Эндокринология. Ішкі секреция бездері
ЖОСПАРЫ:
1.Эндокринология
2.Ішкі секреция бездері
Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, алқым бездері, ұйқы безіндегі Лангерганс аралшықтары, бүйрекүсті бездер мен жыныс бездері жатады.
Ішкі секреция бездерінің сыртқы секреция бездерінен айырмасы, олардың секрет шығаратын өзектері болмайды. Эндокриндік бездердің бөлетін гормон немесе инкреттер деп аталатын заттары клеткааралық кеңістікке жиналады да кейін қанға сіңеді.
Эндокриндік бездер құрылысымен ғана емес, сонымен қатар шығу тегі жағынан да ерекшеленеді. Гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті бездің жұмсақ заты мен хромаффиндік органдар эктодермадан дамиды. Қалқанша безі, қалқанша маңындағы бездер, алқым безі мен ұйқы безінің инсулярлық аппараты энтодермадан дамиды.
Даму тобының негізінде эндокринді бездердің төмендегі топтарын ажыратады:
1.Бранхгендік (лат. Branches - желбезек деген сөзінен шыққан) эндокриндік бездер - желбезек саңылаулары мен жұтқыншақтан пайда болатын(қалқанша без, қалқанша жанындағы бездер мен алқым бездері).
2.Ас қорыту жолының энтодермалық бездері - энтодермадан дамитын(Лангерганс аралшықтары).
3.Мезодермалық бездер - мезенхимадан дамитын(интерренальдық жүйе мен жыныс бездері).
4.Нервтік эндокриндік бездер - нерв ұлпасы (нейроглиядан) есебінен пайда болатын (гипофиз, эпифиз).
5.Эктодермалық бездер - симпатикалық нерв элементтерінен дамитын - адреналдық жүйе тобы (бүйрекүсті бездің жұмсақ заты мен хромаффиндік денелер).
Соңғы кезде эндокриндік бездерді гипофиздің алдыңғы бөлігіне тәуелді және тәуелсіз деп бөледі. Бірінші топқа қалқанша без, бүйрекүсті без, жыныс бездері жатады, ал қалған бездер екінші топты құрайды.
Гормондар өздерінің химиялық құрылысы жағынан әр түрлі болады. Гормондар организмнің әр түрлі бөліктерінің арасындағы гуморальдық байланысты қамтамасыз етеді. Гуморальдық реттеудің нервтік реттеуден бірқатар айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, гормондар өздерінің әсер ететін обьектілеріне тез жете қоймайды. Қанға аз мөлшерде келетініне қарамастан гормондардың физиологиялық әсері өте күшті. Гормондар органдардың қызметін не қоздырады, не болмаса бөгейді.
Гипофиз барлық омыртқалыларда болатын маңызды инкреттік орган. Мидың негізінде бас қаңқасының сына тәрізді сүйегінің түрік ершігінде жайғасқан. Гипофиз ми мен воронка арқылы жалғасып тұрады. Эмбриондық даму процесінде гипофиз шығу тектері әр түрлі екі бастамадан пайда болады. Оның артқы бөлігі - нейрогипофиз - аралық мидың түбінің өсіндісі ретінде пайда болады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз - ауыз қуысының эктодермалық қақпашығының қалта тәрізді өсіндісінен дамиды. Аденогипофиз нейрогипофизге қарағанда ірі болады және күшті жетілген капиллярлар торымен жабдықталған. Аденогипофиздің үш бөлімі бар: біршама ірі келетін алдыңғы бөлігі, нейрогипофизбен шектесіп жататын аралық бөлігі мен төмпешікті бөлік. Аденогипофиз бездік эпителийден тұрады. Оның клеткалары аденоциттер хромофильді және хромофобты болып бөлінеді. Хромофильді аденоциттер ацидофильді және базофильді болып ажырайды. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше маңызды гормондарды бөледі. Мысалы, дененің өсуі (соматотропин СТГ) мен лактация процесін (пролактин ЛТГ) реттейтін гормондарды, сол сияқты қалқанша бездің (тиреотропин, тиреотропты гормон ТТС), бүйрекүсті бездердің қабық бөлігінің (адренокортикотроп АКТ Г) және жыныс бездерінің (фолликулаларды стимулдаушы гормон - ФСГ және лютейндеуші гормон - ЛГ) жұмыстарын реттеуші тораптық гормондарды бөледі. Нейрогипофиз ешбір гормонды құрамайды. Осы ядролардың нйросекреті гипоталаму - гипофиздік жолдың аксондарымен артқы бөлікке келеді, осы жерде жинаушы нейросекреторлық денешіктерді құрап жиналады да питуициттердің көиегімен нерв ұштарынан артқы бөлікте болатын капиллярлардың қанына өтеді.
Гипофиздің алдыңғы және артқы бөліктерінің арасында аралық бөлік жайғасқан. Адамда бұл бөлік редукцияға ұшыраған, жіңішке жолақ күйінде болады. Гипофиз ішкі секрецияның басқа бездері сияқты қан тамырларына бай келеді.
Қалқанша без омыртқалылардың бәрінде болатын маңызды орган. Жұтқыншақтың құрсақ қабырғасынан дара өсінді күйінде дамиды. Қалқанша без көмекейдің астында кеңірдектің алдыңғы жағында мойында орналасқан. Жіңішке қылта арқылы жалғасқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша без коллоидқа толы қуыс көпіршіктерді, фолликулдерді құрайтын тироциттер деп аталатын куб тәрізді эпителийлық клеткалар тобынан тұрады. Коллоид созылғыш біртекті сұйық зат. Коллоидтың құрамында тиреоглобулин болады. Тиреоглобулинді фолликулды клеткалар синтездейді. Тироциттер немесе фолликулдық эндокриноциттер, клеткадағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz