру;
- тіл жүйесі;
Т. Слама -Казак сөйлеу механизмінің құрылысына көңіл бөлгенімен, негізгі үлгі тілдің функциясында болды. Бұл жайында «Мутон» баспасынан шыққан «Язык и контекст» деген еңбегінде айтады. Ал, З. Фрейд жалпы адам психикасына, шығармашылық психологияға, көркем өнерге қатысты теориялық - психологиялық талдаудың жаңаша бағытын ұсынды. «Поэт и фантазия» атты туындысы арқылы ол психологиялық талдаудың үздік үлгісін танытты. Ғалым ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен, бертін келе оның адам психикасын зерттейтін аумағы кеңейіп, өзге өнер салаларында, соның ішінде әдебиет әлемінде де көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастады. Әсіресе, психологиялық талдау тәсілі адамның ішкі жан дүниесін, адам психикасын жаңаша талдап, тереңдей зерттеуде таптырмас көркемдік бейнелеу болып табылды. Бұл тәсіл әдебиеттегі психологизмнің жан-жақты өркендеп өсуіне, психологиялық прозаның философиялық, эстетикалық, көркемдік құндылықтарға қол жеткізуіне көп үлес қосты.
Л. Гинзбург көркем шығармадағы психологизмнің табиғатын танытар белгілерді атап өтеді: «Автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы, рухани әлемді бейнелеудің жанама тәсілдері, сыртқы қимыл көріністері, бейвербалды ишараттар т. б. бәрі автордың аналитикалық талдауы арқылы беріледі. Олардың ішінде кейіпкердің ішкі монологы, ішкі сөзі ерекше орын алады» [36; 33] .
Психологиялық прозаның жанрлық ерекшелігі Л. Гинзбургтың айтуынша, кейіпкердің рухани өмірі мен іс-әрекетінің жан-жақты жүйесінде, көп сапалы қақтығысында, аналитикалық психологизмде, олар кейіпкердің сезіміне сәйкес келмейтін әрекеттерін, оның себеп салдарын талдап, түсіндіруге бағытталған.
Сөз өнеріндегі психологиялық талдаудың тағы бір озық үлгісін ұсынған Швейцариялық ойшыл, психолог ғалым К. Г. Юнг ұжымдық психологизмді жалпы адамдық сана астарынан, оның өзгертілмеген образды түрі - архетиптен іздеді. Негізгі архетип ұжымдық бейсаналылық, ол архаикалық рәсім - салттарда, аңыздарда, символдық тұспалдауда, наным-сенімдерде, психологиялық актыларда көрініс тауып, кейін көркем өнер туындыларында дамытылып, жалғасқан құбылыс. Осы ретте К. Г. Юнг адамды психология ғылымы мен көркем әдебиет екі түрлі бағытта және екі түрлі мақсатта зерттейтінін, әдеби шығармаға психологиялық әдістемемен келу бір басқа да әдеби-көркемдік, тілдік тұрғыдан талдау мүлдем өзге өрнекте өрістейді деп ескерткен. [35; 105] .
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы ғылыми бағыт психолингвистикадаға жақынырақ болды. Жапондықтар оны «гэнго сейкацу» деп атады. Оның мағынасы «языковое существование». Бұл теорияның негізгі мақсаты - тілдік актіде оқыту болып табылады. Ол массалық коммуникация мен сөйлеу мәдениетімен байланыста жүрді.
Лондондық мектепте лингвисттердің жұмысы Б. Малинов дәстүрімен байланысты болды. Сөйлемді түсіну мен оны қабылдау, есте сақтау жайында Польша психологы В. Щевчук монографиясында жарияланды.
Чехословакияда психолингвистикалық зерттеумен М. Седлаков айналысты. Алайда, шетел тіл біліміндегі зерттеу жұмыстарының барлығы тек бір жақты болды; яғни адамның психикасы, бейнесі. Сондай-ақ, сөз, оның мағынасы, мәні. Қабылдау әрекеті, кодтау және декодтау процесі.
