Қазақстан Республмкасындағы көлеңкелі экономика



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Көлеңкелі экономиканы жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Көлеңкелі экономиканы бағалау әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..7
3. Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономиканың ағымдағы
жағдайын және себептерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Кіріспе
Көлеңкелі экономика - үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету, жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар тарапынан мемлеккетік, жекеше, акцион және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемлекет басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеуметтік - экономикалық қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің күллі түрінің әлеуметтік - экономикалық әдебиеттегі атауы.
Көлеңкелі экономиканың бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми cтатистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар.Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы экономикалық қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.Біріншіден, Әділет министрлігінде, мемлекеттік органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экономикалық қатынастар: Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй шарусын жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады.
Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, эконмикалық қатынастарды әкімшілік жолмен жасықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық тұрлаусыздық т.б. кедергі жасауда. Мұндай бейресми экономикалық қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен кірістер, шикізатты, дайын өнімді т.б. айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді.Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері ресми экономикалық құрылымдардың ішінде бой тасалап жұмыс істейді және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т.б. ұштасады. Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген қылмыстық қатынастар.Көлеңкелі экономика қатынастарының бұл тұрпаты экономикалық қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні - ұйымдасқан экономикалық қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық Көлеңкелі экономиканың кең таралған құбылысына айналады.Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес - икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады.

1.Халықаралық ұйымдардың стандарттарына негізделген қазақстандық статистикада (ұлттық есептер жүйесін қоса алғанда) қадағаланбайтын экономика термині қолданылады. Өз кезегінде ол жасырын (көлеңкелі), заңсыз және формалды емес қызметтер ұғымдарын қамтиды. Қадағаланбайтын экономиканың келтірілген үш құрамдас бөлігі мынадай нақтылауларды білдіреді.
Жасырын өндіріс - өндірістік және заңды болып табылатын, алайда салық төлеуден немесе заңнама нормаларын сақтаудан жалтару мақсатында мемлекеттік билік органдарынан әдейі жасырынатын қызмет түрлері ретінде айқындалатын өндіріс. Бұл ретте оның көлемі саналы түрде мемлекеттік органдардан түрлі себептерге байланысты, оның ішінде:
1) табыс салығын, қосылған құн салығын немесе басқа да салықтарды төлеуден жалтару үшін;
2) әлеуметтік сақтандыруға жарна төлеуден жалтару үшін;
3) кейбір заңдастырылған стандарттарды, мысалы, ең төменгі жалақыны, жұмыс күнінің ең үлкен ұзақтығын, қауіпсіздік нормаларын, санитариялық нормаларды және т.б. бұзуды жасыру;
4) статистикалық сауалнамаларды немесе есептіліктің өзге де нысандарын толтыру сияқты белгілі бір әкімшілік рәсімдерден бас тарту үшін жасырылады.
Формалды емес сектордың өндірісі - тіркелмеген және немесе жұмыспен қамтылғандар саны айқындалған шекті мәннен аз және қандай да бір нарықтық өндірісі бар үй шаруашылығы секторында корпорацияланбаған кәсіпорындар жүзеге асыратын өндірістік қызметтің түрі ретінде айқындалатын өндіріс. Бұл сектор қызметтің сан алуан тіркелмеген түрлерін қамтиды. Негізгі проблемалар:
1) тіркелген корпорацияланбаған кәсіпорындардың төмендетілген мәліметтер беруі;
2) тіркелмеген корпорацияланбаған кәсіпорындар санының көп болуы;
3) корпорацияланбаған секторда тіркелмеген жалдамалы қызметкерлердің болуы.
Қазақстанда еңбек нарығында формалды емес экономикалық қызметтің жоғары деңгейі байқалады. Формалды емес жұмыспен қамтудың аса жоғары деңгейі құрылыс, тамақ өнімдерін өндіру саласында, көлікте, көшедегі азық-түлік және киім базарларында, маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарында байқалады.
Қазақстандық еңбек нарығына тән ерекшелік - өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жоғары үлес салмағы (32,8 %). Өзінің жеке шаруашылығында жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың бөлігі (1,2 млн. адам) ерекше алаңдаушылық туғызады.
Мамандардың бағалауы бойынша осы онжылдықтың бірінші жартысында Қазақстанда декларацияланбаған (жасырын) жұмыспен қамту 20-30 % құрады. Олардың құрамында көлеңкелі экономикада жұмыс істейтін заңсыз еңбек көшіп-қонушылары ерекше топ болып қалып отыр.
Формалды емес жұмыспен қамтудың шығыны екіжақты: салықтардан жалтаруға байланысты мемлекеттік бюджет шығыны және әлеуметтік қорғау мен қолдаудан айырылған қызметкерлердің шығындары. Сондай-ақ формалды емес жұмыспен қамту нақты есепке алынбайды, сол себепті еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың нақты жағдайы туралы мәліметтердің бұрмалануына әсерін тигізеді.
Заңсыз өндіріс - заңда тыйым салынған немесе өндірушілер тиісті рұқсатты алмай жүзеге асыратын, заңсыз болып табылатын, тауарлар мен қызметтер өндірілетін өндірістік қызмет түрлері ретінде айқындалатын өндіріс.
Заңсыз өндіріс мынадай екі санат бойынша жіктеледі:
1) сатылуы немесе жай иелік ету заңмен тыйым салынған тауарлар мен қызметтердің тыйым салынған өндірісі;
2) әдетте рұқсат етілетін, алайда өндірушілер тиісті рұқсатсыз жүзеге асыратын болса, заңсыз қызметке айналатын өндірістік қызметтің түрлері.
Көп жағдайда қадағаланбайтын экономика есірткі бизнесі, жезөкшелік, қару-жарақ саудасы, контрабанда және т.б. сияқты заңсыз экономикалық қызметпен теңестіріледі. Сонымен қатар, бұған парақорлық, ұрлық, алаяқтық, рэкет және өндірушілер қалыптастырып қойған табысты қайта бөлуге алып келетін өзге де заңға қарсы әрекеттер сияқты экономикалық емес қызмет түрлері жатады.
Көптеген құқыққа қарсы әрекеттер белгілі бір деңгейде экономикалық активтерге (ақшаға, мүлікке) қатысты операциялармен байланысты болғанымен, шын мәнінде, экономикалық болып табылмайды және өндіріс шекарасына кіргізілмейді, өйткені осы іс-қимылдар барысында жаңа өнімдер немесе қызметтер жасалмайды, тек белгілі бір экономикалық активтерді қайта бөлу жүргізіледі, ал бұл іс-қимылдар, әдетте, ешқашан контрагенттер арасындағы еркін уағдаластық нәтижесі болмайды, керісінше мәжбүрлеуге немесе алдауға негізделеді.
Осылайша ұлттық есеп жүйесі парақорлық, ұрлық, алаяқтық (оның ішінде банк саласында немесе бағалы қағаздармен операциялар кезінде), рэкет, ақшаның заңсыз шетелге аударылуы және қалыптастырылып қойған ұлттық байлықты қайта бөлуге алып келетін өзге де заңға қарсы рекеттерді бағалауды қамтымайды.
1990 жылдардың экономикалық дағдарысы кезінде көлеңкелі экономика әлеуметтік шиеленісті азайтуда оң рөлге ие болып, жұмыссыздық пен кедейшілік мәселелерін шешуге біршама жәрдемдескен болатын. Қазіргі таңда, экономикалық өсу жағдайында қадағаланбайтын экономика экономикалық дамуды тұрақсыздандыратын маңызды фактор болып табылады. Бұл әсер етудің мынадай негізгі бағыттарын ажыратуға болады:
1) көлеңкелі қызмет ресми экономика шеңберінде өндірістік процеске ыдыратушылық әсер тигізеді, жағдайды нашарлатып, қалыпты жұмыс істеп жатқан сау экономикалық ұйымдардың құрылуына және дамуына кедергі жасайды;
2) көлеңкелі экономика бюджетке түсетін кірістің азаюына әкеледі;
3) криминалдық қызметпен байланысты көлеңкелі экономиканың кейбірі күштеу арқылы шешілетін шиеленістерді тудырады;
4) көлеңкелі экономика - іскерлік этиканы, оның ішінде жалпы әлеуметтік нормалардың қалыптастырудың маңызды факторы. Көлеңкелі экономиканы кеңейту және нығайту әлеуметтік-этикалық нормалардың жойылуына әкелуі мүмкін.
Көлеңкелі экономиканың мөлшерін азайту саласындағы айтарлықтай ілгерлеуге қарамастан, ол қоғамның дамуына өзінің кері әсерін тигізуді жалғастырып, биліктің беделі мен қолданыстағы заңнамаға әсерін тигізіп жатыр.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) жіктелуінде жасырын өндіріс сегментіне көлеңкелі анықтамасы да пайдаланады. Осы құжатта көлеңкелі экономика ұғымы қадағаланбайтын экономика терминіне сәйкес келіп, әлдеқайда кең ауқымды мәнге ие болып келеді.

2. Көлеңкелі экономикалық қызмет формалды экономикалық қызметпен біртұтас және ол белгілі бір деңгейде барлық елдерде бар. Көлеңкелі экономиканың көлемін есепке алу, ең алдымен елдегі макроэкономикалық процестердің ауқымы мен серпіні туралы пайымды түзету үшін қажет, сондай-ақ бұл қазақстандық экономиканың жұмыс істеуі тетігін нақты ашуға, экономикалық реформалардың нәтижелерін айқындап, перспективаларын, қоғамның жіктелу үрдісін және т.б. бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл тұрғыда экономикалық өндірісті есепке алу кезінде барынша толық қамтуға қол жеткізу ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ) құру кезінде аса маңызды міндет болып табылады. Бұған дейін берілген анықтамалар бойынша қадағаланбайтын экономикаға жасырын, заңсыз, формальдық емес, өзінің жеке қолдануы үшін үй шаруашылығының өндірісі болуы салдарында немесе негізгі деректерді жинау жүйесіндегі кемшіліктер ҰШЖ-ның негізгі есептерінде ескерілмеген қызметтердің барлық түрлерін жатқызуға болады. Олар жинақтала келе қадағаланбайтын экономиканы (ҚЭ) құрайды және оларды ҰШЖ-ға енгізу, ең алдымен, ҚЭ-ны бағалаудың әдістерімен айқындалады.
Көлеңкелі экономиканың өндірісін есепке алудың мөлшерін бағалаудың әдіснамасы айтарлықтай күрделі, өйткені қадағаланбайтын экономикадағы әрбір операцияны ескеру іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан да көрсеткіштер, әдетте, шартты түрде есептеледі. Жалпы қадағаланбайтын экономиканы бағалаудың әдістерін үш топқа бөлуге болады: тікелей, жанама және құрама әдістер.
Қадағаланбайтын экономиканы бағалаудың тікелей әдістері таңдаулы зерттеулер жүргізу немесе қадағаланбайтын экономиканы құрауда үй шаруашылықтарының, жекелеген жеке тұлғалар мен кәсіпорындардың қатысуын нақтылау мақсатында әкімшілік көздерді қолдануды болжайды. Тікелей әдістердің мысалдары:
1) үй шаруашылығы секторындағы өндіріс көлемін қосымша зерттеу;
2) көлеңкелі бизнестің шын ауқымын анықтау және айқындау мақсатында кәсіпорындар қызметін қосымша зерттеу;
3) ұйымдастырылмаған сауда орындарын қосымша зерттеу;
4) кәсіпорындардағы жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу;
5) шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына салықтық, қаржылық және өзге де тексерістердің нәтижелерін зерделеу.
Тікелей әдістердің ішінде үй шаруашылығын зерттеу әдісі ең қолайлы болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде ақпаратты жинаудың мұндай әдісі халық өмірінің әл-ауқатының деңгейі, жұмыспен қамтылуы, кедейшілік, тұтыну үрдістері, табыс пен шығыс құрылымы сияқты әртүрлі аспектілерін зерттеу мақсатында жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Жанама әдіс зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың барлық аспектілері туралы қолда бар ақпараттық базаны терең зерделеу арқылы алынған жанама деректерді қолдану негізінде қосымша бағалау мен есептеулер жүргізуді білдіреді. Жанама әдістерге мынадай жұмыстар жатады:
1) кірістер мен шығыстар әдісі көмегімен ұлттық шот статистикасындағы айырмашылықтар негізінде көлеңкелі нарықтың деңгейін бағалау;
2) белсенділік тұрақты болуы керек деп болжанғанда жұмыс уақытының шығынын ескере отырып, ресми экономикадағы еңбек ететін халық белсенділігінің төмендеуіне байланысты көлеңкелі нарықтың өсуін бағалау. Бұл ретте халық санағының нәтижелерін пайдалануға болады;
3) монетарлық агрегаттарды пайдалану. Көлеңкелі экономиканы қолма-қол ақша массасына сұраныс негізінде бағалау. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлеңкелі экономиканың экономикаға әсері
Көлеңкелі экономика анықтамасы
Көлеңкелі экономика
Табыс
Жалақыны дифференциялау және оның принциптері
Көлеңкелі экономика туралы түсінік
Мемлекттің әлеуметтік саясаты
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат
ЖҰӨ дефляторы
Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер
Пәндер