Кәсіпкерліктің экономикадағы орны



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-12
I. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... .4-8
1.1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 4
1.2. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
II. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-12
2.1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары ... ... ... ... ... ...9
2.2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
"Кәсіп ету" - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Әкімшілік - бюрократтық үлгінің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.
Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін "іскерлік" сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында - тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
Кәсіпкерлік - бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі. Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері.
Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ "жолы болғыштық" ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.
Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.
Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау - кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.
Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік - жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.
Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры ұсынған екінші нұсқасы шағын бизнес орталықтарының республикалық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді көздейді. Бұл жүйенің элементтеріне мыналар саналады:
бизнес дамытудың ұлттық орталығы;
нарықтық инфрақұрылымдар элементтері;
кәсіпкерлер бірлестігі;
аймақтық шағын бизнес орталығы;
сауда жүйесі;
лизинг;
Сонымен бірге көзделіп отырған жүйенің орталық буыны аймақтық орталықтар болады деп жобалауда. Олар бизнес-инкубаторлар, бизнес орталықтары, технопарктер үлгісінде жұмыс істеуі мүмкін.
Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.
Кәсіпкерлік - бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі. Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері.
Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды : "Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды".
Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.
Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.
Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардыњ барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлықтарі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
Тәуекелге баруға дайын;
Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру - шаруашылық жаңашылдық.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.
Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу жєне қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер - заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нышасын) табуы керек.
"Кәсіпкерлік" және "бизнес" түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.
Бизнес - кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.
Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте ќұрылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.
Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды. Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.
Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде - кәсіпкерлікті көрсетті.
"Кәсіпкерлік" - пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер - заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.
Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған.
Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші адам), қызмет мақсаты - әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және атқаратын қызметтері - шығармашылық (шаруашылық тәуекелге байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау).
А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: "Ол өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді".
"Кәсіпкер" түсінігі белгілі эволюциялыќ кезеңнен өтті. Мысалы 1725 Ж. Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797 ж.) кәсіпкер - қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж. Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер - жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер - қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс істейді.
Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер - бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары тиіммен қолданады.
А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер - бұл бастама көтеруші адам деп санайды.
Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж.) кәсіпкерлік - ќұны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер - өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.
Сонымен, кәсіпкерлік - пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі ќызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады. Кәсіпкердіњ бастапқы шешімі дегеніміз негізін ќалаушы, ұзаќ мерзімді шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, єрі ќарай оны түзеуге болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдыќ шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:
А) Ұзақ мерзімді кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;
Б) Өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.
Кәсіпкерлік мақсат - бұл белгілі уақыт ішінде жету, қажет қалайтын жағдай.
Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі үш элементті дәл анықтау қажет:
А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.
Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?
В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін сұрақ анықтау қажет, қойылған мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.

Кәсіпкерліктің маңызды белгілері
Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұраќ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.
Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір уақытта әрекет етеді. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.
Шумпетер кәсіпкерге берген бағасы дұрысырақ деп саналады. Кәсіпкер - өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды түрде бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі "бүлінгенді қалпына келтіруді" жүзеге асырады. Қоғамда кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға болады. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:
Экономикалық;
Құқықтық;
Әлеуметтік және басқа.
Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.
Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама роль атқарады. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынѓан еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді.
Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында кәсіпкерлік ќызметті реттейтін, кєсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:
Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарпайымдылығы мен жылдамдығы;
Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
Өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылыќтарды жетілдіру;
Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.

Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
Монополияға қарсы әлеуеті бар;
Ғылыми - техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі. Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды. Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және басқару құқығын берілген, заңмен бекітілген (ҚР азаматтық кодексі). Меншіктің үш құқығы бар.
Бірінші құқық мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру мүмкіндігін заңдақ қамтамасыз ету.
Екінші құқық пайдалы қасиеттерді алу, сонымен қатар одан пайда алу мүмкіндігін береді.
Үшінші құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етеді.
Меншік құқығы мен экономикалық тиімділік арасында нақты байланыс бар. Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп көрсетеді:
Ынталандырушы;
Капиталды жинау;
Икемділік;
Мақтаныш.
Жеке меншік біздің экономикалық процестерге ең қолайлы ықпалын көрсетеді. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90 жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Шағын бизнес экономикалы дамудың негiзгi факторы ретiнде
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Шағын бизнестың экономикалық дамуы
Кәсіпкерліктің экономикалық негізі
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі туралы
Пәндер