Демек, шетел тіл білімінде жүргізілген жұмыстардың барлығы психолингвистика ғылымында жеткілікті деп айта алмаймыз.
Мәтін психолингвистикасының орыс тіл білімінде
зерттелуі
Психологиялық мәселелер жөніндегі ойлар мен анализдердің мүмгіндігі ғылыми тұрғыда жүргізілген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесі көркем мәтінді қабылдауға, түсінуге, сезінуге, сонымен бірге, сөйлеу жүйесінің теориялық тұрғыда қалыптасқандығын көрсетті. Алайда, бұл ғылым саласының тарихы Одақ көлемі мен шет елдерде ғана арнайы зерттеліп, келелі теориялық проблемалар мен әдіснамалық арналары жайында іргелі талдаулар жүргізіліп, көптеген еңбектер жарық көрді. Олар белгілі орыс ғалымдарының психологтары (Л. С. Выгодский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубенштейн, А. Р. Лурия т. б. ) мен лингвисттерінің (И. А. Бодуэн де Куртене, А. А. Потебня, Л. В. Щерба, А. А. Леонтьев) еңбектеріндегі алғашқы ойлармен, пікірлермен, тұжырымдармен толығып, кемелдене түсті. Кеңес еліндегі зерттеу жұмыстарының қорытындысы психологиялық негіздер мен лингвистикалық ойларды тоғыстырды. Зерттеу еңбектерінің барысы мен жобасы соңғы жылдардың ширегінде қайта өңделіп, кең көлемдегі психолингвистика атты ғылыми сала қалыптасты. Бұл саланың, яғни психолингвистиканың ең негізгі, әрі күрделі мәселелерді талқыланды. Мәселен, орыс ғалымдары С. Ф. Занько мен Л. А. Андрееваның «Лингвистика және психолингвистика» деген еңбегінде жете қарастырылады. [1; 123] Сонымен бірге, А. А. Залевскаяның «Введение в психолингвистику» [2; 85], В. П. Беляниннің «Психолингвистические аспекты художественного текста» [3; 98] т. б. ғалымдардың еңбектері жарық көре бастады. Аталған еңбектерде:
- мәтінді қабылдау, сезіну бір деңгейдегі процесс еместігі анықталды;
- мәтінді қабылдау негізінде сезімге берілген эмоционалды нәзік иірімдер қасиеті, терең ой толғамдар көрінісі мен сөйлеу жүйесінің элементтері көрініс тапты;
Орыс ғалымдарының жүргізген эксперименталды зерттеулер нәтижесі Ю. А. Сорокиннің «Психолингвистические аспекты изучения текста» [4; 1985] атты еңбегінде жүзеге асты. Онда мәтінді қабылдау процесінің белгісі ретінде, реципиенттің ой-санасында қабылданған, сана арқылы сараланған мәтіндегі субъектілік көзқарастармен көбіне автор ойына қайшы келетін көріністерді сипаттаған. Сондай-ақ, мәтінді қабылдау процесінде болатын психологиялық, физиологиялық белгілерді анықтады. Ол бір ғана мәтінді қабылдау процесінде әр реципиенттің өзіндік ерекшелігін, ойлау дәрежесін зерттеуге мүмкіндік берді.
Көркем мәтіндер әртүрлі болуына байланысты оларға біржақты мінездеме беру - өте күрделі мәселе. Мысалы, ғылыми мәтіндерде белгілі бір теорияның қорытындысы, анықтамасы берілсе, көркем мәтіндер түйсік пен эмоцияның көмегі арқылы адамның сезіміне әсер етуге бағытталады.
