Азот тыңайтқыштарын алу



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Азот тыңайтқыштарын алу
Минералдық тыңайтқыш деп құрамында өсімдіктерді қоректендіруге олардың дамып өсуіне қажетті элементтер болатын тұздарды айтамыз.
Өсімдіктер тканьы пайда болу үшін алдымен көміртегі,оттегі және сутегі қажет. Бұлар өсімдіктің негізгі органикалық массасын қалыптастырады. Сонымен қатар өсімдіктің дамуында азот,фосфор,калий,магний,кальций және темір де орасан көп қызмет атқарады. Осы элементтердің көпшілігін өсімдік топырақтан алуга тиіс. Топыраққа енгізілетін қоректі заттардың ең маңыздылары азот,фосфор және калий. Бұл заттар тыңайтқыштар құрамында әр түрлі мөлшерде және әр түрлі қосылыстар ретінде болуы мүмкін. Осыған байланысты тыңайтқыштардың өздеріне тән қасиеттері де әр түрлі болмақ. Сондықтан тыңайтқыштар өздерінің агрохимия маңызы, құрамындағы қоректі заттардың түрері және мөлшері, топырақ бойындағы суда ерігіштігі және тыңайылатын топыраққа тигізетін физиология әсері бойынша жіктеледі.
Агрохимиялық маңызы бойынша тыңайтқыштар тікелей және жанамалы әсерлі болып жіктеледі. Тікелей тыңайтқыш құрамында қоректі заттар өсімдіктер жекелей сіңіретін қосылыстар күйінде болады, ал жанамалы тыңайтқыштар топырақ құрамында бұрыннан бар қоректі заттарды өсімдіктер сіңіре алатын күйге ауыстыруға бейімделген.
Ерігіштігі бойынша тыңайтқыштар топырақ құрамындағы суда және топырақтағы қышқылда еритін топтарға бөлінеді. Физиологиялық әсері бойынша барлық тыңайтқыштар қышқылды, сілтілі және нейтралды топтарға бөлінеді. Сонымен қатар дайындау бойынша тыңайтқыштар жәй және түйіршіктелген топтарға бөлінеді. Химиялық құрамы бойынша тыңайтқыштар азотты,фосфорлы,каллийлі топтарға бөлінеді.
Сонымен қатар тікелей тыңайтқыштың құрамында тек бір түрлі қоректі зат болса, ол бір текті тыңайтқыш деп аталады. Құрамында бірнеше қоректі заттар бар (азот,фосфор,калий) толық тыңайтқыштар қатарына жатады. Арнайы топқа құрамында мырыш,мыс,марганец элементтері бар микротыңайтқыштар жатады.
Азот тыңайтқыштарының мағынасы бәріне белгілі. Азот тыңайтқыштарын қолдану бидайдың және өсімдік жапырақтарындағы белоктардың пайызының ұлғаюымен, егін жайлылықтыңі жоғарылығымен анықталады. Азот белоктардың құрамына кіреді. Өсімдік белоктарында 16-18% азот болады. Өсімдік барлық азотты топырақтан алады. Сондықтан топырақ әрқашан азот тыңайтқышы түрінде азотпен толтырылып тұруы керек.
Азот тыңайтқыштары 4топқа жіктеледі
1. Аммиакты, құрамында азот катионы- NH4+ түрінде
2. Нитратты, құрамында азот анионы - NO3- түрінде
3. Аммиакты-нитратты,құрамында азот NH4+ және NO3- түрлерінде
4. Амидті, құрамында азот NH2 түрінде
Кеі тараған минералдық азот тыңайтқыштары ретінде: аммиакты селитра немесе аммони нитраты, аммони сульфаты, аммони фосфаты, несепнәр (мочевина), кальций және натрий нитраттары күрделі тыңайтқыштар болып саналады.
Барлық азот тыңайтқыштары суда жақсы ериді және қсімдіктерде оңай қорытылады, әсіресе нитратты, себебі NO3- анионы жоғары қозғалғыш ғасиетке ие.
Жұмыстың мақсаты
1. Маңызды тыңайтқыштарды оқып білу
2. Аммиакты селитра алу
Құралдар мен материалдар
1. Нейтрализатор
2. Вюрц колбасы
3. Ареометр жинағы
4. Термометр
5. Фарфор (табақшасы) ыдысы
6. Технохимиялық таразы
Аммиакты селитра алу
Аммиакты селитра алу азот қышқылы мен аммиакты нейтралдай теңдеуіне негізделген:
HNO3+NH3=NH4NO3+35.6 ккал (3,11)
Нейтралдау реакциясы нейтрализатор деп аталатын қондырғыда жүргізіледі.
Түзілген жылу өнеркәсіпте алынған аммони нитратының ерітіндісін концентрлеу үшін қолданылады.
Бастапқы азот қышқылының жоғарға концентрленген ерітіндісін қолдану шарты аммони нитратының булануы үшін қолайлы жағдай, өйткені аз көлемді ерітіндіде оның температурасы жоғары болады. Азот қышқылының 58-80% аммони нитратының ерітіндісі шығады, ал жұмыс кезінде 48% азот қышқылын қолданғанда 70% аммони нитратының ерітіндісі алынады. Нейтрализатордан әлсіз қышқылды аммони нитратының ерітіндісі шығады және оны қайтадан нейтралдауға жібереді. Онда ол аммиакты сумен әлсіз сілтілікті реакцияға дейін араласады. Содан кейін ерітінді буландырғыш қондырғыға құйылады, онда ол 97-98,5% ті концентрацияға дейін буланады және грануляцияға жіберіледі.
Лабораторияда нейтрализатор ретинде сулы суытқышы бар муфталарды қолдануға болады. Муфтаға форштос қойылады. Форштостың жоғарғы бөлігіне томшылағыш варонкасы және түтігі бар резеңке тығыны қойылады. Муфта және форштос ұсақталған шынылы түтіктермен толтырылады.
Муфтаның төменгі қысқа шынылы түтігі бар және жалғасқан резеңке түтігі бар тығынымен жабылады(3,3-сурет).

Сурет3,3 азот тыңайтқыштарын алуға пайдаланылатын желісі. 1-тамшылатқыш құюға; 2-форштас;-сулы мұздатқыш;4-қысқышы бар жалғағыш резеңке түтік;5-100мл химиялық ыдыс;6-Вюрц колбасы.
Жұмысты орындау тәртібі
Суретке сәйкес қондырғыны жинағаннан кейін мензуркаға 10мл. 48-52%ті-азот қышқылын өлшеп оны тамшылағыш құйғыға толтырады. Мұнымен бірге алынған азот қышқылын концентрациясын тексеріп отырады. Бұл үшін азот қышқылын байқап құяды және ареометрмен қышқылдың меншікті салмағын анықтайды. Анықтама бойынша алынған қышқыл бойынша азоттың процентті мөлшерін табады және 20мл - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық дақылдарының калиймен қоректенуін оңтайландыру (қолайлы, ең жақсы) шарты
Топырақ ресурстары
Ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
Топырақ үлгілерін алу
Минералдық тыңайтқыштар, олардың топырақ құнарлылығын арттырудағы ролі
Нитратты тыңайтқыштар
Тыңайтқыштарды жіктеу
Тыңайтқыштардың топтары мен қасиеттері
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Азықтың минералды умен ластануының алдын алу шаралары
Пәндер