Көркем әдеби шығарманың мазмұны өнер әлемін танып қоюмен ғана шектелмейді, сонымен бірге, ішкі жан дүниенің сарайына, сезім әлеміне өзгерістер ендіріп, қабылданған ақпарат ми жадында сарапталады. Жалпы, адамзат жаратылғаннан бері өзін-өзі тануға деген талпынысы толастаған емес. Адам баласында болатын табиғи, биологиялық, физикалық, психологиялық, сезімдік құбылыстарды әр ғылым өз саласы бойынша зерттейді. Соның ішінде, әдебиет «адамтану» ғылымы деп есептеліп, адамзаттың « сүю, күю үшін, азап щегу үшін жаралған» [5; 192] жұмбаққа толы әлемін жан-жақты зерттейтін пән ретінде танылды.
Адам психикасы, оның құпиясы мен мол табиғаты, естілік және ессіздік сияқты т. б. психологиялық үрдістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарында жан талдау тәсілін тудырып, адам мәселесін тереңдей зерттеуге зейін қоя бастады.
Көркем шығарма дәлдігі - адамның ішкі әлемін, құпия - қалтарыстарын нақты бейнелеуінде. Демек, кейіпкерінің ішкі және рухани әлемін, іс - әрекетінің себеп - салдарын көркемдік тұрғыда зерделей зерттеп, жан - жақты тілдік талдаулар жасағанда ғана мәтінді психолингвистикалық тұрғыда бағалауға болады.
Ұлы суреткер М. Әуезов айтқандай, нағыз көркем прозаға « . . . психология араласпаса өзгенің бәрі сылдыр су, жабайының тақ - тақ жолы» деп берген анықтамасы дәлел. [6; 12] . Олай болса, ең алдымен әдебиеттегі психологизм не дегенге жауап іздер болсақ, әдебиеттегі ұғым - түсініктер сөздігіне сүйенеріміз хақ. «Литературная энциклопедия терминов и понятий» атты сөздікте: «Әдебиеттегі психологизм - шығарманың эстетикалық әлемін құрайтын кейіпкердің ішкі ойын, толғанысын, рухани күйзелісін терең әрі детальді түрде бейнелеу» -, делінген. [7; 835]
Мәтінді қабылдау арқылы оқырман өзінің парасаты мен эмоциялық жігерлі қасиеттерін дамытып, өзіндік эстетикалық, этикалық позицияларын айқындай түседі. Ойлауға, сезінуге, толғануға тән қасиеттерін жетілдіреді. Осыған байланысты орыс ғалымдары көркем мәтіннің психологиялық жағына баса назар аударып, ерте кезден бастап зерттеу нысандарына айналдырған. Жалпы, орыс тіл біліміндегі мәтіннің көркемдік айшықтарын психолингвистика тұрғысынан бағалауға көптеген ғалымдар еңбек етті. Олар көркем мәтінді лингвистика және психология тұрғысынан ғылыми түрде зерттеудің қажеттігін түсінді. Демек, психолингвистиканың негізгі қызметі - адамның сөйлеу механизмінің құрылысы мен әрекетін белгілі бір мөлшердегі тіл құрылысының көзқарасы тұрғысынан қарастыру. Сондай-ақ, психолингвистикада қабылдаудың рецепторлық ережесіне сүйене отырып, сөйлеушінің қабылдауымен бірге, ақпараттың миға «құйылуының» бір жақты процесі ретінде қарастырған. Орыс ғалымдары, рецепторлық теорияға тиісінше сөйлемнің қабылдануын, атап айтқанда, сөйлеуді қозғайтын сөздің, дыбыстың, буынның міндетін іске асыратын белсенді динамикалық процесс ретінде анықтаған.
Ғылым саласының зерттеу объектісі туралы орыс ғалымы А. А. Леонтьев: «Психолингвистика - тіл құрылымы мен тіл қабілетінің арасындағы қатынас, оның тақырыбы болып табылады. Сөйлеу әрекеті - тұтас сөйлеу механизмін, нақты психикалық үйлесімділікті, сөйлем құрамындағы ойды, логиканың қатысуын қарастырды»1, - деп тұжырым жасаса, Д. Слобин: «Психика тілді игерудің және оны қолданудың негізінде жататын ойлау процесін зерттеуде психология мен лингвистиканың рөлі ерекше», -деп көрсетеді. Олай болса, психолингвистика сөйлемдердің туып, қалыптасып, қабылдануын негізге алады. Демек, лингвистика мен психологияның ортақ пәні - тіл жүйесі болып табылады. Ал, тіл - математикалық теория, яғни информацияның базалық көзі. Ендеше көру, сезу мүшесі арқылы қабылдаушы алынған ақпаратты ми жадында сараптайды. Ол декодтау процесі арқылы жүзеге асады. Ғалым А. А. Леонтьев оны «сөйлесім әрекеті» («речевая деятельность») деп атаған, яғни қатынас жасау, ойды сыртқа шығару құралы деп есептеген. Сонымен бірге, мәтін жөнінде көтерілген пікірлер, қызу тартыстар баспа бетінде көрініс тауып, әртүрлі топшылаулар, көзқарастар туындап жатты. Ол ғалымдар: И. В. Арнольд, Г. И. Богин, А. А. Брудный, И. Р. Гальперин, К. А. Долинин, Н. Д. Зарубина, О. Л. Каменская, Ю. А. Караулов, А. А. Леонтьев, А. И. Новиков; Ю. А. Сорокин, Е. Ф. Тарасов т. б.
Аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерімен қоса, В. П. Беляниннің «Психолинвистические аспекты художественного текста» [3; 1988] жұмысында мәтіннің құрылымына талдаулар мен жинақтаулар жүргізіп, оқырманға тигізер әсері мен қабылдау әрекетінің ерекшелігі анықталған. Онда жүргізілген лингвистикалық, семантикалық зерттеулер мен талдаулардың қорытындысы тілдік, психологиялық сипатта анықталып, ғылым саласына үлкен жаңалықтар қосты. Нақтылы зерттеулердің нәтижесі мен мәтіндегі талдау әдісі М. В. Аралов, А. А. Поликарпов, М. А. Морусенко, Ю. А. Тулдаева еңбектерінде көрініс тапты. Бұл жұмыстарда көркем мәтіннің жаңа қырлары айқындала түсті, яғни белгілі бір шығарманы спицификалық тұрғыда анықтау аздық етті. Оның аса күрделі, әрі көп қатпарлы сырларына психологиялық тұрғыда баға беру жағы жетіспей жатты. Сондықтан да зерттеуші ғалымдар көркем мәтіндегі лингвистикалық зерттеулердің қатарына тек тілдік тұрғыда жүргізілген талдаулармен шектелмей, оған қоса қажетті деңгейде психологиялық тұрғыда талдау, бағалау, зерттеу керектігін анықтады. Сонымен бірге, Кеңес елінде жүргізілген талдау жұмыстары көркем мәтіндегі жеке тұлғалар табиғатына, кейпіне ену немесе оның ойымен, көзқарасымен санасу әрекеті сыналды. Онда тіпті жекелеген әдебиет сыншыларының еңбектерінен тілдік, сондай-ақ, филисофиялық тұрғыда баға берілген, психологиялық негізде сезініп, қабылданған ой - тұжырымдарды көруге болды. Демек, орыс ғалымдарының зерттеу нәтижелерінде тек бір психология ғылымының негізінде адамның ішкі және жан дүниесіндегі қалыптасу әрекеті анықталса, бұл құбылыс та мәтін табиғатынан көрініс тапты, яғни мәтінге жүргізілген лингвистикалық және психологиялық зерттеулер - адамның ойлау қабілетін дамытты, қарым - қатынас құралы бола алды, мәдени қалыптың мән - мағынасын, тіпті жекелеген дара тұлғаның психологиялық хәл - күйін бере алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz